Жаңалықтар

Құрылған: 26.07.2018, 17:48   |   Жаңартылған: 26.07.2018, 17:48
Айрықша лагерь ашылды
26.07.2018

Елбасы Н.Назарбаев еліміздің табиғаты ерекше, шұрайлы өңір­лерінде  туризмді дамыту арқылы ел экономикасының да­му­ына ықпал етуді үнемі айтып келеді. Балалар туризмі – соның ма­ңызды бір тармағы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауда­нының Шабанбай би ауылында ашылған «Жас турист» ша­тыр­лы лагері осы саланың дамуына қосылған қомақты үлес деп айтуға болады.

Ерекше лагерь елордамыздың 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген ауданның 90 жылдығы ая­­сында Шабанбай би ауылының ір­­­гесіндегі Қызыларай тауының көр­­­кі көз тартатын тұсында ашы­л­­ды. «Жас турист» шатырлы лагерінің мақсаты – өңірдің тарихи-мәдени мұраларын өскелең жастарға насихаттай отырып туризмді дамыту. Балалар мұнда жай дема­лып қана қоймай, әсем та­би­ғат ая­сын­­да денсаулығын ны­ғай­та­ды, қоршаған ортаны танып, еңбекті сүюге баулитын іс-шара­ларға қатысады. Туған жер­дің табиғатына сүйсініп, топы­ра­ғына аунап өскен баланың бойын­да еліне, жеріне деген сүй­іс­пеншілік, отаншылдық рух ай­рықша болары анық. Демалыс орнының ашылуында аудан әкімі Салтанат Әбеуова жиналғандарды лагерьдің ашылуымен құттықтай келе, осындай игі істі қолға алып, балалардың жазғы демалысын қызықты өткізуге жағдай жасаған мектеп ұжымына, аудандық білім бөліміне алғыс білдірді. Аудан басшысы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасында ішкі туризм мәде­ни­етін дамытуға маңыз бергенін атап өт­ті. Осыған сай қазіргі кезде түрлі бағ­дарламалар қолға алынуда, оның аясында Ақтоғай ауданында да нақты іс-ша­ралар жүзеге асырылып жатыр. «Жас турист» балалар лагері – соның бір көрінісі.

Жиынға қатысқан облыстық турис­тік клубтың директоры, спорт шебері Сер­гей Кистанов та жазғы демалыстың сәтті өтуіне тілектестік білдірді. Аталған лагерьде аудан бойынша 13 мектептен 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер демалады. Үш ауысымда барлығы 90 оқушыны қамту көзделіп отыр.



Мақала Egemen Qazaqstan газетінен алынды: https://egemen.kz/article/172201-ayryqsha-lager-ashyldy

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика