Жаңалықтар

Құрылған: 15.10.2018, 18:10   |   Жаңартылған: 15.10.2018, 18:10
2018 жылғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының қорытындылары туралы
15.10.2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2018 жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында республиканың барлық өңірлерінде осымен он бірінші жыл республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілді.

Акцияны орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ірі отандық кәсіпорындар мен кәсіпкерлер және т.б. қолдады.

Акция қорытындылары бойынша көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік көмекке мұқтаж 328 766 бала жалпы сомасы 2 млрд. 822 млн. 846,6 мың теңгеге материалдық және қаржылық көмек алды (2017 ж. – 2 млрд. 756 млн. 345 мың. теңгеге 316 041 бала қамтылды). Тек демеушілердің атынан 224 174 балаға 2 млрд. 5 млн. 618 мың теңгеге көмек көрсетілді (2017 ж. – 211 723  балаға 1 млрд. 709 млн. 167 мың теңгеге көмек көрсетілді).

Ерекше белсенділікті «ҚазМұнайГаз», «Қаражанбасмұнай», Халық Банкі, «Қазатомөнеркәсіп», «Теңізшевройл», Сбербанк, «Қазақтелеком», «Филип Моррис Қазақстан», «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы, «ПетроКазахстанОйл Продактс, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі, «Астана Экспо 2017», «Arcelor Mittal», «Kazakh Invest», «Байқоңыр», «Қазақстан темір жолы» АҚ және т.б. ірі кәсіпорындар танытты.

Акция тарихында алғаш рет бір ұйымнан қайырымдылық мақсаттарға бөлінген қаражаттың ең жоғары сомасы 66 млн. теңгеден асты. Мәселен, ҚазМұнайГаздың арқасында 3 мың бала 66 млн. 665 мың теңгеге толық киім-кешекпен қамтылуға және мектепке даярлануға мүмкіндік алды.

«Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы 2377 балаға материалдық көмек көрсету үшін 57 млн. теңгеден астам қаражат бөлді. Халық Банкі жалпы сомасы 22 млн. теңгеден астам қаражатқа 320 баланы мектепке дайындады. Қазатомөнеркәсіп аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 933 оқушыға 11 млн. теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетті. 

Акция аясында қайырымдылық мақсаттарға 1 млн. теңге және одан да көп бөлген компаниялардың қатарында: «Қазақтелеком» АҚ-ның Алматы филиалы (1,755 млн.), «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (1,250 млн.), «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі (1,120 млн.), «Қазавтожол» ұлттық компаниясы (1,081 млн.) және т.б. бар.

Орталық мемлекеттік органдардың арасында неғұрлым белсенді ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабы (40 балаға жалпы сомасы 2 млн. 814 мың теңге жиналды), ҚР Ішкі істер министрлігі (аз қамтылған және мұқтаж отбасылардың  1300 балалары үшін жалпы жиналған қаражаттың сомасы 33 млн. 500 мың теңгені құрады), Ауыл шаруашылық министрлігі (22 балаға 405 мың теңге бөлінді), Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (10 бала шамамен 350 мың теңгеге көмекпен қамтылды) қатысты.

Жүргізілген мониторинг жергілікті атқарушы органдардың акцияны ұйымдастырудың жоғары деңгейін көрсетті.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және т.б. республиканың бірқатар облыстарында акция айрықша қарқынмен өтті. Мәселен, акцияның қорытындысы бойынша мұқтаж отбасылардың балаларын материалдық көмекпен қамтудың ең жоғары көрсеткіштері Алматы (36398 бала), Жамбыл (32106 бала), Қарағанды (30215 бала), Шығыс Қазақстан (28808 бала), Ақтөбе (22176 бала), Қызылорда (21617 бала) облыстарында байқалады.

Акция аясында өңірлердің кесіндісінде жиналған қаражаттың сомасы бойынша алдыңғы қатарға Алматы (350 млн. 371 мың тг.), Жамбыл (324 млн. 752 мың тг.), Ақтөбе (205 млн. 964 мың), Түркістан (402 млн. 109 мың), Қызылорда (200 млн. 185 мың) облыстары шықты.

Сонымен бірге, акция ұранымен 49 439 рейдтік іс-шаралар өткізілді. Рейд барысында пәтерлерді, соның ішінде қолайсыз отбасылардың үйлерін, саяжайларды, фермерлердің шаруашылықтарын, базарларды, үйлердің жертөлелерін, автожуғыштарды, автокөліктерге жанармай құю станцияларын, ойын-сауық мекемелерін, компьютерлік салондарды аралау ұйымдастырылды.

Нәтижесінде түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүрген 939 кәмелетке толмаған бала анықталып, үйлеріне қайтарылды. Осы балалармен және олардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың сабақтағы үлгерімі, бос уақытының ұйымдастырылуы білім беру ұйымдары тарапынан қатаң бақылауға алынды. Қажеттілігінше, оларға  педагог, мектептің әлеуметтік педагогтары мен психологтары тарапынан қажетті қолдау көрсетіліп отырады.

Сонымен бірге акцияның барлық кезеңі бойынша әлеуметтік себептермен мектепке бара алмай жүрген 14 кәмелетке толмаған бала анықталды. Қазіргі кезде олардың барлығына көмек көрсетіліп, олар мектепке қайтарылды.

Акция барысында білім беру органдары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы акцияны насихаттау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізді. Акцияның барлық кезеңінде халықтың назарына 664 бағдарлама, сұхбат, бейнесюжеттер әзірленіп, 1 411 мақала жарық көрді, радиода 92 баяндама баяндалды, 26 550 бірлік плакат, үндеухат, кітапша және баннерлер басып шығарылды. 

Сонымен, акцияның қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда негізгі көрсеткіштердің елеулі жақсаруы байқалады.

Мысалы, жекелеген санаттағы көмек көрсетілген балалардың саны өткен жылмен салыстырғанда 12 725 балаға артты, ал көрсетілетін көмектің көлемі 66 млн. 501,6 мың теңгеге өсті. Бұл көрсеткіштер халық арасындағы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының күшейтілуі және акцияға қатысатындар санының көбеюі арқасында қол жеткізілді.

Акцияның әлеуметтік маңыздылығы мен оның қазақстандық қауымдастығының арасында оң пікір туындатуын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті осы акцияға белсенді ат салысып, мұқтаж жандарға қол ұшын беру игі ісіне өз үлестерін қосқан әрбір азаматқа, мекемелер мен ұйымдарға шын жүректен алғысын білдіреді. Осы жұмыстардың барлығы балалардың жарқын болашағы үшін жүргізілуде. Бұл – болашақта еліміздің тыныштығы берік, дамуы қарқынды болуының кепілі.

Баршаларыңызға шығармашылық табыс тілей отырып, ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасатынына үміттенеміз.

Шаңырақтарыңыз шаттықа толып, еліміздің тұғырын биік ұстайтын бүлдіршіндеріміз өсе берсін!

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика