Жаңалықтар

Құрылған: 30.11.2018, 19:38   |   Жаңартылған: 30.11.2018, 19:38
ҚР балалардың әл-ауқат индексін әзірлеу бойынша дөңгелек үстел қорытындысы бойынша АҚПАРАТ
08.11.2018

"Қазжол" қонақ үйінің Конференц-залында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының орынбасары М. С. Әбдікәрімнің төрағалығымен Комитет және "САНДЖ" зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы балалардың әл-ауқат индексін әзірлеу және енгізу бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел аясында "САНДЖ" зерттеу орталығының өкілдері халықаралық тәжірибені, есептеу әдістемесін және оны елде өлшеу қажеттігін көрсетті.

Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) бала құқықтарын мониторингілеу жөніндегі кеңесшісі Ж. Н. Сағымбаева жергілікті деңгейде балалардың әл-ауқатының мониторингі жүйесін қолдану мүмкіндіктері туралы баяндады (Маңғыстау облысы мысалында).

Сондай-ақ дөңгелек үстелде Индексті өлшеу әдістемесі мен енгізудің болжамды кезеңдері талқыланды.

Дөңгелек үстел балалардың әл-ауқат индексінің тұсаукесерлерін конструктивті талқылаумен аяқталды.   

Төрағаның орынбасары атап өткендей, индекстің көрсеткіштері дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенде пысықталады. 

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша "САНДЖ" зерттеу орталығының қызметкерлері барлық қатысушыларға балалардың әл-ауқаты индексін есептеу әдістемесі, көрсеткіштерді іріктеу принциптері мен әдістері бойынша семинар өткізді.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика