Жаңалықтар

Құрылған: 23.11.2018, 19:09   |   Жаңартылған: 23.11.2018, 19:09
«Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндіктің
16.11.2018

2018 жылғы 19-30 қараша аралығында республиканың барлық білім беру ұйымдарында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік өтеді.

Мақсаты – білім беру ұйымдары оқушыларының құқықтық мәдениетін, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру.

Онкүндіктің барысында барлық өңірлерде Құқықтық білім күні, жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы, қоғамдық қабылдаулар, балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктері көшбасыларының слеті, семинарлар, дөңгелек үстелдер, қайырымдылық акциялар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшыларымен, мәслихат депутаттарымен кездесулер, ата-аналар, ҮЕҰ, балалар үйлерінің, кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталықтарының, интернаттық мекемелердің тәрбиенушілерінің, еріктілер топтары мүшелерінің қатысуымен кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылады.

Онкүндіктің шеңберінде «Абайла, терезе!», «Судағы қауіпсіздік», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Отбасындағы зорлық-зомбылық», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Балалардың құқықтары» атты әлеуметтік бейнероликтер (мемлекеттік және орыс тілдерінде) көрсетілетін болады  http://www.bala-qqk.gov.kz/.

Қазақстандық балалардың сапалы білім, медициналық қызметті алуына, қоғамдық өмірге араласуына, қауіпсіз ортада жеке өміріне құқығын жүзеге асыруына және әртүрлі қызмет саласында өздерінің құқықтарын пайдалануына мүмкіндіктері бар.

Қазіргі таңда балалар – қоғамдық бірлестіктер мен балалар ұйымдарының белсенді көшбасышылары, олар балаларға арналған жобалар, форумдар және іс-шаралар арқылы өз пікірлерін сүйіспеншілікпен және олардың қатысуымен жүзеге асыратын болады.

 

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика