Жаңалықтар

Құрылған: 29.06.2018, 13:14   |   Жаңартылған: 09.07.2018, 12:46
Жетім балалар қамқорлықсыз қалмайды.
29.06.2018

2018 жылдың 27 маусымда Үкімет үйінде Премьер – Министр Бақытжан Сағынтаев Балалар үйлері тәрбиенушілерінің республикалық қоғамының төрағасы Батыр Әмірмен кездесті.

Кеңес барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру, жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамту мәселелері және әлеуметтік төлемдер бойынша ұсынылып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.

Премьер-Министр елімізде жастарды қолдауға бағытталған қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті. Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 137 мекеме жұмыс істейді. Соңғы бес жылда балалар үйлерінің саны 51 бірлікке азайып, тәрбиенушілер саны шамамен екі есеге кеміді. Сонымен қатар мемлекет тарапынан балаларды отбасылық жайластырудың барлық түрлеріне материалдық ынталандыру (ай сайын бір балаға 10 АЕК бөлінеді), қабылдау және қонақ ретінде отбасы институттарының енгізілуі оң ықпал етуде.

Өз кезегінде Б.Әмір  жетім балалар мен ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған балалардың тұрғын үйге кезекке тұруы кезіндегі шектеулерді жоюға, 25 жасқа дейінгі жетңм балалар қатарындағы студенттерді тамақпен қамтамасыз ету, жетім балалардың білім сапасын арттыру мақсатында олардың зияткерлік мектептерде білім алуына құқықтарын қамтамасыз етуге (тәрбиенушілерге мектеп қабырғасында IT саласын, ағылшын тілін тереңдетіп оқыту мақсатында тегін курстар ашу), сондай-ақ балалар үйлерінің түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған мәселелерді жеткізді.

Талқылау барысында Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Мұқышев пікір білдірді.

Кездесуді қорытындылай келе, Бақытжан Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға көтерілген ұсыныстарды егжей-тегжейлі пысықтап, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мәселелерін бақылауда ұстауды тапсырды.

Жетім балаларға әлеуметтік қолдаудың мынадай түрлері қарастырылған: ЖОО-ларға және колледждерге оқуға түсу кезінде мемлекеттік тапсырыс бойынша квотаның 1%-ы, білім беру кезеңінде тегін тұратын жер, тамақтану, киім-кешек, медициналық көмек, оқулықтар беру, жоғары стипендиямен қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқық беру, асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақымен қамту, жұмысқа орналасу үшін жұмыс орындарына квота беру.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында балалар үйлерінің 7 779  тәрбиеленушісіне мемлекеттік білім беру депозиті орта есеппен 600 мың теңгеден 2,5 млн теңгеге дейін ашылған, бұл балалар үйлерінің түлектеріне ақылы түрде білім алуға, жеке істерін ашуға мүмкіндік береді.

Мақала EGEMEN QAZAQSTAN №120 (29351) 28.06.2018 газетінен алынды

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика