Жаңалықтар

Құрылған: 02.07.2018, 14:06   |   Жаңартылған: 09.07.2018, 12:37
Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі С. Айтбаеваның мемлекеттік органдар және ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі туралы баспасөз хабарламасы
04.07.2018

2018 жылғы 4 шілдеде сағат 15.00-де Алматы қаласында Ұлттық ғылым академиясының ғимаратында (Шевченко көшесі, 28 үй) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің, мемлекеттік органдар өкілдері мен Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі С.М. Айтбаеваның балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс жасайтын ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өтеді.

Кездесудің мақсаты – азаматтық секторлармен өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін қарастыру және балалардың өмір сүру сапасын әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз ету үшін тиімді шараларды қабылдау.

Білім және ғылым министрі қатысушыларға арнаған сөзінде білім беру жүйесінде балалар санының көбі іс жүзінде барлық жас топтарының бар екенін атап өтеді. Балабақшалардағы, мектептердегі, колледждердегі балалардың, әл-ауқаты мен денсаулығы, қауіпсіздігі мен қамын, олардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ету – барлық бұл мәселелер мемлекеттік органдар тарапынан да, қоғам тарапынан да көпшіліктің назарын жаппай аудартады.

Азаматтық сектор балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын мәселелерде қоғамдық бақылау міндетін атқарады. Кездесуге қатысушылар мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, республикада балалықты қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру мәселелерінде бірлескен қызмет нысандарын, диалог алаңын құруды талқылайды.

Кездесу қарсаңында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі С. Айтбаева Алматы қаласындағы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына (Дөнентаев көшесі, 82-үй), арнайы білім беру ұйымына (Жұбанов көшесі, 68 үй), Балалар үйіне (Орбита ықшам ауданы 3, 29-үй), №2 Сәбилер үйіне (Достық даңғылы, 107/5 үй, Х. Мұқан көшесінің бұрышы) барады.

Сол күні ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ұйымдарға барады (БМС ауруына шалдыққан балаларға арналған ерте араласу және оңалту орталығы, Алатау ауданы, Нұрпейісов көшесі, 2 А үй, Емцов көшесінің бұрышы, «Аутизмді жеңеміз» орталығы, Байқоңыр көшесі, 33 үй, Дулати көшесінің бұрышы).

Кездесу қорытындысы бойынша әлеуметтік жетімдіктің және кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерінің нақты қадамдары, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету және жедел әрекет ету жолдары әзірленетін болады.

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика