Жаңалықтар

Құрылған: 12.06.2018, 12:13   |   Жаңартылған: 12.06.2018, 12:13
«Қазақстан – мейірімділік мекені» - «Казахстан – территория доброты» республикалық балалар бастамасын өткізу туралы ақпарат
12.06.2018

2018 жылғы қаңтар-маусым аралығында «Қазақстан – мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасы (бұдан әрі – Республикалық балалар бастамасы) ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс-шараны ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті болып табылады.

Республикалық балалар бастамасының мақсаты – қоғамға риясыз қызмет етуді насихаттауға және идеяны таратуға қоғамның назарын аудару, айналасындағы көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық істер және табиғатқа қамқорлық жасауға балаларды уәждейтін іс-шараларды ұйымдастыру.

Республика бойынша барлық білім беру ұйымдарында 900 мыңға жуық бала мен жасөмпірімнің қатысуымен 20 мыңнан астам түрлі шара, оның ішінде 5 мыңға жуық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Республикалың барлық өңірлерінде оқушылардың қатысумен «Жан жылуы», «Жылулық сыйла», «Адам бойындағы ең асыл қасиет» және т.б. тақырыптарда бірқатар қайырымдылық акциялар ұйымдастырылды (Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында 11 324 оқушы қолдан жасалған бұйымдар мен тағамдарды сатып, одан түскен қаражатты аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 1500-ден астам балаға, Маңғыстау облысында да балалар мен жасөспірімдер өздері ұйымдастырған жәрмеңкеден түскен 898 500 теңге көлеміндегі қаражатты 67 әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына, Батыс Қазақстан облысында «28 ілмек» клубына қатысушы-балалар шала туған нәрестелерге арнап тоқыған 300-ден астам тоқыма бұйымды облыстық перанаталдық бөлімшеге табыстады, Атырау облысында М. Бекмұхамбетов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету шарасын ұйымдастырып, үйде оқитын 3 Б сынып оқушысы Ермек Ерболатұлы Жігерге арнап шағын мерекелік сазды шарасын тарту етіп, сыйлықтарын ұсынды, Жамбыл облысында Қордай ауданындағы №4 орта мектеп оқушысы Аделяға шет елде ота жасау үшін аудан оқушылары қайырымдылық концертін өткізіп, оқушының анасына 172 000 теңге көлемінде қаражат жинап берді).

Өңірлерде «Таза аула», «Таза көше», «Біз табиғатты қорғаймыз», «Таза мектеп ауласы» және т.б. акциялар аясында көше, мектеп, балабақша аулалары тазартылып, ағаштар отырғызылды (Мысалы, Жамбыл облысында - 3000 ағаш, Маңғыстау облысында - 42 384 ағаш), «1 сәуір – Құстар күні» мерекесіне орай «Құстарға мейірімділік жасайық», «Құстарға қамқор болайық!», «Құстар – біздің досымыз» атты тақырыптарда өткізілген экологиялық акциясы барысында құстарға ұя жасалып, қамқорлық көрсетілді (Маңғыстау облысында                5230 бастауыш сынып оқушысының қатысуымен 2200-ден астам құс ұяшықтары дайындалды).

Сонымен қатар, барлық өңірлерде «Жас ұлан», «Жас тимуршылар» топтары құрылып, Ұлы Отан соғысы және еңбек, тыл ардагерлеріне, өзге де жалғыз басты қарт адамдарға, көршілерге тұрғын үйді жақсартуда, аумақты тазартуда, отын-су тасуда, дүкеннен азық-түлік, дәріханадан дәрі әкеп беруде, қоқыстарын төгуде көмектер көрсетілді (Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында жоғары сынып оқушылары 50 адамға, Астана қаласында орта буын сынып оқушылары 30 шақты өздерінің көршілеріне жәрдем етті).

Республикалық балалар бастамасының өткізілуі туралы баспасөз хабарламасы әзірленіп, Комитеттің сайтында жарияланды.

Сонымен бірге, аталған шараның ұйымдастырылуы мен өткізілуі жөніндегі ақпараттар өңірлік газет беттерінде жарияланған, білім басқармаларының, мектептердің сайттарында және олардың Facebook әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

Республикалық балалар бастамасын өткізу шеңберінде Facebook әлеуметтік желісіндегі Комитеттің ресми парақшасында «Қазақстан – мейірімділік мекені» - «Казахстан – территория доброты» бастама» парақшасы ашылды.

Аталған парақшаға республиканың барлық өңірлерінен білім беру ұйымдары фото және бейне материалдармен ақпараттарды орналастырды.

Материалдарды орналастыру бойынша Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы, Астана қалалары белсенділік танытты.

Facebook әлеуметтік желісіндегі іс-шараға мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары, өңірлік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика