Жаңалықтар

Құрылған: 28.11.2018, 17:27   |   Жаңартылған: 28.11.2018, 17:27
МБЖЖ-ның AQYL депозиті туралы жаднама
28.11.2018

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) – Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үшін өзіне не баласының атына болашақта кәсіптік-техникалық және жоғары білім алу ақысын төлеуге пайдалануға болатын білім беру жинақтау салымын ашуға мүмкіндік. 

Әрі қарай дамыту және іргері жылжыту мақсатында МБЖЖ білім беру салымдары «AQYL» деген жаңа атау мен логотипке ие болды:   

Негізгі шарттары:

Мемлекет сыйлықақысы банктің сыйақысын қосқандағы салымның барлық сомасына жыл сайын есептеледі, бірақ жылына 100 АЕК-тен аспайды:

  • басымдылықты санаттағылар: жетім-балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылардан және аз қамсыздандырылған отбасылардан  шыққан балалар үшін  – 7 %;  
  • басқа санаттағы ҚР тұрғындары үшін – 5 %.

Грант тағайындалған жағдайда салымшы:

  • депозиттегі қорды алып алуға;
  • ақшаны басқа баланың атына аударуға;
  • білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыруға құқылы. 

Білім беру жинақтау салымының ерекшеліктері:

  • Білім беру жинақтау депозиті мемлекет сыйлықақысымен көтермеленеді;
  • Мемлекет сыйлықақысы табыс түрі ретінде салықтан босатылған;
  • Білім беру жинақтау депозиті жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті кепілдендіру жүйесінің нысаны болып табылады (10 млн.теңгеге дейін);
  • Білім беру жинақтау салымдары үшінші тұлғалар тарапынан тыйым салулар мен басқадай шектеулерден заңнамалық түрде қорғалған.

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика