Announcements

Құрылған: 06.05.2016, 16:15   |   Жаңартылған: 06.05.2016, 16:16
2016 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеуіне арналған «Нұрлы болашақ» атты бүкілқазақстандық акциясы басталады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу шеңберінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Нұрлы болашақ» бүкілқазақстандық акциясын өткізетінін хабарлайды.

Акцияның негізгі мақсаты - балалардың мүддесіне мемлекеттік саясатты іске асыруда мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-орталардың, БАҚ-тың күшін біріктіру, сонымен қатар, балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Акция шеңберінде «Жұлдызай» ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында балалар шығармашылығының республикалық фестивалі және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасындағы «Таң Шолпан» республикалық конкурсы, «Балалар бастауы» әлеуметтік жобалардың республикалық конкурсы, «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқан, балалардың жазғы сауықтыру демалысы кезеңінің ашылуы өткізіледі.

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика