Жаңалықтар

Құрылған: 23.07.2018, 11:31   |   Жаңартылған: 23.07.2018, 11:32
2018 жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі бойынша
23.07.2018

Жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - ЖАО) ақпаратына сәйкес ағымдағы жылғы 16 шілдеге 1-10 сыныптардың жалпы оқушылардың жалпы санынан 2 196 167 оқушы немесе 78% сауықтырылумен қамтылған (балаларға арналған лагерлерде демалу)(жоспар – 2 млн. 595 мың бала немесе 92,2%).

Бүгінгі таңда республикада 13 255 балалар лагері (жоспар – 14 800) жұмыс істейді, оның ішінде мектеп жанындағы – 11 429 (жоспар – 12 687), шатырлы, киіз үй, спорттық-туристтік – 1 597 (жоспар – 1 888), қала сыртындағы – 229 (жоспар – 224).

Мәлімделген көрсеткішкерді салыстырғанда Атырау (жоспар 4 / факт 5), Солтүстік Қазақстан (12/13), Түркістан (23/26) облыстарында  қала сыртындағы лагерьлердің саны 5 бірлікке артқан.

Лагерьлерде балаларды демалумен қамтудың ең төменгі көрсеткіші: Астана қаласында (28%)  және Алматы (67%) облысында.

Жаңадан 3 қала сыртындағы ҚББМ ашылды (Алматы облысының Қарасай ауданында  50 орынға арналған«Самай»; ШҚО Қарағай ауданында 110 орынға арналған«Сұнқар»; Жамбыл облысының Жуалы ауданында  500 орынға арналған «Берікқара»).

Бақылауға алынған ҚББМ жалпы санынан (237), өз қызметін 188 бастады (Ақмола – 17, Ақтөбе – 8, Атырау – 3, Алматы – 23, Шығыс Қазақстан – 23, Жамбыл – 10, Батыс Қазақстан – 20, Қарағанды – 12, Қостанай – 12, Қызылорда – 9, Маңғыстау – 4, Павлодар – 9, Солтүстік Қазақстан – 14, Оңтүстік Қазақстан – 23 облыстарында және Алматы қаласында - 1)

11 429 мектеп жанындағы лагерлердің базасында 1 278 591 бала демаумен қамтылған немесе 45,4% (жоспар 1 450 014 немесе 51,5%).

Ағымдағы жылғы жазғы кезеңінде балаларды сауықтырумен қамту жоспары бойынша Алматы қаласы шілде айында 74 мың. баланы сауықтыру қамтуды жоспарлаған, алайда бүгінгі таңда 50 мыңға жуық баланы қамтыды, аталған көрсеткіштер жоспарланған көрсеткіштерден төмендегені, аумақта менингококк инфекциялық ауруының тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайына байланысты балалардың сауықтыру мекемелерінде карантин уақыты ағымдағы жылғы 18 маусымға дейін ұзартылған.

Керісінше жағдай Алматы облысында. Әкімдіктің ақпаратына  сәйкес  ағымдағы жылғы жазғы кезеңінде балаларды сауықтырумен қамту жоспары бойынша шілде айында 106 979 мың баланы құраса, қазіргі таңда облыста  141 014 мың бала санын құрап отыр (34 035 мың балаға аса). Аталған факті жоспарланған көрсеткіштерге жету мақсатында Алматы облысы Білім басқармасының ауызша ақпараты бойынша, мектеп жанындағы лагерьлердің маусымының ұзақтығын қысқартып, соның салдарынан қамтылатын балалардың санын көбейтуге көзделген іс-шаралар қабылданды.      

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің ақпаратына сәйкес 226 ҚББМ обьектіледің  Санитариялық қағидаларына сәйкестік бойынша  санитариялық-эпидемиялық қорытындылары алынды.

Санитариялық-эпидемиялық оң қорытындысыз 3 ҚББМ жұмыс істеу фактілері тіркелді: Алматы облысында – 1 («Балалар мен жасөспірімдер туристтік және экскурсиялық орталығы» МҚКМ), ОҚО – 2 («Таң – Нуры»,   «Б. Саттарханов атындағы Салют» МҚКМ).

Тұрғылықты мекенжай бойынша балалардың демалуы мен бос уақытын қамтамасыз ету үшін 72% немесе 2 028 512 оқушылар (жоспар 2 млн. 557 мың, немесе 91% оқушылар) қамтылған 50 мыңға жуық еңбекті, шығармашылық, спорттық-туристтік, интелектуалды бос уақыт іс-шаралары жұмыс жасайды. Ең төменгі көрсеткіш Атырау (58%) облысында және Астана қаласында (43%).   

Бүгінгі таңда демалумен, сауықтырылумен және бос уақытын ұйымдастырумен 67,3% әлеуметтік осал санаттындағы бала, 78,5% девиантты мінез-құлықты бала, 64,2% оқуда ерекше жетістіктерге жеткен оқушы қамтылған.

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика