Жаңалықтар

Құрылған: 25.10.2018, 19:02   |   Жаңартылған: 25.10.2018, 19:02
Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ХХIII-отырысының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
25.10.2018

2018 жылғы 28 қарашада өңірлерді қосу арқылы бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) ХХIII-ші отырысы өтеді. Кезекті ВАК отырысында келесі сұрақтарды қарау жоспарлануда:

1.  Балалардың білім алуға конститутциялық құқығын қамтамассыз ету;

2.  ВАК-тың  XXI және XXII отырыстарының қорытындысы бойынша хаттама шешімдерінің орындалуы туралы;

3.  Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетудің алдын алудың 2018 – 2021 жылдарға арналған ведомствоаралық бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы;

4.  2019 жылға арналған ВАК-тың жұмыс жоспарын бекіту туралы;

5.  Әртүрлі сұрақтар.

ВАК жұмысына Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С. Айтпаеванын, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия секретариатының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, сыртқы істер, инвестициялар және даму, ақпарат және коммуникация, ұлттық экономика, мәдениет және спорт министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.

ВАК қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға арналған нақты ұсынымдар тұжырымдалады.

___________________________

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

ВАК кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында 2007 жылы құрылды.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика