Жаңалықтар

Құрылған: 09.10.2018, 18:59   |   Жаңартылған: 09.10.2018, 18:59
Баспасөз релизі «21-ғасырдағы қазақстандық ата ана: өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференцияларының бағдары
09.10.2018

2018 жылғы 13-14  қазанда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «21-ғасырдағы қазақстандық ата ана: өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференцияларына шақырылады. Бұл отбасылық тәрбие мәселелері бойынша білім беру мектептерінің қазақстандық ата-аналар жұртшылығымен өткен бес жаппай кездесулерден тұратын республикалық конференциялар курсының қорытынды конференциялары.  

4-РАК тақырыбы: «Бастауыш мектеп оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек (2-3-4 сыныптар)». - 2018 жылғы 13 қазан.

5-РАК тақырыбы: «8-9 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек».- 2018 жылғы 14 қазан.

Өткізу орны: Қазақстан Республикасының барлық білім беру мектептері (14 өңірдің және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының).

Конференция жұмысының басталуы : сағат 10:00.

Ұйымдастырушылар: ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Отбасылық Тәрбие Институты.

Республикалық ата-аналар конференциясына қатысушылар:  8-9 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналары, және 2-3-4 сыныптарда оқитын бастауыш мектеп оқушыларының ата-аналары, білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдері,  педагогтар жұртшылығы, педегогика еңбегінің ардагерлері, БАҚ өкілдері.

4-РАК бағдарламасында (13.10.2018)  мынадай мәселелер қаралады:

1. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.

2. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.                                                                    

3. Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ немесе ТӨРТ «БОЛМАЙДЫ» ЕРЕЖЕСІ.

4. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.

5. ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ 10 БЕРЕКЕСІЗ ЖАҒДАЙ.

6. Балалардың бастауыш мектептегі жиі кездесетін проблемалары; тәрбие процесіндегі ата-ананың міндеттері.

7. Ойын, жағымды мотивация жасаудың тәсілі ретінде.

   5-РАК (14.10.2018)  мынадай мәселелер қаралады:

1. Жасөспірімдік жастың психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері.

2. Жасөспіріммен қалай жақсы байланыс орнатуға болады: сауатты тәрбиенің 12 ережесі.

3. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар.

4. Кәмелетке толмағандардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу.

5. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.

6. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.

7. Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлықтың алдын алу.

9. Ата-ананың өзін-өзі талдауы: ЖАҚСЫ АТА-АНАНЫҢ ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРІ МЕНІҢ БОЙЫМДА БАР, ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРДІ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ?

Конференцияларда жалпыадамзаттық және отбасылық құндылықтарды дамытуға және қалыптастыруға мүкіндік беретін жаңа  психология-педагогикалық әдістер қолданылатын болады.  Конференцияның бейнероликтер және ұсынымдар түріндегі әдістемелік материалдары ата-аналарға бала дамуының кез келген кезеңінде оған қалай үлгі болу қажеттігі бойынша бағдар береді.

Конференция кезінде мектептердің психологтары сөз сөйлейді. Ата-аналарға жадынамалар таратылады және сауалнама жүргізіледі.

БАҚ үшін ҚР қалаларында 4 және 5 РАК өткізу бойынша орталық алаңдардың (мектептердің) тізімдері қоса беріледі (қосымша).

Қосымша ақпарат: тел. 8 (7172) 25 64 09, 25 65 09;

instityt-sv@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика