Отбасы-қоғам негізі

Құрылған: 16.10.2013, 15:57   |  
Отбасы-қоғам негізі
«Жетімге жанұя жылуын сыйлайық!» 
 
Осындай ұранмен елде тұңғыш аталып өткен  Отбасы күніне орай Алматыда қайырымдылық шарасы өтті. Игі іс «Қазақстан - жетімсіз ел» жобасы аясында ұйымдастырылып, оған балалар үйінің тәрбиеленушілері, саясат, мәдениет саласының өкілдері қатысты. Шарада баспасөз мәслихаты өткізіліп, балдырғандар көрікті киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. Жалпы, жоба қолға алынғалы елдегі 120 жетім жанұя жылуына бөленді. Бала асырауға ниет білдірушілер қатары көбейіп келеді. Татьяна Семенова, қоғамдық қордың атқарушы директоры:
Біз елдегі барлық жетім бала анасы мен әкесі бар бақытты отбасында өмір сүрсе дейміз. Осы мақсатта Заң аясында өзге баланы жатсынбайтын жанашыр жанұялармен жұмыс істеудеміз. Арманымыз - бес жылдан соң мына билбордтағы «Қазақстан-жетімсіз ел» атауы жойылып, тек әдеттегі «отбасы» атуымен шара өткізсек дейміз.
 
Жазира ИСАЕВА, http://kaztrk.kz

Ақтөбе облысы Алға балалар үйі
Алғашқы мерекемен алғашқы болып құттықтаушылар
 
8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күнi аталып өтедi. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі ғана емес, ол – шағын мемлекет. ҚР Пезиденті Н.Ә.Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл  қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.  Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,  туған-туысқандарына деген  сүйіспеншіліктен басталады»,- деді.
Ата-ана қамқорлығын сезінбеген біздің тәрбиеленушілер үшін бұл мерекенің орны ерекше. Білім күнімен және тұңғыш  рет тойланғалы отырған мерекемен алғашқы болып біздің балаларды 3 қыркүйек күні Ақтөбе Ішкі Істер Департаменті қызметкерлері  құттықтады. Оларды   Ақтөбе облыстық кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары,  полиция подполковнигі Қайрат Өтемісұлы Тұрғанбаев және кадр жұмысы басқармасының аға инспекторы,  полиция подполковнигі Жұмазия Естібайқызы Бүркітова  бастап келді. Жүрек жарды тілектері мен өнерлерін, сыйлықтарын тарту етті. Концерттік бағдарлама көңілді биге ұласты. Тамаша көңіл-күй сылаған, ел тыныштығын қорғап жүрген аға-апаларына балалар шексіз ризашылықтарын білдірді.  
Қуантарлық тағы бір жағдай біздің үйімізде отбасы үлгісіндегі топтың ашылуы да тәрбиеленушілерді отбасылық өмірге бейімдейтін бірден-бір қадам болып табылады.  Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді қалыптастыру және отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау мақсатын көздеген бұл мерекенің біздің балаларға берері мол. 
 
     

 

  Көкшетау қаласының отбасылық тәрбиелеу орталығынан келген қыркүйек жаңалықтар.
«Қазақстандағы отбасы күніне» арналған айлық
 
2013 жылғы 13 қыркүйекте Көкшетау қаласының №19 орта мектебінде «Отбасы күнін» мерекелеу аясында ата-аналар жұртшылығына арналған конференция өтті. Конференция мектеп оқушылары дайындаған мерекелік концерттен басталды. Сосын мектептке өткізілген отбасы күніне арналған мерекеге белсене қатысқан ата-аналарды марапаттады. Конференция өз бағдардамасында №19 мектеп негізінде «Отбасылық тәрбиелеу мектебін» ашуды көздеді. Көкшетау қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі Сәрсекеева Юлия Ивановна     «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті. Отбасылық тәрбиелеу стильдері» тақырыбында ата-аналарға арналған бірінші сабақ-практикум өткізді. Сабақтың рефлексивтік жағында барлық ата-аналар мұндай практикумдар барлық оқу барысы ішінде қажет деп бірауыздан өз пікірлерін айтты және олар келесі кездесуді асыға күтетін болады.
 

                                          Отбасы күні – ата-аналарға арналған тренингтер мен кеңестер                                              
Астана қаласы №54 мектеп-лицейінің психологтары Стамқұлова Құралай Шаймерденқызы мен Айқынбаева Гүлден Қанатқызы Қазақстандағы  Отбасы күніне арналған, «Отбасыдан қымбат не болуы мүмкін?» Республикалық кең ауқымды акциясына белсене қатысты. Олар 2013 жылы 7 қыркүйекте Менеджмент және  бизнес колледжінің ата-аналарымен «Бақытты отбасын қалай сақтауға болады?» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Кездесуге колледж оқушыларының 50 ата-анасы қатысты. Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші, Отбасылық тәрбиелеу орталығының түлегі, №56 мектептің мұғалімі  Жаппарова  Гүлниса Серікқызы  2013 жылы 6 қыркүйекте Астана қаласы «№29 «Аққайың» балалар бақшасы тәрбиеленушілерінің ата-аналарына кеңес өткізді. Маманның кеңесіне 12 ата-ана жүгінді.
 

БҚО бойынша «Отбасы күні»
мерекесін тойлау туралы ақпарат
 
2013 жылы қыркүйектің 6-шы жұлдызында БҚО жетім және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық мекемелерде «Отбасы күні» мерекесін тойлауға арлалған мерекелік шаралар ұйымдастырылды.  Мерекеге тәрбиеленушілер, тәрбиешілер, балалар үйінің әкімшілігі, тәрбиеленушілердің ата- аналары, Бұқаралық ақпарат құралдарынан өкілдер қатысты. Сонымен қатар мерекеге «Қабылдаушы отбасы мектебінің» қатысушылары арнайы шақырылды.
 
    
 
Мереке концерттік бағдарламадан басталды. Тәрбиеленушілер ән шырқап, би билеп, тақпақтар айтып мерекені көтермеледі.   Әндер мен тақпақтар ата- анаға және отбасына арналды. Психолог бөлмесінде «Менің отбасым» тақырыбында тренингтер, тәрбиеленушілер арасында «Отбасымның бейнесі» атты сурет көрмесі, «Анама сыйлық» тақырыбында  қолөнер туындылары көрмесі, спорттық жарыстар өткізілді.   
«Қуаныш» бөлмесінде, топтарда, коттедждерде, яғни әр отбасында мерекелік дастархан жайылды. Дастархан басында «Менің арманым- отбасым» тақырыбында үлкендер және тәрбиеленушілер әңгімелесті. Әңгімелесудің мақсаты: балалардың қатеріне жанұяның маңыздылығын, жанұядағы өзара құрметтеу, қарым- қатынас құндылықтарын жеткізу. Өткізілген шаралардың нәтижесінде әр бала өмірдегі жанұяның рөлін және маңыздылығын түсінеді деп есептейміз.
    
 

Ақмола облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында Отбасы күнін өткізу туралы ақпарат
 
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшының ұсынысына сәйкес облыста Отбасы күні мерекесін өткізу жосспары іске асырылды. 
Ағымдағы жылдың 6 қыркүйекте Балалардың құқықтарын қорғау басқармасымен, Білім басқармасымен, Кәмелетке толмағандар Орталығының қолдау Қызметімен «Отбасы – мемлекеттің тірегі» атты диалогтық алаң ұйымдастырылды.
 
 
Диалогтық алаңды өткізудің мақсаты – қамқоршыларға, патронаттық тәрбиешілерге, асыраңды ата-аналар кандидаттарына заңды, психологиялық консультация көрсету және асыраңды ата-аналар мен асыраңды ата-аналар кандидаттары арасында тәжірибемен алмасу, қатысушылардың отбасы институтын өнегелеу, руханилығын нығайту, отбасылық құндылықтарын әйгілеу, мемлекеттің отбасылық-демографиялық  саясатының маңызды бөлшегін құрайтын көп балалықтың жауапкершілігін түсіну болып табылады. 
 
  
 
Диалог алаңының жұмысына балалардың құқықтарын қорғау басқармасының балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Б.С.Садвақасов, білім басқармасының бас маманы А.С.Магавина, Көкшетау қ. білім бөлімінің бас маманы А.С.Садыр, Көкшетау қ. білім бөлімінің кеңесшісі А.А.Қасымова, мектептердің әлеуметтік педагогтары, қамқоршылар О.Е.Құсаинова, О.А.Куликова, Т.А.Антонова, қамқоршыға кандидаттар Г.К.Баймағанбетова, Л.Н.Киласева, Ж.К.Кокишева, А.К.Қожабаев, БАҚ өкілдері қатысты. Ата-аналарға арналған әдістемелік әдебиеттің, сонымен қатар Орталық тәрбиеленушілердің суреттері және жасаңды бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылды.  Үлестіру материал ретінде қонақтарға, болашақ ата-аналарға брошюралар, қамқоршыларға жадынамалар берілді  
Диалог алаңының соңында тәрбиеленушілермен ұйымдастырылған салтанатты концерт ұйымдастырылды. 
 

Қызылорда облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күніне орай біршама іс-шаралар ұйымдастырып, өткізді 

Соның бірінде, ағымдағы жылдың 5-6 қыркүйек күндері облыстағы барлық жалпы білім беру ұйымдарында «Бақытты жанұя-бақытты ел» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында шығармалар сайысы ұйымдастырылып, өткізілді. Үздік деп танылған шығарма иелеріне балалар құқықтарын қорғау басқармасының атынан мақтау дипломдары табыс етілді      Сондай-ақ, облыстық, аудандық оқушылар үйлерінің ұйымдастыруымен отбасы күніне орай «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық спорттық ойын түрлерінен жарыстар болып өтті. 
Сонымен қатар, 8 қыркүйек күні Қызылорда облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында алғашқы рет «Отбасы-бақыт мекені» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты-жасөспірімдер арасында отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағыттау, балалар мен жасөспірімдер арасында имандылықты, руханилықты нығайтуға, жауапкершілікті сезінуге негіздеу. Шараға бейімдеу орталығының патронат отбасылары, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері және балалар құқықтарын қорғау, білім басқармаларының мамандары, сонымен бірге, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы, облыстық «Қызылорда таймс», «Ақмешіт апталығы», «Халық» газеттері қатысты. 
Патронат отбасылар А.Малбағарова, Г.Бердібаева, А.Бақбергенов және басқа отбасылар балалалрымен келіп, отбасындағы жағымды, қуанышты жаңалықтарымен бөлісті. Сондай-ақ, өз балаларының жеткен жетістіктері мен қызықты оқиғаларын барлық қатысушы қонақтарға айтып берді. 
Сондай-ақ, орталықтың жасөспірімдерін қаладағы № 140 орта мектептің және №6 арнаулы мектеп-интернаттың ұстаздары, Қорқыт ата атандағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері келіп отбасы күндерімен құттықтап, өздерінің әндерін, жырларын, билерін көрсетті. Іс-шара қорытындысында жасөспірімдерге жеміс-жидектер мен тәттілер таратылды.
Осының іс-шара балалар үйінде де өз жалғасын тапты. Шара «Менің үйім-менің отбасым» тақырыбында патронат тәрбиешілер мен «Қонақжай отбасының» азаматтарының қатысуымен болды. Бұл «Қонақжай отбасы» жобасы 2010 жылдан бері балалар үйінде жүзеге асырылып келеді. Осы жоба аясында 20 астам балалар қонақжай отбасыларға әр демалыс күндері барып, демалып, отбасылық жылулықты сезініп қайтады. Осы орайда, шараға қонақжай отбасындағы балалардың ата-аналары, патронат тәрбиешілері келіп, балаларын отбасы күні мерекелерімен құттықтап, балаларға әкелген естелік сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар, шара барысында балалардың өздерінің қолдан әзірлеген «Менің үйім» тақырыбында отбасы туралы сурет, қолөнер көрмелері ұйымдастырылды. Шара соңында балаларға тәттілер әзірленіп, дәмді дастархан жайылды.
 
   
 

Павлодар облысында өткізілген Отбасы аптасы  туралы ақпарат

Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Отбасы мерекесі – бұл үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, өзара түсіністік таныту және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі. Осыған байланысты ағымдағы жылдың қыркүйек айының 2 нен 8-і аралығында Павлодар облысында Қазақстандағы Отбасы күніне арналған бірқатар іс-шаралар өтті.
6 қыркүйек күні  Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында республикалық балалар ауылдарының Үйлестіру кеңесінің III отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, «SOS Қазақстанның балалар ауылдары»  Бірлескен қоры, республикадағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарының директорлары қатысты. Кеңесте жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы тәрбиесін дамыту, «SOS Қазақстанның балалар ауылдары»  Қазақстан Республикасының Бірлескен қоры және мемлекеттік балалар ауылдары серіктестігінің перспективалары мен стратегияларын  дамыту маңызды мәселелері қарастырылды.
Қатысушыларды  тәрбиеленушілер өмірлерін орналастыру және отбасы жағдайында тәрбиелеу Кенжекөл  және Павлодар  қаласының  балалар ауылдарының  жұмыс тәжірибелері ерекше қызықтырды. Қорытындысында «SOS Қазақстанның балалар ауылдары»  Қазақстан Республикасының Бірлескен қоры серіктестігінің жобасын жүзеге асыруға қосу туралы қарар қабылданды. 
Апта бағытында білім беру мектептерде «Отбасынан артық не бар?», «Бақытты жанұя – бақытты ел» тақырыптарында шығармалар конкурстары, «Менің отбасым» суреттер конкурстары,  демеушілер қатысуымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған және көп балала отбасылардағы балаларға арналған қайырымдылық акциялары өткізілді.
Жоғары оқу орындары мен колледждерде «Барлығынан үйдің амандығы маңызды», «Отбасылық бақытының жылуы», «Отбасы мемлекеттің бөлігі» дөңгелек үстелдер, «Отбасы және ұрпақ тәрбиесі», «Отбасы. Білім. Тәрбие», «Отбасы – бақыттың тірегі» кураторлық сабақтар өткізілді.
Баянауыл ауданында аудан әкімі қатысуымен жас отбасыларға арналған дөңгелек үстел өткізілді, онда көп балалы ата-аналар  мен ақсақалдар өз тәжірибелерімен және  отбасыларды нығайту және ұлттық отбасылық дәстүрлерді сақтау кеңестерімен бөлісті. 
Патриоттық тәрбиелеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, қазіргі қазақстандық қоғамында отбасы мәртебесі мен рөлін көтеру, лайықты, жайлы отбасына қоғамның оң ойын қолдауды қалыптастыру, ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынасты бекіту мақсатында 7 қыркүйек күні  облыстың барлық жалпы білім беру мектептерінде «Денсаулық фестивалі – 2013» өтті.  
6 қыркүйек күні «Жас отбасы» облыстық конкурсы өтті, оның жеңімпаздары мен номинанттары балалар мекемелерінде өткен іс-шарараларға қатысты. Облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында мейрамға  Ашық есік күні ұштастырылды. Баларға қонақ болып жас отбасылар конкурсының «Ең романтикалық жанүя» номинасиясында жеңген Науразбеков отбасы келді. Конақтармен бірге өткізілген спорттық-мерекелік «Ел отбасымен құдіретті» бағдарламаға спорттық сайыстар, отбасылық дәстүрлерге арналған шығармашылық конкурстар, викториналар еңгізілді. Балалар мен қонақтар отбасы, махаббат және достық туралы әндерді сүйсініп орындады.
Отбасын қолдау қызметтері, Заңгерлер, психологтар, әлеуметтік қорғау, денсаулық қорғау, ювенальдік полиция мамандарын тартып, ата-аналық лекторийлер және отбасында тәрбиелену балалардың құқықтарын жүзеге асыру  мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беру «Ашық қабылдау бөлімдері» ұйымдастырылды. Әлеуметтік жетімдікті алдын алу мақсатында «Мектеп, ата-аналар және мен – біртұтас отбасы», «Өзін-өзі тану – баланы тану, баланы тану – өзін-өзі тану», «Дағдарыс жағдайға  ұшыраған отбасыға қалай көмектесемін?» дөңгелек үстелдерде отбасыны қолдау және нығайту, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету мәселелері талқыланды, көпбалалы отбасыларға, қамқоршылар мен патронаттық тәрбиешілерге салтанатпен құрмет көрсетілді.
Отбасы күнін мерекелеу финалдық іс-шарасы «Екі жүректің лүпілі» отбасылық шығармашылық гала-концерті болды, онда облыстың 11 ең үздік отбасылық шығармашылық ұжымдары қатысты. Қатысушылардың көбы балалар болды. Облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариев гала-концерттің қатысушыларын дипломдармен, естелік сыйлармен және Отбасы күнінің мүсінше нысанындағы рәмізімен белгіледі.
Апта бойынша облыстық теледидар мен радиода  көпбалалы отбасылар,  қамқоршылар мен патронаттық тәрбиешілердін үздік тәжиребелері туралы бағдарламалар өтті. Отбасы аптасы бұқаралық ақпараттық құралдарды
 кең түрде жарияланды.
  
 

Ақмола облысында Отбасы күнін мерекелеу туралы ақпарат

 
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшының ұсынысына сәйкес облыста Отбасы күні мерекесін өткізу жосспары іске асырылды. 
Мерекелеу ағымдағы жылдың 06 қыркүйекте  облыстық әкімшілікте басталды. Облыстың әкімі Қ.Айтмұхаметов он ақмолалық үлгілі отбасыларымен кездесті. Салтанатты жиынға ұзақ жылдық некелікті атаған және балаларын лайықты тәрбиелеген ата-аналар қатысты. 
Қазақ драма театырында балалары көптеген облыстық, республикалық, халықаралық және шығармашылық конкурстардың, спорттық туристік сайыстардың, «Бірлігі жарасқан отбасы» техникалық шығармашылық көрмелердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған  ата-аналарды құттықтады.
Ағымдағы жылдың 6 қыркүйекте Балалардың құқықтарын қорғау басқармасымен, Білім басқармасымен, Кәмелетке толмағандар Орталығының қолдау Қызметімен «Отбасы – мемлекеттің тірегі» атты диалогтық алаң ұйымдастырылды. 
Диалогтық алаңды өткізудің мақсаты – қамқоршыларға, патронаттық тәрбиешілерге, асыраңды ата-аналар кандидаттарына заңды, психологиялық консультация көрсету және асыраңды ата-анлар мен асыраңды ата-аналар кандидаттары арасында тәжірибемен алмасу болып табылады. 
Аудандарда (қалаларда) мерекелеу шаралары мектептерде және мәдениет сарайларында өтті. Отбасы күнін мерекелеу шегінде облыстың меткептерінде 5 500-ден артық  бала қатысқан «Ынтымақты отбасы», «Махаббатпен жылытқан отбасы», «Менің арманымдағы үй», «Туған ошақтың жылуы» және т.б. тақырыптағы сынып сағаттары өткізілді, сондай-ақ «Даңқ минутасы» атты отбасылық музыкалық конкурстары, «Салауатты өмір сүру – ұлттың сау болуына кілт», «Папа, мама және мен ынтымақты отбасы» спорттық ойын-сауық ойындары өтті. 
 
 
Астрахан ауданының мектептерінде «Менің отбасым», «Менің отбасым – менің бекінісім» атты суреттер конкурсы өтті. 1-4 сынып оқушылары арасында «Менің отбасым-менің байлығым» атты оқып берушілер конкурсы өтті. 
Бұлаңды ауданында 3500-ден артық оқушылар және 1400 ата-ана қатысқан «Отбасыдан не артық болуы мүмкін» акциясы өткізілді. Аудан мектептерінде 2030 балаларды және ата-аналарды қамтуымен «Шахматтық отбасы» отбасылық жарысы, сонымен қатар  «Папа, мама және мен – аспаздық отбасы» атты аспаздық конкурсы өткізілді.  
Егендікөл ауданында «Бірге бақыттымыз» жас отбасылар конкурсы, көп ұлттық отбасылардың, жастардың, аудандық АХАТ өкілдерінің  қатысуымен «Интернационалдық отбасы» кездесу кеші өтті. Аудан мектептерінде 500-ден артық оқушылар қатысқан «Біздің отбасы» фотосурет конкурсы өтті. 
Астрахан ауданының мектептерінде «Менің отбасым», «Менің отбасым – менің бекінісім» атты тақырыптарға суреттер конкурсы, 1-4 сынып оқушыларының арасында «Менің отбасым-менің байлығым» атты оқып берушілер конкурсы өтті.
Бұлаңды ауданында 3500-ден артық оқушылар және 1400 ата-аналар қатысуымен «Отбасыдан не артық болуы мүмкін» акциясы өткізілді. Ауданның мектептерінде 2030 балаларды және ата-аналарды қамтуымен «Шахматтық отбасы» отбасылық жарысы, сонымен қатар «Папа, мама және мен – аспаздық отбасы» атты аспаздық конкурсы өткізілді.
Барлық аудандарда ата-аналарға арналған «Ата-ананың бағыты», «Отбасыда тәрбиелеу» дәрістері, «Әр баланың өмірге құқығы бар» тақырыпқа арналған дөңгелек үстелдер өтті. Осы мерекенің шегінде, сонымен қатар ақпараттық алаңдар ұйымдастырылды, мемлекеттік органдар өкілдеріне сұрақ қоя алатын, консультациялық көмек көрсету кабинеттері жұмыс істеді. 
 
 
Ақкөл ауданының орта сынып оқушылары «Менің отбасымның бейбітшілігі» тақырыптағы шығармалар конкурсының қатысушылары қатысты. Ең үздік шығармалар аудандық газетте жарияланады. «Ата-ананың үйі – өмір жолының басы» сынып сағаттары, отбасылық тақырыптағы суреттер және өлеңдер конкурстары өткізілді. 
Зеренді аудандарының мектептерінде «Отбасы – сөзінің мағынасы керемет» фотосурет галлереясы ұйымдастырылды. Ақкөл ауданының мектептерінде стендтер және балалар шығармашылығының көрмелері, балалардың суреттері, мереке концерттері ұйымдастырылды.
Степногрск қ. Отбасы күніне арналған 3500-ден артық оқушылар, педагогтар, ата-аналар қатысқан мерекелеу шаралары өтті. «Барлығы махаббаттан басталады», «Отбасы-адам тұлғасының бесігі», «Біздің ынтымқаты отбасымыз» тақырыптағы әдебиет көрмелері ұйымдастырылды. Қаланынң мектептерінде оқушылар отбасыларының бақытты сәттері көрсетілген «Бақытты сәт тоқташы»  отбасылық фотосурет көрмелері өткізілді. 
Атбасар ауданының мектептерінде өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани-адамгершілікте тәрбиелеу мәселелеріне  және қазақстандық отбасының оң бейнесіне екпін қойылған біріңғай дәріс сағаты өткізілді.  Ағымдағы жылдың 15 қыркүйекте ауданда жас отбасылардың қатысуымен «Көңілді отбасы» конкурсын өткізуді жоспарланған. Мектепке дейінгі мекемелер және және мини – орталықтар назарсыз қалған жоқ, бұңда «Барлығы махаббаттан басталады» қуныш және жақсылық дөңгелек шаралары, «Отбасы және қоғам», «Отбасылық парыздары» спорттық отбасылық старттар  өтті. Барлығы осы шарараларда 1350 балалар және ата-аналар қатысты. 
Ұқсас шаралар Көкшетау қ., Щучье қ. және т.б. аудандарында өтті. Ерекше көңіл кедей отбасыларға, жетім балаларға, мүгедектерге бөлінеді. Жарқаин және Ерейментау аудандарында мүмкіншіліктері шектеулі балаларға және жетімдерге көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциялары өтті. 
Отбасы күні меркесін өткізу шегінде қатысушылардың отбасы институтын өнегелеу, руханилығын нығайту, отбасылық құндылықтарын әйгілеу, мемлекеттің отбасылық-демографиялық  саясатының маңызды бөлшегін құрайтын көп балалықтың жауапкершілігін түсіну болып табылады. Отбасы күнін мерекелеуіне аудандардың (қалалардың) БАҚ-да жарияланған. 

Отбасы күнін откізу туралы ақпарат
 
1. Ақтөбеде 2013 жылдың 6 қыркүйегінде жанұя күніне Достық үйінде шығармашылық отбастарының  бастауымен гала-концерт өтті, перзентханаларда жас ата-аналар  құттықталынды. Облыс бойынша көп балалы және аз қамтылған жанұяларға арналған қайырымдылық акциялары өтті. Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыстың он үлгілі отбасымен кездесті, оларды мерекемен құттықтады.
2. Қалалық  жас туристер станциасы Отбасы күніне арнап қала   мектебінде қыркүйектің 7 жұлдызында «Әкем, анам және мен – біз туристік жанұя» атты туристік - өлкетану бағытында жарыс ұйымдастырып өткізді. 
Шараның мақсаты: Ата-аналар мен оқушылардың туристік-өлкетану сайысында кедергілерден өту арқылы олардың арасындағы қарым-қатынасты күшейту. Салауатты өмір салтын ұстануды насихаттауға үйрету, спорттық- туристік бағытта ептіліктерін көрсету, ұжымдық істе шеберлік пен бірлікке дағдыландыру.
Жарысқа 6 бала 12 ата-ана қатысып, сынға түсті. Жарыс барысында ата-аналар  белсенділік көрсетті. 
Әділқазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтап, Қалалық жас туристер станциасының дипломдарымен, мақтау қағаздарымен марапаттады.
3. 6 қыркүйекте қалалық көркем сурет лицейінің базасында Ақтөбе облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасының бастамасымен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балалары, «Сал ауруына шалдыққан  азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ балалары, «Ғажап» мүгедек балалар ҚБ балалары үшін «Отбасы–мемлекет тірегі» ұранымен  мастер-класс  ұйымдастырылды.
Бұл шараға 20-дан астам балалар, Отбасын қолдау қызметінен консультация және психологиялық көмек алған  ата-аналар және тәрбиешілер қатысты.
Шараның мақсаты: балалар мен ата-аналарды ортақ шығармашылық  іс  арқылы біріктіру.
Мастер-кластың негізгі тақырыптары:
- акварельмен жұмыс;
-    қағаз пластика.
Мастер-класс сурет салу дағдылары бар және жаңадан сурет салуға үйреніп келе жатқан балаларға арналды. «Олимп +» фотосалоны балаларға  фотоальбомдар мен фотосуреттер сыйлайды.
4. 6 қыркүйек күні Алға облыстық үйінің балалары арасында «Менің отбасымның жылуы»  атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Балалар  өз тәрбиешілерінің  аналық  мейірімділігін, әр топтың ерекшелік  қасиеттерін айтып,  өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел соңында тәрбиеленушілер әр топқа  мерекелік тарту  ретінде  бір-бірлеріне  ән сыйлады.
5.  7 қыркүйек күні облыс әкімі Архимед Мухамбетов облысымыздағы ерекше 10 отбасыларымен кездесу ұйымдастырды.  Кездесуде облыс әкімі қонақтарды  отбасы мерекесімен құттықтап, отбасыларына береке бірлік, татулық тілеп толқынды пеш тарту етті.  Сондай-ақ  үш егіздің ата-аналарына үйдің сертификаты тапсырылды. Кездесу соңында  әр отбасы өздерінің жетістіктерін айта отырып, Елбасымызға, үкімет басшыларына ықылас лебіздерін білдірді.
6. Нұр Отан ҚДП қолдауымен 8 қыркүйек күні қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
7. 5-9 қыркүйек аралығында облыс ішінде «Бақытты жанұя- бақытты ел» шығарма жазу сайысы өтті. Сайыста  7 ауданнан 55 жұмыс  қаралды. Ақтөбе облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы үздік шығарма авторларын мақтау грамотасымен  мараппаттады.
8. Барлық аудан және қала мектептерде «Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастау бұлағы» тақырыбында отбасы  мен  мектеп  арасындағы  қарым-қатынасты  нығайту, оқушыларға  отбасының  қоғамдағы  ролін  білдірту, перзенттік парыз  деген  қасиетті бойларына  сіңіре  отырып, отбасыларын  қадірлеуге, сыйлауға  тәрбиелеу мақсатында   апталық  ұйымдастырылып, мерекелік  іс-шаралар  өткізілді.
 

«Жауапты ата-ана – мықты  отбасы –қамқорлықтағы балалық  шақ»

 дөңгелек  үстелін  өткізу  туралы ақпарат
         
2013 жылғы 8 қырқүйекте  Мемлекет Басшысының  Қаулысы  бойынша  Республикада  алғашқы  рет  Отбасы  күні  мерекесі  атап өтілді. 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев  Қазақстан  халқына  «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  жолдауында мемлекет  отбасынан  басталады деп,  біздің  қоғамда  отбасылық  құндылықтар  негізін бекіту  маңызды  екенін атап  өтті.  
Осыған байланысты, «Отбасы  күні»  мерекесін  өткізу  аясында  ШҚО  балалар  құқықтарын  қорғау  басқармасы және «Статус» Әйелдер  федерациясы ҚБ бірлесіп  2013  жылғы  5 қырқүйекте дөңгелек  үстел  өткізді. 
Шараның мақсаты: балалардың ересектер әлемінде жайлы және қауіпсіз өмір сүру құқықтарын іске асыруда қоғам, отбасы және мектептің ынтымақтастығын арттыру жолдарын талқылау.
Дөңгелек  үстелге  ШҚО  балалар  құқықтарын  қорғау  басқармасының, ҮЕҰ  өкілдері, Семей және  Өскемен  қалаларының  Кәмелетке  толмағандарды  бейімдеу  орталықтарының  тәрбиешілері,  психологтар, әлеуметтік педагогтар, ата –аналар  кеңесінің, БАҚ өкілдері қатысты.
 Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына түсетін балалардың ата-аналарымен жұмыста кездесетін проблемалар талқыланды. Мектеп психологтары қиын отбасылармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті. 
 Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша балалармен және ата-аналармен жұмыс істейтін мамандардың құзыреттілігін арттыруға, қоғамдық ұйымдардың әлеуетін мектептерде ағарту жұмыстарын жүргізуге тартуға және қоғамның отбасы мен балалардың мүддесін қорғайтын барлық бөлімдерінің өзара ынтымақтастығын арттыруға бағытталған ұсыныстар қабылданды. 
 

«Менің бақытты отбасым» астаналық фестиваль

 
2013 жылғы 8 қыркүйекте Астанадағы «Жастар сарайының» алдындағы концерттік алаңда Қазақстан Республикасында «Отбасы Күнін» мерекелеуге арналған, «Менің бақытты отбасым» Алғашқы қалалық фестивалі өтті.
 
 
Жайма-шуақ күн қатысушылардың көңіл-күйін көтерді. Алаңға мыңнан астам адам келді, бұлар – балаларын, немерелерін ерте келген елордалық отбасылар. Фестиваль 3 сағаттан астам уақытқа созылды. Сахнада шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін көрсетті, сахна маңында балалар асфальтқа сурет салды, алаңда «Шахматтық отбасы» турнирі өтті, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілер жұмыс істеді. 
 
  
 
Фестивальді ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындғы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Абдыхалықова Гүлшара Наушақызы ханым ашты. ҚР Парламент Мәжілісінің демпутаты Асанғазы  Оразкүл  Асанғазықызы, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитет төрайымы  ШЕР РАИСА ПЕТРОВНА, Білім басқармасы бастығының орынбасары    Сеңғазиев Қасымқан Сеңғазиұлы, Астана қаласы АХАЖ бастығы Сағындықова  Гүлнәр Төлеханқызы, Отбасылық тәрбиелеу институтының Бас директоры  Евдокимова Софья Львовна, Астана қаласы Шахмат Федерациясының атқарушы директоры Қайрат Мәмелянов құттықтады.        
   
   
 
Фестиваль шығармашылық және спортты отбасыларға, отбасылық әулеттерге, қаланың жас жұбайларына құрмет көрсетуден басталды. Қалада 50 жылдан астам бірге өмір сүрген көптеген отбасылар тұрады. Осы уақыт ішінде олар тамаша ата-аналарға айналып, балаларын тәрбиеледі, шаршамай-шалдықпай немерелерін күтіп-бақты, көбінің шөберелері де бар, үлкен отбасы болып, бақытты ғұмыр кешуде. Бұл – 60 жыл бойы бірге ғұмыр кешкен, Әмірғали Арықбайұлы Тұржанов пен Смағұлова Күлжан қариялардың отбасы, олар 10 бала тәрбиелеген, немерелері бар. 55 жыл бірге өмір сүрген Амангелді мен Люция Нұрымовтар отбасы. Бұл отбасында үш бала, төрт немере және бір шөбере бар. Қазіргі күні қаламыз сіздердің отбасыларыңызды құрметтеп, некеге тұрған жас отбасыларға сіздерден үлгі-өнеге алуды ұсынып отыр. Бегімов  Жұмағали  Қабиұлы мен Ахметова Күләй Қоқайқызы, ерлі-зайыпты Қамановтар - Қазбек Кәкенұлы мен Айгүл Аманжолқызының отбасылары 30 жыл бірге өмір сүрген. Олар өздерінің отбасылық альбомының тарихында былай деп жазған: «Біз 30 жыл бойы бақытты отбасында өмір сүрдік. Неке қиюға  біз саналы түрде келдік, барлық отбасылар туралы біз өз өмірімізді жатаханадан бастадық. 30 жылғы тату-тәтті ғұмырымыда «ажырасу» сөзін бірде-бір рет айтып көрмеппіз. Бір-бірімізді сүйіп қосылдық, сол махаббатты әлі сақтап келеміз және өз өміріміздің соңына дейін сақтаймыз». Қамановтар отбасының альбомынан келесіні оқыдық: «Біз бір-бірімізді қатты құрметтейміз, мектеп қабырғасында-ақ пайда болған сезімді бағалаймыз және сақтаймыз, бұл сезімнің аты – МАХАББАТ!!!!».
Фестивальда мұндай сөздерді жаңа некеге тұрғалы жатқан жастардан есту аса маңызды болды. Елордамызда апта сайын 200 астам жұп заңды некеге тіркеледі екен. Ал фестивальда жас отбасылар Сабақбаев Жасұлан мен Бақашбаева Айнұр және Шәкіров Дәмір мен Қасенова Динара неке қию куәліктерін алды. Ұйымдастырушылар жас жұбайлар үшін үлкен қуаныш болып табылатын, отбасыларында тұңғыш сәбидері дүниеге келген отбасыларын да ұмытпапты!!!! Және біздің елордамыздың 15 000 жаңа туылған тұрғыны Аппасова Сафинұр Расулқызымен және оның ата-анасымен таныстырды, оларға туу туралы куәлікпен, сыйлықтар табыс етілді. Фестивальда балалары вокалмен айналысатын, Айтжановтар шығармашылық отбасы туралы да айтылды. Олардың үш баласы да оқу үздіктері. Бұл - 15 жыл отбасылық өмірде тату-тәтті өмір сүріп отырған, демократиялық стильдегі отбасы. Олар «Бақытты отбасы – 2013» қалалық конкурсының лауреаттары. Отбасылық шығармашылықтың көрінісі ретінде олар көрермендерге өздерінің орындауындағы «Бесік той» әнін тарту етті. Фестиваль қонақтары риза болып, оларды ұзақ қошеметтеді! 
 
    
 
Алаңда өткізілген фестиваль аясында елорданың жас суретшісі, Экономикалық лицейдің және Айман Мұсақожаева атындағы мектеп-коледждің 6 сынып оқушысы Әмір Жолдасбековтің авторлық көрмесі өткізілді. Онда жас суретшінің 15 жұмысы көрсетілді. Сонымен қатар жүзден астам фотосуреттер ұсынылған, «Спорттық отбасы» мектеп оқушыларының және бала бақша тәрбиеленушілерінің көрмесі қатысушылардың және қонақтардың өзіне назарын тартты. Алаңда өткізілген шахмат бойынша турнир, қаланың 50 отбасын біріктірді. Ал отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшінің көзбе-көз кеңесінен 19-52 жас аралығындағы 25 астам ата-ана өтті. Олар психологпен кеңесуде, өздерінің проблемаларын шешу барысында психологиялық қолдау алды және ұйымдастырушыларға көрсетілген көмектері үшін алғыс айтты. Қазақстандағы Отбасы Күнімен елордалықтарды құттықтауға  «Қайнар» Балалар шығармашылық орталығының тәрбиеленушілерімен (жетекшісі Ф.Н.Клепица), «Очарование»,  «Радость», «Арман» үлгілі шығармашылық ұжымдарын ертіп, Екібастұз Отбасылық тәрбиелеу орталығы да, сондай-ақ Ақмола облысы Аршалы ауданы Вячеславка кенті орта мектебінің тәрбиеленушілері де келіпті. 60 астам жас әртістер өздерінің әсерлі және тамаша мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынып, елорда сахнасында өздерінің таланттарын, күш-қуаттарын, жастық жалындарын көрсете білді, бұл фестиваль қатысушыларының көңіл-күйдерін көтергені сөзсіз!!!
 
Л. Набитовская

Отбасы күнін мерекелеу шараларын өткізу туралы ақпарат

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 02.09.2013ж №12-6-02/2401 хатына сәйкес Батыс Қазақстан облысында Отбасы күнін мерекелеуді ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Облыстың аудандық білім бөлімдеріне мерекені өткізу туралы ұсыныс хаттар  жолданды. Аудан орталықтарында мерекелік шараны өткізу жоспарланып, тұрғындар мен балалар толығымен қамтылды.
    Облыс және аудан орталықтарында отбасылық форум, фестиваль және жарыстар ұйымдастырылды. Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Ажар» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен  қазақ драма театрында «Отбасы – мемлекет айнасы» атты облыстық форум өткізілді. Форум барысы «Отбасы – адамгершілік құндылықтардың қазынасы», «Салауатты отбасы – салауатты ел», «Ана – отбасының жүрегі», «Әке – отбасының бәйтерегі» аталымдарының жүлдегерлерін марапаттауға арналды.Жүлдегерлер дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті «Әкем, шешем және мен» спорттық шарасын өткізді. Шараға қатысушылардың барлығы да ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.
   Білім беру ұйымдарында отбасы тәрбиесі мен құндылықтарын бағалауға бағытталған ашық тәрбие сағаттары, концертік бағдарламалар, мәнерлеп оқу сайысы  өткізілді. Аудандық мектептерде отбасылық ара қатынасты арттыру мақсатында педагогтер, психологтар, дәрігерлердің ұйымдастыруымен ата-аналар, балалар үшін тренингтер өткізілді. Кәмелет жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығында «Бәрі отбасынан басталады» атты тақырыптық кездесу өткізілді.
   Аудандық білім беру бөлімдерінде «Нұр Отан» ХДП, «Жас Отан» жастар қанаты партияларымен біріккен «Отбасынан асқан қандай бақыт бар!» «Әлем қандай керемет...», «Отбасы күні, сенімділік пен махаббат», «Толағай» эстафетасы, «Ең тату отбасы» тақырыбында акциялар, флеш-моб ұйымдастырылды.
  Мектептерде, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, мектептен тыс ұйымдарда өскелең ұрпақтың бойында отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Бәрі де отбасынан басталады», «Балалар- отбасы- отан», «Мен өз отбасымды сүйемін» тақырыптары бойынша сурет көрмесі және фотокөрме өткізілді.
  Өткізілген шаралар облыстық, қалалық баспасөз беттерінде жарияланып, «Қазақстан-Орал», «ТДК-42», «Қарашығанақ»  телеканалдарында қөрсетілді.
 
 Т.Рогозина

«Қос жүректің лүпілі» - «Биение двух сердец» 
облыстық гала-концертінің пресс-релизі
 
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілік Басшысының ұсынысына сәйкес Отбасы күнін атап өту шеңберінде 2013 жылғы 7 қыркүйекте «Достық» Достық үйінің концерттік залында «Қос жүректің лүпілі» - «Биение двух сердец» облыстық гала-концерті өткізілді.
Қазақстанда Отбасы күнін атап өту отбасы институтының адамгершілік, рухани бекінуіне, ерлі-зайыптылықтың жауапкершілігінің маңыздылығын сезіну мүмкіндігін беруге бейімделіп отыр.
Отбасы құндылығы, жауапкершілік және әсіресе көпбалалы болу отбасы-демографиялық саясаты мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. 
«Қос жүректің лүпілі» - «Биение двух сердец» облыстық гала-концертін өткізуде өсіп келе жатқан ұрпақты және қазақстандық отбасылардың жағымды имидждерін насихаттау мәселесіне, отбасын берік құру – отбасы құндылығының жүйесін мықты қалыптастыруға көңіл аударуға бағытталған.
Облыстық гала-концертіне ең мықты, аудан және қалалық конкурстардың жеңімпаздары атанған Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Качиры, Лебяжі, Павлодар аудандарынан 10 отбасы қатысты. Барлық отбасылар алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен және «Қазақстандық отбасы күні» эмблемасы бар мүсіншелермен марапатталды.
 
Павлодар облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы
 
 

 


«Үміт» балалар үйіндегі Отбасы күні

 Елбасының 2013 ж. 7 қыркүйектегі Отбасы күнін мерекелеу туралы жарлығына сай Өскемен қаласы №42 орта мектептің оқушыларымен бірлескен кеңауқымды «Деңсаулық – 2013 фестивалі» мерекелік шара өткізіліп, оған «Гостевая семья - Қонақжай отбасы» бағдарламасы бойынша патронаттық ұйымдар, тәрбиеленушілердің туыстары шақырылды.Мереке қонақтары: Өскемен қаласы «Восток» спорттық-жастар футбол командасы,156/2 17 қатал режім колониясының әкімшілігі, соқырлар қоғамының төрайымы Флеусова Е.В, «Отбасы және денсаулық» қоғамдық қорының оқытушысы Крафт Н, Өскемен қаласы СЖПБ кәмелеттік жаста толмағандар істері жөніндегі инспектор. Балалардан және балалар үйінің ұжымынан тұратын үлкен отбасы қонақтарды жарқын,көңілді флешмобпен қарсы алды.

Достық кездесулер жалғасып, бірлескен футбол ойыны өтіп, «үміттіктердің» пайдасына 5:3 есебімен аяқталды. Тамаша, өте қызықты мереке болды. Сайыстарға балалар үйінің қызметкерлері, А.С.Куленов атындағы шағын аудан тұрғындары,қонақтар қатысып, әке, ана рөлдерін ойнады, балалармен бірлесіп қиын ситуациялардың шешуін тауып, шығармашылық, тапқырлық, ептілік танытты. Балалар көптеген оңды эмоцияларға ие болды.Шараның қортындылауында балалар да үлкендер де Жыланды кентіне дейін жүгіруге белсенді қатысты.

    

    

    

    

    

    

  

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика