Жаңалықтар

Құрылған: 04.10.2018, 12:56   |   Жаңартылған: 04.10.2018, 12:57
Халықаралық қыздар күнін мерекелеу туралы баспасөз хабарламасы
04.10.2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 2018 жылғы 4-13 қазан аралығында Халықаралық қыздар күніне орай республикалық онкүндік өткізіледі.

Халықаралық қыздар күні қыздардың құқықтарын және бүкіл әлемде олардың тап болатын мәселелерінің ерекшеліктерін мойындау белгісі ретінде 2012 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған болатын.

Онкүндіктің мақсаты – қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стереотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру.

Онкүндік шеңберінде қыздардың білім, медициналық, психологиялық қызметтердің барлық түріне қол жеткізуге қыздардың құқығын қамтамасыз ету мәселелер жөнінде халықты ақпараттандыруды арттыру мақсатында республикалық және жергілікті деңгейде іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын сақтау және оларды құқықтық тәрбиелеу мәселелері бойынша балалар мен ата-аналарға арналған мамандардың ақысыз кеңес беруі ұйымдастырылады.

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика