Жаңалықтар

Құрылған: 16.10.2018, 10:55   |   Жаңартылған: 16.10.2018, 10:55
Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.М.Айтпаеваның балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Шымкент қаласының білім беру, денсаулық сақтау салалары мекемелеріне жұмыс сапары
16.10.2018

2018 жылғы 15 қазанда ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сауле Муханбедианқызы Айтпаева Шымкент қаласының әкімдігінде болды, сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелерді аралады. Білім беру және денсаулық сақтау басқармасының басшыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында Елбасымыздың 2018 жылғы 5 қазандағы халыққа жолдауында айтылған білім саласына қатысты бірқатар тапсырмаларға, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарындағы білім беру процестеріне, мұғалімдердің білім саласындағы мәртебісін көтеру мәселелері көтерілді.  

Сонымен қатар, С.М.Айтпаева Денсаулық сақтау басқармасының  мамандарланған бөбектер үйіне барды. Бөбектер үйіндегі ем алып жатқан мүмкіншілігі шектеулі балалардың денсаулық жағдайларымен танысты, дәрігерлермен әңгімелесу барысында балаларға қандай ем түрлері қабылданатынан хабардар болды.

Шымкент қаласы отбасы және жастар істері жөніндегі басқармаға қарасты кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығында болды. Аталған ұйымның сабақ өткізу жұмысымен танысты. Ұйымда тәрбиеленіп жатқан балалардың денсаулығы, білім алу жағдайы талқыланды. Ұйымға келіп түскен балалардың құжаттарымен танысып, құжат рәсімдеу кезіндегі біраз ауытқулардың заңға сәйкестендіруіне аса мән беруді түсіндірді.

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика