Жаңалықтар

Құрылған: 08.08.2018, 10:32   |   Жаңартылған: 08.08.2018, 10:32
2018 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі бойынша
06.08.2018

Жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - ЖАО) ақпаратына сәйкес ағымдағы жылғы 1 тамызға 1-10 сыныптардың жалпы оқушылардың жалпы санынан 2 299 322 оқушы немесе 82% сауықтырылумен қамтылған (балаларға арналған лагерьлерде демалу)(жоспар – 2 млн. 595 мың бала немесе 92,2%).

Бүгінгі таңда республикада 13 323 балалар лагері (жоспар – 14 800) жұмыс істейді, оның ішінде мектеп жанындағы – 11 429 (жоспар – 12 687), шатырлы, киіз үй, спорттық-туристтік – 1 665 (жоспар – 1 888), қала сыртындағы – 229 (жоспар – 224).

Лагерьлерде балаларды демалумен қамтудың ең төменгі көрсеткіші:  Маңғыстау (63%), Жамбыл (71%)  облыстарында және Астана қаласында (63%).

11 429 мектеп жанындағы лагерьлердің базасында 1 287 842 бала демалумен қамтылған немесе 45,7% (жоспар 1 450 014 бала немесе 51,5%).

Тұрғылықты мекен-жай бойынша балалардың демалуы мен бос уақытын қамтамасыз ету үшін 76% немесе 2 142 943 оқушы (жоспар 2 млн. 557 мың, немесе 91% оқушы) қамтылған 53 мыңға жуық еңбекті, шығармашылық, спорттық-туристтік, интелектуалды бос уақыт іс-шаралары жұмыс жасайды. Ең төменгі көрсеткіш Ақмола (49%) облысында және Астана қаласында (43%).   

Бүгінгі таңда демалумен, сауықтырылумен және бос уақытын ұйымдастырумен 69,7% әлеуметтік осал санаттындағы бала, 80,8% девиантты мінез-құлықты бала, 67,7% оқуда ерекше жетістіктерге жеткен оқушы қамтылған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының хаттамалық тапсырманың 3.3-тармағын орындау мақсатында балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметіне ата-аналар қоғамымен, үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен өңірлердегі қоғамдық мониторингтің  ұйымдастыру  мәселелерін  ортаға  салып талдап, керекті ұсыныстар енгізу мақсатында  ағымдағы жылғы 2 тамызда сағат 15:00-де республиканың барлық өңірлеріндегі қоғамдық комиссиялар мүшелерінің қатысуымен бейне конференция байланысы арқылы отырыс өткізілгендігін хабарлайды.

Отырыс барысында, өңірлердегі қоғамдық комиссия мүшелері балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінде жүргізілген қоғамдық мониторингтің қорытындысы бойынша төмендегідей:

1) Алматы қаласының қоғамдық комиссия мүшелері, лагерьлердің басшылары, балаларды сауықтыру және дүниетанымын, еліміздің табиғатымен таныстыру мақсатында мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге алып бару кезінде, парк әкімшіліктері аулаға кіру үшін әрбір балаларға ақысын төлеуді талап ету фактілері орын алғандығын айтып, осы мәселе бойынша жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалып жүрген балаларға тегін кіру тетігін қарастыру туралы;

2) Қоғамдық комиссия мүшелері лагерьлердің қызметінің сапасын жақсарту мақсатында   лицензиялау мәселесін қарастыру туралы;

3) Отырыс барысында Шымкент қаласының «Үш бұлақ» лагерінде демалып жүрген кезінде жүрек ауруынан қайтыс болған кәмелетке толмаған баланың оқиғасын талқылап, аталған оқиғалардың алдын алу мақсатында, балаларды сауықтыру лагерьлеріне жіберу кезінде жиналатын құжаттардың, яғни баланың денсаулығы жағдайы туралы анықтаманың растылығын анықтау жолдарын қарастыру жөніндегі ұсыныстарды білдірді.

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика