Жаңалықтар

Құрылған: 06.09.2018, 20:00   |   Жаңартылған: 06.09.2018, 20:05
Баспасөз хабарламасы
06.09.2018

АЛҒАШ РЕТ БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫ

психологтардан бала тәрбиесіне байланысты құнды кеңестер алады

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитеті Отбасы тәрбиесі институтымен бірлесе биылғы жылдың қыркүйек-қазан айларында еліміздің барлық мектептерінде «ХХI ғасырдың ата-аналары: балаңызға үлгі болыңыз» тақырыбында «БІРЫҢҒАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫН» өткізеді.

Мектептегі дәстүрлі ата-аналар жиналысы көптеген мәселелерді шешуге көмектесетіні анық. Алайда, сынып жетекшілерінің айтуынша, ата-аналармен қарым-қатынас орнатудың бұл түрінде бірқатар қиындықтар туындайды. Ең басты себебі – педагогтерге жүктелетін жұмыстың шамадан тыс болуы және жиналысты өткізу әдісінің ескіруі. Сайып келгенде, бұл ата-аналардың мектеппен қарым-қатынас орнатуына әсер етеді. БІРЫҢҒАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ дәстүрлі жиналыстан ерекшелігі – бұл жас ұрпақты инновациялық білімдермен және отбасылық тәрбиелеу әдістерімен оқытуға бағытталған және түрлі тақырыптады қамтитын жаңа формат. Осыған орай республикалық ата-аналар конференциясын еліміздің барлық мектептерінде өткізу жоспарланған. Кездесу барысында мынадай тақырыптар қозғалады:

        

  •  «Бірінші сынып оқушылары ата-аналарына психологиялық көмек» 8 қыркүйек
  • «10-11 сынып оқушылары ата-аналарына психологиялық көмек»  9 қыркүйек
  •  «2-4 сынып оқушылары ата-аналарына психологиялық көмек»    13 қазан
  • «8-9 сынып оқушылары ата-аналарына психологиялық көмек»  14 қазан
  • «5-6-7 сыныпта оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек»   22 қыркүйек

 

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы конференция  8 қыркүйек күні бірінші сынып оқушылары ата-аналарына арналады. Ал, 10-11 сынып оқушылары ата-аналарына – 9 қыркүйекте.

Өтетін орны мен уақыты: еліміздің барлық мектептерінде сағат 10:00-де.

Журналистердің аккредетиттеу үшін: pressa.edu@gmail.com Арман 87027259713, Перизат 87787008493, Маржан 87024480838.

 

   ҚР БҒМ баспасөз қызметі

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика