Жаңалықтар

Құрылған: 13.08.2018, 16:41   |   Жаңартылған: 13.08.2018, 16:41
«Қоғамдық сананы жаңғыртудағы «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының негізгі рөлі» Қазақстан Республикасының педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясы секция отырысының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
13.08.2018

2018 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласының Оқушылар сарайы негізінде «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының негізгі рөлі» секция отырысы өтеді.

Секция отырысы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында өткізіледі.

Секция отырысының мақсаты – «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылау.

Секция отырысына облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармаларының, аудандық/ қалалық білім бөмдерінің, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының, әдістемелік кабинеттерінің/орталықтарының басшылары, жалпы білім беретін мектептердің директорлары, директорлардың орынбасарлары мен пән мұғалімдері, «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасын жүзеге асыруға жауапты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармаларының мамандары, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтар, «Бөбек» ҰҒПББСО, БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыста жаңартылған білім беру мазмұнындағы аспектісінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері, «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудағы мұғалімдердің рөлі, біртұтас  оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламаны интеграциялау бойынша пилоттық ұйымдарды ғылыми-әдістемелік қолдау бағдарламаларын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланады.

Секция отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп,  қабылданады.

Өткізу орны: Астана қаласы, Оқушылар сарайы, Б.Момышұлы 5

Байланыс телефоны: 74-19-32, 74-19-94.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика