Жаңалықтар

Құрылған: 29.10.2018, 17:04   |   Жаңартылған: 29.10.2018, 17:05
Халықаралық қыздар күнін мерекелеу туралы баспасөз хабарламасы
29.10.2018

2018 жылғы 4-13 қазан аралығында Халықаралық қыздар күніне орай «Қыз болашағы – ел болашағы» атты республикалық онкүндік өткізілді.  

Онкүндіктің мақсаты – қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стереотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру.

Онкүндік шеңберінде қыздардың білім, медициналық, психологиялық қызметтердің барлық түріне қол жеткізуге қыздардың құқығын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде халықты ақпараттандыруды арттыру мақсатында республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-шаралар өткізілген болатын.

Сонымен, өткізілген онкүндік шеңберінде республика бойынша барлық мектептерде балалардың денсаулығын сақтау және оларды құқықтық тәрбиелеу мәселелері бойынша балалар мен ата-аналарға арналған әртүрлі мамандардың: психологтардың, әлеуметтік педагогтардың, ювеналды полиция бөлімінің инспекторларының, мектептегі медициналық қызметкерлердің, сонымен қатар орталық аудандық аурухана қызметкерлері тартылған, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі орталықтар мамандарының кеңес беруі ұйымдастырылған.

Сонымен бірге, сынып сағаттары, ата-аналар жиналыстары мен кездесулер өткізілген. Акушер-гинекологтар, психологтар тарапынан қыздарды профилактикалық қарау ұйымдастырылды және салауатты өмір салтын үйлестіруші дәрігерлерімен қауіп-қатердің мінездік факторы туралы әңгімесулер өткізді.

  

 

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика