Балаға мейірімді қала

Құрылған: 21.11.2012, 14:59   |  
Балаға мейірімді қала

Астана - балаға мейрімді қала

Балаға мейрімді қала - Қызылорда

Семей - балаға мейрімді қала



Қызылорда қаласында балаға мейірімді қала Қазақстан Республикасы қалаларының V-форумы өтті

 
2014 жылғы 16 мамырда Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Қызылорда қаласының әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы қалаларының жыл сайынғы форумы өтті. Форумға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы М.С. Бекбосынова қатысып, халықаралық бастаманы іске асыруға ат салысқан қалалардың, Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының, үкіметтік емес ұйымдар, балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының көшбасшылары, БАҚ өкілдері жиналды. 
«Балаға мейріміді қала» халықаралық бастамасы алаңсыз балалық шаққа жағдай жасау үшін ынтымақтастық стратегиясын жасау, қаланың барлық маңызды тіршілік саласында балаларға сапалы қызмет көрсетуді үйлестіру болып табылады. Сондай-ақ жеткіншектерді қоғамдық ұйымдарға, балалар мен жастар мәслихатына кеңірек тарту арқылы оларды әлеуметтік бейімдеу мәселесі де тұр.
Республикамызда 2010 жылдан бастап 20 қала мен аудан «Балаға мейріміді қала» халықаралық бастамасына қатысуда. 
Бұл Астана, Алматы (Алмалы ауданы), Қарағанды, Саран, Сәтпаев, Балхаш, Абай, Қарағанды облысының Осакаровка және Нұра аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Семей, Өскемен қалалары, Ақсу, Екібастұз, Павлодар қалалары, Батыс Қазақстан облысының Ақсу қаласы, Қызылорда, Петропавл, Ақтөбе,  Шымкент, Қостанай қалалары. 
Жоғарыда аталған қалаларға Форумда балаға мейірімді қалаларды бағалау барысына қатысқаны үшін сертификаттар табыс етілді.  
Сондай-ақ, жиында бастамаға қосылған әрбір өңірдің дамуы үшін ұсыныстар айтылып, ағымдағы жағдайдың нәтижелері талқыланды. 
Жиын қатысушылары бастама шеңберінде жүзеге асырылған Қызылорда қаласының бірқатар әлеуметтік нысандарын аралады. 

Бүгін ҚР Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде Қазақстанның балаға мейірімді қалаларын тану және бағалау жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өткізу туралы баспасөз хабарламасы
 
2014 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстанның балаға мейірімді қалаларын тану және бағалау жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді.
          
«Балаға мейірімді қала» халықаралық бастамасы балалардың өмір сапасын жақсартуына бағытталған Бала құқықтары туралы конвенция, Мыңжылдық тоғысындағы даму саласындағы мақсаттар, «Қазақстан - 2050» Ұлттық стратегиясы және басқа да бағдарламалар шеңберінде жергілікті деңгейде барлық салада балалардың құқықтарын іске асырудың мониторингіне арналған тұғырнама болып табылады.
Басқа әлеуметтік бағдарламалардан айрықшылығы, аталған бастаманың ерекшелігі балалар мен жастардың, олардың мүдделерін қозғайтын шешім қабылдау процесіне міндетті түрде қатысу.
Отырыстың мақсаты - балаға мейірімді қалаларды тану және бағалау бойынша көрсеткіштерді және өлшеміндерін талқылау мен қабылдау.

         

Отырыс жұмысына Қазақстандағы БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қоры, білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, өңірлік даму, мәдениет, төтенше жағдайлар, ішкі істер министрліктері, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің, сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінен тұратын Үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысады. 
Отырыстың қорытындысы бойынша ұлттық көрсеткіштері бекітіліп,  Қазақстанның балаға мейірімді қалаларын тану және бағалау механизмі анықталды.
         

Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының балаға мейірімді қалаларының IV форумы өтті

16.05.2013

2013 жылғы 16 мамырда Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының балаға мейірімді қалаларының IV форумы өтті.
                           
Форум жұмысына халықаралық бастаманы іске асыруға қосылған қалалардың, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдардың, БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, балалар және жасөспірімдер ұйымдарының көшбасшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.  
                          

 

Қазіргі таңда, ЮНИСЕФ Балалар қорының қолдауымен Қазақстанның алты қаласында (Астана, Алматы, Өскемен, Павлодар, Кызылорда, Сәтпаев) апробациядан өткен балаға мейірімді қалалардың аккредиттеу моделі әзірленді.
Форумда  балаға мейірімді қалаларды тану және қазақстандық аккредиттеу моделін пилоттаудың қорытындысы жасалды.
Қатысушылар Қазақстан Республикасында және шет елдерде (Франция - Джули Зерлауз-Дисик  және  Хорватия - Иосиф Гргурич) халықаралық бастаманы іске асыру мәселесі бойынша тәжірибемен алмасты.

                        

Кездесу шеңберінде қатысушылар Қарағанды қаласының әлеуметтік нысандарын аралайды: № 3 емхана жанындағы «Дос» жастар денсаулық орталығы, «Шахтер» стадионы, сонымен қатар, «Лучик надежды» қоғамдық қайырымдылық қорының қызметімен танысты және т.б.
Форымның қорытындысы бойынша ұсынымдамалар қабылданды.

«Балаға мейірімді қала – бұл менің қалам» атты Қазақстан Республикасының балаға мейірімді қалаларының IV форумын өткізу туралы баспасөз хабарламасы

2013 жылғы 16 мамырда Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының балаға мейірімді қалаларының IV форумы өтеді.
Форум жұмысына халықаралық бастаманы іске асыруға қосылған қалалардың, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдардың, БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, балалар және жасөспірімдер ұйымдарының көшбасшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.
Қазіргі таңда, ЮНИСЕФ Балалар қорының қолдауымен Қазақстанның алты қаласында (Астана, Алматы, Өскемен, Павлодар, Кызылорда, Сәтпаев) апробациядан өткен балаға мейірімді қалалардың аккредиттеу моделі әзірленді.
Форумда  балаға мейірімді қалаларды тану және қазақстандық аккредиттеу моделін пилоттаудың қорытындысы жасалады.
Қатысушылар Қазақстан Республикасында және шет елдерде (Франция - Джули Зерлауз-Дисик  және  Хорватия - Иосиф Гргурич) халықаралық бастаманы іске асыру мәселесі бойынша тәжірибемен алмасады.
Кездесу шеңберінде қатысушылар Қарағанды қаласының әлеуметтік нысандарын аралайды: № 3 емхана жанындағы «Дос» жастар денсаулық орталығы, «Шахтер» стадионы, сонымен қатар, «Лучик надежды» қоғамдық қайырымдылық қорының қызметімен танысады және т.б.
Форымның қорытындысы бойынша ұсынымдамалар қабылданады.


ЮНИСЕФ-тің Аймақтық Директоры Мари-Пьер Пуарьенің Шығыс Қазақстан облысына келуі

ЮНИСЕФ-тің Аймақтық Директоры Мари-Пьер Пуарье  БҰҰ Балалар қоры, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Сыртқы істер министрлігі және ҚР Президенті жанындағы Адамның құқықтары бойынша уәкілетті институт өкілдерімен Шығыс Қазақстан облысына облыс әкімдігінің  басшылығымен кездесу және  2011-2013 жылдары әкімдік пен БҰҰ бірлескен бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылып жатқан ЮНИСЕФ-тің аймақтағы модельді бағдарламаларымен танысу мақсатында  келді.
2013 жылғы 11 сәуірде  облыс әкімінің орынбасары Н.А. Сақтағанов және ЮНИСЕФ-пен бірлесіп жобаларды жүзеге асырып жүрген облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Семей, Өскемен қалалары әкімдіктерінің өкілдерімен кездесуі өтті.  

                               

Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Н.А.Сақтағанов ашып, облыста балалардың өмір сапасын жақсартудағы жетістіктер, табысты жүзеге асырылып жатқан «Балаға мейірімді қала», 0-3 жастағы балалардан бас тарту жағдайларының алдын алу механизмдерін құру,  жалпы орта білім беру жүйесінде жан басына қаржыландыру үлгісін әзірлеу, сондай - ақ кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу жобаларын айтып өтті. 
Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Джун Кукита  өңір басшылығының жылы ықыласы мен ЮНИСЕФ жобаларының ықпалынан қоғамда болып жатқан оң өзгерістерді көру мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. 
ЮНИСЕФ-тің Аймақтық Директоры Мари-Пьер Пуарье өз сөзінде бірлесе атқарған жетістіктердің оң үлгісінің Қазақстан үшін ғана емес, осындай жағдайлармен таныс басқа да елдер үшін маңызын атады.  

                               

Денсаулық басқармасы бастығының орынбасары С.М.Мұқыашева балалардың денсаулығын сақтау бойынша жүзеге асырылған жобалардың нәтижелері мен ЮНИСЕФ-пен болашақта бірлесе атқарылатын жұмыстар туралы баяндама жасады. ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.А. Исаев ведомствоаралық үйлестіру бойынша жұмыстың маңызын атап, балалар үйлері түлектерін әлеуметтік оңалту сұрақтары бойынша көмек көрсетулерін сұрады. 
Одан басқа, бұл күні ЮНИСЕФ өкілдері Ана мен бала орталығына, № 27 орта мектебіне, Шығыс Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының «Нұрсалауат» жастар денсаулық орталығына барып, онда  табысты жүзеге асырылып жатқан ана мен сәби өлімінің деңгейін төмендету үшін тиімді перинатальді көмек  көрсету әдісін енгізуге негізделген аймақта ана мен баланың үздіксіз күтімі бойынша;  Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беру мектептерінде зорлық-зомбылық көрсетуге  жедел шара қабылдау;  ауылдық аудандарда жастар орталықтарын кеңейту, сондай-ақ суицидтің алдын алу бойынша жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. 
                               
Сапар мақсатына жетіп, Қазақстан Республикасының жоғары деңгейдегі кірісі бар мемлекеттер қатарына ауысуына байланысты ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастығының жаңа моделі,  2011-2015 жылдарға арналған БҰҰ Бірлескен бағдарламасы аясында ШҚО әкімдігі мен ЮНИСЕФ-тің негізгі жетістіктері, ұлттық деңгейде саясатты қалыптастыру және басқа аймақтарға тарату үшін  аймақты модель ретінде дамыту саласында әкімдікпен бұдан былай бірлесе жұмыс жүргізу сұрақтары талқыланады.

«Балалық сұрақтарын жариялаудағы этикалық қағидалар» облыстық семинар туралы 

 
БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және  «Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қоры  ШҚО әкімдігі және Балалардың құқықтарын қорғау департаменті өкілдерінің қатысуымен  2013 ж. 28-29 наурызда    Өскемен қаласында журналистерге арналған  «Балалық сұрақтарын жариялаудағы этикалық қағидалар» облыстық семинарын өткізді.  Семинарға қатысу үшін  БАҚ редакторлары мен журналистері, барлығы 27 адам шақырылды.
Семинарды  ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы Е.Ж.Нұрғалиев, ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А. А. Исаев және Адам құқықтары бойынша ұлттық орталықтың басшысы Вячеслав Калюжный алғы сөзбен бастады.
                                                                         
Семинар жұмысына ЮНИСЕФ эксперті Майк Джемпсон (Ұлыбритания), ЮНИСЕФ халықаралық кеңесшісі Робин Хаарр (АҚШ), Ресей Қоғамдық Палатасының құқықтық эксперті Борис Пантелеев (Мәскеу), «Медиа-орталық» ҚҚ жаттықтырушылары Диана Окремова  мен Гүлмира Біржанова, ҚР БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қауымдастықпен және БАҚ байланыс бойынша үйлестірушісі Сұлтан Хұдайбергенов қатысып, аталған мәселе бойынша өз ойларымен бөлісті.
                                                                    
Қатысушылар балаларға қатысты сұрақтарды жариялауда ресейлік, британдық тәжірибемен және осы сұрақтың елімізде жариялануы проблемаларымен танысты. Сондай-ақ, семинарда балаларға қатысты сұрақтарды жариялауда балалардың осалдық аспектілері, жетімдік, ерекше қажеттіліктері бар балалардың инклюзиясы, балалардың бейне және фотосуреттерін қолдану, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша сұрақтар талқыланып, балалар мен жасөспірімдерге қатысты тақырыптарды этикаға сай емес жариялау бойынша нақты мысалдар қаралды. 
Семинар – тренинг  ШҚО журналистерінің балаларға қатысты тақырыптарды жариялауда кәсібилік деңгейін, білімдері мен дағдыларын арттыруға мүмкіндік берді.
                                                                                            

Біз жолдағы қауіпсіздік үшін

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитет Солтүстік Қазақстан облысы балалар құқықтарын қорғау бойынша департаментінің Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитеті өткізген республикалық ауқымды іс-шараларға қатысуы туралы ақпараты
Көлік құралдарының саны артып отырған қазіргі заманда жол қозғалысы ережелерін әр адамның білуі міндетті.  Жол көлік оқиғалары күн сайын болып тұрады.  Мұндай оқиғаның құрбаны  ересектер де балалар да болуы мүмкін.  Балалар арасында каникул кезеңінде жол көлік зақымдануының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитеті «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін» республикалық ауқымды іс-шарасын өткізу туралы бастама қозғады.  

                                            
Ү.ж. 12 наурызында Солтүстік Қазақстан облысы жол полициясының,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитет Солтүстік Қазақстан облысы балалар құқықтарын қорғау бойынша департаментінің, «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты» ҚБ  қатысуымен М.Жұмабаев ауданының  Булаев қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетінің тапсырысы бойынша жасалған «Жолдос спешит на помощь» жол көлігі қауіпсіздігі бойынша қазақстандық оқытушы анимациялық сериалының көрсетілімі  ұйымдастырылды. Кіші мектеп жасындағы 100 бала мультфильмді қызықтай отырып қажетті ақпарат алды. Көрсетілім аяқталған соң  полиция қызметкері А.Жолаушин  жолда  пайда болатын  түрлі жағдаяттарда  жасалатын іс-қимылдар туралы сыр шертіп, балаларға  жол қозғалысы ережелерін түсіндірді.   Іс-шараның соңынан  жол көлік оқиғаларын болдырмау туралы алдын алу сипатындағы  парақшалар таратылды. 

Павлодарда «Толағай» балалар-жастар клубы ашылды

«Балаға мейірімді қала» ЮНИСЕФ Халықаралық жобасының  «Павлодар, балаға мейірімді қала»  іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 13 ақпанында Павлодар қаласында «Толағай» заманауи балалар-жастар спорт орталығының ашылды.
 Орталықтың ашылу рәсіміне облыс әкімі Ерлан Арын, спорт ардагерлері, ҚР Еңбек сіңірген бапкерлері, спортшылар, тұрғындар, БАҚ өкілдері қатысты.
                                    
Жаңа, заманауи орталық облыс орталығының тұрғындары үшін салауатты өмір салтын дамыту негізіне айналмақ. 150-200 адамға есептелген орталықта 4 спорт залы: 2 бокс залы, теннис және бильярд залдары бар. Мұнда спорттың 10 түрі бойынша жаттығулар өтеді, оларға 5 пен 29 жас аралығындағы ниет білдірген тұлғалардың барлығы қатыса алады.
Біріншіден, бокс секциясын ашу жоспарлануда. Келешекте клуб қорында бильярд, үстел теннисі, футбол, волейбол, баскетбол мен хоккей сияқты 10 астам  үйірмелер жұмыс істейді.
                                   
- Ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында аумақтарды абаттандыру, шағын футбол алаңы, хоккей, волейбол, баскетбол ойындарына арналған алаңдар құрастыру, жоспарлануда. Барлық үйірмелер тегін, сондықтан 5-29 аралығындағы жастар жазылып, спортпен шұғылдана алады. Балаларға біздің аймағымызда ғана емес, Республикалық дейңгейдегі білікті жаттықтырушылар сабақ береді – деп атап өтті «Балалар-жастар спорт орталығы» МҚКК басшысы Еркін Мәкішев.


Мейірімді ертегі әлемі

Бес жыл – бұл көп пе немесе аз ба? Бұл жаңа іске және ақталуға есеп беретін нүкте. 5 жыл бұрын, 2008 жылдың 7 ақпан айында,  «Балаға мейірімді мектеп» жобасын жүзеге асырып жүрген Т.Әубакіров атындағы гимназия жанынан, оның директоры Сергей Васильевич Урываевтың бастауымен, алғаш рет Теміртау қаласында «Өркен» мектепке дейінгі шағын орталығы ашылған болатын. Оның алғашқы мерейтойының құрметіне – жас тәрбиеленушілердің концерттік нөмірлерімен, сонымен қатар әлеуметтік серіктестер мен оқытушылардың құттықтауларымен жалғасқан «Әлем» БЖО мереке өткізілді.
                                                             
- Қарағанды облысының ҚР Білім және ғылым министрлігі балалар құқықтарын қорғау комитетінің балаларды қорғау департаментінің директоры Ирина Киселева өз сөзінде,– «Қазіргі таңда республикамызда өзекті мәселе, ол біздің бүлдіршіндерімізді мектепке дейінгі сапалы білім беру жүйесімен қамтамассыз ету»  екендігін атап өтті.
-  Теміртау қаласында, бүлдіршіндер 3  сағат емес, толық бола алатындай жылы үй,  сүйсінерлік шағын орталықтың болғандығы қандай бақыт. Бұл орталық еліктеуге, таңырқауға, масаттануға тұрарлық. Оқытушылар ұжымының басты еңбектері, әр бүлдіршінге деген мейірімді және қайырымды ықыластары әрқашан кәсіптік жетілуге ұмтылу  болып табылады. Бүлдіршіндер бақытты және қуанышты, себебі оларда барлығы бар: тамаша ата-аналары, ақылды тәлімгер-тәрбиешілері және олардық білімді, тәрбиелі, бәсекелесуге қабілетті, болашақ басқарушы, құрылысшы, инженер болып өсулеріне қамқор болатын мемлекетіміз бар. Біз «Өркен» шағын орталығының тәрбиеленушілеріне сыйлыққа, үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде балаларға арналған кітаптар, ал оқытушыларға – алғыс хаттар беріледі. Шағын орталықтың ұжымына құттықтау жолдамасы. Республика көлемінде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосқандары үшін, жаңашалық пен жоғары білім беру деңгейіне ұмтылу, Т.Әубакіров атындағы гимназия негізінде мектепке дейінгі балаларға арналған «бақыт аралын» құрғаны үшін – директор С.В.Урываевқа, орталықтың меңгерушісі Е.Н.Барановскаяға және таңдаулы тәрбиеші облыстық байқауының жеңімпазы Е.И.Балашоваға алғыс хат.  Сіздерге және сіздердің тәрбиеленушілеріңізге барлық Олимптерде сәттілік, балалар тек өздерінің таланттарымен таңдандырып, ата-аналардың құрметіне ие болыңыздар.
- Бес жыл, бес күндей болып өте шықты. «Қалада алғаш рет ашылған уақытта қиын болды, бірақ мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жаңа түрін меңгеру қызықты болды» - деп орталықтың құрылтайшысы Сергей Урываев мереке қонақтарының алдында сөз сөйледі.   
                                     
- Бір жылдан соң біздің тәжірибемізді жинақтап, жан-жақты деп табылды, сондай-ақ, «Өркен» БӘО үлгісінде, Теміртау қаласында басқа да мектепке дейінгі шағын орталықтар ашыла бастады. Оқытушылардың мықты құрамы мен ата-аналармен комитетімен  тығыз қызметтестік және дұрыс стратегияның арқасында, біздің орталық өсіп келеді, ал балалар саны 10 адамнан 67-ге көбейді.  «Өркеннің» алғашқы түлегі Эллина қазір 4-ші сыныпты аяқтайды, ал шағын орталықтың алғаш болып табалдырығын аттаған Кирилл 3-ші сынып оқушысы. «Өркен» БӘО туған күні, 7 ақпанда,  «Талантты тәрбиеші» (облыс бойынша 170 номинанттардың арасында, тек 59-ы 2-ші турға өтті)  байқауына қатысып, 3-ші орынға ие болған оқытушымыз Евгения Ивановна Балашованың бұл жетістігі, мүмкін символды шығар.  Таңдаулы оқытушыға – лайықты сыйлық, сондықтан құрметті мадақтамамен бірге, орталықтың жетекшілігінің атынан ақшалай сыйлық беріледі.
Орталықтың құрылған күнінен бастап,  жұмысын жүргізген қызметкерлер салтанатты мерейтойда, «өз ісінің маманы және мінсіз еңбегі үшін» «ДШжәнеСБББ» ММ басшысы Б.Рахимованың құрмет марапатына ие болғандары атап өтілді. Олар, балалар мекемелерінде 30 жылдан аса жұмыс өтілі бар мед.қызметкер Н.В.Поносова, 1 топ тәрбиешісінің көмекшісі Е.В.Тян, 2 топ «алғаш ашушысы» Л.В.Лаухина, мектеп алдыңғы дайындық тобының тәрбиешісі З.А.Мустыгина. «білім беру ортасындағы сәттілігі, мақсаттылық және тынымсыз еңбегі үшін» естелік дипломдарымен орталықтың әдіскері, логопед, қазақ және ағылшын тіл оқытушылары, музыкалық жетекші және дене шынықтыру бойынша нұсқаушы, сондай ақ «Өркен» БӘО қызметкерлері  марапатталды. Алғыс хаттарға ата-аналар мен орталықтың сенімді қызметкерлері де ие болды. Олар: А.И. және Д.В. Самсоновтар, Т.И. және Д.А.Артюк, С.А.Хайдар, А.И.Риппер, Н.В.Макарова, А.Н.Демидова.
                                                            
Ата-аналар комитеті мүшелерінен орталыққа деген көптеген шын жүректен лебіздер айтылды, ал оқытушылар мерекені қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде керемет жапты. Отшашумен торт, алтын жаңбыр мен естелік суреттері мереке рәсімін аяқтады. Үлкендердің басты шешімдері: әлемдегі ең қымбат қазына – ол балалар, олардың ұміттері мен ынталарын жүзеге асыру. Олар тек мақтаныштары мен  сәттіліктерімен қуантып жүрсін.   
Веб-экранда шағын орталық туралы фильм көрсетіліп жатқанда, мерекенің жүргізушісі Аксенова Анастасия («Өркен» психологы) қатысушыларды «Қазына алтын кітабымен» таныстырды. Оның беттерінде – 5 жыл уақытта, 30 аса тәрбиеленушілерді бітірткен орталықтың тарихындағы маңызды оқиғалар жазылған. Тақпақтар және әндермен  шағын орталықты мектепке дейінгі дайындық тобының ең кішкентай бүлдіршіндері, «Өркеннің» алғашқы түлектері – әубакіровшілер кезекпен құттықтады. Мерейтойдың құрметіне барлық қатысушыларға сахнада сыйлықтар тапсырылды. 

 



Бүгін, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р. Шердің БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының қызметкерлерімен кездесуі өтті

2013 жылғы 28 қаңтарда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде  Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р. Шердің БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының  қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты – 2013 жылға арналған бірлескен жоспарын бекіту, балаға мейірімді қалалардың ұлттық индикаторлар жобасын талқылау.
Кездесу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкелерінің, Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкіл орынбасары Радослав Жехактың, балалық шақты қорғау бөлімінің жетекшісі Т. Адерихинаның, ауыртпалық тәуекелін төмендету бойынша үйлестірушісі А. Стативкинаның, аймақтық бағдарламалардың үйлестірушісі У. Қажығалиеваның қатысуымен өтті.  
Кездесу барысында «Балаға мейірімді қала» халықаралық бастаманы тану және аккредитеу моделін пилоттауға қатысқан алты қаланың жағдайына, отбасы құқық бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуіне байланысты мәселелер талқыланды.
Кездесудің нәтижесінде ювеналдық соттардың қатысуымен «Сот тәжірибесінде бала асырап алу бойынша заңнаманы қолдану»  тақырыбына бірлескен «дөңгелек үстел» отырысын, ҚР балаға мейірімді қалаларының форумын өткізу, сонымен қатар, балалық шақты қорғаудың 2012-2013 жылдарға арналған «Отбасы мен балалар үшін әділетке бағытталған балалық шақты қорғау» екіжылдық жылжымалы жоспарының іске асырылуына қатысу жөнінде келісімге қол жеткізілді.


«Павлодар қаласының балаға мейірімді қала екенін мойындау үлгісі және оны аккредиттеу барысы» ақпараттық-үйлестіру отырысы

2013 жылғы 21 қаңтарда Павлодар қаласының әкімдігінде БҰҰ (UNICEF) Балалар қорының «Балаға мейірімді қала» Халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде «Павлодар қаласының балаға мейірімді қала екенін мойындау үлгісі және оны аккредиттеу барысы»  тақырыбында ақпараттық-үйлестіру отырысы өтті.   
Отырысқа Павлодар қаласы мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.
Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Ә. Наурызбаева БҰҰ (UNICEF) Балалар қорының «Балаға мейірімді қала» Халықаралық жобасының Павлодар облысы аумағында  іске асырылуы туралы хабарлады.
                                                                     
БҰҰ (UNICEF) Балалар қорының «Балаға мейірімді қала» Халықаралық жобасы шеңберінде  Балаға мейірімді қала ретінде Павлодар қаласының аккредитацияға дайындығы туралы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бастығы  Зәуреш Мұқашева баяндады.
Павлодар қаласының бос уақытты қамту және балалар шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Зубайра Давжанова отырысқа қатысушыларға балаларға мейірімді қала мәселелері бойынша арнайы топтардың сұхбат жүргізу қорытындысы туралы хабарлады (балалар, мұғалімдер, ата-аналар).
                                                                    
 Аудитті әлеуметтік қызмет көрсету туралы Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Рымкеш Сағынова атап өтті.
Отырыс барысында қалалық резолюциясы және 2013 жылға арналған балалық шақ саласындағы Павлодар қаласының саяси стратегиясы қабылданып,  жергілікті атқарушы органдардың құзырлығы бойынша есеп беру мерзімі белгіленді.


«Менің идеяларым - менің елімде» балалар әлеуметтік бастамаларының қоғамдық тыңдалымдарын өткізуге қатысу туралы

16 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка қ. мектеп-гимназиясында «Менің идеяларым – менің елімде» балалар әлеуметтік бастамаларын қоғамдық тыңдалымдарының аудандық кезеңі өтті. Қоғамдық тыңдалымдар өткізудің бастамашысы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті болып табылады.  Қоғамдық тыңдалымдар өткізу мақсаты -  балалардың әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуына мүмкіндік ұсыну.
Қоғамдық тыңдалымға қатысушылар Мамлют ауданының оқушылары болды. Балалардың жобаларын  Мамлютка қ. әкімі аппаратының  құрылымдық бөлімшесінің басшысы В.В.Мищенко,  «Нұр Отан» ХДП аудандық  филиалы төрағасының орынбасары Кашанов А.М., Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамгершілік-рухани даму бөлімінің бастығы О.В.Черепанова, аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Данилова Т.А., ауданның педагогикалық қауымдастығының өкілдері қатысты.
Мектеп оқушылары  ұсынылған жобаларда келесі әлеуметтік мәселелерді сипаттады: ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті, жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі, зиянды әдеттердің әсерін зерттеу және осы мәселеердің шешімі олдарын анықтады.
Мектеп оқушыларының балалар әлеуметтік жобаларының қоғамдық тыңдалымдарға қатысуы –  өз қоғамдық белсенділіктерін дамытуға бала құқықтарын  іске асырудың бірден-бір  куәсі.
                                    


Мектеп омбудсмендеріне арналған облыстық құқықтық оқыту семинары

2013 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті Павлодар қаласының жұмыспен қамту және балалар шығармашылық орталығы базасында мектеп омбудсмендері мен олардың жетекшілеріне арналған облыстық құқықтық оқыту семинарын өткізді.
Семинардың модераторы ретінде адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Ә.А. Әбелдинова сөз сөйледі, ол құттықтау сөзімен балалар тұрғындарының құқықтық ақпараттануын арттыруға бағытталған іс-шаралардың белсенді қатысушылары болып табылатын мектептің құқық қорғаушылары – мектеп омубдсмендеріне зор алғысын білдірді. Ә.А. Әбелдинова семинар қатысушыларына 2012 жылғы мектеп омбудсмендері қызметінің нәтижесі туралы ақпарат берді және келешектегі қызметтің 2013 жылғы арналған жоспарларымен таныстырды. 2012-2013 оқу жылдары Павлодар облысының мектеп омбудсмендерінің  желісі, білім беру мекемелеріндегі балалардың құқықтары бойынша уәкілеттілер саны 434 оқушыны (2011- 374; 2010- 266; 2009- 62) құрайтынын атап өтті.
                                                      
Мектеп омбудсмендері «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Құқықтық мәдениет аптасы», «Сен және сенің құқықтарың», «Қамқорлық», «Мектепке жол» республикалық кампаниялар мен акцияларға қатысады, оның шеңберінде балалар-жасөспірімдер ұйымдарының көшбасшылары үшін мақсаты, міндеті, алдағы іс-шаралар жоспары баяндалатын ашық-линейка  өткізу тәжірибеленеді.
Семинарға облыс ішкі істер департаментінің юванальді полицияның аға инспекторы Ж.К. Белялова «Мектеп инспекторлары мен мектеп омбдусмендерінің өзара іс-әрекеті» тақырыбында баяндама жасады, ол облыстағы оқушылар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу, азаматтық жауапкершілікті арттыру шеңберінде мектеп белсенділерінің, омбудсмендер ретінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен әрі қарай ынтымақтастық жасауына сенім артты.
Павлодар қаласының № 39 ЖОМ тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Ш.К. Жанғазина мектеп оқушыларын құқықтық тәрбиелеу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
                                                                                                              
Облыс мектеп оқушыларының жетекшісі, Павлодар қаласының № 24 ЖОМ оқушысы Рамиль Смаилов  өз жұмысының нәтижесі туралы хабарлады. Ол мектеп омбудсмендері қызметінің табысты болуы көбінесе мектеп әкімшілігі тарапынан өзара іс-әрекет пен қолдауға байланысты екенін атап өтті.
М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері В.Г. Хуако семинар қатысушылармен бірге «Құқыққа құқығым бар!» атты құқықтық тренинг өткізді, тренинг барысында балалар бірлескен күштің арқасында кез-келген жағдайдан шығуға және оған мұқтаж адамға көмек көрсетуге болатын дәлелдеді.
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мектеп омбудсмендеріне және олардың жетекшілеріне ақпараттық мазмұдағы үйлестіру материалдарын  дайындады, сондай-ақ балалардың құқықтары туралы, облыс мектеп омбудсмендерінің қызметі туралы бейнеролик ұйымдастырды.
2013 жылға арналған жұмыс жоспары, Омбудсмендер күнінің желілік кестесі келісілді.
Іс-шараның қорытындысын шығара келе, адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Ә.А. Әбелдинова мектеп омбудсмендерінің белсенді қызметі  мектепте оқушының өзін-өзі басқаруын дамытудың жоғары көрсеткіші болып табылатынын атап кетті.


Жаңа жылда барлық армандар орындалады

Өскемен қаласындағы Металлургтердің мәдениет сарайында 2012 жылғы 25 желтоқсанда мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған дәстүрлі  Жаңа жылдық шырша мейрамы өтті. Мейрамды Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыс әкімдігі, мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.
 Жаңа жылдық мерекеге  180 мүмкіндігі шектеулі бала қатысты. Олар үшін басты қуаныш- Жаңажылдық шыршада достарымен кездесу. Тамаша қысқы патшалық, жасыл шыршалардан құрылған аллеяның аңқыған исі қатысушыларға сыйқырлы жаңажылдық көңіл күй сыйлады.    Ғимараттың атмосферасы қуанышқа толы болып, жарқылдаған ойыншықтар шараға ерекше әр беріп тұрды.  Барлық балалар ертегілік кейіпкерлер өткізген мерекелік ойындар мен билерге асқан қызығушылықпен белсенді қатысты.  
Балаларды Аяз ата мен Ақшақар, көңілді әткеншектер мен  қызықты ойындар, ән мен биден басқа,  Департаменттің тұрақты достары –  демеушілері: «Казцинк» ЖШС, «Юниснек» ЖШС, «Кседа» ЖШС, «Апельсиновый рай», «ВИТА» кәсіпорындар тобы» ЖШС- терінің  мерекелік сыйлықтары күтіп тұрды.
                                                       
Жаңажылдық шыршада балаларды Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А. Исаев, білім басқармасының бастығы М. Ахметова құттықтады.   Білім беру ұйымдарының еріктілері, «Бөбек» балалар қорының грант иегерлері, «Шығыс дарындары» балалар баспасөз орталығының өкілдері мерекені өткізуге белсенді атсалысты.
Бүгінгі  жаңажылдық мереке ең алғашқы болып өтті, осы шыршадан кейін облыста басқа Жаңажылдық шырша мерекелерінің шеруі басталды.
Мұндай шара облыста бірінші рет өткізіліп отырған жоқ, алайда, ол барлық қатысушылардың естерінде мәңгі қалары сөзсіз.
Жаңа жылда барлық армандар орындалады демекші, біз барлық балалар мен ата-аналарға  ең асқақ армандарының орындалуын тілейміз!
                                                                                             


«Балаға мейірімді мектеп –сапалы білім алу кепілі» атты  облыстық семинар

2012 жылдың 14 желтоқсанында Теміртау қ. «Т. Әубәкіров атындағы гимназия» ЖМ  «Балаға мейірімді мектеп –сапалы білім алу кепілі» атты  облыстық семинар өтті.
Семинардың қатысушылары: Қарағанды облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері және «Балаға мейірімді мектеп» жобасының қатысушылары.
Іс-шара барысында қатысушыларды «Оқушыларды тәрбиелеп, оқыту мен дамыту үшін оқыту мекемесінде мейірімділік ортаны құру» тақырыбында гимназияның қызметімен таныстырды. Семинар қатысушылары "Ұжымда қарым-қатынас этикасы" өзін-өзі тану сабағына, «Менің құқығым бар» қоғамтану негіздері сабағына  қатысуға мүмкіндіктері болды. Балаларды дамыту үшін  қажетті жағдайлар жасау «Тәуелсіз Қазақстан – менің үйім» атты мерекеде көрсетілді. Сонымен қатар   «Жүрегіңді мейірімділікке толтыр» қайырымдылық жәрмеңкесінде  бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.  
Іс-шара «Алақай» ОҒБ «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні»  ашық мәжілісімен аяқталды, онда жоғары буын оқушылары өз азаматтық көзқарастарын және зияткерлік, креативтік потенциалдарын көрсетті.


«Біздің -  біліміміз, еңбегіміз – еліміздің игілігі үшін!»  атты балалардың қоғамдық ұйымдарының қалалық форумы туралы

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2012 жылдың 7 желтоқсаны күні  «Арман!  Еңбек! Сенім! Өркендей бер,  туған елім!» атты «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінде қабылданған «Жастар - Отанға!» атты 2020 жылға дейінгі  стратегиясы аясында «Біздің -  біліміміз, еңбегіміз – еліміздің игілігі үшін!» атты балалардың қоғамдық ұйымдарының қалалық форумын өткізді.
                              
Шара мақсаты: XXI ғасырдағы рухы жоғары өркениетті елдің жастарын тәрбиелеу, балалардың қоғамдық ұйымдарының жұмысын белсендіру, мемлекет пен қоғам өміріне балаларды араластыру, рухани тұрғыда дамыған Қазақстан азаматын қалыптастыру.
Форумға Астана қаласының Жастар саясаты жөніндегі басқармасының, ХДП «Нұр Отан»  «Жас Отан» жастар қанатының, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен бірыңғай жасөспірімдер ұйымының, үкіметтік емес ұйымдарының, жастар және балалар ұйымдарының, жастар бірлестіктерінің, Астана қалалық скауттық қозғалысының, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымы одағының, қала колледждерінің жастар ісі жөніндегі комитетінің өкілдері, мектеп парламенттері, мектеп омбудсмендері және мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары, еріктілер, Астана қаласының аула клубтарының жетекшілері қатысты.
                                 
Қалалық форумды Департамент директоры Жұмабекова Рысты Мағауияқызы және Жастар саясаты жөніндегі басқарманың бөлім бастығы  Сарашаев Канат Айтуарұлы  құттықтау сөзімен ашты.
Форум қатысушыларының назарына  «Жас ұлан», «Жас қыран»  қоғамдық бірлестігі, «Жұлдыз» қоғамдық ұйымы, Астана қаласы бойынша скауттық қозғалысы, мектеп парламенттері өздерінің атқарып жатқан қызметтерін таныстыру ерекше үлгіде өтті.
Форум делегаттары №3,22,56 мектеп-гимназия оқушыларының «Астана қаласы оқушыларына арналған жастар телеарнасы», «Көрнекі ақпарат - қала мәдениетінің белгісі», «Астана денсаулығы» атты тақырыптардағы балалардың әлеуметтік жобаларымен  танысты.
«Астана денсаулығы» атты жоба аясында  салауатты өмір салтын ұстануға, ағзаға тигізетін  зиянды заттар мен әдеттерден аулақ болуға, спорт түрлерімен айналысуға, мемлекеттің басты байлығы - адам және оның денсаулығы екендігі  атап өтілді.
                              
«Астана қаласы оқушыларына арналған жастар телеарнасы» атты жобасын таныстыру барысында қалада жасөспірімдерге арналған телеарналардың  жетіспеушілігіне назар аударылып, мәселенің өзектілігін дәлелдеді.
«Тілге құрмет, елге құрмет» әр халықтың басты байлығы баға жетпес қазынасы – ана тілі. Осы бағытта №56 мектеп-лицейінің оқушылары  «Көрнекі ақпарат - қала мәдениетінің белгісі» атты жобасын таныстыру барысында қаладағы хабарландырулар мен жарнамалар мәтінінің сауатсыздығы, бейәдепсіздігі туралы өздерінің еңбектерін қорғады.
Аталған жобаларды қорғау барысында оқушылардың көпшілік алдында қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, талдап, шешілуіне қатысулары маңызды  болып табылды.   
                              
Шара қатысушылары Оқушылар сарайының тәрбиеленушілерінің  «Сымбаттылық, сұлулық, денсаулық!» атты гимнастикалық қойылымы мен Астана қаласының Политехникалық колледжінің «Жас ART» қозғалысының орындауында   «The Joke» биін аса ықыласпен қабылдады.
Форум қорытындысы ретінде балалар ұйымдары мүшелері форум қатысушыларына  жолдау оқыды.  
Шара соңында  Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Жүгүнісов Рүстем  «Атамекен» әнін орындады.
Форумның өтілуі   Астана  қаласының  жастары   мен оқушыларына  үлкен әсер қалдырды.


Балалар әлеуметтік бастамалар жарысы

Қостанай облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Балаға мейірімді қала» бастамасы шеңберінде «Мен – Қазақстан азаматымын» балалар әлеуметтік бастамалар жарысы өткізілді.
Жарыстың негізгі мақсаты – балалар бастамасы қызметін елге әйгілеу, адамгершілік-тұлғалық педагогикаға, қазақстандық ұлтжандылық сезімін, өсіп келе жатқан ұрпақ үшін жауапкершілікті нығайтуға, балалар мен жастарды тәрбиелеуде қазақ халқының мәдени, рухани дәстүрлерін сақтау мен көбейтуге негізделген педагогтар мен оқушыларға оқу және тәрбие жүйесін креативті қайта өзгертуге мүмкіндік жасау.
 Жарыстың мақсаты – балалардың адамгершілік-тұлғалық ыңғайын табу принциптерін объективті жүзеге асыру мүмкіндігін көрсету; балалармен және балалар үшін жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдар, бизнес-құрылымдар мен мемлекеттік органдардың күштерін біріктіру; талантты және дарынды, балалар шығармашылық ұжымдарын айқындау, балалар шығармашылығын дамыту үшін жағдай жасау; балаға және оның табиғатына тұжырымдамалық көзқарас беру және балалар өмірінің мәнін ашу.
                             
Жарыс үш кезең бойынша ұйымдастырылды. Бірінші кезең Департаметқа ең үздік жұмыстарын жолдаған облыстың аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінде өткізілді. Екінші кезең 2012 жылдың 30 қазанында өткізіліп, онда облыстың барлық аймақтарынан 13 жұмыс қаралды. Қазылар алқасына Департамент, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, «Қостанай Дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы, «ГрИн» Азаматтық альянсы» ҚҚ өкілдері кірді. Бұл кезеңде қазылар алқасының мүшелерімен жұмыстардың нәтижелілігі, мақсаттылығы, мазмұнның толықтығы, жүйелілігі және тәжірибелік маңыздылығы бағаланды. Мұқият іріктеуден кейін қазылар алқасы Жітіқара, Науырзым, Әулиекөл, Қостанай және Қарасу аудандарынан ең үздік 5 жобаны анықтады.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған соңғы кезең 2012 жылдың 21 қарашасында Қостанай қаласының № 8 орта мектеп базасында өткізілді. «ҚР Қостанай облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ шараның демеушісі болды.
                             
 Қорғау алдында жобаның барлық оқушылары мен жетекшілері «ГрИн» Азаматтық альянсы» ҚҚ бірлесе өткізілген оқыту мастер-класстарына қатысты. Жобаны құру және тұсаукесері жөнінде маңызды дағдылар алып, қатысушылар өз жобаларын қорғай бастады. III турда жобаларды Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, «Жас Отан» Қорының өкілдері, облыстық мәслихатының депутаты бағалады. Жобаларды қорғау қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлініп берілді:
1 орын – «Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ № 3 орта мектебі, «Летний бульвар» жобасы;
2 орын - «Қарасу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ Қарамырза орта мектебі, «Наш герой» жобасы;
3 орын - «Науырзым ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ Жамбыл орта мектебі, «Мен – Қазақстан азаматымын!» жобасы;
4 орын - «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ № 121 Құшмұрын орта мектебі, «Теплица» жобасы;
5 орын - «Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ Заречный орта мектебі, «Чистота поселка» жобасы.
Жарыстың барлық қатысушыларына алғыс хаттар, грамоталар мен бағалы жүлделер тапсырылды.
Жалпы жарыстың өткізілуі ой өрісті кеңейтуге, ұлтжандылық, Отанға  сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге, балаларға азаматтық қоғамның дамуына қатысып, өз үлестерін қосуға, аймақтағы болып жатқан әлеуметтік үрдістерге әсер етуге мүмкіндік берді.


«Балаға мейірімді қалалардың» аккредитациясы

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ)  өкілдігімен  ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Отбасы мен балалықты қолдау орталығымен бірлесіп а.ж. 4 қазанда Өскемен қаласында Қазақстандағы балаға мейірімді қалалардың әрекет жоспарын, стратегиясын әзірлеу, мәртебесін бағалау және мониторингілеу бойынша оқыту семинары өткізілді.  
Семинарды  ЮНИСЕФ-тің халықаралық кеңесшісі, Батыс Сидней университетінің профессоры Карен Малоун ханым өткізді. Семинарды Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары А. Тоқтарбекова ашып, қатысушарға сәттілік тіледі.
                            
Семинарға қатысушы облыс, Өскемен мен Семей қалаларының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, психологтар (20 адам), «Қазақстан - Өскемен» ШҚФ журналистері балаға мейірімді қалаларды аккредитациялаудың басшылыққа алуы және негізгі қағидалары, БМҚ аккредитациялау үшін портфолио, әрекет жоспары мен стратегиясын әзірлеу, зерттеулер жүргізу, бағалау және өзін-өзі бағалау, балалар мен жастардың қалалардың бағдарламасын жоспарлауға, жүзеге асыруға және мониторингілеуге қатысуына ықпал ету бойынша білім алды.


Орал «Балаға мейіріді қала» жолында

Орал қаласының әкігшілігінде БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Орал қаласының «Балаға мейірімді қала» атты халықаралық бастамасына қосылу мәслесіне арналған кеңес өткізді. Отырыс жұмысында қала маслихатының хатышысы А.Шыныбеков, қала әкімдігі бөлімдерінің басшылары, Орал қаласы аппаратының, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпараттар өкілдері қатысты.
Департамент директоры А.Масалимов жиналғандарды «Балаға мейірімді қала» атты халықаралық бастамасының басты ережелерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар Орал қаласы балаларының жағдайын жақсартуға бағытталған нақты шараларды атап айтып, аталған бастаманың жүзеге асыру жөнінде Стратегиясын дайындауын ұсынды.
                                   
Кеңес қатысушылары осы мәселені белсенді талқылап, халықаралық бастаманың Орал қаласында жүзеге асырылуы облыс орталығындағы балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуде қоғамдықытың белсенділігін арттыратынын айтты.
Қала маслихатының хатышысы А.Шыныбеков мемлекеттік органдардың басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін Халықаралық бастамасын жүзеге асыруға арналған Стратегиясы мен іс-шаралар жоспарына өздерінің ұсыныстарын білдірулерін сұрады.


«Ақтөбе-балаларға қамқор қала»

1994 жылы Конвенцияны бекіткен Қазақстан Республикасының саясатында балалар жағдайы ерекше орын алады. Бұл тұрғыда жергілікті атқарушы билік үлкен рөлге ие, өйткені қоршаған орта балалар өміріне тікелей және көбірек әсер етеді. БҰҰ  Балалар қоры өкілдерінің бастамасымен 1996 жылы «Балаларға қамқор қала» жобасы бастау алды. Жоба кез-келген қаладағы басқарудың, экологияның, қызметтің  барлық  салаларын балаларға қамқорлықпен қарауға шақырады.
Жоба «Ең жақсысы-балаларға» деген негізгі қағидамен қаланың мүддесін қорғайды:
-балалардың қоғам өміріне  белсенді араласуы мен дені сау болып өсуі – болашақ қоғамның  толыққанды дамуының кепілі
-балалардың жағдайы - елдегі әлеуметтік, экологиялық және басқа да өзгерістердің қоғам өміріне әсер ететін өзіндік ерекшелігі бар барометр
-қоғамға балаларға қажетті көңіл бөлінбеуден туындайтын зардаптың алдын алу маңызды.
Қазіргі күні бұған біздің  туған қаламыз Ақтөбе де қосылды. 2011 жылы қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті мен Ақтөбе қаласы әкімшілігінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ақтөбе қаласы - республикамыздың қарыштап дамып келе жатқан қалаларының бірі. Жергілікті атқарушы органдар өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу ісіне тиімді жағдай жасауда үлкен жұмыстар жүргізуде. Білім беру мекемелері, мәдени және ойын-сауық нысандары ашылып, саябақтар мен шағын бақтардың жаңартылуы – біздің қаламыздағы балалардың өмірін сапалы түрде жақсартады.
«Балаларға қамқор қала» жобасына қосылған соң Ақтөбе қаласының атқарушы билігі балалардың шынайы жағдайы туралы үнемі сараптау мен мониторинг жүргізу арқылы балалардың өмірін сапалы түрде жақсартуға бағытталған мемелкеттік саясатын жүзеге асыруда.
Ақтөбе қаласында 2011 жылдың аяғында тұрғындар саны 781282 адамды құрады, оның 553894 –і ересектер, 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер - 43886, 0-15 жасқа дейінгі балалар -183502.облыстағы қала тұрғындары – 481104 адам, ауылдың тұрғындары -300178. 2011 жылы Ақтөбе облысы бойынша негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерде оң  өзгеріс байқалды: бала туу 1,2% (22,59-дан 22,86-ға) артты; тұрғындардың жалпы өлімі 5,8% (7,93-тен 7,42-ге) азайды; ҚР –да 8,82 бұл табиғи өсім көрсеткішінің 4,9% (14,66-дан 15,39-ға); ҚР-13,94 өсуіне әкелді.2011 жылы адам өмір сүруінің ұзақтығы - 69,7 жасқа (2010 жылы -69,3) жетті. Қала демографиясын әрі қарай арттыру мақсатында бірнеше шаралар өткізілді. Өңірде жүкті және бала тууға қабілетті жастағы әйелдердің денсаулық жағдайына мониторинг жасалды. 2011 жылы туылған нәрестелер саны-17797 (2010ж.-17707).
2011 жылдың қорытындысына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша сәби өлімінің көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда 29,1%-ға (16,5%-дан 11,7%) төмендеді.ҚР бойынша бұл көрсеткіш -14,9% құрайды.
Ақтөбеде 2012-2013 оқу жылының басында барлық мектеп саны-66, оның ішінде 2 кешкі мектеп (С(В) №44 ОМ, УКА/168-2). 2012 жылдың 5 қыркүйегінде мектеп оқушыларының құрамы 49818 адамды құрайды.
Мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелер саны – 40, жеке мектепке дейінгі мекемелер саны –13. Жалпыға білім беретін 19 мектепте шағын орталықтар жұмыс жасайды.Мектепке дейінгі тәрбие берумен 17200 бала қамтылған (45%).
Мектептен тыс ұйымдар саны -13. 12000 бала (23%) қамтылған.

Өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту саясаты

Ақтөбеде 415 спорт ғимараты, 1 спорт сарайы,1 ипподром, 1 атуға машықтанатын орын, 3 шаңғы базасы,4 стадион, 4 жүзу бассейні, 8 спорт кешені, 12 ату тирі, 10 хоккей алаңы, 18 теннис корты, 68 лайықталған орын, 115 спорт зал, 164 тегіс орын, 14 БЖСМ, 1 олимпиада резервін дайындайтын орталық, 6 аула клубы жұмыс жасайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру  шараларының жоспары аясында «Дені сау отбасы» жобасын жүзеге асырып, 8 акушер-гинеколог дәрігер, 215 мейірбике мен 20 әлеуметтік қызметкер білімін жетілдірді. Ақтөбеде 2 жастар орталығы «Жастар денсаулығының орталығы» мен «Ювентус» жастар орталығы жасөспірімдік шақ ерекшелігіне негіздеп, денсаулық сақтау мәселелері бойынша кешенді медициналық-психологиялық-әлеуметтік көмек көрсетеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарында мектеп оқушыларының денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Су ішу тәртібін ұйымдастыру мақсатында мектеп сыныптарында кулерлер орнатылған. Дұрыс тамақтану жұмыстарын жетілдіру мақсатында денсаулықты нығайтуға, дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға, балаларға қызмет көрсетудің жаңа түрлерін іздеуге, оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға жағдай жасалды.

Түрлі санаттағы отбасыларды қолдау мен  отбасыға қамқорлық көрсету саясаты

Ақтөбе қаласының мектептерінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 3000 бала  оқиды. ҚР Үкіметінің  25.01.2008ж. №64 «Аз қамтылған отбасылардан шыққан, әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған оқушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінген қаржыны жұмсау ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес  жыл сайын тамақ беруді ұйымдастыруға, киім-кешек және оқу құралдарымен қамтуға, санаториялық-курорттық ұйымдар мен демалыс лагерлеріне жолдама беруге қаржы бөлінеді.
    
Мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың отбасыларына атаулы көмек  көрсету саясаты

ҚР «Мүгедектерді  әлеуметтік қорғау туралы» заңына, ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 маусымдағы №754 «Мүгедектердің құқығын қалпына келтірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің медициналық - әлеуметтік сараптау комиссиясы құрастырған мүгедектер құқығын қалпына келтірудің  жеке бағдарламасы негізінде  мүгедек балалар протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдотехникалық, тифлотехникалық, бала, жасөапірім кресло арбаларымен, жүруге арналған құралмен, міндетті гигиеналық құралдармен және санаториялық-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етіледі. Ақтөбеде балалардың, оның ішінде мүгедек балалардың денсаулығын  қайта қалпына келтіру емі мен медициналық  реабилитациядан өтуге арналған «Ақбөбек» орталығы қызмет атқарады. Ақтөбе облысы мәслихатының 2010 жылғы 11 ақпандағы №281 «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген  16 жасқа дейінгі 1,2,3 топтағы мүгедектер мен оларды күтушілерге жолақысын төлеу туралы» шешіміне сәйкес ҚР аумағында медициналық  көрсетілім бойынша емделуге жіберілген мүгедек балаларға және күтушілеріне жолақы қалалық бюджеттен төленеді. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы №129 «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне сәйкес азаматтардың жекелеген санатын әлеуметтік қорғау мақсатында 16 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар отбасыларға ай сайын 3000 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы  беріледі.

Балалардың қаланың қоғамдық өміріне қатысуы және олардың отбасындағы, мектептегі, қоғамдағы, мемлекеттегі  өміріне қатысты шешімдер қабылдау саясаты
    
Қоғамдағы білімнің өркендеуі- мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының басты элементі. Мектеп оқушылары еріктілер қозғалысына, қайырымдылық акцияларына белсене атсалысады.Ақтөбе қаласында 17–ге жуық жастардың қоғадық бірлестіктері жұмыс жасайды.Атап айтсақ: «Жас Отан», «Ақтөбе қаласының студенттер альянсы», «Ақтөбе қалалық жастар мәслихаты», «Ақтөбе қаласының жастар қалауы». Қоғамдық бірлестіктердің мақсаты жастардың бойында отансүйгіштікті, сезімді, идеологияны қалыптастыру болып табылады. Қаланың барлық ЖОО және ООО мен кәсіптік лицейлері ҚР Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын түсіндіруге арналған дөңгелек үстелдер өткізді.

Қаланың барлық балаларына ғылыми техникалық прогресс пен ақпараттық технология  жетістіктеріне тең дәрежеде  қол жеткізуді қамтамасыз ету саясаты

Білімді ақпараттандыру-бұл ақпараттық технологияны білім беру жүйесінің барлық түріне енгізу. Осының негізінде білім берудің жаңа үлгілері қалыптасады. Мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің  барлық жұмысы компьютерлік жабдықтауға сүйенеді және ол тиімді қолданылуда. Қала мектептерінде 2002 компьютер бар. Облыстың 206 мектебінде интерактивті тақта орнатылған. АЭЕТ кабинеттерінде электрондық кітапханалар,  әдістемелік оқу құралдары, тесттік тапсырмалар, «Алгоритм», «Информатика негіздері» журналдары бар.
Елбасының бастамасымен 2011 жылы  6 шілдеде «ЖасҰлан» бірыңғай балалр-жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық бірлестігі құрылды. Ұйымның мақсаты-өскелең ұрпақты қазақ халқының салт-дәстүріне, мәдениетіне, төзімділік пен татулыққа, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі мен адалдығы, білімге деген талпынысы мен өзін-өзі жетілдіру негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Ақтөбе қаласының мектептерінің оқушылары: белсенділер, оқу озаттары, пәндік олимпиада және ғылыми жоба жеңімпаздары, байқаулар, спорт сайыстарының жеңімпаздары, «Жас қыран», «Жас Ұлан» қатарына енуге тілек білдіріп, қабылданды. «ЖасҰлан» бірыңғай балалр-жасөспірімдер ұйымына» барлығы 13112 бала қабылданды.
Өңір басшысы Архимед Мухамбетовтың «Көркейе бер, туған жер!» атты бастамасын ата-аналар қоғамы белсенді қолдады.
Қолдау мен көмек көрсету мақсатында мамандандырылған №11 орта мектепке 5 млн.теңге, №3 орта мектепке 2 компьютер класы, технология сабағына арналған ағаш өңдеу станогі берілді, балалардың қауіпсіздігі үшін «Нұрсәт»  мектепке дейінгі орталығына және №9 орта мектеп – гимназиясына бейнебақылау орнатылды.
Сонымен білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 67 млн 309 мың 020 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Белсенді ата-аналар жұмысы қаржылай қолдау мен бюджеттен тыс қаржы бөлу сұрақтарынан мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру мен оларға белсенді түрде қатысу, қосымша білім беру қызметтерін жүзеге асыру, кәсіп алдындағы дайындық пен кәсіби білім беру мәселесіне ауысты.
«Ақтөбе-балаларға қамқор қала» жобасын іске асыру барысында Ақтөбе қаласының жас тұрғындарын дамыту мен өмір сапасын жақсарту үшін  қолайлы жағдай жасалуда.




Петропавл - балаға мейіріміді қала

Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Петропавл қаласы әкімдігі арасында 2010 жылы «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыруда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қала өмірінің барлық маңызды салаларында балаларға сапалы қызмет көрсету бойынша бүкіл мүдделі тараптардың күшін үйлестіру жөнінде ары қарай ынтымақтастықтың стратегиялары анықталды.  
Қалада 37 жалпы білім беретін мектеп бар, онда 19314 оқушы оқиды, 47 мектепке дейінгі ұйым бар, оған 6659 тәрбиеленуші қатысады.
Қаланың 19 балалар мен жасөспірімдер клубында 169 үйірме жұмыс істейді, оған 3000-дай бала мен жасөспірімдер қатысады.
Петропавлда 352 спорттық ғимарат, оның ішінде 128 спорт алаңы және 30 футбол алаңы бар, 15 спорт ұйымы қызмет етеді. Қалада спорттың 18 түрі, оның ішінде 10 олимпиадалық түрі таратылады. 12 БЖСМ 6000 астам бала қатысады. 2 олимпиада резерві мектебі қызмет етеді (велоспорт және спорттық акробатика бойынша). 3 спорт стадионында, 6 жүзу бассейнінде, 79 сопрт залында, 9 шаңғы базасында, 5 ату тирінде, 2 атыс орнында, 4 теннистік және 6 хоккей кортында қаланың жасөспірімдері мен жастары дене тәрбиесі және спортпен айналысады.  
Балалардың тууы мен өмір сүруі үшін жағдай жасауға балаларға мейірімді қаланың демографиялық саясаты және қаланың медициналық мекемелері бағытталады.



Қызылорда

2010 жылы Қызылорда қаласында ЮНИСЕФ-тің «Балаға мейірімді қала» бастамасын ендіру аясында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Қызылорда қаласы әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қызылорда қаласында 51 жалпы орта білім беретін мектеп және «Өнер» мектебі,    18 мемлекеттік және 40 жеке балабақша, 9 емхана, 4 мәдениет үйі, 3 балалар кітапханасы, 3 кинотеатр жұмыс жасайды.
«Қызылорда - балаға мейірімді қала» іс-шара жоспарын жүзеге асыру барысында:
- Аулаларда жалпы сомасы 215 млн. теңге көлеміндегі қаржыға 44 балалар аттракциондары мен жаңа типік балалар ойын алаңдары салынды, қаладағы 189 алаңның 117-сіне балалар ойын спорт алаңдары салынған;
- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 65 пәтерлі кіші отбасылық жатақхана құрылысы басталып, аяқталуда.  Пайдалануға қосылғаннан кейін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мекемесінің бітірушілерінің 2/3-нің тұрғын-үй мәселесі шешілетін болады;
- Қалалық мәдениет және демалыс паркіне 300 млн теңге көлеміндегі қаржыға жаңа аттракциондар қойылды. 2 саябақ пайдалануға берілуде, 15 әлеуметтік нысан (мектеп, балабақша, емхана) салынуда.
- 2 стадион, 2 жүзу бассейні, спорт кешені, 86 спорт алаңы жұмыс жасауда, қалада жалпы құны 4 миллиард теңгені құрайтын теннис корты, хоккей алаңы, мұз айдыны, аквапарк секілді бірден 12 спорттық нысан есігін айқара ашатын спорт кешені бой көтеруде.
- №6 коррекционды мектеп – интернат нашар еститіндерге арналған коррекционды мектеп – интернат және нашар көретіндерге арналған коррекционды мектеп – интернат болып қайта құрылды;
- тұрғындарға арналған қызмет көрсетудің мынадай түрі, арнайы жабдықталған телефон бойынша тапсырыс берілетін мүмкіндігі шектеулі балаларды тасымалдау бойынша  «Әлеуметтік такси» пайда болды;
- қалалық №233 мектеп базасында инклюзивті білім беретін шағын орталық құру бойынша пилоттық жоба жүзеге асты;
- «Ата-аналар көпірі» жобасының шешкен мәселелерінің ішінде жалпы стационарлық емдеуде болған жағдайда басқа да ауруларды жұқтырудан қорғау мақсатында онкогемаологиялық ауру балаларға арналған бөлімшенің құрылуы бар;
- «Балалар мәслихаты» жобасын жүзеге асыру барысында балалар көзқарасы мен мүдделерін жергілікі билік өкілдеріне тікелей жеткізуді қамтамасыз ету бойынша  қалалық 19 балалар депутаттарының  қоғамдық кызметі сәтті жүргізілуде.
«Қызылорда, балаға мейірімді қала» жобасының жүзеге асырылу кезеңінің сараптамасы Қызылорда қаласының барлық аумағы бойынша бала тұрғындарға қатысты сратегияның дамуын, бала тұрғындардың дамуы мен  тұрмыстық сапа индикаторларының жоғарылауы үшін барлық жағдайдың жасалғандығын көрсетеді.



Өскемен - балаға мейірімді қала


ЮНИСЕФ-тің «Балаға мейірімді қала» халықаралық бастамасын Өскемен қаласы Қазақстан Республикасында бірінші болып  
қолдады. Бұл, Өскемен қаласы барлық балалардың денсаулық жағдайына, әлеуметтік жағдайына, жынысына қарамастан жайлы  
өмір сүрулеріне жағдай жасау бойынша міндеттерді 5-ші жыл орындап келеді деген сөз. «Балаға мейірімді қала» жобасының  
басты ұстанымдарының бірі – балалардың қалалық шешім қабылдауға қатысу, өз пікірлерін білдіру мүмкіндігі.
 2008 жылы 2 қосымша білім беру ұйымы ашылды:
- балалар өнер мектебі қаланың алыс аудандарынан келген 600-ден астам баланы қамтиды;
- мемлекеттік кәсіпорын дәрежесіндегі Қазақстандағы бірінші отбасын және балалықты қолдау орталығы. Орталық базасында  
балалар мен жасөспірімдерге арналған тәулік бойғы сенім телефоны жұмыс істейді.
2009 жылы қаланың 45 мектебінде әлеуметтік-психологиялық қызметтер ашылды.
2012 жылға қарай жағымды өзгерістер болды: мектепке дейінгі бала тәрбиесімен қамтылу 95,1% құрады; № 42 мектеп базасының  
жанында балалардың тағы бір өнер мектебі ашылды, № 11 және № 24 мектеп-гимназияларында 2 жабық хоккей модулі  
пайдалануға берілді, «Өскемен волонтерлері» жобасының аясында қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен  
жасөспірімдерге көмек көрсететін, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының студенттерінен құрылған 10 волонтерлер жасағы  
құрылды.
2010 жылдан бастап балалардың жаңаша демалу түрлері енгізілді: альпі лагері, шатырлы 2 лагерь; мектеп топтарымен алмасу  
бойынша пилоттық жоба жалғасуда,  «Денсаулық күні» жобасының аясында оқушылар жылжымалы кесте бойынша жұмыс  
күндері қала сыртындағы орталықтарда демалады: Изумрудный, Алтайские Альпы, Конный двор, Нұр Тау. Бұл жобалардың  
барлығы Өскемен қаласы әкімдігінің жобалары болып табылады.
Дамуында ерекше қажеттіліктерді талап ететін балалар ерекше қамқорлыққа мұқтаж. 2008 жылдан бастап арбамен жүретін  
балаларды таситын әлеуметтік такси қызметтері жұмыс істейді. Кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестік аясында қаланың тұрғын
үйлерінің кіре берістеріне 40 пандус орнатылды. Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі 150 бала арасында спорттың 7 түрі бойынша  
біріншіліктер өтіп тұрады.  
Қалада сөйлеу қабілеті бұзылған, интеллектуалды жағынан ауытқулары бар, тірек-қимыл аппараты, көруі бұзылған балаларға  
арналған 6 түзету білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Республикада бірінші рет мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған  
қашықтықтан оқыту мектебі ашылды.
Балаларды үйлесімді дамыту үшін қалада 21 мемлекеттік мектептен тыс ұйымдар жұмыс істейді, 39 балалар мен жасөспірімдер  
мектебі, 12 хоккей қорабы, жасанды жабумен жабылған 25 спорт алаңы жұмыс істейді. 2011 жылы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына  
- 20 мейірімді іс» акциясы аясында тау шаңғысын дамытуға ерекше көңіл бөлінді: тауға көтерілгіш жұмыс істеп тұр. Жаппай тау  
шаңғысымен айналысу үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында сноубордтар және шаңғылар сатып алынды. Бүгінгі  
күні балалардың 97%  пайдалы демалыспен қамтылған.
2011 жылы күрделі жөндеу жасалған металлургтер мәдениет сарайы жастар үшін керемет сыйлық болды, онда балалар өздерінің  
шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік алды. 1 маусымда оқушылар және жастар сарайы, «Ғашықтар  
аллеясы» ашылды.
Халықтар достығы үйінің 15 ұлттық орталығында 1780 түрлі ұлттардың балалары үшін өз тілдерінде сөйлесуге және басқа  
ұлыстардың мәдениеттерімен танысуға мүмкіндіктер бар.
«Гүлденген бақ» иммидждік жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүзеге асуда, соның аясында оқушылар мен олардың ата-
аналары мектеп ауласын жобалауға және көгалдандыруға қатысады.  
Балалар үшін қауіпсіз және жайлы өмір сүретін ортаны жасау бойынша мақсатты бағыттағы қадамдар жасалуда. Қаланы  
гүлдендіру бойынша жұмыстар жүргізілгенде жас азаматтардың пікірлері ескеріледі. Сонымен қатар аулаларға ерекше көңіл  
бөлінген.
«Жарықтандырудың жаңа түрлері» жобасы аясында көпқабатты үйлердің беткі қабаттарын түнгі жарықтандыру жүзеге  
асырылды. Ертіс және Үлбі өзендерінен өтетін көпірлер жарықтандырылды. Осылайша қала 80 % жарықтандырылды. Тартылған  
желінің жалпы ұзындығы 706,46 шақырымды құрайды.
Бүгінгі таңда Өскемен қаласы 2009 жылдың басында қабылданған стратегия толығымен жүзеге асырылып жатқандығын сеніммен айта алады, балалар өмірінің сапасы артып келеді.  





Семей

Семей қаласында 68 жалпы орта білім беретін мектеп, 5 балалар емханасы, 3 балалар үйі, 1 жетім балалар үйі, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 5 интернат, тұрмысы төмен отбасы балаларына арналған 1 интернат, 1 кәмелетке толмағандарды бейімдеу  
орталығы, 3 стационарлық балалар емханасы, 1 стоматологиялық балалар  емханасы, 1 қалалық балалар кітапханасы, 22 мектепке  
дейінгі мекеме, 2 театр, 2 мәдениет үйі,  6 мұражай, 4 саябақ жұмыс істейді.   
«Балаға мейірімді Семей қаласы» бағдарламасын іске асыру аясында :
 -  қалада балалар үшін жыл сайын Балалар саябағы, демалыс саябағы және Полковничий аралы көркейтіліп келеді. Полковничий  
аралында биологиялық орталық бар, онда балаларды тәжірибе жүзінде табиғатпен және оны мекендеушілермен таныстыратын  
үйірмелер жұмыс істейді.
 -тұрғын үйлерге жақын аумақтарда балалар алаңының 34 кешені орнатылған;
 -3 бассейн, 82 спорт алаңы, 64 спорт залы, 208 спорт секциясы,
4 стадион, 1 спорт кешені, 3 спорт мектебі, ролик тебуге арналған 3 корт жұмыс істейді. Бұл балалар мен жасөспірімдерді  
спорттың  бұқаралық түрлерімен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.  
- білім беру объектілері жаңа оқу жылына дайындық бойынша үлкен жұмыстар атқарды. 2012 жылы күрделі және ағымдағы  
жөндеу жұмыстарын жүргізуге 190423 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа 10 білім беру мекемесінің жылыту жүйесі,  6  
мектептің жылу қазандығы, 2 мектептің шатыры, 15 мектептің ғимараты мен өзге де үй-жайлары, 8 мекемеде терезе, есік, еден, 8  
мектептің сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелері жөндеуден өткізілді.  
- жазғы кезеңде қала сыртындағы лагерлерде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 250 баласы 4 млн. теңгеге демалды.  
Сонымен қатар, тегін тамақтандыру ұйымдастыру үшін 2012 жылы жалпыға міндетті оқу қорынан 82 млн. теңге бөлінді;
- мүгедек балалардың мүддесін қорғау мақсатында барлық білім беру мекемелерінде пандустар орнатылды.


Халықаралық сарапшылар Өскемен қаласында

2012 жылдың 17-26 маусым айында Өскемен қаласына жастар мен кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша (ЮНИСЕФ) БҰҰ Балалар қорының және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің жобасы бойынша халықаралық сарапшылары келіп қайтты.
Келудің негізгі мақсаты: суицид мәселесіне терең зерттеу жүргізу мақсатында Қазақстаннның 5 облысының мамандарын оқыту. Шығыс Қазақстан облысында суицидке ұмтылуды эпидемиологиялық бақылау үшін мамандарды оқыту. Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру және интернаттық мекемелерде суицидтің алдын алу бойынша пилоттық бағдарламаны енгізуге дайындалу. 
                                 
Халықаралық сарапшылардың қатысуымен суицидтің алдын алу бойынша облыстық жұмыс тобының 2 отырысы өтті, бірінші отырысты облыстық жұмыс тобының төрағасының орынбасары, ШҚО балалардың құқытарын қорғау департаментінің директоры А. Исаев жүргізді, онда бағдарламаның мақсаты және компоненттері ұсынылды, сонымен қатар бағдарламаға енгізуге пилоттық аудандар анықталды. Пилоттық бағдарламаның мақсатына сәйкес Өскемен, Риддер қалалары және Ұлан, Глубокое аудандары іріктеліп алынды. Екінші отырысты облыс әкімінің орынбасары Е.Б. Көшербаев жүргізді, онда ҚР ДСМ-нің және БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) кәмелетке толмағандар мен жастар арасында суицидтің алдын алу жөніндегі пилоттық бағдарламасын іске асырудың 2012-2013 жылдарға арналған жоспар-тапсырмасының жобасы талқыланып, әзірленді және жауапты тұлғалар бекітілді. 
                                
Қазақстанның 5 облысынан (Қарағанды, Ақмола, Қостанай, БҚО,ШҚО)  келген мамандар үшін  кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы суицид жағдайларының себептеріне зерттеу жүргізуге арналған оқыту жүргізілді. Барлығы психоневрологиялық диспансерлер мен стационарлардың 19 маманы оқытылды, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысынан - 5 психиатр. 
Пилоттық 4 ауданда кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы  суицидке ұмтылу жағдайларына эпидемиологиялық бақылау жүргізуге бағытталған оқыту жүргізілді. Барлығы психоневрологиялық диспансерлердің 11 маманы оқытылды (аудандық психиатрлар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер).  
ШҚО балалардың құқықтарын қорғау депертаменті жастар мен кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша (ЮНИСЕФ) БҰҰ Балалар қорының және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің жобасы  Шығыс Қазақстан облысында суициалды мінез-құлықтың азаюына ықпал етеді деп санайды.

Балаға мейірімді қалалардың ІІІ республикалық форумы туралы баспасөз хабарламасы

010000, Астана қаласы,
Орынбор көшесі, № 8-үй,
11-кіреберіс,
тел:(7172) 74-24-14 www.edu.gov.kz


2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2012 жылғы 18 мамырда Алматы қаласында балаға мейірімді қалалардың ІІІ республикалық форумын өткізуді жоспарлап отыр.
Аталған іс-шараның мақсаты перспективті балалық шаққа жағдай жасау үшін ынтымақтастық стратегиясын анықтау, қаланың барлық маңызды тіршілік саласында балаларға сапалы қызмет көрсету бойынша күш-жігерін үйлестіру, қоғамдық ұйымдарға, еріктілер бірлестіктеріне, балалар мен жастар мәслихатына қатысу арқылы балалар мен жастарды әлеуметтік бейімдеу болып табылады.
Форум жұмысына 70 адам - балаға мейірімді қалалар әкімдерінің орынбасарлары, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің директорлары, педагогтар, балалар және жасөспірімдер ұйымдарының көшбасшылары және БАҚ өкілдері қатысады.
Форум қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданады.
Келесі күні, 19 мамырда  БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының халықаралық консультанты, «Балаға мейірімді қала» бастамасын енгізу  саласында 17-жылдық тәжірибесі бар Батыс Сидней Университетінің профессоры Карен Малоун өткізетін «Балаға мейірімді қалалардың аккредитеуге дайындығы» атты оқыту семинары ұйымдастырылады. Бұл семинарда балаға мейірімді қалалардың әкімдігі және балалар құқықтарын қорғау департаменттерінің мамандары қатысады.
Оқыту семинарының мақсаты - балаға мейірімді қала ретінде аккредитациялау үшін құжаттар пакетін дайындау бойынша әкімдіктер және балалардың құқықтарын қорғау департаменттері өкілдерін оқыту. 


БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Джон Кукито Өскемен қаласында

2012 жылдың 15 мамыры күні БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Джон Кукито Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Б. Көшербаевпен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы жоспарға қол қойды.
                               
Ынтымақтастықтың басты мақсаты халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен мүдделерін барынша тиімді қорғау үшін жетілдірілген әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жоспарлау, іске асыру, мониторинг жүргізу және бағалау мақсатында жергілікті атқарушы билік өкілдерінің әлеуетін арттыру.
                               
Кездесу барысында Абай, Аягөз, Зырян, Катонқарағай аудандарында және Риддер қаласында жастарға арналған ресурс орталықтарының жұмысы жоспарланып отырғаны туралы әңгіме қозғалды. 
БҰҰ Балалар (ЮНИСЕФ)  қорымен тығыз ынтымақтастық Шығыс Қазақстан облысында «Балаға мейірімді қала» жобасын ары қарай дамытуға, балалар жағдайын түпкілікті зерделеуге, оған қоса өмір сапасын арттыру және әлеуметтік теңсіздік мәселелерін шешуге себін тигізеді деп күтілуде. 

«Астана – балаға мейірімді қала» жалпы қалалық стратегиялық жоспары аясында өткен  «Заман талабына сай балалар оқуын ізгілендіру» 

  2012 жылдың 20 сәуiрi күні «Астана – балаға мейірімді қала» жалпы қалалық стратегиялық жоспары аясында Астана қаласы "Орталықтандырылған кiтапханалық жүйе" мемлекеттiк мекемесі Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп «Заман талабына сай балалар оқуын ізгілендіру» атты тәжірибе - семинарын ұйымдастырып, №4  балалар кiтапханасында өткiздi.
Семинар  жұмысында Астана қаласының қалалық көпшілік кітапханалары, балалар кiтапханалары қызметкерлерi және балалармен жұмыс iстейтiн мекемелiк кiтапханалардың 40 қызметкерi ат салысты. 
Семинардың мақсаты – балалардың кiтапқа деген қызығушылықтарын және сүйсіпеншіліктерін дамыту, оқуды көтермелеу, оқуды ілгерлету, кiтаппен қатынастық мәдениетiн сақтау;  балаларды көркем мәтiндi тыңдап түсiнуге үйрету.
Оқырманның тартымды бейнесін фотосурет арқылы бейнелеу және әлемге бала көзiмен қарау мақсатында «Оқушы адам» фотокөрмесі және «Әлем балалар көзімен» балалар өнері көрмесі  ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастық өкілеті С.Ф.Петрова ресейлiк баспалардың кiтаптарын Астана қаласы "Орталықтандырылған кiтапханалық жүйе" мемлекеттiк мекемесінің кiтапханаларына сыйға тапсырды. Астаналық кiтапханалардың кiтап қорлары балаларға арналған жаңа шығарымдармен, көркем туындылармен толықтырылды.
Астана қаласы Балаларды қорғау департаментінің бөлім бастығы  Ә.Б.Смағұлова өз сөзінде оқу және кiтап - кез келген өркениеттер мәдениетiнiң ең маңызды қазынасын әрдайым құрайтыны туралы айтты. Бүгiнгі көрсетілген фотокөрме және балалар өнері туындылары қоғамдық  қызығушылық тудырып қана қоймады, сонымен қатар оқу және кiтап  мәртебесін көтередi. Балалар – бұл әртүрлі материалдардан керемет әсерлі қолөнер туындыларын  жасап шығаратын шығармашыл және позитивті халық – дей келе қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.
Астана қаласы "Орталықтандырылған кiтапханалық жүйе" мемлекеттiк мекеменiң кiтапханаларының директоры С.Б.Медеубеков Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастық өкіліне және Балалардың құқықтарын қорғау департаментіне қазіргі заманға қарай балалар оқуын және кітапты  ілгерлетуде көп жылдар бiрлесіп еңбек етіп келе жатқаны үшін алғысын білдірді.
Семинар барысында №3 балалар кітапханасының аға кітапханашысы Кусаинова О. В «Ересек  мектеп жасындағы   балаларда көркем әдебиеттi оқу дағдыларын дамыту»; №2 балалар кітапханасының аға  кітапханашысы    Руденко Г. В. «Көркем сөздi  ілгерлету  бойынша  жұмыстың  дәстүрлi  емес  түрлері»;  №11 көпшілік кітапхана меңгерушісі Ахметова Н. Х. «Кітапхана мектеп өмірінде» атты жұмыстары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
№8 балалар кітапханасы меңгерушісі Литвинчук С.В. ақпараттық біліктілік, сауаттылық, бiлiм, жалпы мәдениет мәселелерi туралы және жеке алғанда  оқу мәдениеті сұрақтары «Оқу оқырман тұлғаның рухани және парасатты  дамуына қажетті құрал ретінде» еңбегінде талқыланды.
№8 көпшілік кітапхана меңгерушісі  Амренова Дәметкен Шаяхметқызы   бұл кiтапхананың оқырмандары болып табылатын паналау үйі  балаларымен жұмыс жүргізу тәжiрибесiмен алмасты.
Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Наренова А. Т. өзінің балалармен жұмыс істеу барысында  дайындаған жинақтары, жетістіктерімен бөлісе отырып, қазiргi заман ағымды басылымдары ішінен кiшкентай балаларға ең жарқынды, қызықты шығармаларды табу, балалармен жұмыс істейтін кітапхана жұмысының ең басты міндеттерінің бірі, және бұл орайда оларға жинақталған үлкен тәжiрибе және бiлiмдері  көмектесетіндігіне тоқталды.
Семинар соңында қатысушылар Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасының аға кітапханашысы Погоржельская Н. С. дайындаған «Балалар кiтапханасындағы қуыршақ театрының» тартымды және мазмұнды қойылымын тамашалады.

БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері Өскемен қаласында

Шығыс Қазақстан, оның ішінде Өскемен қаласы Қазақстанда алғашқылардың бірі болып «Балаға мейірімді қалалар» атты халықаралық жобаның бастамасын қолдап, қосылған еді. Қазіргі күні еліміздің бірқатар қалалары балаға мейірімді қалалар қатарына жатады, оның ішінде Семей, Астана, Павлодар, Сарань, Ақсу және т.б. 2012 жылдың 9 - 13-ші сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысында ЮНИСЕФ өкілдері болып қайтты. Келу мақсаты: 2011 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы біріккен бағдарламалардың жүзеге асу барысына баға беру, 2012 жылға арналған жоспардың тұсау кесері, Өскемен, Семей қалаларындағы және Жарма ауданындағы Ауэзов, Шалобай ауылдарындағы ЮНИСЕФ-тің серіктестерімен техникалық мәселелерді талқылау, Абай, Аягөз, Зырян, Катонқарағай аудандарында және Риддер қаласында жастарға арналған ресурс орталықтарының жұмысын жоспарлау.
Өскемен қаласында ЮНИСЕФ өкілдері Шығыс Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау, ішкі істер, төтенше жағдай, статистика департаменттерінің, білім, ішкі саясат басқармаларының өкілдерімен, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Семей Медициналық университетінің, Семей Мемлекеттік педагогикалық институтының және облыстың қала, аудан әкімдіктерінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында облыстағы бала құқығын қорғау, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелері, сонымен қатар, 2012 жылға арналған жұмыс Жоспары талқыланды.
(ЮНИСЕФ) БҰҰ Балалар қорымен тығыз ынтымақтастық Шығыс Қазақстан облысында «Балаға мейірімді қала» жобасын ары қарай дамытуға, балалар жағдайын түпкілікті зерделеуге, оған қоса өмір сапасын арттыру және әлеуметтік теңсіздік мәселелерін шешуге себін тигізеді деп күтілуде. 

Шымкент – балаға мейірімді қала

 2012 жылдың 5 наурыз күні ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Ғ.Жүсіпова және Шымкент қаласының әкімі А.Жетпісбай  «Шымкент – балаға мейірімді қала» жобасының меморандумға қол қойды.

БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері Өскемен қаласында

Шығыс Қазақстан облысы төртінші жыл қатарынан БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) тығыз ынтымақтастықта.
2012 жылдың 12-15 ақпаны аралығында Өскемен қаласына сараптық  іс-сапармен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері мен халықаралық кеңесшілері балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструкивтік мінез құлықтың алдын алу мәселелері бойынша келіп қайтты. Олар:
Марко Саркьяпоне – ЮНИСЕФ-тің халықаралық кеңесшісі. Оның клиникалық мол іс тәжірибелі еңбегі бар, «Еуропа жастарының өмірін сақтау және олардың өмір сапасын арттыру»-SEYLE, «Жастар арасындағы бос жүрудің алдын алу бойынша Еуропадағы жұмыстар»-WE-STAY атты жасөспірімдермен, оқушылармен жұмыс атқаруға бағытталған европалық жобалардың жетекшісі. Аталған жобалар Еуропадағы жастар арасындағы суицидке әкеліп соқтыратын дұрыс өмір сүрмеу салдарының алдын алуға бағытталған. 
                            
Скляр Сергей Владимирович, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің психиатрия, психотерапия және наркологиялық Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталықтың аға ғылыми жетекшісі.
Ядранка Мимица - ЮНИСЕФ-тің АИЖ мәселелерінің Орталық Азия елдері бойынша кеңесшісі. 
Келу мақсаты: облыстағы кәмелетке толмағандар арасындағы суицидалды мінез құлықтың алдын алу бойынша жағдаймен танысу. Іс-қимыл алгоритмі, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидалды мінез құлықтың алдын алу жұмысына кімдер қатысады, қандай мәселелер әсіресе қиындық туғызады. 
Келу барысында ЮНИСЕФ өкілдері ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, білім, денсаулық сақтау басқармаларының және ШҚО ішкі істер департаментінің өкілдерімен кездесті. Өскемен қаласының Балалықты және отбасын қолдау орталығына барып, Өскемен қаласы білім бөлімінің балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу бойынша атқарып жүрген жұмысымен танысты. Облыстық психоневрологиялық диспансердің дәрігерлерімен кездесіп қайтты.
Іс-тәжірибе алмасу мақсатында ЮНИСЕФ-тің халықаралық кеңесшісі, Молис Университетінің профессоры (Италия) Марко Саркьяпоненің мектеп психологтарына, әлеуметтік педагогтарға, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ұстаздары мен студенттеріне және облыстық психоневрологиялық диспансердің дәрігерлеріне арналған «Балалар мен жасөспірімдердің арасында суицидтің алдын алудағы үздік тәжірибелер мен негізгі қағидаттары» атты мастер-класы ұйымдастырылды.
                                 
Балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмысына халықаралық сарапшыларды жұмылдыру – Қазақстанның басқа да өңірлеріне жақсы үлгі болып табылады. ЮНИСЕФ өкілдері жергілікті атқарушы органдардың балалар өмірінің сапасын арттырудағы атқарылып жатқан жұмыстарының жағымды жақтарын атап өтті, ал шығысқазақстандықтар өз ретінде ЮНИСЕФ өкілдеріне көрсетілген сараптамалық көмектеріне ризашылықтарын білдірді. 

2011 жылдың 19 қарашасында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің базасында  (Шевченко,95) ЮНИСЕФтің «Балаға мейірімді қала» жобасының аясында Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Алмалы ауданы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, Халықаралық Балалар күніне арналған «Балалар үшін әріптестік» балаларға әлеуметтік қызмет көрсету жәрмеңкесін өткізілді.

                               

Іс шарада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымы Р.Шер, қалалық құрылымдар өкілдері, ҚР ҒжБМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы республикалық ҮЕҰ Кеңесі мүшелері (А.Хайрулина, Г.Хәкімжанова, Н.Балабаева, Е.Колмогорова), балалармен, соның ішінде мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдар басшылары, балалар мен жастарға арналған демалыс орталықтары, спорт бірлестіктері, жастарға арналған клубтартары, психологтар, қалалық мектеп оқушылары мен  ата-аналар комитетінің белсенділері және т.б. қатысты.

                               

Әлеуметтік қызмет көрсету жәрмеңкесінің басты мақсаттарының бірі- Алматы қаласының отбасылары мен балалары үшін әлеуметтік қызметтің кешенді жүйесін қалыптастыру және Балалардың құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес әрбір баланың білім алуы және әлеуметтік қамтамасыз етілуіне тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету саясатын жүзеге асыруда мемлекеттік мекемелердің, азаматтық қоғамның және халықаралық ұйымдардың ынтымақтастығы мен әлеуметтік әріптестігін нығайтуды қалыптастыру.
Әлеуметтік қызмет көрсету жәрмеңкесінің ашылуы салтанатты түрде өтті, онда  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымы Р.Шер, Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры С. Бекетаева, «Нұр Отан» ХДП Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Бретенков,  ҮЕҰ Кеңесі атынан – ақпараттық-ресурстық орталығының директоры А.Көбеева сөз сөйледі, сондай-ақ балалар шығармашылық ұжымдары өз өнерін көрсетті.
Жәрмеңкеде балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда нақты жұмыстар жүргізетін  қалалық мемлекеттік билік органдарының  жұмыстары көрсетіліп,  сондай-ақ ҮЕҰ-ның республиканың тәуелсіздік жылдарындағы тәжірибелері мен жетістіктері аталды. Жәрмеңкеге 14 мемлекеттік ұйымдардың өкілдері және 34 мемлекеттік емес ұйымдар қатысты, барлығы – 48 ұйым. 

                               

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аясында «Алматы қаласының азаматтық альянсы» ЗТБ барлық ниет білдірушілер үшін ақысыз құттықтау ашық хатттарды жеткізу бойынша «Елім, құттықтаймын!» промакциясы ұйымдастырды.
Шаралар барысында әлеуметтік роликтер көрсетілді,балаларды отбасында тәрбиелеу жөнінде ата-аналар  үшін дәрістер ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге 800- ден астам адам қатысты.
Шараның соңында жәрмеңке қорытындысы шығарылды, сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын қарсы алу  қарсаңында Департамент директоры балалар мүддесі үшін ынтымақтастық сабақтастығы, балалар мен отбасы мәселелері жөніндегі әлеуметтік маңызды жобалары үшін алғыс хаттар мен  сыйлықтар табыс етілді.
«Алматы Ақшамы», «Қазақстан оқушысы, «Вечерний Алматы»,  «Дружные  ребята» » газеттері ақпараттық қолдау көрсетті.


«Бала және қала: үйлесімді даму жолында» балаға мейірімді қалалардың II Республикалық Форумы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын және Халықаралық балалар күнін мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында 2011 жылғы 18-19 мамырда «Бала және қала: үйлесімді даму жолы» балаларға мейірімді қалалардың II Республикалық Форумы өтті. Оның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласының әкімдіктері.
Форумның негізгі мақсаты қала инфрақұрылымдарында балалардың қауіпсіз және жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуге, балаларды қоғамдық маңызы бар қызметке тартуға және олардың патриотизмі мен азаматтық ұстанымын дамыту болды.
Өскемен қаласы II Республикалық Форумның қатысушыларын, балаға мейірімді болуға міндет алған - жоғары мәртебелі қонақтарды жоғары деңгейде қарсы алды, өйткені Өскемен қаласы алғашқылардың бірі болып ЮНИСЕФ-тің «Балаға мейірімді қалалар» атты бастамасына қолдау көрсетті.
Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), Қазақстан Республикасының балаға мейірімді қалаларының жергілікті атқарушы органдарының, "Бөбек" Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің, балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының директорларының, Республикалық кеңес мүшелері және де Ресей Федерациясы Пермь облысының қонақтары қатысты.
Қала қонақтары облыс орталығының көрнекті жерлерімен танысты, біздің облыстың балалары ғана емес және де Қазақстанның басқа да қалаларының 150-ден аса балалар қолөнері мен суреттері орналасқан «Біздің қала- әр бала үшін» көрмесіне және білім ұйымдарыныңнысандарына, спорт алаңдарына және т.б. көріп қайтты.

 

Форум Өскемен қаласының Балалар шығармашылық үйінің «Біздің қала - әр бала үшін» атты мерекелік сәлемімен басталды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М. Сапарбаев Форумға қатысушыларды қарсы алып, Шығыс Қазақстан облысы жаңа бағыттарды және бала мен отбасын қорғауға арналған жобаларды қолдауды жалғастыратынын атап өтті.
Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р.П. Шер өз сөзінде балаға мейірімді қалалар халықаралық бастаманы іске асыруда барлық мүдделі органдардың негізгі мақсаты балалық шақ болашағының жағдайларын жасау үшін ынтымақтастық стратегиясын анықтау, қаланың тіршілік әрекетінің барлық маңызды салаларында балаларға сапалы қызметтер көрсету бойынша жұмысты үйлестіру екенін атап өтті. БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Радослав Жехак өз сөзінде, егер қала балаларға мейірімді болса, ол барлығына да мейірімді деп өз ойын білдірді.
Форумның ең маңызды кезеңі балалар мен жастардың қатысып, облыс әкімімен сөз алмастыруы, пікір таласуы және Қазақстан мен Ресей жастар ұйымдарының рәміздерімен алмасуы. «Көшбасшылар ғаламшары» қалалық мектебінің мүшесі, №1 ОМ 10 сынып оқушысы Қинаятов Еркебулан балаға мейірімді қаланың құрылу негізі туралы айтып өтті, ал «Әлемнің мейірімді балалары» Пермь аймақтық бөлімі халықаралық балалар қоғамдық қозғалысының президенті - Мария Кощеева өз қаласындағы балалар ұйымы жұмысымен таныстырып өтті. Жастар өз ұйымдарының рәміздерімен алмасты. Өскемен қаласының әкімі И.А. Әбішев Өскемен қаласының 2009-2014 жылдарына арналған әлеуметтік-экономикалық стратегиясының дамуына тоқтап өтіп, қаланың болашағы сенімді жастар қолында екенін білдірді.
Отырыс үзілісінде қатысушы делегаттар өз пікірлерімен және әсерлерімен алмасып, облыс газеттері мен теледидарларына өз сұхбаттарын берді. Мысалы, Қарағанды және Қызылорда облыстарының балалар құқтарын қорғау департаменттерінің директорлары Шығыс Қазақстандықтардың тәжірибесі қазіргі уақытта қызықты ғана емес, сонымен қатар өзекті болып табылатынын, өйткені 14 қала осы жоба бойынша жұмыс істейтінін атап өтті, ал Жамбыл қаласы директорлар кеңесінің мүшесі келесі балаға мейірімді қала 15-ші болып міндетті түрде Тараз қаласы болатынын айтты.
Жалпы алғанда, Форумға қатысушылар бір сөзбен, аталған жоба әлі де біздің балалар, жасөспірімдер және жастар өміріне көптеген қызықты жаңалықтарды енгізетінін, өз құқықтарын жүзеге асыруға қосымша мүмкіндік беретінін, басқа облыс өкілдеріне Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласында балаларды қорғау және олардың құқықтарын сақтауға бағытталған саясаттың қалай іске асып және ондағы балалардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын көруге мүмкіндік бергенін айқын атап өтті.

 

Форумға қатысушылар Форум ұйымдастырушыларына - облыс және Өскемен қаласының әкімдіктеріне, ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментіне өз алғыстарын білдіріп, олардың арқасында балалар мүддесіне қатысты мәселелер жылдам және түсінікпен қаралатынын ерекше атап өтті.
Жұмыс қорытындысы бойынша Форум қатысушылары халықаралық бастаманы іске асырудың индикаторлары мен өлшемдерін талқыға салып, ұсынымдар қабылдады.

 


«Бала және қала: үйлесімді даму жолы» балаларға дос ниетті қалалардың республикалық форумына қатысушылардың ұсынымдары

«Бала және қала: үйлесімді даму жолы» балаларға дос ниетті қалалардың республикалық форумына қатысушылар «Балаға мейірімді қала» халықаралық бастаманы іске асыру бойынша республикада жүйелі және дәйекті түрде жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылында Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басты басымдықтарының бірі балалардың сапалы өмір сүруін қамтамасыз етуі болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстан бала құқығы саласында негізгі халықаралық құжаттарға қосылды, осы арқылы балалардың заңды мүдделері мен құқығын қорғау беріктілігіне кепілдік беретін құқықтық, демократиялық, зайырлы мемлекет құру жолындағы ниетін дәлелдеді.
«Балаға мейірімді қала» халықаралық бастамасын іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық, халықты әлеуметтік қорғау саласында әртүрлі маңызды іс-шаралар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасында балалардың сапалы өмірін қамтамасыз ету саласындағы қолжеткізген ілгерлеушілікті мойындай отырып, сонымен бірге балалық шақты қорғауда әлі де талай жұмыс істеу қажеттілігін түсіне отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы елімізде аналық және балалық шақты қорғау үшін жағдай жасауға, әл-ауқатты жақсартуға және  халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған  бастамаларын қолдай отырып, «Бала және қала: үйлесімді даму жолы» балаларға дос ниетті қалалардың республикалық форумына қатысушылары мынадай ұсынымдар жасауды қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасының барлық балаға мейірімді қалаларына:
- шалғай және ауылдық аудандарға ерекше көңіл аудара отырып, үкіметтік емес ұйымдар мен және басқада мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастықта балалардың құқықтарын және өмірлік мүдделерін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру;
- келешегі мол балалық шақ үшін жағдай жасау ісінде ҮЕҰ-мен және азаматтық қоғаммен өзара байланыс пен ынтымақтастықты жандандыру бойынша жұмысты жалғастыру;
- балаларды кемсітудің барлық нысандарына қарсы күрес жөнінде өз іс-қимылын нығайту бойынша жұмысты жалғастыру;
- әлсіз балаларға ерекше көңіл аудара отырып, балаларға тікелей немесе жанама қатысы бар барлық заңнамалық актілер мен жобаларда, бағдарламаларда және қызмет көрсетуде баланың мүдделерін қамтамасыз етуде жалпы принциптерді жүзеге асыру бойынша өздерінің күш-жігерін жандандыру;
- балаларға қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдау процесіне оларды белсенді тартуға ықпал жасау;
- балаларды тең әріптес және тұлға, құқық иегері және белсенді азамат ретінде қабылдау;
- жетім балаларды отбасына орналастырудың баламалы нысанын дамыту бойынша жұмысты жалғастыру;
- отбасында, мектепте балалармен қатаң қарым-қатынасты болдырмау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандыруға жәрдем көрсету, № 150 Ұлттық ақысыз телефон желісінің одан әрі жұмыс жасауына ықпал ету;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға интеграциялау бойынша кешенді іс-шараларды қамтамасыз ету, инклюзивті білім беру жүйесін құру;
- аналық және балалық шақты атаулы әлеуметтік қолдауға мүмкіндік туғызу;
- өмірлік жағдайға тап болған балаларды әлеуметтік оңалту, бейімдеу, алдын алу тетігін құруға мүмкіндік жасау   және оларды панасыздықтан қорғау;
- өмірлік жағдайға тап болған балаларға уақытылы көмек көрсету  және отбасылық қолайсыздықты ерте анықтау жүйесін қалыптастыру және оның дамуына ықпал жасау;
- балалық шақты қорғау мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өткізіп жатқан іс-шараларына белсенді ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуге ықпал ету;
- ауылдық жерге ерекше көңіл аудара отырып, тұрғылықты мекені бойынша балалар-жасөспірімдер, жеткіншек клубтары, спорттық алаңдар және құрылыстар жүйесін дамытуға ықпал ету;
- балалар мүддесіне жұмсалатын бюджеттік қаражатқа талдау жасау және қажетті қаражатты қамтамасыз ету.


Қазақстан Республикасында балаларға мейірімді қалаларды серфикаттаудың негізгі өлшемдері


ШҚО әкімдігі мен БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімін жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы

2011 жылдың 23 ақпанында облыстық әкімдіктің ғимаратында ведомствоаралық жұмыс тобының, (ЮНИСЕФ) БҰҰ Балалар қорының кеңесшілерінің қатысуымен, облыстық әкімдік пен балалардың құқықтарын қорғау департаментімен ұйымдастырылған кезекті отырысы өткізілді.
Мақсаты: Келісімді жүзеге асырудаға 2010 жылғы ынтымақтастығының барлық бағыттағы жетістігіне баға беру, 2009-2010 жылдарға арналған іс-шара жоспарының жүзеге асуын қорытындылау.
Отырысқа ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Шығыс Қазақстан облысының білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, ішкі саясат, экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары мен Өскемен, Семей қалалары әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
Отырыс жұмысында Семей қаласындағы «Балаға мейірімді қала» жобасының жүзеге асуы, қорғаншылық және қамқорлық органдарындағы жағдай туралы, «Ана және бала орталығында» аналар мен балаларға көрсетілетін медициналық қызмет туралы мәселелер талқыланды. БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) кеңесшілері Келісімнің қорытындысы бойынша тұсау кесер ұсынды.


Қазақстан Республикасының балаларға мейірімді қалаларының I Саммиті қатысушыларына арналған ұсынымдар


Қазақстан Республикасының балаларға мейірімді қалаларының I Саммиті

2010 жылғы 19-20 қарашада Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен ЮНИСЕФ балалар қоры төрағалығының және Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының балаларға мейірімді қалаларының I Саммиті өтті. Іс-шараға жобаның қатысушылары - Қазақстан қалалары әкімдерінің орынбасарлары, аймақтық балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің директорлары, Павлодар облысы мемлекеттік органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ қатысты. Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әлия Қайратқызы Ғалымова Саммитті ашты. Бүгінгі күні жер бетінде ЮНИСЕФ балалар жобасына қатысатын 857 қала бар. Олардың ішінде Қазақстан аумағында он қала, соның үшеуі – Павлодар облысында.
- Бұл өте жақсы бастама – деп Әлия Қайратқызы өз пікірін білдірді, - менің ойымша оны біздің республикамыздың барлық қалалары – кішісі де, үлкені де қолдауы керек. Тіпті, жобаға ауылдар да қатыса алады. Успенка ауданының Галицкое ауылының тұрғындары бұны дәлелдеді.
«Балаға мейірімді қала» бағдарламасы жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырудан және балалар ойын алаңшасын жабдықтау мен өнерпаз балалардың толыққанды дамуы үшін арнайы әлеуметтік объектілерді құрылысын жоспарлау кезінде балалар мен жасөспірімдердің ҮЕҰ пікірін ескеруден бастап тұтас іс-шаралар кешенін көздейді.
Осының барлығы ортақ мақсат үшін – бұл жасөспірімдік инфрақұрылымда балалардың жайлы және қауіпсіз өмір сүруі үшін жағымды жағдай жасауды қамтамасыз ету, оларды белсенді, қоғамдық маңызы бар іске еліктіру, әр баланың азаматтық әлеуетін дамыту. Оны қалай дұрыс жасауға болады? Осы сұраққа жауапты іс-шараны ұйымдастырушылар Саммитті өткізу барысында анықтауды жоспарлады. Өйткені оның әр қатысушысында осы жағдайға қатысты нақты бір жиған-тергендері бар, олар онымен бөлісе алады.
Егер тәжірибе алмасу жөнінде айтатын болсақ Қазақстан Республикасының балаларға мейірімді қалаларының Бірінші Саммиті – бұл дегеніміз идеалды диалог алаңы – деді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер – Бұл қаладағы балалардың өмірі сапасының әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндігі.
Павлодар облысында шынында да «ең бастысы - балаларға» деген ЮНИСЕФ-тің басты қағидасына сәйкес өте көп іс атқарылуда. Жыл ішінде (халықаралық бастама аймақта өткен жылдан бастап жүзеге асырылуда) облыстың әр елдімекені, әр мектеп және емхана балаға мейірімді болуы үшін жағымды үрдіс басталды.
Самиттің бағдарламасы екі күнге жоспарланған. Ресми бөлімі аяқталған соң жобаға қатысушылар Павлодар қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған объектілерді аралады, онда халықаралық бастама табысты іске асуда. 20-шы қараша, Халықаралық Бала құқығы күні Саммитке қатысушыларды балаға мейірімді Ақсу қаласы және Галицкое ауылы қабылдады. Барлық объектілерде балалардың – Саммитке қатысушылардың дауыстары белсенді шықты: диалог алаңы барысында балаға мейірімді мектеп құру идеясын Павлодар қаласының № 14 ЖОМ оқушысы ұсынды. Болашақтың мектебін құру жобасы Саммит қатысушыларымен мақұлданды.
Павлодар қаласына қайтып оралған қатысушыларға Қазақстандағы АҚШ Бейбітшілік Корпусының бағдарламалық басшысы – Айнұр Әбсеметовамен және «Қазақстандағы Азаматтық Альянс» ОЮЛ волонтерлік бағдарламаларының директоры Вера Киммен Қазақстан Республикасында волонтерлікті дамыту жөнінде семинар-тренинг ұсынылды. Қалаларда және елдімекендерде волонтерлік әлеуметтік саланы дамыту үшін болшағы бар және толық зерттелмеген қор болып табылатындықтан семинар Самиттің қатысушыларына үлкен пайдасын тигізді.
Саммитің ұсынымдарын талқылау барысында Павлодар қаласының № 9 ЖОМ омбудсманы Жұмашев Санжардың балалық шаққа тікелей қатысты мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде балалардың қатысуы туралы ұсынысы жасалды. Ұсыныс Саммиттің қатысушыларымен қабыл алынды және ұсынымдар тізіміне енгізілді.
Саммиттің қатысушылары бүкіл қазақстан қалаларының әкімдеріне Павлодар облысының тәжірибесін үлгіге алып, алпуыт халықаралық бағдарламаға қосылуға өтініш жасауға ниет білдіруде. 

 


БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорымен бірлесіп «Балаларға мейірімді қала!» халықаралық бастама іске асырылуда

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аймақтардағы органдарымен Алматы, Сарань, Қарағандының Сәтпаев, Шығыс Қазақстанның Семей, Өскемен, Павлодардың, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Батыс Қазақстанның Ақсай, Қызылорданың Қызылорда қалаларының әкімдіктерімен 10 меморандумға қол қойылды.
Нәтижесінде: Өскемен қаласында отбасы және балаларды қолдау орталығы, Сатпаев қаласында - мәдени-сауықтыру және спорт орталығы ашылды, қала тұрғындарының бастамасымен қалалық аға кеңесі жұмыс істей бастады. Сарань қаласында Проблемалы орталықтар жұмыс істейді, топпен айналысу үшін арнайы жабдықталған бөлмелермен және балаларға тасымалдау ұйымдастырылған, инклюзивті білім бағдарламалары дайындалды. Ақсу қаласында «Жас қанат», балалардың қаладағы қоғалыстарын біріктіретін балалар-жасөспірімдер бірлестігі бар. «Нұр Отан» ХДП Ақсу филиалында Жастар маслихатының бастамасымен құрылған «Жас Отан» жастар қанатыжұмыс атқарады.
«Балаларға мейірімді қала» бастамасын іске асыру бойынша жинақтау және жүйелі тәжірибесі бар зерделеудің қажеттілігіне байланысты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорымен бірлесіп республиканың аймақтарында семинар-тренигтер өткізіледі.

 


«Балаға мейірімді қала» жобасымен өзара әрекеттесу және оны енгізу қадамдары" атты интерактивті семинары

«Балаға мейірімді қала» жобасын іске асыру мәселелері бойынша тәжірибелермен алмасу, аталған бастаманы тарату мақсатында 2010 жылдың 20 мамырында «Балаға мейірімді қала» жобасымен өзара әрекеттесу және оны енгізу қадамдары" атты интерактивті семинар өтті.
Ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті.
ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, Өскемен қаласының Отбасын және балалықты қолдау орталығының өкілдері және білім беру ұйымдарының оқушылары аталған шараға белсене қатысты.
Шығыс Қазақстан облысынан «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру бойынша тәжірибемен алмасу мақсатында Отбасын және балалықты қолдау орталығының директоры Свелана Юрьевна Иваненко сөйледі. Олар Өскемен қаласында аталған жобаның үйлестірушісі болып табылады.
«Балаға мейірімді қала» атты жобаны жүзеге асыру барысының талдауы балалар мен жасөспірімдерге қатысты проблемалық сұрақтарының саны баршылық екендігін көрсетеді. Дегенмен басталған жұмыс пайда болған мәселелердің кезең-кезеңімен шешуінің жаңа мүмкіншіліктері мен болашағын ашады.

 


Балаға мейірімді қала

«Балаға мейірімді қала» - Халықаралық бастамасы – балалар мен барлық азаматтардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік жасайтын стратегия. Балаға мейірімді қала, балалар құқығы туралы Конвенцияны толық жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
«Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша тәжірибелермен алмасуға жағдай жасау, жобаның идеясын тарату мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жоспары бойынша Қарағанды облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Балаға мейірімді қала» жобасын енгізу жолдары мен өзара қарым-қатынас ету қадамдары» интерактивті ақпараттық-пікірталас семинары өткізілді. 2010 жылдың 20 мамырында Қарағанды қаласының №38 гимназия базасында он-лайн режимінде өткен семинарда келесі тақырыптар талқыланды:
1.Жобаны жүзеге асыру механизмдері (жобаны енгізуге және жүзеге асыруға байланысты проблемаларды талқылау).
2.Жобаны енгізу қызметінің аспектілері
- Жобаны жүзеге асыруға барлық халықты тарту
- Жобаны жүзеге асыруға әсер ететін қалалар мен аудандардың ерекшеліктері
3.Балалардың қоғам өміріне қатысуы
4.Жобаны жүзеге асыру проблемалары мен олардың шешу жолдары.
Семинар жұмысына ЮНИСЕФ-тің және осы жобаны жүзеге асыру бойынша республикалық сынақ алаңдары болып табылатын қалалардың әкім аппаратының өкілдері қатысты (Қарағанды облысынан Саран және Сәтбаев қалалары, Павлодар, Өскемен, Семей, Алматы, Павлодар облысының Ақсу қалалары).
Қатысушыларға Қарағанды облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры И.Б. Киселеваның және адамды адамгершілік-рухани дамыту бөлімінің бас маманы Н.И. Королева біздің аймақтағы балалардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру қызметі туралы баяндамаларын ұсынды. Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мадиеваның, Саран қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Л.А. Насырованың, Өскемен қаласының отбасын қолдау орталығының директоры С. Ю. Иваненконың баяндамаларында өз қалаларында «Балаға мейірімді қала» жобасын енгізудің кезеңдері қалай жүріп жатқандығы туралы, үйлестірушілердің алдында қандай проблемалар болды, олар оны қандай жолмен шешті, осы бастаманы жүзеге асыру уақытында қандай жетістіктерге қол жеткізгендері туралы айтылды.
Әлемнің 1000-ға тарта мемлекеті балалар мүддесіне бағытталған саясатты «Балаға мейірімді қала» жобасы арқылы жүзеге асыруда, және жобаға қатысты мақұлдау әдістері, белгілі технологиялар мен ережелер шығарылды, анық стандарттар әзірленді. Осы қалаларда жобаны енгізу қалай жүзеге асырылды, жергілікті атқарушы органдар бірінші кезекте қандай мәселелерді шешті, бірінші жоспар қандай болды және жобаны жүзеге асыру механизмдері қандай екендігі туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының «Әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқарма» (ЮНИСЕФ) бағдарламаларының үйлестірушісі Фания Мусаева айтып берді.
Жобаны жүзеге асырудың тиімді бір шарты балалардың қоғам өміріне қатысуы, балалардың мүдделерін қорғау мәселелерімен айналысатын балалардың бірлестіктерімен және ұйымдарымен өзара қызмет ету болып табылады. Осы туралы Павлодар қаласы білім бөлімінің басшысы З.К. Мукашева мен Саран қаласының Балалар маслихатының төрағасы Тағаев Ермектің баяндамасынан естіді.
Балаларға қолайлы әлем құру қаланың жергілікті атқарушы органдарының күшімен, нормативті құжаттардың қабылдануымен, әр-түрлі бағдарламаларды әзірлеумен ғана жүзеге аспайды, тиімді болу үшін балалардың тең құқықтығын әр тұрғын сезінуі тиіс.  

Сәтбаев қаласының әкелер кеңесінің төрағасы С.В. Дудников және Павлодар облысы Ақсу қаласының ата-аналар кеңесінің төрағасы Г.М. Тусупова балалар проблемасын шешуге ата-аналар қоғамын тарту және өз аймақтарында «Балаға мейірімді қала» жобасының идеясын жүзеге асыруда барлық азаматтардың қатысуының белсенді түрін дамыту тәжірибелерімен бөлісті.
Жобаны жүзеге асыру процессі өмір сапасын арттыруға бағытталған бағдарламалармен қатар жүзеге асырылады. Осындай тәжірибемен Алматы қаласы Алмалы ауданы білім бөлімінің басшысы Р.Д. Оразалиева мен Қарағанды қаласы білім бөлімінің тәрбие және әлеуметтендіре секторының басшысы Б.С. Нұртаева бөлісті, сонымен қатар барлық қатысушыларға «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру үшін барлық тұрғылықты жерлерде қомақты қаражатты қажет ететін, кадрларды қайта даярлау мен оқыту мәселелері қызықты болды.
Қатысушылардың баяндамаларында жобаны жүзеге асыру процессінде қандай пролемалармен кездескендері туралы айтылды, және семинарды ұйымдастырушылармен оларды шешу жолдары ұсынылды. Семинар интерактивті дауыс берумен аяқталды, қатысушылар «Сіз өз ауданыңызда немесе қалаңызда «Балаға мейірімді қала» жобасын енгізу мүмкін деп санайсыз ба?» сұрағына жауап берді. Дауыс бергендердің көбісі «иә, әр тұрғынның қатысуымен» деген жауапқа дауыс берді.
Семинар қатысушыларына электронды түрде ұсыныстар мен www.bala-zan.kz сайтындағы 2010 жылдың сәуір айында Мәскеу қаласында өткен Халықаралық конференцияның әдістемелік материалдары ұсынылды.
Интерактивті семинар жұмысына Республиканың әр аймағынан мемлекеттік органдардың мамандары, ата-аналар қоғамының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, өткізу уақытында 525 қосылу тіркелді.

  

 


Баспасөз - релизі
Оқиға: «Балаға мейірімді қала» жобасын енгізу жолдары мен өзара қарым-қатынас ету қадамдары» семинары

Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасы бойынша он-лайын режимінде «Балаға мейірімді қала» жобасын енгізу жолдары мен өзара қарым-қатынас ету қадамдары» республикалық семинарын өткізеді. Республикалық семинар 2010 жылдың 20 мамырда сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін Он-лайын режимінде өтеді деп жоспарлануда.
Семинардың мақсаты: «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша тәжірибелермен алмасуға жағдай жасау, жобаның идеясын тарату.
Семинардың форматы: интерактивті, ақпараттық-пікірталас.
Семинарда талқыланатын тақырыптар:
1. Жобаны жүзеге асыру механизмі (жобаны енгізуге байланысты проблемаларды талқылау, олардың шешу жолдарын табу).
2. Жобаны енгізу бойынша жұмыстың аспектілері.
- Жобаны жүзеге асыруға барлық халықты тарту
- Жобаны жүзеге асыруға әсер ететін қала/аудандардың ерекшеліктері
3. Балалардың қоғам өміріне қатысуы
4. Жобаны жүзеге асыру проблематикасы мен шешу жолдары.
Он-лайн тәртібінде өтетін семинарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Қарағанды облысы бойынша Қарағанды, Саран, Сәтбаев қалалары, Павлодар облысының Ақсу қаласы, Алматы қаласының Алмалы ауданы өз жұмыс тәжірибелерімен бөліседі.
Жұмыстың нәтижесі бойынша ұсыныстар қабылданады.
Семинарға қатысуға шақырамыз! 

 


Балалар үшін қызмет ету

2010 жылдың 12 – 17 сәуір аралығында біздің елімізге «Балаға мейірімді қала» бастамасы өрісіндегі сарапшы, ЮНИСЕФ кеңесшісі Элиана Риджио ханым және ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Ф. Мұсаева арнайы келді. Келу мақсаты аталған бастаманы қолдау және жүзеге асыруға кеңестік - техникалық көмек көрсету.
2010 жылдың 16 сәуірінде балалардың құқықтарын қорғау департаментінде кездесу болды, кездесуге ЮНИСЕФ, Қарағанды облысы әкімдігінің, департамент, Қарағанды және Сәтбаев қалалары әкімдігінің, Қарағанды қаласы білім бөлімінің өкілдері қатысты. Біздің облысымзда балалардың құқықтарын қорғауға қатысты не жасалып жатыр, балаларға қатысты мәселелерді шешуде қандай нәтижелерге қол жеткізілді, «Балаға мейірімді қала» жобасын үйлестірушілері алдында қандай проблемалар тұр – кездесуге қатысушылармен осы тақырыптар талқыланды. Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры И.Киселева және «Қарағанды облысы әкімдігінің аппараты» ММ бас маманы Г.К. Амирова Халықаралық жобаны Қарағанды облысында бастамаға алу және енгізу туралы айтып берді. Қарағанды қаласы білім бөлімінің басшысы Ж.О. Жылбаев Орбита 1-2 шағын ауданында сабақтан тыс уақытта балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша пилотты жобаны енгізу туралы презентациясын ұсынды.
Қатысушылар Саран қаласында «Балаға мейірбан мектеп» жобасын жүзеге асырушы «Балғын» балабақшасы мен №4 мектебінде болды. Балабақшада «Біз балабақшаны болашақта қалай көреміз» семинарына қатысты, семинарда ата-аналар мен педагогтар өз пікірлерін айтып қана қоймай, оны жүзеге асырудың қадамдарын анықтады.
Содан кейін қала активтерімен кездесу болды. «Саран – балаға мейірімді қала» жобасының жетекшісі, әлеуметтік мәселелер бойынша қала әкімінің орынбасары Л.Ким қалаға әлеуметтік-экономикалық сипат берді, халықаралық жобаға қатысу туралы шешімге қалай келгендері туралы, балалар проблемасын шешуде қол жеткізген жетістіктер туралы, жоспарлар мен болашағы туралы айтып берді.
БҰҰ Балалар қорының кеңесшісі Э.Риджио ханым Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау бойынша үлкен жұмыс атқарылып жатқандығын атап өтті. Жоба жүзеге асырылып жатқан, Еуропаның шағын қалаларында жұмыс осы құрылым бойынша жүзеге асуда, балалар мектеп және қала өміріне қатысуда. Балалармен жұмыс істегенде олардың үміті мен тілегін ескерген жөн. Э.Риджио жобаны ары қарай жүзеге асыру бойынша осы уақытқа дейін жиналған тәжірибені ескере отырып жоспар құру және проблемалық мәселелерді анықтау.
«Балаларға қолайлы әлем» құру – бұл балаларға мейірбан, әр баланың дамуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасайтын, балалардың өмір сапасын жақсартуға, сондай-ақ әр адамның өмір сапасын жақсартуға бағытталған қызмет түрлерін құру бойынша жергілікті деңгей және ұлттық бастамаларын жүзеге асыратын ұзақ процесс.  

  

 


13 сәуір 2010 жыл «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Үміт» балалар үйінде БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілдері – балалардың құқықтарын қорғау бағдарламасының жетекшісі басшысы Радослав Жехак пен «Балаға мейірімді қала» жобасы бастамасының сарапшысы Элиана Риджио (Италия) болып қайтты.
Кездесу барысында қонақтар тәрбиеленушілермен дөңгелек үстел басында сұхбаттасты. Қонақтар тәрбиеленушілердің өмірін, жағдайын қызықтап оларға балалар құқығы саласы бойынша, олардың болашақтағы, кәсіп таңдаулары туралы сұрақтар қойып өнімді әңгіме өткізді. Бұл кездесу қонақтардың да, балалардың да жүрегінде үлкен әсер қалдырды. Қонақтар «Жас заңгер» құқықтық үйірмесі, ШҚМУ заң факультетінің студенттері түсірген бала құқығы бойынша бейнероликті, тәрбиеленушілердің шағын концертін тамашалады.

  

 


ШҚО әкімдігі мен БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры арасындағы ытымақтастық туралы Келісімін жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы

Өскемен, Семей қалаларында «Балаға мейірімді қала» жобасының жүзеге асуы 2008 жылдан басталды. Өскемен, Семей қалалары әкімдіктерінің БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорымен қол қойылған келісім мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да балалыққа қатысты мәселелерге мүдделі ұйымдардың балалар мен жасөспірімдердің, балалы отбасылардың құқықтарын жүзеге асырудағы жұмысының тиімділігін арттырады. Жобаны жүзеге асыру облыс орталығындағы балаларға қатысты мәселелерді терең қарауға әсерін тигізді. Осы мәселелердің кейбіреуі Өскемен әкімдігінің «Отбасы және балалықты қолдау орталығы» ҚМКК арқылы шешіле бастады. 2009 жылы аталған ынтымақтастық жалғасын тапты: 7 қыркүйек күні облыс әкімдігі мен БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры жаңа Келісімге қол қойды. Келісімнің іс-жоспарын жүзеге асыруға Шығыс Қазақстан облысының білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық мемлекеттік органдары қатысады. Келісімнің үйлестірушісі ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті.
2010 жылдың 12-13 сәуір күні "Балаға мейірімді қала" жобасын жүзеге асыру аясында Өскемен қаласын БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілдері мен "Балаға мейірімді қала" жобасы бастамасының сарапшысы Элиана Риджио (Италия) келіп қайтты. Келу аясында қонақтар ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А. Исаевпен және Өскемен қаласы әкімінің орынбасары А. Нұрғазиевпен кездесті. Облыстық медициналық-психологиялық комиссияға, дағдарыс жағдайларды шешу жөнінде әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөліміне, балалықты және отбасын қолдау орталығына, Өскемен қаласының ішкі саясат бөліміне, "Үміт" балалар үйіне барып қайтты.
Шығыс Қазақстан облысы мен ЮНИСЕФ-тің 2009-2010 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын орындауда ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009-2010 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 2010 жылы 13 сәуірде қалалық әкімдіктің ғимаратында ведомствоаралық жұмыс тобының, ЮНИСЕФ кеңесшісі Элиана Риджионың (Италия) қатысуымен, балалардың құқықтарын қорғау департаментімен ұйымдастырылған кезекті отырысы өткізілді.
Мақсаты: Шығыс Қазақстан облысында «Балаға мейірімді қала» Халықаралық жобасын жүзеге асыруға байланысты мәселелерді талқылау және техникалық қолдау.
Отырысқа ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Шығыс Қазақстан облысының білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, ішкі саясат, экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары, Өскемен қаласы әкімдігі, Өскемен қаласының мемлекеттік органдары және үкіметтік емес ұйымдары қатысты.
Отырыс жұмысында «Балаға мейірімді қала» Халықаралық жобасының Өскемен қаласында іске асырылу барысы, мониторинг құралдары кіретін перинаталдық көмек көрсету жөніндегі қазіргі нормативтік базаны қайта қарау туралы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Элиана Риджио Қазақстанда ұсынылып отырған «Балаға мейірімді қала» бастамасының концепциясы мен стратегияларының тұсау кесуін өткізді.
Өскемен мен Семей қалаларында «Балаға мейірімді қала» жобасы жүзеге асырылып жатқан осындай ЮНИСЕФ жобасы қалада тұрып жатқан балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және жағдайын жақсарту бойынша қалалық орта мен аумақ құрылысына азаматтар мен жергілікті атқарушы органдарды тиімді тарту үшін қажет. 

  

 


Қарағанды қаласында 2009 жылы «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру туралы

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау өрісінде көптеген жетістіктерге қол жеткізгенге қарамастан, нақты көңіл аударуды қажет ететін бірқатар проблемалар бар. Осындай проблемаларды шешуге бағытталған жобаның бірі «Балаға мейірімді қала» жобасы, жобаның мақсаты – баланың өмірі мен дамуына жағдай жасау.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бұйрығымен Саран және Сәтбаев қалаларына «Балаға мейірімді қала» жобасын енгізу бойынша сынақ алаңы» деген мәртебесі берілген.
Қарағанды облысында «Балаға мейірімді қала» жобасын бірінші болып Саран қаласының әкімдігі қолдады. Осы жобаны бейімдеп, енгізу үшін 2008 жылдың сәуір айында балалардың құқықтарын қорғау департаментімен балалардың мүддесіне өзара қызмет ету туралы Меморандумға қол қойылды.
2008 жылдың сәуір айынан бастап не істелді, бірінші кезекте қандай проблемаларды шешу қажет, балалардың өмірі мен дамуына жағдай жасау үшін Саран қаласының маслихатымен қанша қаржы бөлінуде – осы сұрақтар 2009 жылдың 24 сәуірінде өткен «Саран қаласы балаға мейірімді қала жолында» қоғамдық Форумында қозғалды, Форумға балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, өнеркәсіп секторының, қаланың жастар мен балалар-жеткіншектер бірлестіктері мен ұйымының өкілдері қатысты. Қала әкімінің орынбасары «Саран қаласы балаға мейірімді қала жолында» Тұжырымдамасының негізгі жағдайымен және қызмет ету бағдарламасымен таныстырды.
2009 жылы қала әкімдігі мен Балалар маслихатымен ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен «Балаға мейірімді қала» жобасын нәтижелі жүзеге асыру және өзара қызмет ету мақсатында Меморандумға қол қойылды.
Жылдың бірінші жартысында жобаны жариялау және халықты жобаны жүзеге асыруға тарту бойынша қомақты жұмыс жүргізілді. Осы мақсатпен балалар-жастар сайты қызмет ете бастады, «саран қаласы балаға мейірімді қала жолында» жобасының белгісін жасау үшін тұрғындар арасында конкурс өткізілді (енді қалада өз белгісі бар), жергілікті газет беттерінде жобаның барысы туралы тұрақты материалдар жрияланып тұрады, буклеттер мен парақшалар шығарылды, жылдың басында және аяғында әлеуметтік сұрақтар өткізілді.
«Балаға мейірбан мектеп» халықаралық жобасын жүзеге асыруға қаланың 4 мектебі мен балабақшасы қатысады («Балаға мейірбан мектеп» жобасын жүзеге асыру үшін қалалық маслихаттың сессиясында бюджет есебінен 5 штаттық бірлік енгізілді: жобаның кеңесші-үйлестірушісі және № 1, 4, 6, 7 мектептерінде жобаның кеңесшісі).
Қаланың барлық балаларын қолайлы және сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін жылдың аяғында инклюзивті білім беру бағдарламасы әзірленді, 2009 жыл бойы дамуында ерекше қажеттілікті талап ететін балаларға арнап қосымша білім беру қызметін алу проблемасы шешілді: бұл жерден балаларға өз құрбыларымен араласуға, ойнауға, қарым-қатынас ете отырып сабақ оқи алатын арнайы мамандандырылған бөлмелер ашылды. Балаларды сабаққа апару үшін автобус бөлінді.
Балалардың құқықтарын қорғау және бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін Балалар қоғмдық қабылдауы ашылды және Сенім телефоны жұмыс істейді, тоқсан сайын «Зеленая веточка» акциясын өткізу бастамаға алынды. Аз қамтылған және көп балалы отбасының, қорғаншылықтағы жетім балаларды қолдау бойынша қайырымлықы акцияларды жүзеге асыру шеңберінде жинақтау пунктінде жиналған (КСК, білім ұйымдары, қала мекемелері мен кәсіпорындар) заттарды қажетті мекен-жайларға жеткізу үшін «Пирамида» таксиімен меморандумға қол қойылды. Осы жоба шеңберінде өмірдің қиын жағдайына душар болған балалар үшін қала дәріханалары қажетті көмекті жасайды, балалардың ата-аналарын немесе өкілдерін шақырады.
Балалардың туылуы мен олардың өмір бастауына жағдай жасау үшін қалада демографиялық саясат пен балаға мейірімділік және қаладағы медициналық мекемелердің қызметін жақсарту керек. Амбулаториялық гинекология орталығында жас аналар мектебі жұмыс істейді, бұл орталықта отбасын жоспарлау, контрацепция мәселелері бойынша акушер-гинекологтар кеңес береді.
Бұл жерде уақытынан ерте тууды ескеру, іштегі баланың туылғаннан болатын аурулардың болуына әйелдерді алдын-ала тексеру бойынша алдын алу іс-шаралары өткізіледі. «Қауіпсіз ана» бағдарламасының принципін орындайды. Көмекті қажет ететін аналар мен отбасыларын уақытында табу мен қолдау және болашақта балаларын тексеріп отыру мақсатында «Дені сау бала» бөлмесі жұмыс істейді.
«Балаға мейірімді қала» жобасы принциптерінің бірі балалардың қоғам өміріне қатысуы мен кәмелетке толмағандарға бағдарлама дайындауға ұсыныс жасау болып табылады. Осы бағытта жұмысты жүйелендіру үшін қалалық маслихат сессиясының шешімімен 2008 жылдың желтоқсанында Балалар маслихатының құрамы бекітілді. Балалар маслихаты – бұл жастардың азаматтық дамуы мен қолдауы, болашағы бар жұмыс түрлерін енгізу механизмі.
2009 жылдың ақпан айында Балалар маслихатының бастамасы бойынша «Саран қаласы балаға мейірімді қала жолында» жобасына үздік белгі ойлап табу конкурсы өткізілді. Балалардың бастамасы бойынша 1 маусым балаларды қорғау Күнінде қалада мерекелік карнавал мен қалалық шеру ұйымдастырылды. Жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және олардың қаладағы қоғам өміріне қатысуы Саран қаласының әкімі қолдаған «Қаланың 55 жылдығында 5 маңызды іс» бастамасы деп айтуға болады. Желтоқсан айында қала маслихаты мен балалар маслихатының бірігіп өткізген отырсында балалардың жұмысы туралы есеп тыңдалды, ұсыныстар қабылданды, жастар өз пікірлерін білдірді, жалпы жоспарға жастар бастамасымен қаланы дамыту іс-шаралары енгізілді.
«Балаға мейірімді қала» жобасын бейімдеп және енгізу туралы шешімді Сәтбаев қаласының әкімшілігі 2008 жылдың аяғында қабылдады.
Сәтбаев қаласының барлық мемлекеттік құрылымдарын ақпараттандыруды арттыру үшін (әкімдік, ішкі саясат, білім беру, ішкі істер, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт бөлімдері) және қоғам назарын аудару мақсатында Сәтбаев қаласының әкімдігінде 2009 жылдың сәуір айында балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандарымен кездесу болды.
Кездесуге келгендер балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметімен танысты және «балалардың өміріне қолайлы әлем туғызуға» бағытталған жобалар туралы қосымша ақпарат алды. Қала әкімінің орынбасары аймақтарына осы халықаралық жобаны енгізу бойынша қандай қадамдардар жасағандары туралы айтып берді: аймақ балалары жағдайының статистикалық талдауы; «Білім бөлімінде» ММ қорғаншылық және қамқорлыққа алу органына 2 бірлік әдіскерлер енгізілді; Балалар қоғамдық қабылдауы ашылды; 320 орынға арналған жаңа балалар бақшасын салу; жоғарғы сынып оқушыларының қалалық кеңесі құрылды.
8 аула клубын құрайтын «Мәдени-сауықтандыру және спорт оталығы» КМҚК ашылды, бұл клубтар көптеген оқушылардың қосымша білім алуына қолайлы жағдай туғызады, жасөспірімдер арасында дене шынықтыруды дамыту мақсатында 8 аулаға жасанды газон төселді.
«Менің қалам – Сәтбаев» қалалық аула клубтарына қарауды өткізу ересектер мен балаларды аула аймағын көркейтуге тартты, шағын аудандардың тұрғындары аула клубтарының қызметімен танысуға, олардың қызмтін жақсарту бойнша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік алды, «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыру туралы әкімдіктің бастамсы туралы білді.
Осы жобаны жүзеге асыруға бағытталған отбасы, отбасы дәстүрін дамыту, отбасы құндылықтарын жандандыру мәселелері бойынша қалада отбасын нығайту, жағдайы төмен отбасыларды ерте анықтау және оларға уақытында көмек көрсету бойынша іс-шаралар өткізуге үлкен көңіл бөлінуде, сондықтан жергілікті атқарушы органдармен Әкелер Кеңесі – қоғамдық ұйымын құру бастамасы қолданды.
Сәтбаев қаласының өкіметі жастар мен кәмелетке толмағандардың қоғам өміріне қатысу талпынысын қолдайды және балалар құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Барлық халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және қадағалауға жағдай жасау, балалық шақ проблемасына көңіл аудару мақсатында қазан – қараша айында жоғарғы сынып оқушылар Кеңесінің бастамасы бойынша «Балалар құқығы» ауызша журналы ұйымдастырылып, өткізілді. Әкелер кеңесінің, мектеп психологтарының, мемлекеттік құрылым өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді. «Балалар құқығы» баспа-сөз-мәжілісі «Болашақ» қалалық балалар-жеткіншектер ұйымының көшбасшыларымен және үйлестірушілерімен ойластырылып, өткізілді. Баланың өз отбасында өсіп, тәрбиелену құқығы туралы ақпараттандыруды арттыру үшін, қатал қарым-қатынастан қорғау үшін, жоғарғы сынып Кеңесі мен «болашақ» ұйымының балаларымен «Баланы қорға, жақсы көр!» акциясы ұйымдастырылды. Жасөспірімдердің өздері «Баланы қорға, жақсы көр!» парақшаларын әзірлеп, дайындады және оларды қаланың қабырға беттеріне орналастырды.
Қала әкімдігінің, ішкі саясат, білім және спорт бөлімінің мамандары қатысқан қалалық жоғарғы сыныптар Кеңесінің «Қаланың дамуына жастардың қосар үлесі» отырысында балалар «Сәтбаев, балаға мейірімді қала жолында» жобасына қатысуды және Балалар маслихатын құру бойынша ұсыныстар айтты.
2009 жылдың қазан – желтоқсан айларында «Қаладағы балалардың өмір спасын бағалай инструменті» зерттеуі жүргізілді, қатысушылары мемлекеттік қызметкерлер, өнеркәсіп жұмысшылары, балалар және қала қоғамы болған, қаладағы балалардың өмір сапасы мәселесі бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнамадан алынған мәліметтер қалалық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысына ұсынылады, проблемаларды, «Сәтбаев, балаға мейірімді қала жолында» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған басымдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Аймақтағы «балалардың өміріне қолайлы жағдай жасау», балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында 30 қазанда Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Сәтбаев қаласының әкімдігі арасында Меморандумға қол қойылды, ал 2009 жылдың аяғында «Балаға мейірімді қала» жобасын нәтижелі жүзеге асыру және өзара қарым-қатынас ету мақсатында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен Меморандумға қол қойды.
2009 жыл Саран және Сәтбаев қалалары үшін – барлық мемлекеттік құрылым, азаматтық сектор қызметтеріне басымдылықтарын анықтауға мүмкіндік берді, жаңа бағдарламалар мен жоспарларға, балалар мүддесіне бағытталған саясаттың бастауы болды. 

 


Департаменттің Саран қаласының халқы алдында есебі

2008 жылғы Саран қаласы әкімдігінің, Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің және Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің арасында қол қойылған меморандумға сәйкес  қалада «Саран балаға мейірбан қала жолында» жобасы бастау алды.
2010 жылғы 16 наурызда Саран қаласында балалар мен жастар орталығының мәжіліс залында Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері  әкімдіктің, прокуратура, ішкі істер, білім беру, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау, мәдениет және тілдерді дамыту, халықты қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің өкілдерімен, емдеу, оқу, мәдениет, спорт, мектептен тыс ұйымдардың басшыларымен, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымдастығы және балалардың өкілдерімен (Балалар мәслихаты, мектептердің өзін-өзі басқару кеңестері) кездесу өткізді.
Кездесу барысында Департамент қызметін бастаған уақыттан бері жұмысының  есебін жасады. Кездесуге қатысушылар балалардың құқықтарын қорғау саласында шетел тәжірибелерін біздің аймағымызға енгізу, кәмелетке толмағандардың құқықтары бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасындағы жаңа өзгерістер туралы талқылауға белсенді араласты.
Кездесудің тосын сәті - балалар мәслихатының төрағасы Е. Тағаев департаменттің атына алғысын арнады және «Саран балаға мейірбан қала»  жобасын іске асыруда белсенді қатынасқаны үшін департаменттің басшысына алғыс хатын табыстады.  
Есеп берудің соңы халыққа кеңестік көмек көрсету мақсатында Балалардың құқытарын қорғау департаментінің «Сенің шешімің» Балалар қоғамдық қабылдауының жұмысымен жалғасты. Барлық сұрақтар шешімін тапты, бір сұрақ Саран қаласы әкімдігінің бақылауында.
Осы іс-шара Саран қаласының «Ваша газета» газетінде жарияланады. 

  

 


2010 жылдың 10 наурызда Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Р.П. Шер ЮНИСЕФ-тің халықаралық консультанты, Элиана Риджио ханыммен кездесті.
Аталған кездесуде «Балаға мейірімді қала» бастамашылықтың іске асырылуымен байланысты мәселелер, сонымен қатар одан әрі біздің елімізде аталған жобаның іске асыру бастамашылықтары қарастырылған. Талқылау барысында Қазақстанда «Балаға мейірімді қала» жобасын дамыту бойынша негізгі шаралар анықталды, БҰҰ-ның (ЮНИСЕФ) Балалар қорының қолдауымен Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жобаны әрі қарай енгізу және нәтижелі іске асыру бойынша ұсыныстары жасалды.
Кездесудің қортындысы бойынша халықаралық конференциясын өткізу, «Балаға мейірімді қала» қазақстандық жобасының үлгісін жасау жөніндегі шешімдер қабылданды.


«Балаға мейірімді қала» жобасы шеңберінде өткізілген іс-шаралардың 2009 жылғы қортындылары бойынша  ақпарат


Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 37-О бұйрығына сәйкес «Балаға мейірімді қала» жобасын іске асыру шеңберінде  республикада 6 эксперименттік қала алаңдары құрылды (Алматы қаласының Алмалы ауданы, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Семей қалалары, Қарағанды облысының Саран, Сатпаев қалалары, Павлодар облысының Ақсу қаласы).
Қазіргі таңда Өскемен, Семей, Саран, Алматы, Ақсу қалаларының жергілікті атқарушы органдар мен Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері арасында қазіргі заманға сай қала жағдайларында балалардың сапалы өмір суруін, сонымен қатар олардың адамгершілік-рухани дамуына жағдай жасауын қамтамасыз ету бойынша жасасқан ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылды.
«Балаға мейірімді қала» жобасын іске асыру шеңберінде қазіргі уақытта Павлодар қаласының әкімі мен Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің арасында ынтымақтастық жөнінде Келісім жасасу жобасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.


«Балаға мейірімді қала» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі өткізілетін іс-шаралар

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика