Балаларды халықаралық ұрлаудан қорғау

 

1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны іске асыру бойынша ақпарат

Әр түрлі мемлекет аумағында тұратын немесе сол елдердің азаматтары болып табылатын ата-аналар арасында балаларын тәрбиелеуге байланысты дауларды тиімді шешу үшін Гааганың халықаралық жеке құқық конференциясы (ГХЖҚК) 1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны (бұдан әрі - Конвенция) әзірледі. Қазақстан аталған Конвенцияға қатысушы мемлекет ретінде танылды.

Конвенция Қазақстан Республикасының аумағында 2013 жылғы 1 қыркүйекте күшіне енді.

«1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенциядан туындайтын міндеттемелерді Қазақстан Республикасының орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы     21 мамырдағы №519 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының аумағында Конвенция ережелерін орындау жөніндегі Орталық орган болып белгіленді.

«Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан туындайтын нормаларды орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 маусымдағы №208 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне  Конвенцияның ережелерін орындау жөніндегі операциялық қызмет функциялары жүктелді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз қызметінде Конвенция бойынша Орталық орган өкілеттіктерін жүзеге асыруға байланысты, келесі нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді басшылыққа алады:

1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Конвенция;

«Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қарашадағы №48 Заңы;

«1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенциядан туындайтын міндеттемелерді Қазақстан Республикасының орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы     21 мамырдағы №519 қаулысы;

Аталған нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің мәтіндерін және оған қосымша ақпараттарды анықтамалық құқықтық жүйелерден, сондай-ақ  ГХЖҚК (http://www.hcch.net). сайтынан табуға болады.

 

КОНВЕНЦИЯ ҚАНДАй ЖАҒДАЙДА ҚОЛДАНылаДЫ?

 (6 ШАРТ):

  1. Бала 16 жасқа толған жоқ.
  2. Ата-ананың біреуінің баланы ұрлауы/күштеп ұстауы Конвенцияның 3 бабында белгіленгендей екінші ата-ананың қамқоршылық құқығын (жеке, бірлескен) немесе қол жеткізу құқығын бұзады.
  3. Ұрлаудың/күштеп ұстаудың күнінен кейінгі уақыт бір жылдан асқан жоқ
  4. Конвенция Қазақстан Республикасы және баланы алып өткен немесе алып келген мемлекет арасында қолданылады.

Конвенцияның 38 бабына сәйкес қосылған мемлекет үшін Конвенцияға қосылу туралы құжат сақтауға берілгеннен кейін үшінші күнтізбелік айдың бірінші күнінде күшіне енеді.  Қосылу тек қосылған мемлекет пен осы қосылуды өзінің мойындағаны туралы мәлімдеген мемлекеттердің арасындағы қатынастарда ғана күшін сақтайды.     

Конвенция қосылған мемлекет пен өзінің қосылуын мойындағаны туралы мәлімдеген мемлекеттің арасында мойындау туралы мәлімдемені сақтауға бергеннен кейін үшінші күнтізбелік айдың бірінші күнінде күшіне енеді.

Конвенция аясында тек бір мәселе шешіледі – баланы тұрақты тұратын мемлекет аумағына қайтару. Балаға қатысты қорғаншылық, тұратын орнын және басқа  құқықтарын белгілеу мәселелері Конвенция шеңберінде шешілмейді.

Сұрау салынатын мемлекеттің орталық органы қандай шара қолданатындығы сұрау салынатын мемлекеттің заңнамасына байланысты болады. Кей уақытта сұрауды қарастыру және шешім қабылдау тәртібі ұзақ уақыт алуы және біраз шығындарды қарастыруы мүмкін.


"1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенциядан туындайтын міндеттемелерді Қазақстан Республикасының орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 519 қаулысы


"Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қарашадағы № 48-V Заңы

 

Жоғары
© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика