Жаңалықтар

Құрылған: 05.10.2018, 17:54   |   Жаңартылған: 05.10.2018, 17:54
«Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталығы
05.10.2018

Іс-шараның  мақсаты – қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесіне мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың  күштерін біріктіру.

Республикалық апталық барысында 5990 іс-шара ұйымдастырылып, 1 млн. 200 мыңнан астам ата-ана мен оқушы  қамтылды.

Апталық шеңберінде белгіленген ұсынымдамаға сәйкес бірқатар іс-шаралар  жоспарланып, үкіметтік емес ұйымдар мен «Нұр Отан» партиясының қатысуымен жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, әдеби-поэзиялық кештер, отбасылық «Денсаулық» фестивальдері, ата-аналар мен оқушылар арасында спорттық ойындар, отбасы құндылықтарын насихаттайтын тәрбие сағаттары мен сынып сағаттары, дебаттар, дөңгелек үстелдер, шығарма жазу, сурет салу конкурстары өткізілді.

Апталық аясында  №2 Төлеби балалар үйінде Түркістан облысы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Миятұлы Жолдасовтың қатысуымен «Отбасы күніне» арналған мерекелік іс-шара өтіп, «Балғын балалақ шақ» концерттік бағдарламамен ұласты, балаларға арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Солтүстік Қазақстан облысында ата-аналар қауымдастығына арналған Отбасылық кеңес беру, «Отбасылық құндылықтар» атты бірыңғай ақпараттық күн ұйымдастырылып, Қамқоршылық кеңес,  ҮЕҰ өкілдерінің, педгогикалық еңбек ардагерлерінің қатысуымен «Отбасым-байлығым» атты ойын-сауық іс-шаралары өткізілді.

Павлодар облысында Качиры аграрлық-техникалық колледжі студенттері «ALDASPAN» аудандық жастар орталығымен бірлесіп, жалғыз басты зейнеткерлерге үй аулаларын жинастырып, көмек көрсетіле отырып, «Ардагер» акциясын өткізді.

Алматы қаласында бастауыш сынып оқушылары арасында «Денсаулығы зор отбасының мүшесімін» тақырыбында жүзуден жарыс, «Жанұяңнан артық не бар?» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылып, әр сыныптан оқушылар қатысты және балаларға арналған жадынама таратылды, 8-сынып оқушыларының және ата-аналарының қатысуымен «Ата-анам және мен» атты флешмоб өткізілді.

Астана қаласы бойынша Instagram әлеуметтік желісінде @astana.otbasy парақшасы ашылып  «Менің отбасым – менің мақтанышым!»/«Моя семья – моя гордость» атты жас отбасылар арасындағы видео конкурс жарияланды, бас жүлдеге 200 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық тағайындалды.

Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу, отбасылық құндылықтарды арттыру және нығайту мақсатында Министрлік Отбасы тәрбиесі институтымен бірлесе 1, 5-7, 10-11 сынып оқушылары   ата-аналарына  ағымдағы жылғы 8, 9, 22 қыркүйекте еліміздің барлық мектептерінде «ХХI ғасырдың ата-аналары: балаңызға үлгі болыңыз» тақырыбында республикалық ата-аналар конференциясы  өткізілді, сондай-ақ республика бойынша 13-14 қазан күні 2-4, 8-9 сынып  ата-аналарына конференция өткізу жоспарлануда.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика