Жаңалықтар

Құрылған: 27.07.2018, 10:33   |   Жаңартылған: 27.07.2018, 10:33
ПРЕСС-РЕЛИЗ Қазақстанда дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді
27.07.2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясын өткізу туралы жариялайды. Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік бағыттағы бастамасы бүкіл республика бойынша 2018 жылғы 1 тамызбен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.

Акция барысында мектепке бармайтын балаларды анықтауға, сонымен қатар мектепке дайындау бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсетуге басты назар аударылады.

Акцияны өткізудің он жылы ішінде 2 млн.-нан астам балаға жалпы сомасы 17 млрд. теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді. Демеушілер мен меценаттар жалпы сомасы 7,9 млрд. теңгеден астам көмек пен қолдау көрсетті. Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және акционерлік қоғамдар жыл сайын акцияға белсенді қатысады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі еліміздің барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылуға және өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға, отбасыларға көмек көрсетуде, сондай-ақ  мектепке өз жолын табуға қол ұшын беруде үлестерін қосуға шақырады.

«Мектепке жол» акциясына арналған брифинг 2018 жылғы 1 тамызда сағат 16.20   өтеді.

Барлық акцияға қосылуға тілек білдірушілерге Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің телефонына – 8 (7172) 74 21 40, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына хабарласуыңызды сұраймыз.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика