Жаңалықтар

Құрылған: 13.07.2018, 12:40   |   Жаңартылған: 13.07.2018, 12:41
Қауіпсіз балалық шақ
13.07.2018

Міне көптен күткен демалыстар басталды.

Барлығы қуанышты - ата-аналар мен балалар. Бірақ балалар арасында өрт сөндіру қауіпсіздігінің алдын алу жөніндегі жұмыстар ешқашан тоқтатылмайды.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы және Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мектеп жанындағы балалар жазғы лагерлері топтарының жетекшілері арасында «Қауіпсіз балалық шақ» атты тақырыпта викториналық сайыстар, ойын-сауық көрмелерімен спорттық эстафеталық жарыстар өткізілді.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың жазғы демалыс кезіндегі демалу-сауықтыру орындары және төтенше жағдайлардың алдын алу және оған жол бермеу, ал егерде төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда дұрыс қимыл әрекеттерін жасау және адам өмірі, материалдық шығынды азайтуға негізделген болатын.

Жарысқа 6 команда қатысты. Барлық командалар жоғары деңгейде дайындалған, әр топта ұйымшылдық пен бірінші болуға ықыластары сезілді. Балалар бір-бірімен танысып, араласты, жаңа достарға ие болды. Жарыстың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс хаттар, дипломдар, естелік сыйлықтар және медалдар табыс етілді, ал жеңімпаз командаға жеңіс кубогы табысталынды. Жеңіске деген жігері үшін, жүлделі орындарға ие болған командаларға ынталандыру сыйлықтары берілді. Сонымен қатар жекелеген кезеңдерінде жүлделі орындарға ие болған командалар алғыс хаттармен мадақталды. Жарыстағы барлық қатысушылар, аса маңызды және пайдалы іс-шараларға қатысуға қуана ниет білдірді.

ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫНАН АЛЫНДЫ: http://emer.gov.kz/kz/51560-ma-ystau-oblysy-auipsizdik-balaly-sha

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика