Announcements

Құрылған: 06.03.2017, 14:31   |  
Мамлют ауданына қарасты Искра селосындағы 2 жанұя 8 баланы асырап алды

Осыдан 4 жыл бұрын Мамлют ауданына қарасты Искра селосының мұғалімдері 8 баланы патронаттық тәрбиеге алған. Қазір олар ер жетіп, алды мектепте жоғары сыныптарда оқиды екен. Село тұрғындары игі дәстүрді биыл да жалғастырып отыр. Жуырда елді мекендегі 2 жанұя "Баланы қабылдайтын отбасы" жолымен Петропавлдағы жетімдер үйі мен отбасылық үлгідегі балалар ауылынан 8 балғынды асырап алыпты.

Галина Якушевская - Мамлют аудандық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі әдіскері:

- Патронаттық тәрбиеге алынған ұл-қыздардың барлығы -мектептің белсенділері. Үнемі қоғамдық іс-шараларға ат салысып жүреді. Оқу үлгерімдері де жақсы. Араларында спортшылары да бар. Ал,"Баланы қабылдайтын отбасы" аясында ата-аналар 4-тен 10 балаға дейін асырап ала алады. Жеткіншектердің әрбіріне 10 АЕК көлемінде жәрдемақы беріледі. Тағы, олардың жаңа әке-шешелеріне де қосымша қаражат төленеді.

Селодағы Кустовтар әулеті Иван, ағалы-қарындасты Владимир мен Виктория және Артур есімді балғындармен толықты. 9-бен 13 жас аралығындағы жеткіншектердің көңілдерінде қаяу байқалмайды. Олар бір анадан туылған ұл-қыздардай бауыр басып үлгеріпті. Үйдің отанасы Любовь өзі де кішкентай күнінен әже тәрбиесін көрген. Нәзікжанды жанұямның үлкен болғанын армандайтынмын дейді.

Любовь Кустова - "Искра" селосының тұрғыны, Мамлют ауданы:

- Өзімнің 3 балам бар. Үлкен қызым тұрмысқа шықты. Ал, кішкентайым 5 жаста. 2015 жылы жолдасым екеуміз бала асырып алғымыз келді. Бірақ, бұл мүмкіндік тек биыл ғана жүзеге асып отыр. Ұл-қыздарым ақылды, тәртіпті. Сабақ үлгерімдері де жақсы. Енді, олардың тәрбиесіне көңіл бөліміз.

Ал, Даниил Мурых селодағы Есмурзиевтер жанұясына қабылданыпты. 3-сынып оқушысы мектеп белсенділерінің біріне айналған. Ол сурет салып, баскетбол ойнағанды ұнатады.

Даниил Мурых:

- Мектептегі балалармен достасып үлгердім. Ира, Алена және Юра есімді аға-қарындастарым бар. Олармен үй тапсырмасын бірге орындаймыз. Ата-анамыз бізге жақсы қарайды.

Жиын барысында "Искра" орталау мектебінің оқушылары қонақтарға мерекелік кеш ұсынды. Олар би билеп, өлең оқыды.

Бүгінгі кешке Мамлют ауданының әкімі Ерболат Бекшенов қатысып отыр. Ол "Баланы қабылдайтын отбасы" жолымен 2 жанұяға келген балаларға киім-кешек және оқу құралдарын сыйға тартты.

Ата-аналар да марапатсыз қалмады. Мейірімді жандарға облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Каринованың атынан Алғыс хат табысталды. Кеш соңында жиналғандар естелік суретке түсті.

Подробнее: http://mtrk.kz/kz/mtra-zhanalyktar/qogam/20115-v-siskra-mamlyutskogo-r-na-poyavilis-srazu-dve-semi-s-priemnymi-detmi.html

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика