Жаңалықтар

Құрылған: 15.11.2018, 13:18   |   Жаңартылған: 15.11.2018, 13:18
Гендерлік теңдік саласында сыйақы туралы
15.11.2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Финляндияның үкіметі гендерлік теңдік бойынша халықаралық сыйақыға өтінімдерді қабылдауды бастағандығы туралы хабарлайды.

Сыйақы Финляндия тәуелсіздігінің 100 жылдығына орай тағайындалды. Жүлде қоры 300 мың еуроны құрайды және ол гендерлік теңдікті қамтамасыз ету саласында жобаларды іске асыруға бағытталуы керек. Сыйақының ең алғаш иегері Германияның Федералды канцлері Ангела Меркель болып табылады.

Халықаралық сыйақы екі жылда бір рет тағайындалады. Келесі жүлде 2019 жылы күзде берілетін болады.

Толық ақпаратты алу, сонымен қатар қатысуға өтінішті жолдау үшін 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін мерзімде мынадай сілтемеге өту қажет: https://genderequalityprize.fi/en/.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика