Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс хабарландыруы

Құрылған: 27.09.2017, 15:00   |  
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс хабарландыруы

ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 2017 жылғы 27-29 қыркүйек АРАЛЫҒЫНДА

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің
барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс
хабарландыруы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет), 010000, Астана қаласы, Мәнгілік Ел көшесі, 8, анықтама үшін телефондар: 74-23-42, 74-23-43, e-mail: Еrjan.09@mail.ru Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
Комитеттің  Қаржы және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы, (қызметкердің 2018 жылғы  28  сәуірге дейін бала күтімі бойынша алған демалысы кезеңіне)  С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді. №2 «Бюджеттік есеп-шотта ақша қозғалысы бойынша жинақтау ведомосі» мемориалдық ордерді жүргізеді, жабдықтаушы-клиенттердің қаражаттарын аударуы үшін төлем ақы шоттарын дайындайды. №3 «Бюджеттік есеп-шотта ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – ҚБШ), демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ, ақша қаражатын уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттағы және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарындағы ақша қаражатын есепке алу жөніндегі жинақтау ведомосі» мемориалдық ордерді жүргізеді. №6 «Әр түрлі ұйымдармен есептер бойынша жинақтау ведомосі» мемориалдық ордерді, №7 «Аванстық төлемдер ретінде есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомосі» мемориалдық ордерді, №9 «Негізгі құралдарды есептен шығару жөніндегі жинақтаушы ведомосі» мемориалдық ордерді, №13 «Материалдарды есептен шығару жөніндегі жинақтаушы ведомосі» мемориалдық ордерді жүргізеді. Есептеу әдісі бойынша алғашқы бухгалтерлік құжаттар және мемориалдық орделер негізінде бас кітапты жүргізеді. Алдағы мерзімдердің шығыс және кіріс есебін жүзеге асырады. Бухгалтерлік теңгерімді құрастырып, Министрлікке ұсынады. Қаржылық қызмет нәтижесі жөніндегі есепті, активтер мен капиталдар өзгерістері жөніндегі есепті, активтер мен міндеттемелердің өзегірстері жөніндегі есепті, Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекемелердің есебіндегі ақша қозғалысы туралы есепті әзірлеп, Министрлікке ұсынады. Тауарлы-материалдық қорлар қозғалысы туралы бюджеттік есептілікті – «Қорлар» №3 нысанды әзірлеп, Министрлікке ұсынады. Негізгі құрал-жабдықтар қозғалысы туралы бюджеттік есептілікті – «Негізгі құрал-жабдықтар» № 5 нысанды әзірлеп, Министрлікке ұсынады. Дебиторлық және кредиторлық қарыздарды жағдайы туралы бюджеттік жөніндегі бюджеттік есептілікті әзірлеп, Министрлікке ұсынады. Бюджеттік бағдарламалар бойынша міндеттемелердің уақытылы қабылданбауы, төлемдердің уақытылы өткізілмеуі себептерін анықтау мақсатында бюджеттің орындалу көрсеткіштерін үнемі бақылап, талдау жасайды. Бюджет түсінімдерінің орындалуы мен шығыстарына болжам жасайды. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жүзеге асыру мониторингінің нәтижесі жөніндегі есепті әзірлеп, Министрлікке ұсынады. Бухгалтерлік есеп пен есептілік деректері бойынша шаруашылық-қаржылық қызметінің экономикалық талдауы үшін кесте түріндегі материалдарды дайындайды. Тауарлы-материалдық қорлар және негізгі құралдардың материалдық жауапкершілігі туралы шарт жасайды. Тауарлы-материалдық құндылықтардың және негізгі құралдардың түгендеуі туралы салыстыру ведомостерін, актілерін, түгендеу тізімдерін, хаттамаларын әзірлейді. Нақты бағасы бойынша негізгі құралдардың есеп үлгісіне сәйкес белгіленген нормалар мөлшерінде негізгі құралдардың амортизациялық ай сайынғы аударымын жүзеге асырады. Негізгі құралдардың берілу және есептен шығарылу құжаттарын ресімдейді (негізгі құралдардың (есептен шығару) жүру актілерін, (ОС-4-ф) негізгі құралдардың қабылдау-тапсыру актілерін). Материалдық жауапты тұлғаның ауысу кезінде қабылдау-тапсыру актілерін және оның қосымшаларын құрастырады. Берілген сенімхаттардың есеп кітабын жүргізеді. Комитет бойынша кредиторлық және дебиторлық қарыздарды түсініктемелерімен ұсынады. Басқарманың бас сарапшысы болмаған кезде орнын алмастырады және қызметін атқарады. Құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және ұсыныстарын қарастырады. Жоғары тұрған органдардан келіп түскен бақылаудағы құжаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, дүниежүзілік экономика)  мамандықтар тобы бойынша жоғары білімі мынадай құзыреттер болуы тиіс:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурс комиссиясы жұмыстарының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

                        Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-4

 

138248

 

186551

Тиісті мемлекеттік органның басшыларының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика