Жаңалықтар

Құрылған: 26.11.2018, 11:58   |   Жаңартылған: 26.11.2018, 11:58
Балалар үйінің тәрбиеленушілерін медициналық зерттеуден өткізу бойынша
26.11.2018

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 2018 жылғы маусым айынан бастап заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып, қамқорлықтағы балалардың денсаулығын бақылаудың жаңа форматы енгізілуде.

Бұл шара «Асар – Береке» қоғамдық қоры мен «Дегдар» гуманитарлық қоры» корпоративтік қоры мен «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» мамандарының қатысумен  қайырымдылық акция шеңберінде өткізіліп жатыр.

ҚР Президенті жолдауының шеңберінде аталған жұмыс 2009 жылдан бастап және енді балалар үйлерінде де жүргізілуде.

Жоғары дәріжедегі дәрігерлер көшпелі медициналық кешендерді қолдана отырып, медицина техникасының заманауи мүмкіндіктеріне сүйене, тәрбиеленушілерді тереңдетілген медициналық зерттеуден өткізуде.

Медициналық зерттеудің шеңберінде балалар мен педагогтар педиатр, офтальмолог, психиатр, хирург және басқа да салалық мамандардан кеңес алуда. Дәрігерлік бригадалар аталған зерттеулерді жыл ішінде республика бойынша балалар үйілерінде жоспарлап отыр.

Аталған технологиялардың артықшылығы дәрігерлердің болмаған жағдайда педиатр мен салалық мамандардың өкілдігі орта медициналық құрамына жүктеледі. Сондай-ақ балалар жағдайының мониторингісін нақты уақыт тәртіптемесінде жүргізілуде. Аталған тәжірибе Астана қаласындағы мектептерде қолдынылған.

Созылмалы аурулар балалық шақта пайда боуын ескере отырып, медициналық зерттеулердің ерте жаста өткізілуі өте маңызды. Медициналық зерттеулер аурудың асқынуын және оның одан әрі ұшынуын алдын алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні Астана, Алматы қалаларының, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының 36 балалар үйлерінің 2000-нан астам тәрбиеленушілері зертеуден өткізілуде.

Барлық балаларға жүрек-қан тамырлары, эндокринді, құрсақ қуысы және басқа да зерттеулер жүргізілді.

Зерттеулердің нәтижесі бойынша тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайы туралы ақпарат Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар республикалық деректер банкінде көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика