Жаңалықтар

Құрылған: 22.06.2018, 13:09   |   Жаңартылған: 22.06.2018, 13:09
ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевпен Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі Уәкілі С. Айтпаевамен кездесу бойынша ақпарат
22.06.2018

2018 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевпен Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі С. Айтпаевамен кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Бала құқықтары жөніндегі уәкілі институты арасындағы болашақтағы ынтымақтастық жолдары талқыланды.

Кездесу барысында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.А. Оршубеков Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қызметінің негізгі бағыттары туралы презентацияны ұсынды, сондай-ақ аталған кездесуде балалардың құқықтарын сақтауда туындайтын проблемалық мәселелер көтерілді.    

Кездесу қорытындысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл институтымен мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттесуінің басым міндеттерін анықтап негізгі бағыттарын белгіледі.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика