Жаңалықтар

Құрылған: 20.09.2018, 17:34   |   Жаңартылған: 20.09.2018, 17:34
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
19.09.2018
2018 жылдың 17-20 қыркүйек күндері аралығы Астанада ерекше балаларға арналған жалғыз «Жұлдызай» республикалық спартакиадасы өткізілді. Сайыстар 5 спорт түрі бойынша өтті: шағын футбол, голбол, жеңіл атлетика, суда жүзу, үстел теннисі және асық ату, бестас ұлттық ойындары.
 
Аталған іс-шара «BI-Жұлдызай» корпоративтік қоры BI Group құрлыс компаниясының және «Нұр отан» партиясы, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Nazarbayev University және Алматы, Астана қалалары мен облыстар әкімдіктерінің қолдауымен өткізілді. Сайыстар еліміздің Олимпиада чемпиондарының қатысуымен Nazarbayev University спорттық орталығында орын алды.
 
Бүгінге дейін Қазақстанның 16 қаласында іріктеу кезеңдері өтіп, оларда 3000-нан астам жас спортшы бақ сынады. Спартакиаданың ақтық сатысына еліміздің барлық өңірінен 411 бала сүрінбей өтті.
 
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында келесі жайтты атап өткені белгілі: «...Қазақстандықтар дәуірлер тоғысындағы жаңа белеске көтеріле отырып, жаңарып-жаңғыру және тың ұмтылыстар арқылы жарқын болашақ іргетасын қалаудың бірегей тарихи мүмкіндігіне ие болуда». «BI-Жұлдызай» қорында азаматтық қоғамдағы барлық топ өкіліне қамқорлық таныту арқылы ғана кемел келешекке қол жеткізуге болатынын жақсы түсінеді.
 
Қор мақсаты – қазіргі заман қоғамы үшін ерекше балаларды өз бетімен өмір сүріп, жемісті еңбек етуге, табысты кәсіп түрлерін игеруге бейімдеу жобаларын жасау.
© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика