Жаңалықтар

Құрылған: 30.10.2018, 17:05   |   Жаңартылған: 31.10.2018, 18:27
2 млн. 637 мың ата-ана республикалық ата-аналар конференциясына қатысты
30.10.2018

Қазақстан Республикасында жаңа оқу жылының басында ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруда елеулі оқиға болды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі   (бұдан әрі - Министрлік) "Отбасылық тәрбие институты" ЖШС-мен бірлесіп, бір мезгілде 32 772 мың білім беру ұйымдарында және арнайы алаңдарда еліміздің психологтарымен бірыңғай сценарий бойынша ата-аналар конференциясын өткізді. Конференцияға 2 млн. 637 мың ата-ана қатысты.

Барлық ата-аналар  көкейкесті мәселелерді шешу үшін кәсіпқойлардан практикалық кеңестер алды:

- балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- отбасы құндылықтарын ілгерілету және нығайту;

- кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу;

- кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу;

- кәмелетке толмағандар арасында деструктивті діни ағымдарды енгізудің алдын алу.

Конференция қорытындысы бойынша барлық ата-аналарға ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұсындамасы  және сенім телефондары, 111 call-орталығы көрсетілген жадынамалар таратылды. Ата-аналардың қажеттіліктерін анықтау және одан әрі жұмысты ұйымдастыру мақсатында сауалнама жүргізілді.

Ағымдағы жылғы 30 қазанда Министрлікте бейнеконференцбайланыс режимінде республиканың барлық өңірлеріндегі ата-аналар мен педагогтардың қатысуымен аталған жұмыстың қорытындысы шығарылып, алдағы жұмыс перспективасы белгіленді.

 

 

 

 

 

 

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика