Жаңалықтар

Құрылған: 05.12.2018, 12:04   |   Жаңартылған: 05.12.2018, 12:04
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын бекіту туралы Пресс-релиз
05.12.2018

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрдің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі № 522 бұйрығымен бекітілген.

Осы «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-5) тармақшасына сәйкес әзірленген және білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайды.

Білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсаты: білім беру салалары мазмұнының құндылық әлеуетін жандандыру; қосымша білім беру мен оқудан тыс іс-әрекет мазмұнының адамгершілік-рухани аспектісін күшейту; тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының қоғамдық ұйымдарымен, шығармашылық одақтармен өзара іс-қимылын жандандыру болып табылады.

Бағдарлама мектепке дейінгі ұйымдарда, орта білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары білім беру ұйымдарында қолданылады.

Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, орта білім беру (жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім), жоғарғы білім беру ұйымдары педагогтарының «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша біліктілікті арттырумен 100% қамтылуын қарастырады.

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика