Жаңалықтар

Құрылған: 21.09.2018, 11:38   |   Жаңартылған: 21.09.2018, 11:38
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
21.09.2018

«21 ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциясының курсы.

2018 жылдың 22 қыркүйегінде бұқаралық ақпарат құралдары «21 ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциясына шақырылады.

Үшінші  Республикалық ата-аналар конференциясының тақырыбы: «5-6-7 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек».

Өткізілетін мекенжайы: Қазақстан республикасының барлық білім беру мектептерінде  (14 облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында).

Конференцияның басталу уақыты: сағ:10:00.

Ұйымдастырушылар: Білім және ғылым министрлігі  Балалардың құқығын қорғау комитеті, Отбасылық тәрбиелеу институты.

Республикалық ата-аналар  конференциясына 5-6-7 сыныптарды оқитын жасөспірімдердің ата-аналары, білім беру ұйымдарының басшылары, шығармашылық және ғылым зиялылары, педагоктар қоғамы, педагогикалық еңбек ардагерлері және БАҚ қатысады.

Коференция күнтізбесінде төмендегі мәселелер қамтылады:

 1. Жасөспірім жасындағы балалардың бойындағы психофизиологиялық ерекшеліктер және олардың бала мінез-құлқында пайда болуы.

2. Жасөспіріммен жақсы байланысты қалай қалыптастыруға болады: білікті тәрбиенің 12 тәртібі.

3. Жасөспірімді ақпарат ағымының қауіпсіздігімен қамтамасыз ету. Интернетке тәуелділіктің қалыптасуын алдын алу шаралары.  

4. Кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы суидцидтік (аутодеструктивті) мінезді алдын-алу.  

5. Отбасылық құндылықтарды жеткізу және беріктендіру: бала тәрбиесі үшін отбасының амандығының маңыздылығы

6. Жасөспірімдердің деструктивті діни ағымдарға бет бұруын алдын-алу шаралары.  Мектепке діни белгілері бар заттарды  киюге тыйым салу.  Әр баланы бір үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету ата-ананың әлеуметтік маңызды  міндеті

7. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен девиантты мінез-құлықты алдын-алу.

8. Ата-аналардың өзін-өзі бағалауы: жақсы ата-ананың қандай мінез-құлқы, іс-әрекеттері менде бар, қандай әрекеттерін маған дамыту керек?

Конференцияда жалпы адамзаттық және отбасылық құндылықтарды қалыптастырып дамытатын жаңа психологиялық-педагогикалық әдістемелер мен технологиялар қолданылады.

Конференцияның әдістемелік материалдары мен видеороликтері және ұсыныстары ата-аналарға кез-келген жастағы  баласына үлгі болуға жол көрсетеді.

Конференция мектеп психологтары жүргізеді.  Ата-аналарға ескертпе кітапшалары таратылып, сауалнама жүргізіледі.

БАҚ үшін  ҚР қалаларында өтетін 3 Республикалық ата-аналар конференциясы бойынша  орталық алаңдар (мектеп) тізімін қосамыз (қосымшада)

Қосымша ақпарат: тел. 8 (7172) 25 64 09, 25 65 09;

instityt-sv@mail.ru

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика