Жаңалықтар

Құрылған: 24.08.2018, 16:02   |   Жаңартылған: 24.08.2018, 16:02
Педагогтар мен ата-аналарға арналған вебинар!
24.08.2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  2018 жылғы 27 тамызда мұғалімдер мен  ата-аналарға арналған «Мұғалімдер және ата-ана: қалай байланыс орнатуға болады?» (Астана қаласының уақытымен 20:00-де) атты тақырыпта вебинар өтетінін хабарлайды.

Вебинардың мақсаты – баланың мүддесі және оның жан-жақты құқықтарын қорғау бойынша екі жаққа нәтижелі байланыс пен өзара әрекеттестік орнату тәсілдері бойынша ақпарат беру.

Вебинар ата-аналар мен педагогтарға, мектеп мамандары, оның ішінде  ата-аналармен жұмыс жасайтын психологқа, әлеуметтік педагогқа және басқа да әлеуметтік-психологиялық қызметтердің өкілдеріне пайдалы.

Вебинарға қатысу үшін интернетке қосылған және колонкасы/құлаққабы бар компьютер немесе смартфон қажет. Қатысу тегін, орын саны шектеулі, сонымен бірге қатысушылар https://pruffme.com/landing/u501097/tmp1533456822 сілтемесі бойынша тіркелу қажет.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика