Басшылық

Құрылған: 22.11.2017, 14:14   |  
Басшылық

Оршубеков Нурбек Абубекович - төраға

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес Оршубеков Нурбек Абубекович ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төраға қызметіне тағайындалды.

Оршубеков Нурбек Абубекович 1979 жылы туылған. 1996 жылы   О.А. Жәутіков атындағы Республикалық мамандырылған физика-математикалық мектеп-интернатын аяқтады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің іргесінде «Математика» мамандығы бойынша жоғары білімін алды (2000 жыл). Физика-математикалық ғылымдардың кандидаты ғылыми дәрежесі бар. Халықаралық инженерлік академиясының корресподент-мүшесі.

Еңбек қызметін 2004 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы қызметінен бастап, онда 2011 жылға дейін аға оқытушы, оқу-әдістемелік жұмысы бойынша деканның орынбасары, оқу үрдісі бөлімінің меңгерушісі, Ғылым және инновациялық қызметі жөніндегі департаментінің директоры, математика және компьютеризациялау кафедрасының доцентіне дейін еңбек еткен. Жас зерттеушілерге арналған ғылым мен техника саласындағы үздік зерттеулер үшін ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты.

2011-2015 жылдарында Алматы және Астана қалаларында ҚР БҒМ-ның Білім беру саласындағы Бақылау комитенінің  Білім беру саласындағы Бақылау департаменттерін басқарды, 2015 жылғы желтоқсаннан бастап 2016 жылғы мамырға дейін ҚР БҒМ-ның Білім беру саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары ретінде еңбек еткен.

2016 жылғы 16 мамырмен бастап 31 тамызына дейін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары ретінде еңбек еткен.

2016 жылғы 31 тамыздан бастап 2017 жылғы 16 қарашасына дейін ҚР БҒМ-ның Білім беру және ғылым саласындағы комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Үйленген, 6 баланы тәрбиелеуде.

 


Ерсаинов Ержан Ерсаинұлы - төраға орынбасары 

Ерсайынов Ержан Ерсайынұлы 1979 жылы 24 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Никитинка ауылында туған.
 
2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын, 2009 жылы осы оқу орнында «Юриспруденция» мамандығын алып шығады.
 
2002-2005 жылдары Өскемен қалалық қаржы бөлімінде жетекші маман, бас маман-ревизор;
 
2005 жылы Өскемен қалалық маслихат аппаратының бас маманы;
 
2005-2009 жылдары Шығыс қазақстан облысы әкімдігі аппаратының бас маманы, облыс әкімінің көмекшісі;
 
2009-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімі аппаратының басшысы, әкімнің орынбасары;
 
2011-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары;
 
 
2012 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бойынша комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы;
 
2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әкімшілік жұмыс бөлімінің меңгерушісі, әкімшілік жұмыс және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
 
2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас инспекторы;
 
2016 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) сектор меңгерушісі; 
 
2016 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары

 


Мәншүк Саметқызы Әбдікәрім - төраға орынбасары

 

Мәншүк Сәметқызы Әбдікәрім 1962 жылы 20 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
1983 жылы Жезказған педагогикалық институтының филология факультетін «орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі және тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері» біліктілігі, 2008 жылы Еуразия гуманитарлық институтын «құқықтану» біліктілігі бойынша тәмамдаған.
 
Алғаш еңбек жолын 1983 жылы Көкшетау облысы Новогорной орта мектебінің орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі болып бастады.
 
1985 -1994 жылдары аралығында нұсқаушы, аудандық ЛКЖО хатшысы, оқушы жастар бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, облыстық ЛКЖО комитетінің 2 хатшысы қызметін атқарған.
 
1994-1997 жылдары аралығында – Оңтүстік Қазақстан облысы білім департаментінің жетекші маманы.
 
1997-1999 жылдары аралығында – «Қорған» қоғамдық балалар қорының маманы, бас маманы.
 
1999-2006 жылдары Қазақстан Республикасы спорт және білім, денсаулық сақтау министрілігі әкімшілік департаментінің басқармаларында бас маман, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі орта білім департаментінің тәрбие жұмысы және интернат мекемелері басқармасының бас маманы.
 
2006-2010 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балаларға көмек және қамқорлық көрсету басқармасының бастығы.
 
2010-2014 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бірінші басшысының көмекшісі
 
2014 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен (2001,2006 ж.) «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2010ж.), «Ерен еңбегі үшін» (2012ж.) төс белгілерімен марапатталды

 

 

 
 
 
 
 
 
 

 

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика