Жаңалықтар

Құрылған: 27.06.2018, 16:04   |   Жаңартылған: 09.07.2018, 12:48
Қазақстан балалар делегациясының Мәскеу қаласына саяхаты туралы мәлімет
27.06.2018

Қазақстан Республикасының Президентінің қолдауымен, «Халықаралық балалар қоры қоғамының» 1 Маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған  Ақмола, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Жезқазған облыстарының 11-14 жас аралығындағы әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балалар делегациясы Мәскеу қаласына 29 мамыр – 02 маусым аралығында саяхат жасап қайтты.

Талдықорған қаласының «Айналайын» балалар үйінің директорының орынбасары Баймадиева Несипжамал Қасымбековна және Қызылорда облысының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» директоры Скакова Лиза Ногаевна балалар делегациясына жетекшілік жасады.

29 мамыр күні Астана қаласындағы Нұрсұтан Назарбаев халықаралық әуежайынан Aeroflot авиакомпаниясының ұшағымен Мәскеу қаласына ұшты.                                                            

Қазақстан балалар делегациясын Шереметьево әуежайынан күтіп алып, Индустрия Гостеприимства и Менеждмента колледжінің жатақханасына орналастырды.

Мәскеу қаласына жеткен мезеттен бастап балалар достық қамқорлық пен шынайы көңілді сезінді. Қазақстан балалар делегациясымен яғни біздің балаларымызбен  бірге Мәскеу қаласына 11 елдің атап айтқанда  Ресей, Финляндия, Абхазия, Оңтүстік Осетия, Беларуссия, Молдавия, Якутия, Әзірбайджан, Луганск, Қырғызтан, Өзбекстан балалар делегациясы мерекеге ат салысты.

Іс-шараның 1-ші күнінде танысу кеші ұйымдастырылды. Әр елдің балалар делегациясы өз елінің мәдениеті мен тарихы жайлы айтып өтті. Ән айтылып, би биленіп, бір-біріне сыйлықтар тарту етіп, өз ара пікір  алмастырды.

Қордың ұйымдастыруымен   іс-шараның 2,3 күндері Кремльге, Оружейная палатаға және Ұлы Отан соғысы мұржайына,  «Царицино» орасан зор мұражай-қорына, Қызыл алаңнан өтіп, Архангель, Василий  бақыт нұры шіркеуіне,  Александр бағына саяхат жасалды. Саяхаттан балалар тамаша әсер алды.

1 маусым күні балалар делегациясы  Үлкен театрда балаларды қорғау күніне арналған үлкен мерекелік іс-шараға қатысты. Үлкен театрдың сахнасында «Кай және Герда тарихы» спектаклін тамашалады.

Балалар үзілісте Халықаралық балалар қоры қоғамының төрағасымен А.А.Лихановпен жүздесті.  Жүздесу кезінде балалар тұтастай еліміздің рухани және материалдық байлығын айқындап тұратын панноны сыйлыққа тарту етті.             

Үлкен театрдан кейін «Метрополь» мейрамханасында түскі ас беріліп, мереке күнінің екінші жартысында теплоходпен өзенде серуендеді.

Мерекелік іс-шара барлық елдердің  ара қатынасын балалар арасындағы достықпен нығайта түсуге себепкер болады деген сенімдеміз.

   

 

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика