Жаңалықтар

Құрылған: 13.08.2018, 11:53   |   Жаңартылған: 10.09.2018, 13:59
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру туралы
13.08.2018

 «Террористік белсенді аймақтарынан келген кәмелетке толмағандарды дерадикалдандыру және оңалту бойынша қызметті ұйымдастыру» әлеуметтік маңызды жобаларды орындау» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша «Право» қоғамдық қоры жеңімпаз болып танылды.

 Жоба шеңберінде республиканың 9 өңірінде (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстары, Астана қаласы) оңалту орталықтарын құру жоспарлануда. Олардың қызметі ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызмет сапасын арттыруға, террористік белсенді аймақтарынан келген балалары бар отбасыларды ресоциализациялаудың ведомствоаралық жүйесін қалыптастыру және дамытуға бағытталған.

Жоба шеңберінде қызметпен террористік белсенділік аймақтарынан келген кәмелетке толмағандар, олардың ата-аналары мен заңды өкілдері ғана емес, сонымен қатар, заңмен қарама-қайшылықтың салдарынан тәуекел тобына жататын балалар да қамтылатын болады.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика