Сұрақ-жауап

Құрылған: 07.07.2016, 19:15   |  
Сұрақ-жауап
 

1. Мектептік тамақтану саласында мемлекеттік сатып алулар мәселесі бойынша ҚР-ның заңнамасына өзгерістер енгізу немен баланысты?

Бұған дейін сатып алулар электрондық түрде және тек әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балалардың тамақтандыруын ұйымдастыру үшін бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде ғана өткізілді. Енді әлеуетті өнім беруші тамақтандыруды тек бюджет шеңберінде емес, ата-аналардың да есебінен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, бұған дейін тандаудың негізгі критерийі кәсіпкер ұсынған баға болатын. Төмен баға қойған кәсіпкер конкурсты женетін, бұл тамақтың сапасына әсерін тигізетін. Қазір алдынғы қатарда тамақтың сапасы тұр. Сапаны ұсынған қатысушы конкурсты женіп алады.

2.   Мектептік тамақтандыру жүйесін жетілдіру мақсатында БҒМ-нің атқарып жатқан жұмыстары?

 

-      өңірдерде білім алушылардың тамақтандыруын ұйымдастыру мәселесін қарастыру бойынша ҚР БҒМ-де ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған;

-      6 өңірде 92 объект тексерілді. Тексерудің қорытындысы бойынша 52 лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік жаза шаралары қабылданған;

-      «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығы қабылданды; 

-      «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет стандарты әзірленді;

-      мектеп оқушыларына арналған тамақтану стандартары мен нормалары әзірленді.

 

3.   Білім алушыларды тамақтандырудың қазіргі және бұрынғы жүйесі арасында түбегейлі айырмашылығы қандай?

Мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті берушіні тандау мемлекеттік сатып алулар заңнамасының реттелуінен шығарылған.

Бұған дейін қызмет берушіні тандаудың негізгі критерийі баға болып табылатын. Төмен баға қойған конкусты женіп алатын, бұл тамақтың сапасына әсерін тигізетін. Қазір алдынғы қатарда тамақтың сапасы тұр. Конкурстық комиссия құрамы кеңейтілді. Бұған дейін комиссия құрамына тек білім беру органдары өкілдері кірсе, қазір мемлекеттік мүлікті басқару саласынан, үкіметтік емес ұйым өкілдері, ата-аналар қауымдастығы кіре алады.

Барлық қызмет беруші үшін тең қолжетімділік қарастырылған.

Оларды тандауда бастысы: конкурс талаптарына сәйкестілігі, жұмыс өтілі, аспазшылардың біліктілігі, шығарылған өнімге сертификаттардың және сұрыпталымдық тізімнің бар болуы, өнімді жеткізу шарттары мен мәзір талаптарының сақталуы болып табылады.

Конкурс тәртібі айқын және ашық.

Ұйымдастырушы  конкурстың әр кезенінде конкурса жіберілген әлеуетті өнім берушілер туралы ақпараттандырады, конкурс қорытындысы интернет қорларға орналастырады.

 

4.   Қазақстанда 2016 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл институты құрылды.

Бала құқықтары жөніндегі Уәкілді кім тағайындайды?

Қазақстандағы балалар омбудсменінің құзіреттері қандай?

Қазақстанда Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл институтын құру - ол  бала құқықтарын: әрбір нақты баланың және жалпы балалардың құқығының бұзылуы кезінде мақсатты және басымды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қосымша тетік.

Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл - Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын тұлға.

Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл өз қызметінің әдістері мен міндеттерін өзі анықтайтын, сондай-ақ оның құзыретіне кіретін мәселелер өз бетінше шешетін болады.

Оның қызметі заңдылық, тәуелсіздік, балалар үшін қол жетімділік, жариялылық принциптеріне негізделген және ол балалар атынан сөз сөйлейді және  тек олардың мүддесі үшін әрекет етеді.

 Уәкілдің  балалардың құқығымен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық институттардың құжаттарына және кәмелетке толмағандар білім алып, тәрбиеленіп жатқан  мемлекеттік органдарға және ұйымдарға кедергісіз кіруге құқығы бар.

Уәкілдің мәртебесінің ерекшелігі, ол мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан тәуәлсіз .

Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл құзыретіне балалардың құқықтарын қамтамасыз ету енетін барлық құрылымдар мен мемлекеттік билік органдармен, сондай-ақ қоғамдық, оның ішінде құқық қорғау ұйымдарымен тығыз ынтамақтастықта болады.

 
 
 
 
© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика