Жаңалықтар

Құрылған: 05.10.2018, 17:01   |   Жаңартылған: 05.10.2018, 17:01
«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы
05.10.2018

Мүдделі мемлекеттік органдардың назарын балалардың білім беру ұйымдарына және кері қарай қауіпсіз тасымалдауын қамтамасыз ету мәселесіне тарту мақсатында Комитет екінші жыл бойы 2018 жылғы 2 қазан мен  10 қараша аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясын өткізуді бастамашылық етуде.

Комитет аталған акцияны өткізуге Ішкі істер органдар қызметкерлерді, ата-аналар қоғамдастық, білім беру ұйымдардың жанындағы қамқоршылық кеңестер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін, БАҚ-ты, еріктілерді белсенді тартуды  ұсынады және келесі шараларды атқару орынды деп есептейді:

- балаларды мектепке тасымалдайтын көлік құралдарына GPS-навигаторды орналастыру мүмкіндігін қарастыру;

- акция шеңберінде кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссиялар балаларды мектепке тасымалдауды қамтамасыз ететін көлік құралдарының (автобус) жағдайын, жүргізушілердің сапалы құрамын зерделеу бойынша жұмыс топтарын құру және олардың жұмысын қамтамасыз ету (2018 жылғы қазан-қараша). Жұмыс тобы  қызметінің қорытындысы бойынша әкімдіктерге ұсынымхат жолдау керек.  

- білім беру ұйымдарында қауіпсіз сабақтарды, флеш-мобтарды (5-11 сыныптар), сынып сағаттарды, сурет байқауларды (1-4 сыныптар), жол қозғалысы ережелерін және өзін сақтау шаралары бойынша түсіндіруді жүргізу;

- электронды және баспа БАҚ және әкімдіктер, білім беру органдар мен ұйымдардың интернет-ресурсы арқылы жолда балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсендету.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика