Announcements

Құрылған: 18.05.2016, 14:46   |   Жаңартылған: 08.07.2016, 11:08
2016 жылғы 8 шілдеде ҚР БҒМ Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық деректер банкінің тұсаукесерін өткізеді

2016 жылғы 8 шілдеде сағат 16.00-де Астана қаласында ҚР БҒМ Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкінің  тұсаукесерін өткізеді.

Барлық балалар мен әлеуметті ата-аналардың жеке деректерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті сайтында балалар мекемелерінде тәрбиеленетін жетім балалар туралы туынды деректерді жариялайды. Туынды ақпаратқа жынысы, жасы, денсаулық жағдайы, мінезінің ерекшеліктері, ата-ана қамқорлығының болмау себептері, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының), кәмелетке толған туыстарының бар-жоғы, сондай-ақ отбасыларға тәрбиелеуге орналастырудың ықтимал нысандары туралы ақпарат және балалардың фотосуреттері жатқызылады. Ақпаратта баланың сауалнамасының нөмірі көрсетіледі. Осы нөмірдің арқасында әлеуетті ата ананың кандидатурасын мақұлдағаннан кейін бала туралы толық аққпаратқа жедел қол жеткізе алады.

Бұл балаларды отбасыларға беру үрдісін белсендендіріп жетім балалар туралы туынды ақпаратты елдің барлық адамдарына айқындығы мен қолжетімділігін қамтамасы етуге көмектеседі.

Сонымен бірге Республикалық деректер қорында орталық жергілікті деңгейлерде мүдделі мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шетелдік мекемелерімен өзара қарым-қатынас орнатып, балаларды асырап алуға ниет білдірген тұлғаларды, соңдай-ақ, шетелдің шетлдік азаматтарды есепке алуды бақылауға алуды көздейді.

Ел басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 9 сәуірде қол қойған Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2017 жылғы 01 қаңтарынан бастап Деректер банкінің жұмыс істеу нормалары жүзеге асыралатындығын еске саламыз.

 ҚР БҒМ балалардың құқтарын іске асыруда және жетім балаларды жедел отбасыларына орналастыру үшін ҚР Бас Прокуратурасының қолдауымен балалардың жеке деректердің қорғалуы боыйнша заңнамадағы талаптардың сақталуымен Деректер банкі пилоттық жобасының енгізілуін бойынша жариялайды.

Қазіргі уақытта жүйені басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Деректер банкінің және ондағы ақпарат бойынша жетелдіру жұмыстары үнемі жүргізіледі.

Тұсаукесерге қатысға барлық қызығушылық білдірген адамдарды шақырамыз.

Тіркелу үшін: +7 7172 74 19 94