Құрылған: 26.02.2018, 12:51 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары
«Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 172 қаулысы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
"Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін жалдауға (қосымша жалдауға) берудің үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 карашадағы № 1172 қаулысы
Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтаудың қағида жобасы