Жаңалықтар

Құрылған: 04.07.2018, 18:29   |   Жаңартылған: 09.07.2018, 12:41
Пресс-анонс
04.07.2018

5 шілде сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н. Оршубеков Назарбаев орталығында өтетін «Жаңа көзқарас» республикалық фото көрмесінің ашылуына қатысады.

Фото көрмеде Астана қаласындағы арнайы түзеу мектеп-интернатынан және Алматы қаласындағы «Кеңес» әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығы» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінен 17 тәрбиеленушінің жұмыстары ұсынылатын болады. Суреттер психоневрологиялық патологиясы және Даун синдромы бар балаларға арналған фотограф Эрика Ваззолердің өнері бойынша белгілі француз суретке түсірушінің шеберлік кластары барысында орындалған.

Жобаның мақсаты мамандандырылған мектеп қамқорлығындағыларды фото өнеріне үйрету және жоба алдында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры тарапынан әрбір қатысушыға сыйға берілген фотоаппараттарға түсірілген суреттер арқылы олардың күнделікті өмірі туралы айту болатын.

2017 жылы Алматы және Қарағанды қалаларындағы көзі нашар көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарының 20 тәрбиеленушісі «Жаңа көзқарас» фото көрмелер» пилоттық жобасының қатысушылары болды.

Фото көрмені Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов және Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасы Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Андре Бельвер ашатын болады. Фото көрменің қонақтары ретінде Қазақстанның қоғамдық және саяси, мәдениет және өнер қайраткерлері, сонымен қатар дипломатиялық корпус өкілдері мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысады.

Өтетін күні: 2018 жыл 5 шілде

Өтетін уақыты: сағат 11.00

Өтетін орыны: Ә. Бөкейханов көшесі, 1, «Назарбаев орталығы»

 

 

 

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика