Жаңалықтар

Құрылған: 19.06.2018, 13:36   |   Жаңартылған: 19.06.2018, 13:36
«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны туралы
19.06.2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы мекемелермен бірлесіп, 2018 жылғы 1-12 маусым аралығында дәстүрлі «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық Ақпараттық Кампаниясын өткізді.

Кампания Қазақстанда осымен 13-ші жыл өтуде және Халықаралық балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес күніне арналады.

13-інші Кампаниясы «Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз» ұранымен өтті.

2018 жылғы 1-12 маусым аралығында республикамызда 31 941 ақпараттық түсіндіру іс-шаралары өтті, оның ішінде:

-        1937 конференциялар,

-        3320 семинар-тренингтер,

-        2396 «дөңгелек үстелдер»,

-        4812 тақырыптық көрмелер,

-        2529 кездесулер,

-        1394 дискуссиялар,

-        2423 балалар дебаттық турнирлері,

-        5320 акция, флеш-мобтар,

-        7810 сурет, шығарма байқаулары.

Аталған іс-шара туралы республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 1800-ге жуық материалдар жарыққа шықты.

Республикамыздың барлық өңірлерінде білім беру ұйымдары, Ішкі істер органдары, қала, аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы мүшелері, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен 9000-нан аса рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, 18 406 объектілерге (сауда орындары, автокөліктерге жанармай құю станциясы, құрылыс алаңдары және т.б.) тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде кәмелетке толмаған балалардың еңбегін пайдаланудың 3 фактісі анықталды.

Рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру барысында ата-аналар, сондай-ақ автокөліктерге жанармай құю станциясы иелеріне кәмелетке толмаған балалардың еңбегін қанаудың алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кәмелетке толмағандардың құқықтарына қатысты әкімшілік және қылмыстық заңнамалардың нормалары түсіндірілді.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика