Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Құрылған: 30.07.2012, 12:36   |  
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Мектептердегі ас мәзірі ата-аналармен келісіп жасалады
 
– Еліміздегі мектептердің асханаларында оқушыларға берілетін астың мәзірі енді ата-аналармен келісіп жасалынатын болды. Бұл жайында Tengrinews.kz сайтына ҚР білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті хабарлаған. 
2014 жылдың 29 қаңтарынан бастап "Мемлекеттік сатып алулар жайлы Қазақстанның кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді. Құжатқа сәйкес, енді еліміздегі мектептердің асханалары, дәлірек айтсақ, оқу орындарын тамақпен қамтып отырған компаниялар тендерлік негізде таңдалмайтын болды.
"Балалардың тамақтану сапасына маңызды әсері бар бірнеше себепке байланысты оқу саласында тамақтануды ұйымдастырумемлекеттік сатып алулар аясынан шығарылды. Мектептердегі тамақтануды ұйымдастыру мемлекеттік сатып алу кезінде электронды түрде жүргізілетін. Ол кезде негізгі басымдық кәсіпкер ұсынған бағаға берілетін. Ең төмен қаржы ұсынғандар тендер ұтып, нәтижесінде тамақтың сапасы төмендейтін ", - деп түсіндірді комитеттегілер.
Енді мектеп оқушыларға азық-түлік жеткізушілерді анықтайтын байқау жариялайды.
"Мектеп асханаларында жұмыс істейтін жеткізушілерді таңдағанда олардың жұмыс өтілі, сәйкес білімі бар мамандары бар, менеджмент жүйесінде сапа сертификаты, пайдаланатын өнім түрлілігі, сондай-ақ, санитар эпидемиологиялық анықтамасы бар арнайы көлігі барлығы ескерілетін болады", - деді комитеттегілер.
Сонымен қатар, асханаларда жұмыс істеу үшін кәсіпкерлердің берген өтінімін денсаулық сақтау министрлігі, балалар құқын қорғау агенттігі, білім бөлімі, қаржы бақылау органы және ата-аналар қоғамының өкілдерінен құрылған арнайы комиссия қарайды. Осылайша, директор да, ата-ана да мектеп асханаларындағы жұмысты қадағалай алады. 
 
Астана. 10 ақпан. Baq.kz

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы
"Қазақстанда білім саласы қарқынды дамуда"

 

Білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 10 шілдеде «"Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам" атты мақаласы және ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбында интерактивті дәрісі жарияланды.
Осы бағытта департамент үлкен көлемде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
2012 жылдың 14 қыркүйегінде жергілікті «Рика» телеарнасының «Ашық әңгіме» бағдарламасының тікелей эфирінда балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры К.Айдарханова мемлекеттік білім беру бағдарламасының 2012 жылға 1 кезеңінің іске асырылуы бойынша сұхбат берді
Тікелей эфирде қазақстандық оқулықтар, білім мекемелеріндегі дайындық топтары мен кластары, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында 5 қоңырау түсті
Осылай көрермендер балалардың білім және өмір сапасы туралы нақты жауап алды.

Ақтөбе облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті


Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика