Жаңалықтар

Құрылған: 13.07.2018, 17:06   |   Жаңартылған: 13.07.2018, 17:06
Ата-аналарға арналған «Қалай жақсы ата-ана болу керек?» атты тақырыпта республикалық вебинар туралы хабарлама
13.07.2018

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 жылғы 20 шілдеде ата-аналарға арналған «Қалай жақсы ата-ана болу керек?» атты тақырыпта республикалық вебинар өтетін хабарлайды.

Вебинардың мақсаты – отбасында үйлесімді қарым-қатынас құру үшін жасөспірімдерді тәрбиелеу және баланың құқықтары мен мүдделерінің неғұрлым толық сақталуы мәселелерінде ата-аналарға қолдау көрсету.

Аталған вебинар барысында ата-аналар зор тәжірибесі бар кәсіби практикалық психологқа жасөспірімдермен өзара іс-қимыл жөнінде жинақталған сұрақтарды қоя отырып, жауап ала алады.

Вебинарға қатысу үшін интернетке қосылған және колонкасы/құлаққабы бар компьютер немесе смартфон қажет.

Вебинарға қатысу тегін, орын саны шектеулі, сонымен бірге қатысушы ата-аналар https://pruffme.com/landing/u501097/tmp1530703359 сілтемесі бойынша тіркелу қажет.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика