Жаңалықтар

Құрылған: 09.07.2018, 13:10   |   Жаңартылған: 09.07.2018, 13:14
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі бойынша
09.07.2018

Жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - ЖАО) ақпаратына сәйкес ағымдағы жылғы 1 шілдеге 1-10 сыныптардың жалпы оқушылардың жалпы санынан 1 245 963 оқушы немесе 43% сауықтырылумен қамтылған (балаларға арналған лагерлерде демалу)(жоспар – 2 млн. 595 мың бала немесе 92,2%).

Бүгінгі таңда республикада 12 454 балалар лагері (жоспар – 14 800) жұмыс істейді, оның ішінде мектеп жанындағы – 10 768 (жоспар – 12 687), шатырлы, киіз үй, спорттық-туристтік – 1 498 (жоспар – 1 888), қала сыртындағы – 228 (жоспар – 224).

Мәлімделген көрсеткішкерді салыстырғанда Атырау (жоспар 4 / факт 5), Солтүстік Қазақстан (12/13), Түркістан (22/24) облыстарында  қала сыртындағы лагерьлердің саны 4 бірлікке артқан.

Алматы облысының аумағында менингококк инфекциялық ауруының тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайына байланысты балалардың сауықтыру мекемелерінде карантин уақыты ағымдағы жылғы 26 маусымға дейін ұзартылды.

Лагерьлерде балаларды демалумен қамтудың ең төменгі көрсеткіші: Астана қаласында (28%)  және Қарағанды (33%) облысында.

Азаматтық қорғау органдарымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады (2018 жылғы 14 маусымдағы № 3-15-6/2119-И хаты).

ЖАО ақпаратына сәйкес Павлодар облысындағы лагерьлер («Балдаурен» және «Қарлығаш» лагерьлері) 56% және 81% бұзушылықтар жойылды. СҚО лагерьлерінде (М. Жумабаев аудандық әкімдігінің жанындағы «Березка» балалардың сауықтыру лагері» МККК, Жамбыл ауданы әкімдігінің жанындағы «Лесная поляна» балалардың сауықтыру лагері» МККК, Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы «Родник» балалардың сауықтыру лагері» МККК) бұзушылықтар толық жойылды және тексеру нәтижесі туралы актілер алынды.

Сонымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің   Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің алдын ала ақпараты бойынша тексеріспен 88 балаларды сауықтыру ұйымы қамтылған, оның ішінде ерекше тәртібі бойынша – 15, жоспардан тыс (тұтынушылық субъектілердің арыздануы бойынша) – 130, нұсқаманы орындау бойынша – 7. Тексеру нәтижесінде ерекше тәртібімен 12 нұсқама берілді, әкімшілік айыппұлға 10 хаттама жасалды.     

Аталған мәселелер облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің бақылауында.

Тұрғылықты мекенжай бойынша балалардың демалуы мен бос уақытын қамтамасыз ету үшін 48% немесе 1 354 879 оқушылар (жоспар 2 млн. 557 мың, немесе 91% оқушылар) қамтылған 39 мыңға жуық еңбекті, шығармашылық, спорттық-туристтік, интелектуалды бос уақыт іс-шаралары жұмыс жасайды. Ең төменгі көрсеткіш Қарағанды (34%), Павлодар (36%) облыстарында және Астана қаласында (24%).   

Түркістан облысындағы аула клубтарының жұмысы туралы ақпарат ұсынылмады (республикада 690).

Бүгінгі таңда демалумен, сауықтырылумен және бос уақытын ұйымдастырумен 46,3% әлеуметтік осал санаттындағы бала, 59% девиантты мінез-құлықты бала, 44% оқуда ерекше жетістіктерге жеткен оқушы қамтылған.

ЖАО ақпаратына сәйкес қала сыртындағы сауықтыру лагерьлердің күзеті жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен атқарылады. Балалардың жаппай мерекелік іс-шаралар орындарында қауіпсіз сүйемелдеуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстары жүргізілуде. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңірлерде қоғамдық денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар бойынша департаменттерінің, білім басқармаларының бірлескен өңірлік іс-шаралар жоспарлары жүзеге асырылады.  

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика