Жаңалықтар

Құрылған: 26.09.2018, 13:15   |   Жаңартылған: 26.09.2018, 13:25
ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл видеоконференц байланыс тәртібінде қабылдау өткізілді
26.09.2018

2018 жылы 25 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл видеоконференц байланыс тәртібінде Алматы қаласы, Алматы, Қарағанды, Түркістан облыстарының азаматтарын балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша қабылдау өткізді. 

Азаматтарды қабылдауда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Актаева, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.А.Оршубеков, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төраға орынбасары М.С.Әбдікәрім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қоғамдық даму  министрліктерінің төраға орынбасарлары Д.Т.Садвокасова, А.Р.Оралов, ҚР Ішкі істер министрлігінің басқарма басшысы А.О.Оспанов, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері әкім орынбасарлары, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер басқармаларының басшылары, ауылдық әкімдер, үкіметтік емес ұйымдар.

ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қабылдауында азаматтардың балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ықпал ету бойынша мәселелер қарастырылды.

Өтініштердің сипаты әртүрлі және өзекті болды: сапалы білім алуға, денсаулық сақтауға құқығы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларды қамқорлыққа және қамқоршылыққа алу, мектепте, сондай-ақ мектептен тыс ұйымдарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, ата-аналардың ажырасуы кезінде балалардың тұрғылықты жерін анықтау және олармен араласу тәртібі және т.б.

Азаматтарды қабылдауда барлық өтініштер оң шешімін тапты, видеоконференц байланыс тәртібінде аталған сұрақтар қосылған облыстар әкімшіліктерінің қолдауымен өз шешімдерін  тапты.

ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.М.Айтпаева  видеоконференц байланыс барысында жергілікті атқарушы органдардың назарын халық арасында қажетті ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізуге, балалардың құқықтарын қорғау және отбасылық проблемалардың айқындығы мәселелеріне  ерекше аударды.

Сондай-ақ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл видеоконференц байланыс тәртібіінде азаматтарды қабылдау тоқсан сайын өткізілетіндігін атап өтті.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика