Жаңалықтар

Құрылған: 06.12.2018, 15:59   |   Жаңартылған: 06.12.2018, 15:59
ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкілімен видеоконференц байланыс тәртібінде қабылдау өткізілді
05.12.2018

2018 жылы 5 желтоқсанда ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл видеоконференц байланыс тәртібінде Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Ақмола облыстарының азаматтарын балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша қабылдау өткізді. 

Сенатордың төрағалығымен өткен азаматтарды қабылдауға Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер, Қоғамдық даму, Денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері әкім орынбасарлары, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер басқармаларының басшылары,  үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қабылдауында 20-дан астам азаматтардың балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне көмек көрсету жөніндегі өтініштерін қарастырылды.

Балалардың сапалы білім алу құқығы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлық және қорғаншылық орнату, денсаулық сақтауға құқығы, балалар үйінің түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, ата-анасының ажырасуындағы балалардың тұрғылықты жерін анықтау және олармен қарым-қатынас жасау тәртібі және т. б. өзекті мәселелер аса өткір талқыланды.

Азаматтардың барлық өтініштерін ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл мүдделі органдармен бірлесе отырып оң шешті.

Сонымен қатар, Қызылорда және Маңғыстау облысының әкімдіктеріне үш өтініш берушіге  заң жөнінде, оңалту және гуманитарлық кеңес көрсету мәселелері бойынша қажетті көмек көрсетуді ұсынды.

ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.М.Айтпаева  видеоконференц байланыс барысында жергілікті атқарушы органдардың назарын халық арасында қажетті ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізуге, медициналық көмек көрсету, балалардың құқықтарын қорғау және отбасылық проблемалардың айқындығы мәселелеріне ерекше аударды.

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика