Жаңалықтар

Құрылған: 22.08.2018, 19:36   |   Жаңартылған: 25.08.2018, 13:51
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының Қостанай облысында тамыздық кеңеске қатысуы туралы
22.08.2018

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Н. Оршубеков 2018 жылдың 22 тамызында Қостанай облысында өткен «Цифрландыру және төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қостанай облысының білім саласының даму мүмкіндіктері» тақырыбындағы педагогтардың тамыз конференциясына қатысты.

Сөз сөйлеуінде Н.Оршубеков білім саласындағы қол жеткізген жетістіктер мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті талап ететін негізгі мәселелерге толығырақ тоқтады.

Комитет төрағасы мектепке дейінгі, орта білім, ТжКБ, ЖОО саласындағы жетістіктерді атап өтіп, сонымен қатар балалар құқықтарын қорғау сұрақтарына да тыңдармандардың көңілін аударды.

Сондай-ақ,  аймақтардағы үшаусымды және апатты мектептер, білім беру мекемелері мен ЖОО және колледждер жанынан жатақхана салу, жанбасын қаржыландыру сұрақтарына тоқталды.  

Ол үшаусымды және апатты мектептердің мәселесін жанбасын қаржыландыру арқылы жекеменшік мектептер салу арқылы шешуге болатындығын атап өтті.

Н. Оршубеков конференция аясында Қостанай қаласында орналасқан Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы және Сәби үйін аралап, мекемелердің балаларды қауіпсіздендіру және отбасына орналастыру қызметімен танысып өтті.

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика