Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы

Құрылған: 31.07.2012, 11:09   |  
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Қазақстан балалары нұрлы жолмен» атты республикалық акция шеңберінде Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралар өтті.
16.06.2015

 

      Мерекелік шараларға КТБО тәрбиеленушілерімен қатар бұрын бейімдеуден өткен,  қазіргі кезде патронаттық жетелеудегі  8 отбасынан  11 бала  қатысты.       
Күннің І жартысында Орталықтың директоры Э.М.Кадимова балаларды құттықтап, өтетін мерекелік шаралармен таныстырды. Мерекені ұйымдастыруға демеушілік көрсеткен «Қазақоил» компаниясының жас мамандар кеңесінің мүшелері балаларды мейраммен құттықтап, жақсы тілектермен сыйлықтар табыс етті: спорттық киімдер, жазғы киімдер, ойыншықтар, доптар, скейтбордтар, үстел үсті ойындары,     
тәтті столға жемістер, шырындар мен торттар.   
Волонтер – Таранова  Настяның ұйымдастыруымен «Урарту» мейрамханасында өмірдің қиын жағдайына тап болған балалармен бірге, аз қамтылған отбасыларынан, патронаттық тәрбиедегі балалардың қатынасуымен  үлкен мереке өтті.  
Мереке барысында мультфильм кейіпкерлерімен қызықты ойын – сауықтар ұйымдастырылды.            
Мереке  мерекелік дастарханда жалғасты.      
Мерекенің соңында  ұйымдастылушылар балаларға әртүрлі сыйлықтар: 
- тәтті сыйлықтар: жемістер, шырын, балмұздақ; 
- кеңсе тауарлары: бояйтын кітапшалар, түрлі – түсті карандаштар,  ермек  
   саз, түрлі – түсті борлар; 
- ойыншықтар: үстел – баспа ойындары,шарлар, жұмсақ ойыншықтар, 
  машина, қуыршақтар т.б. сыйлады.
Күннің ІІ жартысында облыстық білім басқармасының, «Эллада» грекэтно Орталығының жастар қанаты мен «Көкжал – Ақтөбе» жасөспірімдер спорт клубының бірлесіп ұйымдастыруымен  спорттық ойын – жарыстар өтті. Облыстық білім басқармасының маманы А.М.Нурманова барша мерекеге қатысушыларды құттықтап, Орталықтың кітапханасына ертегілер топтамасын сыйға тартты.   
«Көкжал – Ақтөбе» жасөспірімдер спорт клубының тәрбиеленушілері өз өнерлерін паш етті. Балалар жас палуандардың ептілігіне қызыға қарап, қол соғып қошемет көрсетіп, ризашылықтарын білдіріп отырды.             
Мерекенің жалғасы қызықты ойын жарыстарға ұласты.
Балалар белсене қатынасып шара қызықты өтті. Шара соңында ұйымдастырушылар балаларға сыйлықтар (тәтті сыйлықтар, ойыншықтар, шарлар) үлестірді.  Балалардың барлығы мерекелік дастарханнан дәм татты.
Балалар алғыстары мен тілектерін айтып, шарларды әуеге ұшырды.
Балалар көңілді, қызықты өткен мереке туралы өзара жарыса айтып, мерекелік   шарадан  алған  әсерлерімен бөлісіп жатты.
 

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында Ұлы Жеңіске байланысты мерекелік шаралар топтамасы өтті

12.05.2015
    «Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ –де Ұлы Жеңіске байланысты мерекелік шаралар топтамасы өтті.
 
     2015 жылғы 5 мамырда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған  «Патриоттық әндер кешіне» Ақтөбе облыстық филормониясына концертке барды . 

Кеш барысында қоғамдық ұйымдардың, оқушылардың, студенттердің қатысуымен үлкен концерт өтті. Кеште соғыс кезінде жауынгерлерді жігерлендіріп, ерлікке жетелеген рухты әндер шырқалып  көрермендерді  ерекше күйге бөледі. Орталықтың тәрбиеленушілері де әуезді әннің ырғағына елітіп, қол соғып қолдап отырды.

Балалар келгеннен кейін де, концерттен алған әсермен естіген әндердің әуенін ыңылдап айтып жүрді.
   
      6 мамыр күні Орталықтың педагогтарының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мереке өтті. 

 Мақсаты: Балаларды Ұлы Отан соғысы туралы, Қазақстандықтардың ерен ерлігі туралы түсініктерін кеңейте отырып, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу; соғыста қаза болғандардың рухына тағзым ету, бүгінде қалған санаулы майдангерлерді құрметтеу.
Орталықтың педагогтары мен тәрбиеленушілері Ақтөбе облысынан шыққан Кеңес Одағының батырлары туралы және жеңіс тақырыбына салған балалардың суреттерінен стенд жасалды.      
Таңертеңгі сағат 10 –да  мерекенің қадірлі қонақтары – соғыс  ардагері Конюшенко  Борис Иванович пен жұбайы Елена Павловнаны барша  тәрбиеленушілер мен ұжым қуана қарсылады. 

    Әскери әндер әуенімен қонақтар мен көрермендерді мерекені жүргізуші Орталықтың тәрбиешісі С.А.Осерова мерекемен құттықтап, сөз кезегін кітапханашы С.Б.Самұратоваға берді. Ол соғыс туралы, Жеңістің оңайлықпен келмегенін, жеңіс жолында қанша адамдардың қаза болғанын айта келіп, осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқандардың рухына бас иіп, бір сәт үнсіздікпен еске алуды ұсынды. Үнсіздіктен кейін Салтанат Бақытжановна Ұлы Жеңіске жетіп, елге аман оралғандардың бірі, бүгінгі  мерекенің  құрметті қонағы, соғыс ардагері Б.И.Конюшенконы ортаға шақырды. Борис Иванович башаға өзінің басынан өткен оқиғаларын әңгімеледі. Соғысқа өзі сұранып барғанын, қай жерлерде соғысқанын, қандай қиындықтарды бастан кешкенін айтқанда  балалар ұйып тыңдады. Балалар майдангер әңгімесін аяқтағаннан кейін де, ұзақ уақыт жібермей: майданға неше жасында кеткенін, медальдарды қандай ерлігі үшін  алғанын, соғыстан кейін қандай жұмыста істегені, балалары мен немерелері туралы көптеген сұрақтар қойып, қызығып тыңдады. Ардагер сөз соңында балаларға өзінің ақ тілегін айтып, қатысушылар шапалақтап қошемет көрсетті.
    Мереке тәрбиешісі Ж.Ш.Көнебаеваның жетекшілігімен  дайындаған Орталықтың тәрбиеленушілерінің концерттік бағдарламасына  жалғасты. «Ұландар», «Катюша»  әндері  орындалғанда көрермендер де әуен ырғағына қосылып шырқай жөнелді. «Синий платочек» «Смуглянка»  әніне билеген балаларға көрермендер ұзақ қол соғып, қошемет көрсетті. Соғыс кезіндегі әндер топтамасының попуриіне  балалардың  қойған сахыналық қойылымына көрермендер мәз болып, өте қызықты өтті. 
Қойылымнан кейін Орталықтың психологі Аида Маратовна соғыс кезінде Ақтөбе қаласында екі апта ішінде қазақстандықтардан құрылған 11 000 жауынгерден тұратын «312 – атқыштар дивизиясы» туралы  слайдтар көрсетіп тарихын әңгімеледі. Дивизияның құрамы, ерлігі, батырлары туралы қысқаша мәлімет берді. Соңында Жеңіс туралы бейнебаян көрсетілгенде, қонақтар мен көрермендер  көздеріне жас алды.
    Мерекенің соңында балалар бейбітшілік, жеңіс, ерлік, ардагерлер туралы тақпақтар оқып, «Бейбіт болсын күніміз» атты әнмен аяқталды. Мерекенің соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.В. Литвинова   жасына, денсаулығына қарамай мерекелік шарамызға келіп, өмірбаянынан қызықты әңгіме айтып берген ардагер Борис Ивановичке Орталықтың атынан алғыс білдіріп, құттықтап, сыйлық табыс етті.
Кеш соңында балалар майдангермен   естелік суретке түсті.
 
 
 
      8 мамыр күні Орталықтағы кәмелетке толмағандармен Ақтөбе облысының Кеңес Одағының батыры Әлия Молдагулованың мемориалдық мұражайына  барды.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысына ерлермен бірге соғысқа қыздардың да қатынасқанын, солардың бірі соғыста ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз Әлия Молдагулованың ерлік істерін үлгі етіп, батыл да ержүрек болуға, Отанын, елін, халқын сүюге тәрбиелеу.
       Балаларды жылы шыраймен қарсылаған мұражай қызметкері Тажбенова Сауле балаларға Әлия Молдагулованың өмірбаяны, соғыстағы ерлігі туралы мұражайда сақталған мұрағаттарды: қару – жарақтарды, майданнан жазған хаттарын, суреттерін, киімдерін көрсетіп әңгімеледі. Мұражайды аралап көрген балалар таңғалып, тамашалап ондағы мұрағаттардың қасында айналшықтап көп жүрді.
      Балалар  мұражай қызметкерінің әңгімесіне Әлия туралы көрген көркем фильмдегі көріністерді естеріне алып,  сұрақтар қойып  назар салып тыңдады. Мұражай қызметкерлерінің тарапынан өздеріне қойған Ә.Молдагулова туралы ән, кинофильм, ескерткіш, көше, мектеп атауларын т.б. сұрақтарға шама – шарқынша жауап беріп, хабарлары барын, білетіндерін  көрсетті. «Ешкім ұмытылмайды, ешкім ұмытылмақ емес».  

"Мектептердегі  ата –аналармен және педагогтармен өткен кездесулер туралы ақпарат"

 

          Соңғы кездегі әлеуметтік, экономикалық  қиындықтарды бастан кешуге  байланысты, өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасыларының «келеңсіз отбасылары» қатарына қосылып кетулері жиі байқалады. Бұндай отбасылар мен кәмелетке толмағандар арасында ұрлыққа, нашақорлыққа, маскүнемдікке, заң бұзушылыққа көбі бейім болады. Қоғамда соңғы кезде кәмелетке толмағандар арасында  қатыгездіктің, қылмыстың көбеюіне   байланысты қамқорсыздық пен панасыздықты жіті қадағалау қолға алынғандылығы белгілі. Соған байланысты, «Отбасын қолдау қызметінің» ұйымдастыруымен, өткен 2014 жылы №№16, 22, 26, 35, Ақтөбе ОМ –нің «қатер тобында» тұратын отбасыларының ата –аналарымен кездесулер, «дөңгелек үстелдер», жиналыстар өткізілді. Аталмыш шаралар кезінде мектеп педагогтары мен ата –аналар тарапынан, осындай кездесулердің қажеттігі және тигізер көмегінің бар екендігі, айтылған болатын. Соған байланысты «Отбасын қолдау қызметі» осы маңызды мәселені:   отбасындағы келеңсіздік пен кәмелетке толмағандардың арасындағы  қадағалаусыздық пен  панасыздықтың алдын алу, сауықтыру, ағарту  жұмыстарын жүргізу үшін, 2015 жылда да мектептердің ата-аналарымен кездесу өткізу тәжірибесі жалғасын тауып отыр.

           Ағымдағы жылдың 30 қаңтары мен 5 ақпанында «Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ –нің  «Отбасын қолдау кызметі» ұйымдастыруымен, Ақтөбе қаласының №№ 5, 12 мектептерінің    «қатер тобында» тұратын отбасының ата - аналарымен  кездесулер өткізді.

        Бұл кездесулердің мақсаты: «келеңсіз отбасылар» қатарына қосылып кетпеу үшін, сауықтыру, алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу;  ата –аналарға әлеуметтік –құқықтық, психологиялық –педагогикалық мәселелер бойынша кеңес беру.

        Кездесу барысында отбасын қолдау Қызметінің мамандары бейне материалдар мен бейне фильмдер көрсету арқылы Орталықтың жұмысы, «келеңсіз отбасылар» туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ұ.И.Есенгужинна, «Отбасын қолдау қызметі», «Сенім» телефоны, ата –ана мен балалар арасындағы түсініспеушіліктер туралы отбасын қолдау қызметінің әлеуметтік педагогі А.А.Ильясова әңгімелеп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер айтылып, сұрақтарға жауаптар берілді және мекеменің қызметі мен мекен жайы, байланыс телефондары көрсетілген үнпарақтар таратылды. Көптеген ата –аналар білместігінен, немкеттілігінен, дәрменсіздігінен, құлықсыздығынан өздерінің проблемаларын дер кезінде шеше алмайды. Сол себепті, ата –аналарды толғандырып жүрген сұрақтарына тегін және сол сәтте білікті мамандардан жауап пен кеңес алу үшін,  «Отбасын қолдау қызметі» облыстық ХҚК орталығы мен облыстық әділет Департаментінің мамандарының ата аналармен кездесуге қатынасуларын қамтамасыз етті.

         Облыстық әділет Департаментінің өкілдері: АХАТ бөлімінің бас маманы Попенко И.В., құқық түсіндіру бөлімінің адвокаттық мәселелер бойынша жетекші маманы  Айнабекова Ш.С., құқық түсіндіру бөлімінің нотариялдық мәселелер бойынша жетекші маманы Баясилов Д.А. және  ХҚК орталығының   мамандармен қамтамасыз ету бөлімінің маманы Алитурлиева Л.Ж. ата-аналар тарапынан қойылған әр түрлі:

·        қамқоршылыққа алу тәртібі;

·        ата-тегін ауыстыру;

·         үй –жайларын заңдастыру, құжаттарын рәсімдеу;

·        ата-ана құқығынан айыру, шектеу;

·        алимент алу құқығы;

·        мерзімін өткізіп туу туралы  мәліметті тіркету;

·        куәлікті қайта алу;

некені бұзу ережесі т.б. көптеген сұрақтарға жауап беріп,  кеңестер айтты.                               

          Бұл кездесулерге мектеп табалдырығын көп аттамайтын, шақырып келтіре алмайтын ата –аналарға дейін қатынасып, мамандардан тегін ақыл –кеңес алды. Кездесудің соңында қатысушыларға әділет Департаментінің мамандары әзірлеген ішінде ҚР азаматтарының құқығы жазылған және мемлекеттің кепілдігімен құқықтық көмек көрсетуге рұқсат берген адвокаттардың аты –жөні, байланыс телефоны, мекен –жайы көрсетілген «Азаматтарға тегін сауатты құқықтық түсініктеме алу» үнпарақтары  үлестірілді. Жоғарыда аталған мекеме мамандарының қатынасуымен басқа мектептерде де, ата –аналармен осындай кездесулер өткізу жоспарланып отыр.  


 

«Ақтөбе облысының  кәмелетке толмағандарды бейімдеу» ММ өткен «дөңгелек үстел» туралы
МӘЛІМЕТ
 
         «Ақтөбе облысының  кәмелетке толмағандарды бейімдеу» ММ 2014 жылғы 9 қазан күні «Ата-ана құқығын қайтару: ата – ана жауапсыздығынан жоғалтқанын ұғыну және батыл бетбұрыс жасау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Әзірлік барысы: шақырылатын ата – аналардың тізімін жасау, олармен байланыс орнату, қатынасуларын қамтамасыз ету, мазмұнына сәйкес құралдар мен тәсілдерді таңдау т.б. белгіленген мерзімнен көп бұрын басталды. Мұның бәрі бес минутсыз ата-аналық құқығынан айрылу қауіпі төніп тұрған ата-аналардың  естерін  жинап, ойлануға ықпал ету болатын.
         «Дөңгелек үстелдің» жұмысына қатынасуға Ақтөбе ОблББ бөлім бастығы  Ш.А.Сайлагиева, Ақтөбе қаласы әкімшілігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Б.К.Бисенова; Завод, Сазды және Заречный полиция бөлімдерінің  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлары; қала мектептерінің әлеуметтік педагогтары мен бұрынғы және қазіргі біздің тәрбиеленушілердің ата – аналары шақырылды. Орталықтың салтанат залында ата – аналар «Отбасы балалардың көзімен» атты стендке, КТБО тәрбиеленушілерінің суреттері мен қолдарынан жасаған заттардың көрмесімен және «Ата-ана болудың сыры» айдарымен ұйымдастырылған кітаптар сөресімен танысты. Әркім өз баласының қиялынан туған суреттер мен қолынан жасаған заттарын табуға тырысты.
         КТБО директоры Э.М.Кадимова өзінің алғы сөзінде оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес қадағалаусыздық пен панасыздықтың және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында өткізіліп отырған шараға  уақытпен санаспай шақыруды қабыл алып, қатынасып отырған барша қонақтарға алғысын білдірді.
          Орталықтың Отбасын қолдау қызметінің әлеуметтік педагогі А.А.Ильясованың ата – аналармен, қонақтармен өткізген «Танысу» тренингі шараның  жұмысына  бейімдеу бағытын  берді.
          Одан әрі баршаның назарына «Бөбек» қорының « Менің ауылым – туған үйім» атты  бейне/материал ұсынылды. Көрген фильмнің әсерінен қатты толғаныста отырған ата-аналар ұсынылған:
-         Фильм сізге қандай әсер қалдырды?
-         Қандай ой туғызды?
-         Көргеніңіз жайында не айтар едіңіз?
деген сұрақтар бойынша талқылауға қатынасты. Кейбірі көз жастарын тоқтата алмай, айтайын деген ойларын жинақтай алмаса, кейбірі төмен салған бастарын көтерместен отырды, ал кейбірі толқудың әсерінен  бір  ауыз сөзден артық сөз айта алмады... Дегенмен олардың барлығы:  балаларының өмірде қиындықты бастан кешіп жүргендігі, балдәурен балалығының болмауына үлкен адамдардың, өздерінің кінәсінен екендігін түсінеді.
         «Ата-аналық жауапкершілік» тақырыбындағы тренингте, ата-аналар: 1) Сіздің ойыңызша «ата – аналық жауапкершілік» деген не?
2) Сіз балаларыңыз үшін жауап беруге міндеттісіз бе? Ол қандай міндеттер? деген сауалнама сұрақтарына  жазбаша  жауаптар берді.
     ОблББ бөлім бастығы  Ш.А.Сайлагиева мен Ақтөбе қаласы әкімшілігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Б.К.Бисенова сауалнамаларға талдау жасап және балалардың құқығы мен ата – ананардың міндеттері туралы ҚР заңдарына сүйене отырып түсіндірді. 
       Ішімдікті қойып, түзу жолға түсіп, ата – аналық құқықтарын қайтарып, ең бастысы, өздерінің ұлдары мен қыздарына қайта қосылған аналар – З.К.Ермуханова мен Н.М.Друщенколардың араққұмарлықтың кесірінен балалары қадағалаусыз, қараусыз қалғандықтан балалар үйіне тап болғандығы туралы өткен ащы күйінішті өмірлерін әңгімелей келе, залда отырған ата – аналарға балаларын  жоғалтпауларын, кейін қайтарып алу қиын болатынын, ең қорқыныштысы балаларының өздеріне деген сенімі мен махаббатын жоғалтып алуы екенін атап айтты.
       Ата-аналар назарына ұсынылған  слайдтардағы «Балаға деген махаббат, ешқандай шартсыз баланы сол қалпында қабылдау.» «Бала үшін,  сіз ақсыз ба, қарасыз ба, бойыңыз сұңғақ па, аласа ма, еден жуушысыз ба, әлде үлкен фирманың директорысыз ба ол маңызды емес, ол ата-анасын, тек өзінің ата – анасы болғаны үшін жақсы көреді.» деген сөздер  балалардың ата-аналарына деген балалық махаббаттарын дәлелдей түседі.
     «Бізде, кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығында, – деп  сөзін жалғастырған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ұ.И.Есенгужина» –сіздің балаларыңыз үшін барлық жағдай жасалған: 5 мезгіл тамақтанады, жайлы ұйықтайтын бөлмелер мен тамаша ойын бөлмелері бар. Дей тұрғанмен, балалар өздерінің ата – аналарын сағынады және үнемі ойлайтындары: тезірек үйлеріне оралу.»
      Келесі слайдтарда тәрбиеленушілердің ата-аналарынан айырылудың  жан күйзелістері, толғаныстары,  олардың жанұя жылуына, ана махаббаты  мен әке  қамқорлығына деген сағыныш армандарына толы жазған хаттары мен шығармаларынан үзінділер көрсетумен жалғасты.
      Ұ.И.Есенгужина сөзін «Өз балаларын адам ету, ата-аналардың, тек қана ата – аналардың   қасиетті міндеті... Жақсы бала – біздің баянды қарттығымыз, жаман бала – сорлы қарттығымыз.  Болашақты ойлаңыздар, ал болашақ – біздің  балаларымыз» – деген  В.Г.Белинскийдің сөзімен аяқтады.
      «Жүректен жүрекке» қортынды тренинг барысында, ата-аналар «дөңгелек үстелді» ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, бір-біріне: қолдарынан келетін бар мүмкіндіктерін пайдалану, ата-аналық құқықтарын қайтару,  балаларына қосылу  туралы  тілектер  айтты. 

 

 

Атырау облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығында тәрбиеленушілердің бос уақытын тиімді пайдалану 

     Атырау облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығының тәрбиеленушілері ағымдағы жылдың 25 маусымы күні "Тамаша" ойын- сауық кешеніне барды. Ойын сауық кешенінде жасөспірімдерді көңілді, жақсы қарсы алды. Жасөспірімдер әр түрлі ойын автоматтарында жас ерекшеліктеріне сай ойындар ойнап көңіл көтерді. Ойын сауық кешенінде мультфильмдердегі «Мадагаскар», «Алекс» және «Капитан Джек» сияқты атақты кейіпкерлері  тәрбиеленушілерімізді көңілді әр түрлі билермен, ойындармен көңірдерін сергітті. 
     Балалар бос уақыттарын өте көңілді өткізуге көмектескен аға - апаларына өздерінің жүрек жарды алғыстарын айтты.
     Ойын соңында ойын сауық кешенінде  естелік фото суреттерге түсірілді.
 
Орталық қосымша білім беру педагогы  Гүлмира Бекбаулиева

Атырау облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығында "Жүректен - жүрекке" еріктілер тобының балаларға көңіл күй сыйлау шарасы  бойынша
А Қ П А Р А Т
    Атырау облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 2014 жылдың 27 маусым күні "Жүректен жүрекке" еріктілер тобы келіп, Орталық тәрбиеленушілерімен бірлескен «Көтеріңкі көңіл күй сыйлау» шарасын өткізді. Шара балаларға қызықты, әрі көңілді болды. «Сайқымазақтар», мультфильм кейіпкері «Нарута» өздерінің өнерлерін көрсетіп әр түрлі әндерімен тәрбиеленушілерді билетіп және қызықты ойындар өткізіп көңілдерін көтерді. Балалар мәз мәйрам болды.
       Сонымен қатар көңілді сайқымазақтар балалармен бірлесіп, спорттық ойындар ұйымдастырды.
     «Көтеріңкі көңіл күй сыйлау» шарасының соңында «Көпіршіктер шоуы» өткізіліп  балалар  қызыққа бөленді. Еріктілер балалардың  беттеріне әр түрлі акварель бояуларымен суреттер салып, естелікке фото суреттерге түсті.
 
Орталық қосымша білім беру педагогы     Гүлмира Бекбаулиева

Ақтөбе облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында Ғарышкерлер күнін өткізгендігі туралы
 МӘЛІМЕТ
 
«Адам қайткенде де
жердің ауырлығын  жеңіп шығып,
ең болмағанда Күн жүйесінде
бос кеңістігі болу қажет»
К.Э.Циолковский
 
         Халықаралық авиациялық федерацияның шешімімен 12 сәуір Дүниежүзілік Авиация және ғарышкерлер күні ретінде атап өтіледі. Осы күнге және әлемдегі бірінші ғарышкер Ю Гагариннің  туғанына 80 жыл толу құрметіне, облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, адамзаттың Ғарыш эпопеясына арналған «Гагарин көктемі» тақырыбына байланысты  бірнеше шаралар  ұйымдастырылды. Мақсаты: Ғарыш тарихына деген қызығушылықтарын дамыту, ғарыш туралы балалар мен жасөспірімдердің түсінігін кеңейту, оларда рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
                     
         2014 жылы 9 сәуірде балалар Қалалық техникалық шығармашылық орталығына барып, балалардың  қолымен жасалған жұмыстарының көрмесін тамашалап қайтты. Балалар назарына «квиллинг», «қамырқабат», моншақтоқыма суреттер мен әртүрлі табиғи заттардан жасалған мүсіндер, сандықшалар, құмыралар, себеттер, майшам тұғырлары   ұсынылды. Әсіресе Орталықтың тәрбиеленушілерін қызықтырған, алғашқы –техникалық және ғарыштық үлгідегі үйірме сабақтарына қатынасып, өздері  қатар балалардың қолымен ғарыш зымырандарының, ұшақтар мен роботтардың үлгілерін жасаулары болды. Балалардың түсінгендері техника әлемінде өздерін таң қалдырғаны және ең бастысы: құрастыруға, әсемдікті жасауға, қиялды жүзеге асыруға болатыны, тек өз тарапыңнан мақастқа жету үшін жігерлілікпен  және табандылықпен тырыса білу.
         10 сәуір күні Орталықта Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы, В.Пацаев атындағы Қалалық жас ұшқыштар Мектебінің ірге тасын қалаушы және бүгінге күнге дейін жетекшілік етіп келе жатқан, жүздеген балаға өздерінің аспанға деген құштарлықтарына,  армандарының орындалуына алғаш қадам жасауға  көмектескен, тамаша  адам   А.К.Курбановпен  кездесу өтті.
           
           А.К.Курбанов ғарышкер Ю.Гагариннің және біздің жерлестеріміз - ұшқыш-ғарышкерлер В.Пацаев және өзінің шәкірті Ю.Лончековтардың қаhарман өмірі туралы толық мәлімет беріп, қызықты әңгімеледі. Ол ғарыш кемелерінің ұшу сәттері мен ғарышкерлердің жерге қону сәттері, ғарышты бағындырғандармен кездесу сәттері бейнеленген фото суреттер мен өзінің ССРО ғарышкерлері А.Леоновпен, В Терешковамен, Ю.Лончаковпен түскен суреттерін көрсетті.  Оның сөзімен айтқанда: «Ол Жұлдыздыда өздерінікі ...» Орталықтың тәрбиенушілері мен кездесуге шақырылған №28 ОМ оқушылары Ғаламның сиқыры жәйлі сұрақтар қойып, ғарыш саласының дамуына ақтөбеліктердің қосқан зор үлестері мен ерлік көрсеткен біздің жерлесіміз  ғарышкер  В.Пацаевтің  өмірбаянымен танысты. Балалар, Ақтөбе жас ұшқыштар мектебінің түлегі, ұшқыш – ғарышкер Ю.Лончаков туралы фильмді үлкен қызығушылықпен тамашалады.
        Кездесу соңында Александр Константинович мерекелік іс – шараны ұйымдастыруына  белсене қатысқан балаларға сыйлық табыстады: Орталықтың тәрбиеленушісі Туранский Никита «Мен ғарыш туралы не білемін?» тақырыбында жазған ең үздік шығармасы үшін сыйлық алды; «Ғарыш» тақырыбында коллаж рәсімдеу және «Трава у дома» әнін орындағандары үшін тәрбиенушілер   Алдамжарова Гаухар мен Востриков Валерийге сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар өз сыйлықтарын № 28 ОМ оқушылары өлең шумақтарын оқып, бірінші ғарышкер Ю.Гагарин туралы мәлімет бергендері үшін табысталды.
11 сәуір күні Орталықтың тәрбиешісі А.А.Рахметова мен «Умелые руки» тобының жетекшісі И.В:Тихомирова «оригами» техникасын пайдалана отыра  «Дорога в космос» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Балалар қызығушылықпен коолаж, апплекациялар, суреттер салды. Ал, жасөспірімдер «12 сәуіп – Ғарышкерлер күніне» орай газет шығарды. Сабақтардың  қорытындысында балардың жұмыстарының көрмесі үйымдастырылды. 
«Гагаринская весна»  Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «космос» және «галактика» тобтарының спорттық жарыспен аяқталды.
Бұл өткізілген іс – шаралар балалардың ішкі жандүниесін мазалайтын сұрақтардың жауабын таба отырып, өсіп өркендеуі мен ақылды болуларына және ең маңыздысы армандап, болашақ  өмірлеріне жоспар құруларына септігін тигізетіні анық. 

 


Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығыда Құстар күніне арналған шара 
 
2014 жылы 20-ші ақпан айында «Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ-де «Көп құстар – аз зияндылар – егінді жыл» тақырыбында шара өткізілді. 
Мақсаты: құстардың пайдасы туралы білімдерін бекіту,табиғатты аялауға баулу , экологиялық тәрбие беруді жалғастыру.
Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Адам үшін қанаттылардың пайдасы өте зор. Бізде тіршілік ететін құстардың біразы аңшылық үшін ауланып, дәмді ет пен мамық қауырсын береді. Мәселен, қазірде Қазақстанда жылына 3,2 миллион құс аңшылардың олжасы болады. Олар — үйрек, қаз, қасқалдаң, балшықты су құстары. Жасыл желек жамылған кең байтақ даламызда ұшып жүрген біраз құстар (шымшың, торғай, тоңылдақ, ементұмсық және тағы басқалар) егістік, бау-бақша, орман зиянкестері —құрт-құмырсқамен, кеміргіштермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына айтарлықтай пайдасын тигізеді.
 
  
Сондықтан оларды қорғап, қамқорлығымызға алуымыз керек. Бұл табиғатымызға, қоршаған ортамызға тигізер пайдамыздың зор үлесі. 
Тақырып аясын балаларға құстардың пайдасы, қыстан қалай қыстап шығуы туралы кітапхана меңгерушісі Самуратова С.Б әңгіме өткізді.
Қыста құстар боранда, аязды күндерде өз жем азықтарын өздері тауып жейді.
                                                 
 
Орталығымыздың балалары қанатты достарымызға көмек ретінде құстарға азықтанатын астаушалар мен ұяшықтар жасауды ұйғарды.  Ағаш ұстасы Т. Қарабеков балаларға көмек ұшын ұсынды. Қызығушылықпен атсалысқан балалар өздеріне жүктелген тапсырманы орындады. Бұл балаларды еңбекке баулудың бірден бір көрінісі. Дайын ұяшықтарын мен астаушаларын ағаштарға іліп, құстарға азық салды. Құстар қуанышқа толы балалар мәз болды. 
Өсіруге балапан Құстар ұя салады 
Тақия тұзақ салмайық,
Қайғысына қалмайық,
Әдейі көздеп атпайық,
Көп күнаға батпайы құс ұясын бұзбайық
Жұмыртқасын алмайық
Обалына қалмайық - өз тілектерін білдірді.

«Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ жанындағы «Отбасын қолдау кызметінің» ата-аналармен “Кәмелетке толмағандар арасындағы  қадағалаусыздық пен  панасыздықтың алдын алу ”  мақсатында  өткізіліп жатқан жаңа бағыттағы жұмыстары туралы
 
«Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ жанындағы «Отбасын қолдау кызметі» жұмысының негізгі бағыттарының бірі: отбасындағы сәтсіздікті және балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығын болдырмау бойынша алдын-алу жұмыстарын жүргізу болып табылады. 
Соған байланысты, 2014 жылдан бастап, қала мектептерінде ата-аналармен кездесулер өткізілуде. Барлығына түсінікті болу үшін, кездесуді орыс сыныптарының   ата-аналарымен   «Профилактика безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних» тақырыбында Орталықтың директорының оқу бөлімінің орынбасары, әдіскер Ұ.И.Есенгужина  ұйымдастырса, қазақ сыныптарының   ата-аналарымен  Орталықтың әлеуметтік педагогі А.А.Ильясова “Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздықтың алдын алу” тақырыбында   кездесулер өткізілуде.
                                 
Кездесу барысында ата-ананың басты міндетін ұмытпай бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігін, мектеппен тығыз байланыста болып, ата-ана тарапынан балаларға ақыл үйретумен шектелмей, өздері үлгі болулары тиіс  екеніндігі баса айтылды.   Ата-аналарды  «Баланың бас ұстазы ата-анасы», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қағидаларды ұмытпай балалар тәрбиесіне немқұрайлы қарамауға шақырды. 
Қазіргі еліміздегі тыныштық жағдайға қарамастан, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсарып келе жатқандығымен қоғамда соңғы кезде кәмелетке толмағандар арасында  қатыгездіктің, қылмыстың көбейіп кеткендігін, соған байланысты қамқорсыздық пен панасыздықты жіті қадағалау қолға алынғандылығы айтылды. Биылғы қалалық білім бөлімінің мәліметі бойынша «қатер тобында» тұратын балалар саны кейбір мектептерде көп тіркелген. Оның себебі, мектеп орналасқан ауданға жан-жақтан көшіп келушілердің көптігіне, олардың көбінің әлеуметтік, экономикалық  қиындықтарды бастан кешуге мәжбүр екендігіне байланысты, «келеңсіз отбасылар» қатарына қосылып кетпеудің алдын алу мақсатында КТБО тарапынан ата-аналармен кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмысын жүргізу болып табылады.
2013  жылы қала  мектептері бойынша «келеңсіз отбасылар» қатарына жататын жанұялардан 41 бала Орталықта бейімдеуден өтіп, 16 бала отбасымен табысып, 11 бала сот шешімімен ата-аналары  құқығынан айырылуына және 3 бала жетім қалуына байланысты Алға балалар үйіне, 6 бала қорғаншылыққа тәрбиелеуге беріліп, 1 бала ата-анасынан қорғансыз қалуына байланысты патронаттық тәрбиеге берілді. 
Кездесу барысында слайдтар көрсете отырып, Орталықтың жұмыс бағыттарымен, мақсатымен, міндеттері туралы баяндап және істеліп жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. Жалпы «панасыздық», «қамқорсыздық» ұғымының   шығуы туралы түсінік бере отырып, балалар   қадағалаусыздығы мен панасыздығының себептеріне, көбіне  өмірдің қиын жағдайына тап болуға бейім отбасылар мен балалар  туралы түсіндірді. Бұндай отбасылар мен кәмелетке толмағандар арасында ұрлыққа, нашақорлыққа, маскүнемдікке, заң бұзушылыққа көбі бейім болатындықтан, қоғамға қауіп төндіретінін, қоғамда осыған байланысты келеңсіздіктердің белең алуының алдын алу мақсатында мемлекет тарапынан арнайы Заңдар мен қаулылардың  қабылданғандығына тоқталды. Өмірдің қиын жағдайына тап болған қадағалаусыз, панасыз қалған кәмелетке толмағандарды  мемлекет тарапынан ерекше қорғау мен  көмек көрсетуді жүзеге асыру мақсатында  ҚР «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және  балалардың  қадағалаусыздығы  мен  панасыздығын ескерту туралы»  Заңын жүзеге асыру үшін, 2011 жылғы 10 қаңтардағы  №1 ҚР білім министрінің бұйрығымен «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында кәмелетке толмағандарды күтіп бағу ережесі» бекітілгендігін, соның негізінде  Ақтөбе қаласында  “Ақтөбе  облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы” ММ жұмыс жасайтындығы, оның  жанында “Отбасын қолдау қызметі” бар екендігін  айтып, ол бөлімінде балалар мен ересектерге психологиялық, педагогикалық және құқықтық көмек көрсету және оларды толғандырған мәселелердің шешілуіне ықпал ету мақсатында жұмыс істейтінін 90-80-98 «Сенім» телефонына хабарласуға болатынын айтты.   «Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ жанындағы «Отбасын қолдау кызметінің» мамандары қадағалаусыздық пен панасыздықтың, кәмелетке толмағандар арасында келеңсіз жағдайлардың белең алуының алдын алу мақсатында қала бойынша «қатер тобында» тұратын балалар саны көп тіркелген  мектептердің ата-аналарымен осындай    кездесулер өткізудің  қажеттігіне көз жеткізіп отыр, себебі кездесу барысында, көтерілген мәселелердің ата-аналарды толғандыратынын, сұрақтар қойылып, жауаптар беру, әңгімелесу барысында байқалды. 

Орталықтағы балаларға уақытылы көмек көрсету
 
Қарағанды облысы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы және Жезқазған, Сәтбаев, Қарағанды, Қаражал қалаларының және Жаңаарқа, Ұлытау аудандарының қамқорлық және қамқоршылық органдарының қызметкерлеріне арналған  «Орталықтағы балаларға уақытылы көмек көрсету» атты семинар – тренинг Балалардың құқығын қорғау басқармасымен ұйымдастырылып  2013 жылдың 25 қазанында өткізілді. 
Семинар – тренинг жұмыстарына Жезқазған қаласының прокуратура, әділет басқармасы, облыстық ІІБ өкілдері, ЮНЕСЕФ жобасының координаторы, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының және Ұлытау ауданының кәмелетке толмағандар және олардың құқығын қорғау жұмыстары бойынша комиссия хатшылары, кәмелетке толмағандар жұмысы бойынша тобының аға инспекторлары, «Макенбаева» отбасылық емхана қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырлды: 
-  жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім мекемелерінің құрамы ережелеріне өзгеріс енгізу;
- өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың және олардың заңды өкілдеріне әлеуметтік және психологиялық көмек косету. «Демеу» ОҚҚ мәселесі;
-  кәмелетке толмағандарды және олардың ата – аналарың құжаттандыру және тіркеу;
- КТБО мен КТІЖБ қарым - қатынасы; 
- өмірдің қиын жағдайына тап болған берекесіз отбасын дер кезінде анықтау және балаларды жоспарлы иммунизациялауды қамтамасыз ету
- Қазақстан Республикасының аумағына  көшіп қонушылардың келіп  кетуін тіркеу ережесі, көшіп қонуды кадағалауды жүзеге асыру:
- реализация интегрированной модели оказания специальных и  социальных услуг.
Кәмелетке толмағандардың және олардың отбасылық мәселелерінің шешімі үшін Балалардың құқығын қорғау басқармасы мен Жезқазған қаласының КТБО, ЖИТС-пен күрес және алдын-алу орталығы, «Томирис» АҚ арасында меморандумға қол қойылды.
Семинар қорытындысы бойынша Қарағанды облысы КТБО – на ұсынысы және мемлекеттік құрылымдар және Орталықтағы балаларға уақытылы көмек көрсету жобасы дайындалған. 
Семинар қатысушыларына Жезқазған қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы  тәрбиеленушілердің қатысуымен ұймдастырылған концерт және балалар жұмысының көрмесі, музыкалық сәлемдемесі көрсетілді. 
Күннің екінші жарытысында Қарағанды облысы Балалардың құқығын қорғау басқармасымен  бірге «Томирис»  балаларды , жасөспірімдерді және әйелдерді қорғау орталығы АҚ   Жезқазғаг қаласының ҚТБО қызметкерлерімен  және жалпы білім мекемелерінің әлеуметтік оқытушыларына Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балалар  туралы,  қиын жағдайға тап болған  отбасылар және одан шығу  жолдарын және практикалық дағдының дамуының мәселесі бойынша тренинг өткізілді.  
 
  
 

2013 жылдың 29 мамырында өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға түбегейлі көмек көрсету, қазіргі өркениетті заманға сай жан-жақты дамыған жеке  тұлғаны қалыптастыру мақсатында Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Жүрек жылуы»  мерекелік шарасы өткізілді. 
Шараға облыстық білім басқармасы, балалардың құқықтарын қорғау департаменті, үкіметтік емес ұйымдар, облыстық «Огни Алатау» газеті, «Сбербанк России» АҚ, облыстық ата-аналар комитеті, Талдықорған қаласындағы заң колледжінің өкілдері қатысты.
Аталған іс шара барысында «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ тарапынан бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар туралы бейне-ролик  көрсетілді. 
Сонымен қатар, орталықтың тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері дайындаған шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. 
Шара соңында қонақтар Халықаралық балаларды қорғау күніне орай орталықтың балалары мен қызметкерлеріне  жылы лебіздерін білдіріп,  сыйлықтарды тарту етті. 
Ал, тәрбиеленушілер болса, қонақтарға өз қолдарымен жасаған қол-өнер бұйымдарын сыйлады.
Ағымдағы жылдың 31 мамырында «Сбербанк России» АҚ демеушілігімен «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ тәрбиеленушілерінің Талдықорған қаласындағы «Сити Плюс» сауда-ойын орталығында демалуы ұйымдастырылды.

«Қайырымды қолдан сүйіспеншілікпен» жыл сайынғы қайырымдылық акциясы
 
Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті бастамашылығымен «Біз - сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» республикалық акциясы шеңберінде Балалық шақ және отбасы саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асыруға, балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне қоғамның назарын аударуға мүмкіндік беретін өсіп келе жатқан ұрпақты дамыту және тәрбиелеу үшін жақсы жағдай жасауға бағытталған жыл сайынғы «Қайырымды қолдан сүйіспеншілікпен» қайырымдылық акциясы (бұдан әрі – Акция) ағымдағы жылдың 24 мамырында  өткізілді.
Акцияның мақсаты -  балаларда сұлулық сезімін дамыту, қоршаған табиғатқа ықыласпен қарау және Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының  кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының (бұдан әрі - КТБО) аумағын көркейтуде көмек көрсету.  
Акцияны Beeline сауда маркасының өкілі, белсенді азаматтық көзқарасы бар, түрлі балалар мекемелеріне атаулы қолдау көрсететін, тұрақты серіктестік болып табылатын «КаР-Тел» ЖШС Қостанай филиалы қолдады.  
              
Қайырымдылық акцияның өткізілуі КТБО-дағы балалардың орындалуымен табысты болды. Өздерінің шығармашылық қабілеттерін олар жазғы демалыстың басталуына арналған театрландырылған қойылымдарда, өлеңдер мен жырларды орындау кезінде білдірді. Өткізілген Акция нәтижесінде балалармен 30-дан артық георгин, канн, петуния көшеттері отырғызылып, бір жылдық гүлдердің 5 гүлзары жасалды. Аз уақытта отырғызылған гүлдер мекеме аумағын көзге түсерліктей безендендірілді. 
Гүлдер отырғызылғаннан кейін Акцияның қатысушыларына естелік сыйлықтар тапсырылды.
Балалар сыйланған футболкалар мен бейсболкаларды сүйсіне киіп көрді. Кішкентай бөбектер сыйға тартылған қойын дәптерлерде жазбаларын қалдырып та үлгерді.
Қуаныш балалардың жүректерін шаттық сезіміне толтырып, сыйға тартылған жаз мерекесінен олар шаттық әсеріне бөленді. 
Мұндай қайырымдылық акциялардың өткізілуі қазақстандық балалардың өсіп және белсенді дамып келе жатқан ұрпағының рухани-адамгершілік жетілуіндегі үлкен жолдың жалғасы болып табылады.     

Атырау облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында өткен «Отбасында зорлық жоқ» атты тәжірибе алмасу-семинар
 
Атырау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 2013 жылға арналған жоспарға сәйкес, 3 мамырда Атырау облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Отбасында зорлық жоқ» атты тәжірибе алмасу-семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысына Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Г.Губашева, балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Ғ.Бижанова, Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесі директорыА.Иманғалиева , Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің өкілі И.Нысанғалиев, Атырау қаласы жәние аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, КТБО-ның әкімшілігі, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Семинардың мақсаты – облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында қызметін жүзеге асырып жатырған Отбасын қолдау орталығының жұмысын көрсету, тәжірибе алмасу болып табылады.
                                                                  
Алғаш сөз алған Департамент директорының орынбасары Г.Губашева Отбасын қолдау орталығының атқарып жатырған жұмысының ауқымдығын, соның ішінде қиын жағдайға тап болған балаларға психологиялық , әлеуметтік, құқықтық көмек көрсетуде әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу мақсатында атқарылып жатырған жұмыстарды алға тартты. Одан кейін сөз алған, облыстық Кәмелетке толмағанадарды бейімдеу орталығының әлеуметтік-педагогы А.Досканова Отбасын қолдау қызметінің мақсаты және нақты тәжірибеден, атқарылып отырған жұмыстардың жүрісі туралы, мейірімді, саналы азамат өсуіне ықпал жасау мақсатында «Әр отбасына – мейірім, жүрек жылуын себейік» тақырыбында сөз сөйлеу КТБО-ның педагог-психологы  О.Хамиева, жасөспірімдердің КТБО-на аудандар бойынша қабылдануын зерделеу мәселесі бойынша Ж.Халелова баяндама жасады.
Соынмен қатар, өздерінің бүгінгі таңда атқарып жатырған  жұмыстары жайлы Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесінің директоры А.Иманғалиева және облыстық Ішкі істер департаментінің Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ерекше тапсырма бойынша аға инспекторы ой бөлісті.
Шараға қатысушы аудандық білім бөлімдерінің мамандары Отбасын қолдау қызметінің маңыздылығын, өз тараптарынан жоғарыда аталған мәселелер бойынша жергілікті жерде семинар ұйымдастырып, талқыға салынатынын айтты.
 

«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы жанындағы Отбасыларды қолдау қызметінің қиын өмір жағдайына тап болған отбасылар мен балаларды әлеуметтік қамқорлыққа алу бойынша жұмысы» тақырыбында өткізілген республикалық интерактивтік семинар 
 
Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жоспары шеңберінде 2013 жылғы 30 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы базасындаа   «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы жанындағы Отбасыларды қолдау қызметінің қиын өмір жағдайына тап болған отбасылар мен балаларды әлеуметтік қамқорлыққа алу бойынша жұмысы» тақырыбында республикалық интерактивтік семинар өткізілді.
 Республикалық семинардың модераторы  Солтүстік Қазақстан облысының  Балалардың құқықтарын қорғау департаменті болды.
                                                                                            
Интерактивтік семинардың негізгі мақсаты «Қиын өмір жағдайына тап болған отбасылар мен балаларды әлеуметтік қамқорлыққа алу бойынша Отбасыларды қолдау қызметінің жұмыс тәжірибесімен алмасу, проблемалық сұрақтарды шешу» болып табылды.
Интерактивтік семинар жұмысына Балалардың құқықтарын қорғау, Білім департаменттері және ІІД, облыстар мен Астана  және Алматы қалаларының КТБО және де қиын өмір жағдайына тап болған отбасылар мен балаларға көмек қолын созатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.  
Солтүстік Қазақстан облысының білім беру және ішкі істер органдарынан шақырылған өкілдер КТБО-мен кәмелетке толмағандар арасында панасыздық, қадағалаусыздық және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша  өзара іс-қимыл әрекеттері жайында бөлісті. «Жастар ұйымдарының одағы» ҚБ заңгері «Балалар игілігі үшін жасампаздық» жобасының нәтижелері туралы айтты, оның барысында Отбасыларды қолдау қызметімен қиын өмір жағдайына тап болған отбасылар мен балаларға құқықтық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетілді.
                                                                                             
СҚО КТБО директоры қатысушылармен Орталықта Отбасыларды қолдау қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстары Орталықтары жанындағы Отбасыларды қолдау қызметтері  жұмыс тәжірибесін ортаға салды.
Әріптестердің Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы жанындағы Отбасыларды қолдау қызметінің «Қиын өмір жағдайына тап болған отбасылар мен балаларды әлеуметтік қамқорлыққа алу бойынша жұмысы жайындағы баяндамалары мен пікірлерін тыңдап,  интерактивтік семинар модераторы қатысушыларға ұсынымдар жобасын талқылауға ұсынды. Интерактивтік семинар қорытындысы бірауыздан ұсынымдарды қабылдау болып табылды.

Старая сказка на новый лад
 
На этой неделе в гости к воспитанникам Центра адаптации несовершеннолетних Северо-Казахстанской области пришли волонтеры педагогического колледжа им.М.Жумабаева. Студенты-волонтеры – наши давние друзья, они проводят в Центре адаптации часы самопознания, спортивные,  познавательные мероприятия, различные тренинги, опросы. Общение со студентами, участие в мероприятиях оказывают положительное влияние на детей, проходящих период адаптации. 
А в этот раз дети с большим интересом наблюдали за действиями героев известной сказки о Красной Шапочке. Самодельные костюмы, маски, выполненные самими студентами,  очень понравились воспитанникам. А самое главное -  азартная игра артистов заставляла смеяться и переживать всех зрителей. Как и в любой сказке, добро и любовь снова победили зло.
 Для подростков и детей, переживших трудную жизненную ситуацию, приобщение к миру искусства крайне важно и всегда благотворно.

Наурыз – жыл басы
 
Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, халық дәстүрлерін құрметтеу, эстетикалық және адамгершілік дамыту мақсатында 18 наурызда СҚО Кәмелетке толмағандар орталығында Наурызды мерекелеуге арналған -  «Наурыз – жыл басы» іс-шарасы өткізілді. 
Наурыз мейрамыкөктемгі жаңару нышаны, махаббат, жеміс беру мен достықтың  салтанаты болып табылады. Мерекеге орай безендіріліп ресімделген «Наурыз мейрамы» газеті шығарылды.
                                 
Ойын бөлмесінде қызметкерлер мен тәрбиешілердің күш салуымен әсемделген киіз үй тігілді. Онда  тұрмыстық заттар, ұлттық киімдер, киізден жасалған қолөнер бұйымдары қойылды және де кең дастарқан жайылды. Орталық тәрбиеленушілері әзірлеген концерттік нөмірлер тапқыр Алдар Көсе мен ақымақ бай туралы қойылым, «Қара жорға» биі,  Наурыз жайындағы ән мен жырлар көрермендер көңілінен шықты. Халық салт-дәстүрлері біліміне арналған байқауға балалар белсене ат салысты. Веселья и радости всем участникам добавил обряд «Шашу» ғұрпы барлық қатысушыларға шаттық күлкі сыйлады. Қонақтарсыз қандай мереке болсын? Орталық тәрбиеленушілеріне қонаққа  М. Жумабаев ат. педагогикалық колледждің еріктілері – бұрынғы достары келді. Олар құр қол келген жоқ. Колледж студенттері тамаша  концерттік бағдарлама ұсынды. Мереке бай дастарқан басында жалғасып, онда тәрбиеленушілерге де қонақтарға да орын табылды.
                               

Біз № 21 ОМ қонақта

Петропавл қ. № 21 ОМ Солтүстік Қазақстан облысының КТБО тәрбиеленушілері қонақта болып келді. КТБО-нан 8 Наурыз мерекесіне арналған, «Ерте, ерте, ертеде...» мерекелік іс-шарасына балаларды шақырды. 8 Наурыз – нәзіктік, махаббат, жылулық, гүлдер мен әдеміліктің, романтикалық ортаны шақыратын, көктем мен әйелдердің мерекесі. Петропавл қ. № 21 ОМ мен Солтүстік Қазақстан облысының КТБО бұрыннан келе жатқан достық қатынастар байланыстырады: 2 жыл бойы мектеп волонтерлері КТБО-да түрлі шаралар өткізуде, ал Орталықтың тәрбиеленушілері – поязия кештерінің, спорттық шаралардың, концерттердің жиі қонақтары. Сонымен бірге мектеп әкімшілігі бірнеше мәрте біздің балаларға гуманитарлық көмек көрсетті.
                                                          
Міне көктем мерекесінің қарсаңында да Петропавл қ. № 21 ОМ шақыруын Орталық тәрбиеленушілері шынайы көңілмен қабылдады. Тәрбиеленушілерді қарсы алу мен бағдарламаның өзі де жылы, достық ортада өтті. Мереке қонақтарын көктемге, аналарға, қыздарға арналған әндер, билер, өлеңдер қуантты. Оле Лукойе ертегі кейіпкерінің шығуы көрсетілімнің мейізі болды.
Әйелдер «жартысына» 8 наурызға сыйлықтар, гүлдер дәстүрлі түрде сыйланды. Осы рет те де мектеп әкімшілігі дәстүр жайлы ұмытпады: қонақтарды мерекемен құттықтап, бейімдеу орталығының қыздарына сыйлықтар сыйлады. 


«Қорқынышыңды алып – күлкі  қайтарып береміз».

«Жезқазған қаласының кәмелетке толмағандарды  бейімдеу орталығы» ММ қызметінде қалыпты және жағымды атмосфера қалыптастыру қажет, бұл балалардың жүйкелік қысым мен қиындықты жеңу кезіндегі қорқынышты жою мүмкіндігін береді.
Осы мақсатта біздің психологтар Е.В.Ташланова мен И.В.Абирезова өз жұмысының психологиялық тәсілі ретінде топтық тренингті қолданады. Оның бірі арт – терапия негізінде құрылған  «Қорқынышыңды алып – күлкі  қайтарып береміз».
Өзін өнер арқылы көрсете білуі, балалардың өз сезімін ауыртпалықсыз білдіру тәсілі болып табылады. Арт – терапия шектеусіз, қарсы дәлелсіз қыспаққа алуды шешудің қауіпсіз әдісінің бір түрі.
                            
Қалыптасқан  жағымсыз эмоциялардың жағымдыға ауысуы, бұл емделудің қалыпты жолының бірі. Осындай арт – терапиялық сабақтар балаларға стрессті жағдайда шешім қабылдауға, күш, сенімділік береді.
                                                                             
Шығармашылық бейнелеуді қолдану, өзін –өзі бағалауды көтеру үшін және қоғамда өзін – өзі теңдік қалыпта ұстауға жол ашады.
Суреттеу біздің тәрбиеленушілерімізге осылай өз мәселеріне және жағымсыз сезімдеріне басқа қырынан қарауға көмектеседі.


«Жол ережесін сақтайық» Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында танымдық шара өтті

2013 жылдың 21 ақпанда Балалардың құқықтарының қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Сен және сенің құқығың» атты республикалық декада аясында  облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Жол ережесін сақтайық» тақырыбында танымдық шара өтті. Шараға кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының және С.Қазыбаев атындағы жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық №1 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты. Ал шараның басты кейіпкерлері Атырау қалалық Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің «Жас жол инспекторлары» үйірмесінің қатысушылары болды.
                                                                     
Мақсаты: Оқушыларды жол ережесін жетік біліп, өзінің және өзгенің өмір қауіпсіздігін сақтауға насихаттау, жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу.
Жол белгілерін ажырата білуге баулу.
Көрнекілігі: жол белгілері, бағдаршам, машина, ролик, ән әуендер.
Алдымен жас инспекторлар өздерімен және өздерінің жетістіктерімен өлеңмен, фотоальбомдар арқылы таныстырды. Сонымен қатар, төмендегі шаралар өтті:
1.«Жолда сақ бол»;
2.«Жол ережесін білеміз бе?»;
3.Жас реттеушінің жол белгілерін көрсету арқылы балалардан жауап алу;
4.Бағдаршамның үш түсін айыру;
5.«Жол оқиғасынан» көрініс
6.Саптық байқау;
7.Үгіт-насихат поппури әні
Барлық  сауалдарға, ойындарға балалар бар ынтасымен қатысып, сұрақтарға белсенді жауаптарын берді. Шара соңында үйірме мүшелеріне естелік сыйлықтар табыс етілді.


«Баланы кім қорғайды?» атты облыстық семинар

2013 жылдың 20 ақпанда  «Ақтөбе облысының КТБО»  ММ-де   «Кәмелетке толмағандардың қараусыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу ҚР заңдылықтарының сақталуының басты кепілінің бірі»   тақырыбында облыстық семинар өтті.  Семинарға 11 аудандық білім бөлімінен  қамқоршылық және қорғаншылық органдарының бас мамандары мен қала мектептерінен  22  әлеуметтік педагогтар  қатысты. Сонымен қатар, семинарға Зауыт, Сазды және Заречный  ПБ-нің  ЮПБ аға иснпекторлары және облыстық әдістеме орталығының маманы А.М.Наренова мен балалардың құқықтарын   қорғау Департаментінің бас маманы Р.Т.Сембаева қатысты.
                                     
Панасыздық пен қадағалаусыздықдың алдын алуда қамқоршылық  және  қорғаншылық органдарының атқаратын  ролі талқыланды.  Орталық директоры  Д.К.Халетова  өз кезегінде семинарды ашып, Облыстық  ББ  бас  маманы  Г.П.Еремеева мен  ЮПБ-нің  аға инспекторы А.А.Жумабаева баяндамалар  оқыды.  
Семинар барысында  орталық тәрбиешісі  Н.Т.Имашева   «Біз денсаулықты таңдаймыз»  тақырыбында өзінің шынықтыру-сауықтыру бағдарламасын ұсынды.  
                                                                                           
Орталық директорының орынбасарлары У.И.Есенгужина және Т.В.Литвинованың ұйымдастыруымен семинардың практикалық бөлімі өте қызықты өтті. Қонақтар 3 топқа бөлініп, әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды мұқият орындап, қорғады. Өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасып, жұмыс барысында кездесетін мәселелерді талқылап,   көптеген сұрақтарына жауап алды.  Барлық семинарға қатысушыларға қажетті мәліметтер салынған жинақ папкасы таратылды.


«Дені саудың-жаны сау» Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілердің басты ұраны

2013 жылдан облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының Атырау қаласында орналасқан «Жас батыр» спорттық кешенінің директоры Р.Мусин мырза демеушілік көрсетіп, Орталықтың тәрбиеленушілерін аптасына екі рет спортпен айналасуға мүмкіндік туғызды.
Тәрбиешілер балалардың спорт кешеніне алғашқы рет баруына байланысты қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Содан соң салауатты өмір салтын ұстану жайлы және денсаулық құндылықтары жөнінде ақпараттандырып түсінік берді.
Бірінші балалармен жеңіл жаттығулар жасалды, көңілді сайыстар өткізілді.  Содан соң балалар «Жас өркен» және «Жас қыран» болып 2 топқа бөлініп төмендегі сайыстар бойынша жарысқа түсті:
1.Қашықтыққа жүгіру;
2.Баскетбол ойыны;
3.Спартакиада.
Жоғарыда аталған жарыстарға балалар барлық ынталарымен қатысып, өзінің спортқа деген құлшыныстарын білдірді.
2 сағатқа созылған жарыста «Жас қыран» тобы жеңіске жетті.
Кіші жастағы балаларымыз ойын залында ойнады.
                                                             


Павлодар облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында өткізілген әдістемелік күн

2013 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасын орындау үшін КТБО-ның қызметін жетілдіру мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Павлодар облысының білім беру басқармасымен бірлесіп Облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына әдістемелік күн өткізді.
Іс-шараның модераторы ретінде Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Гүлбарам Әуезханқызы Наурызбаева сөз сөйлеп, Орталықтың қызметіне қысқаша шолу жасады, әдістемелік күнді өткізу тәртібі мен регламентін таныстырды.
Білім беру басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бастығы Роза Қабиболлақызы Ақановамен бірлесіп Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Әлия Төлегенқызы Тілеуленова КТБО-ның жүргізу құжаттарының тәртібі зерделенді.
                                  
Ал бұл уақытта оқу сыныбында Орталықтың тәрбиеленушілерімен омбудсмендер Антон Подейка, Кристина Балашева мен ПМУ студенттері Кристина Малявинамен, Динара Шариповамен  «Құқық әлемінде» тақырыбында викторина өткізілді.
КТБО-ның педагогикалық ұжымымен ИНЕУ «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі Гүлмира Ермекқызы Есенғараева «Өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірімдермен өзара іс-әрекет жасау ерекшеліктері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының қызметкерлері кәмелетке толмағандармен түзету-бейімдеу жұмыстарын жүргізу, мәліметтерді есепке алуды жүргізу бойынша әрі қарай жұмысты жетілдіру үшін әдістемелік ұсынымдар алды.


«Қызықты мәрелер»

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту және спортқа деген қызығушылықты  ояту, ұйымдастырушылық қабілетті қалыптастыру мақсатында  Солтүстік Қазақстан мамандандырылған-педагогикалық колледж студенттері мен СҚО кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы бірлесіп «Қызықты мәрелер» эстафетасын өткізді.
Спорт балаларға өте қажет!
Біз спортпен өте доспыз!
Спорт - көмекші,
Спорт - денсаулық,
Спорт – ойын
Физкульт – ура!
                                                                    
Осындай қуанышты ұранмен тәрбиеленушілер арасында эстафета басталды. Іс-шара ішіне жарыстар және эстафеталар кірді- рухани күшті, ынтаны, физикалық дайындықты қажет ететін, скакалкамен секіру, жылдамдыққа жүгіру, доппен эстафета, «Ласточка», «Кенгуру» және т.б.көптеген ойындар. Бұл қасиеттерді балалар көрермендерге жеңіл көрсетті.
Жарыс жеңімпаздарды марапаттаумен, грамота ұсынумен аяқталды.


Аяз ата әлемі
                                 
Қыс – ертегілік оқиға мен пейілдердің орындалу мезгілі. Дәл қысқы уақытта біздің балапандарымыз Аяз Атаға сырлы армандарын білдіреді. Ескі жыл өтіп кетіп, жаңа жыл басталғаныныа қарамастан, біздің әрбіреуіміз, әсіресе балалар армандауды жалғастырады. 2013 жылғы 16 қаңтарда Ақмола облысының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиенушілеріне Қазақстандық Лапландияға бару ұйымдастырылды. Ертегілік, ғажайып атмосферамен айналанған «Аяз ата әлемі» деп аталатын елде әрбір қонақ өз қолымен Аяз Атаға хат жаза алады. Орталықтағы балалар 16 қаңтар күнін көтеріңкі көңіл күймен күтті.
Эльфтер – Аяз Атаның көмекшілері, балаларды ақкөңілді және ілтипатпен қарсы аллды.  Аяз Ата резиденциясы бойынша экскурсия жасатты, мұнда әлемнің 7 ғажайыбы да бар (Мысырлық пирамидалар, Тадж - Махал, Эйфель мұңарасы және т.б.).
Барлық 7 әлем ғажайыбын көргеннен кейін, эльф балаларды тура аяз Атаға әкелді.
                              
Балалар үлкен қуанышпен тақпақтар айтып, Атадан тәттілерді алып отырды. Атамен көңілді сөйлесіп, Аяз Атаның шыңайы тағында суретке түсіп болғасын, балалар ары қарай барды. Тілектер білдіру бөлмесінде оларды басқа эльфтер күтіп отырды. Бұл бөлмеде әркім арманын білдіріп, Аяз Атаға сурет салып, эльфтермен пазл ойнап,  көптеген жаңажылдық оқиғалар жазылған эльфтердің үлкен кітабын аударып, қарай алды.
Осы нағыз ертегілік елде тілек тілемеу мүмкін емес болды. Ең көңіл жібітетіні – әр баланың, тіпті үлкен балалардың өзі, қолына бір бет қағаз алып, жасырып өз тілегін жазып жатқанын көру болды.
                               
Тілек білдіру бөлмесіндегі эльфтермен қоштасып, балалар ары қарай ең құпиялы, ең әдемі және ең қызықты жерге барды – бұл Аяз Ата өзінің сыйлықтарын сақтайтын қоймасы, осында барлық сыйлықтар көркем оратылып, ұқыпты түрде сөреде жинақталып тұр. Көп уақыт бойы балалар кішкентай ойыншық Аяз аталарды, бұғыларды, кітапшаларды және көптеген басқасын қарап жүрді.
Және қоштасуға да уақыт келді, бірақ қоштасар алдында Аяз Ата балалар үшін нағыз тосынсый жасады – бұл шыңайы ит жегілген, бұғылар және аттар жегілген шанада сереуен жасату. Балалар қарсы соғып тұрған аязды желге қарамастан, қайта қайта біресе иттер, біресе бұғалар жегілген шанада сереуендеуді сұрап тұрғанына қарау бұл сөзбен айтылмас сезім.
Қуанышты әсерге толы балалар ертегілік елдің барлығымен қоштасы. Ғажайып бар – оған сену қажет.


«Каraoke  жырлайтын журектер»

Караоке деген не? Барлығымыз да ән айтқанды жақсы көреміз. Біз автокөлікте де, суға тускенде және тамақ әзірлеп жатқанда асханада да ән айтамыз, бірақ қолыңа микрофон алып, бөлмедегі әр көзқарас өзіңе қадалған кездегі сезіммен ештеңе де теңелмейді!
Караоке  әрқашан және барлық жерде жақсы көңіл-күй. Сол себепті тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілетін, ұжымдағы достық қарым-қатынасты қалыптастыру, мәдениет деңгейін көтеру мақсатында СҚО Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында 2013 жылғы            16 қаңтарда «Каraoke  жырлайтын журектер» - байқауы өтті.
                                   
Байқауға барлық 8-ден 17 жас аралығындағы тәрбиеленушілер қатысты. Әр адамның өзі ұнататын сүйікті әні, сүйікті орындаушылары бар, сондықтан қазіргі заманға сай әндер де, ескі романстар да, балалық шақ кездегі әндер де айтылды. Бастысы барлық балалар таза жүрекпен, шын ниетпен әндетті. Өзін айқын көрсете алғандар Альбина (17 жас), Рима (17 жас), Катя (8 жас), Максим (16 жас).
Байқаудың жеңімпаздарына тәтті сыйлықтар, ал барлық тыңдаушыларға жақсы көңіл-күй сыйланды.


Бүгін 2012 жылдың 28 желтоқсанында Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында балалар көңілінде қуаныш ұялатар  Жаңа жылдық мерекесі ұйымдастырылып өткізілді.
Орталықтың балдарына арналған мерекеге Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастырылуымен шақырылған ЖШС «MEERBUSH», «SEWON VERTEX HEAVY INDUSTRY» компаниясының мекемесінің өкілдері тәтті сыйлықтарын таратты.  
                                  
Жаңа жылдық шыршаға Аяз ата, Ақшақар, ертегілер әлемінің персонаждары шақырылып, балалармен бірігіп шырша жанында өлең айтылып, би биледі балаларды тосын сыйлар мен сыйлықтар молынан болып, мереке соңында ЖШС «MEERBUSH», «SEWON VERTEX HEAVY INDUSTRY» компаниясының мекемесі өкілдері Жаңа жылдық мерекенің өтуіне демеушілік көмек көрсетіп, өз кезектерінде балаларға музыкалық орталық, караоке, сандық фотоаппарат және жаңа жылдық костюмдерді сыйға тарту етті.
                                                                                      


Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы Тәуелсіздік күні

2012 жылғы 15 желтоқсанда Павлодар облысының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Тәуелсіздік күніне арналады» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты қазақстандық патриотизмді және өз Отанына деген мақтаныш, сүйіспеншілік сезімді тәрбиелеу болып табылады.
                                       
Мерекені орталықтың директоры Жанболат Әлмұқанұлы Мұхамеджанов ашып, тәрбиеленушілерді атаулы мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, Қазақстан Республикасының әнұраны айтылды.
Іс-шараның жүргізушілері  сол орталықтың тәрбиеленушілері Әйгерім Халел және Валентина Липко болды, олар барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің құрылу туралы тарихымен, Тәуелсіздіктің нышандарымен таныстырды.
Мерекелік іс-шара шеңберінде КТБО-ның тәрбиеленушілерімен концерт ұйымдастырылды – балалар Отан туралы өлеңдер оқыды, эстрада әндерін орындады, ұлттық және заманауи би биледі.
                                                                                       


Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы мен Жасөспірімдер үйінің  тәрбиеленушілерін «Евразия» ойын-сауық орталығында кино көрсетілімі

Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының (мәтін бойынша – Орталық) қызметін үйлестіру функциясын жүзеге асыру барысында Департамент үкіметтік емес ұйымдармен, мүдделі мемлекеттік мекемелермен және жеке кәсіпкерлермен әріптестік қарым-қатынас орнатып, іс-шаралар атқарып келеді.
Осы орайда Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2012 жылдың 13 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының қызметін үйлестіру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде Орталықтағы 10 тәрбиеленушімен және Жасөспірімдер үйінің 12 тәрбиеленушісімен бейімдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Евразия» ойын-сауық орталығында балалардың кино көруі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты Орталықта тәрбиеленіп жатқан балаларды қоғамға бейімдеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу, білімге құштарлығын арттыру, олардың тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау болып табылады.  
Аталған шара барысында балаларда патриоттық сезімді дамытуға, оқу-білімге ынтасын күшейтуге бағытталған «Книга легенд - Тайнственный лес» бейне фильмі тамашаланды.
Іс-шара барысында балаларға сусындар, поп-корндар алып беріліп, балалар мәз-мейрам болысты.


Тәуелсіздік- мемлекет негізі

Қазақстан Тәуелсіздігі- қазақ халқының көп ғасырдан армандаған арманы мен  үтіті.  Мереке концерттері мен көріністер мемлекет бойынша өткізіледі, Солтүстік Қазақстан облысындағы КТБО да шет қалмады. КТБО тәрбиеленушілеріне патриоттық сезім ұялату, Отанына махаббат, біздің мемлекетміздің тарихы туралы білімдерін толықтыру, Қазақстан Республикасында тұрып жатқан халқын қадірлеу  мақсатымен  мерекелік концерт өткізілді.
Іс- шара дәстүр бойынша Орталық директоры О.М.Басыбаевтың сөзімен басталды. Республикамыздың әнұраны айтылды. Тәрбиеленушілердің күшімен  концерттік бағдарлама дайындалды. Әр түрлі тілде әндер айтылды, балалар өз Отанына деген махаббат туралы  тақпақтар айтты. Мереке көрермендері біздің мемлекетіміздің тарихы туралы қызықты  мағұлматтар білді, концерттік нөмірлерді қызықтап қарады. Бұндай мерекелер балалардың шығармашылық қабілеттерін  ашып қана қоймай, ең басты мақсат біздің Отанымызға деген патриоттық сезім тәрбиелеу.
                                   


Зорлық-зомбылықсыз өмірді қалыптастырайық

Оңтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық кампаниясының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2012 жылдың 15 қараша күні ОҚО Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Зорлық-зомбылықсыз өмірді қалыптастырайық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты әлеуметтік жетімдіктің, зорлық-зомбылықтың, панасыздық пен қаңғыбастықтың алдын алуда бірлескен жұмысты жандандыру және ақпараттандыру.
Дөңгелек үстелге білім басқармасының, денсаулық сақтау басқармасының, ішкі істер департаментінің, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, ішкі саясат басқармасының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен ОҚО Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әкімшілігі  қатысты.
                      
Іс-шараға қатысушылар орталықты аралап, жасөспірімдермен емін-еркін ой бөлісіп, тыныс-тіршілігімен тереңінен танысты. Сонымен қатар, орталықтың жетістіктері мен алға қойған мақсаттары да кеңінен түсіндірілді.  Іс-шара бағдарламасына сәйкес дөңгелек үстелді ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Ғ. Жүсіпова ашып, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Қазақстандағы «Дағдарыс орталықтары» Одағымен бірлескен  «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық кампаниясының негізгі мақсаттарымен таныстырып, қазіргі таңдағы өзекті проблемаларға кеңінен тоқталып, әрбір мәліметті бейнеролик арқылы дәлелдеді. Құзіреттілігі бойынша өз кәсібіне жауапты мамандарда өздерін толғандырып жүрген ойларын ортаға салып, шешу жолдарын қарастырды.  
Қазіргі таңдағы шағын және орта бизнес өкілдерінің арзан жұмыс күші болып саналатын бала еңбегін түбегейлі жою мен ата-аналардың құқықтық сауаттылығын көтеру кезек күттірмейтін мәселе болғандықтан біргелікте жұмыс жүргізуге келісім жасалды. 2013 жылдан бастап ауқымды іс-шаралар жоспарын түзу арқылы әлеуметтік жетімдіктің, зорлық-зомбылықтың, панасыздық пен қаңғыбастықтың алдын алуда бірлескен жұмыс  жандандырылады.


«Сен және мен- біз бәріміз әлемді өзгертеміз»

«Қатыгездіксіз және зорлықсыз балалық шақ» республикалық онкүндік шеңберінде 2012 жылдың 15 қарашасында Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында Департамент еріктілерімен «Сен және мен- біз бәріміз әлемді өзгертеміз» аталатын мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның өткізілу себебі: балаларға керемет сезім тәрбиелеу, қоғам оларды өмірдің қиын жағдайында жалғыз қалдырмайтындарын түсінуге. Еріктілер барлық КТБО тәрбиеленушілеріне керек болған кезде көрсетілген нөмірге қоңырау шалып өздеріне психолог және заңгер мамандардан көмек сұрауларына болады.
                            
Түрлі концерттік нөмірлер: әндер, билер, тақпақтар, гимнастардың қатысулары көрермендерді таң қалдырмай қоймады. Орталықтың тәрбиеленушілері тек концертті қызықтап қана қоймай, түрлі сұрақ-жауап сайыстарына қатысты.
Еріктілер сыйлықтармен келді: әрбір тәрбиеленушіге жұмсақ ойыншықтар, түрлі-түсті қарандаштар, сурет салуға арналған альбомдар.
Тәрбеленушілер оларды сүйеді екендеріне және оларды ұмытпайтындарына қатты қуанышты.
                                                                                  


Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Білім басқармасының «Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-інде болғаны туралы ақпарат
2012 жылдың 8 қарашасында Алматы қаласы Білім басқармасының «Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ-сіне бару кестесі бойынша Департаменттің балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Р.Байзуллин аталған мекемеде болды.
Мекемеде балалардың жалпы саны-35, оның ішінде  25-ұл бала, 10-қыз бала, сонымен қатар, 22 - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,13-қараусыз және қадағалаусыз қалған балалар болды.
Аймақ бойынша балалар санының  жіктелуі:
Алматы қаласы бойынша -25
Алматы облысы бойынша -2
Шығыс Қазақстан облысы бойынша -2
Қостанай облысы бойынша -1
Өзбекістан Республикасы бойынша -2
Мекен-жайы анықталмаған-2
Жеке басы куәләнбаған-1
Балаларды күту бойынша жөнсіздіктер табылмады.
Жатын бөлме, демалыс бөлмесі, оқу кабинеттері, асхана тексерілді. Мекеме жағдайы орташа деңгейде.
Мекемені аралау барысында ересек балалар далада, спорт алаңында болды, ал кіші жастағы балалар демалыс бөлмесінде теледидар қарап отырды. Балалармен әңгіме жүргізу барысында, олардан талаптар мен  шағымдар түспеді.
Мекемені аралау барысында директордың оқу ісі бойынша орынбасары Ж.Бегалиев пен  әлеуметтік педагог З.Байжігітоваға БҚҚК-не ағымдағы жылдың  қараша айына  есепті құрастыру бойынша тәжірбиелік көмек көрсетілді.
                           
«Күш көрсету мен қатыгездіксіз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында 2012 жылдың 8 қарашасында Алматы қаласы Білім басқармасының Девиантты мінез-құлықты баларға арналған арнайы мекемесінің мәжіліс залында Әуезов ауданы ІІБ ПӘБ ювенальді полиция бастығын м.а. полиция майоры Ш.Байназаров, девиантты мінез-құлықты баларға арналған арнайы мекемесінің директоры Н.Ысқақов, Кәмелеттік жасқа толмағандар орталығын директоры Р.Құрмашеваның қатысуымен аталған мекемелердің қызметкерлері мен тәрбиеленушілеріне құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу өткізілді.
Әуезов ауданы ІІБ ПӘБ ювенальді полиция бастығын м.а. полиция майоры Ш.Байназаров «Заң балалық күзетінде» атты тақырыпта дәріс оқыды.
Жиналғандар алдында сонымен қатар, Девиантты мінез-құлықты баларға арналған арнайы мекемесінің директоры Н.Ысқақов, Кәмелеттік жасқа толмағандар орталығын директоры Р.Құрмашева сөз сөйледі.
Кездесудің  модераторы болып БҚҚД –нің балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Р.Байзуллин  сөз сөйледі.
Аталған шара «Ұлан» газетінде жарияланды.


«Кәмелетке толмағандар арасындағы қараусыздық пен қадағалаусыздық мәселелері» тақырыбында өткізілген қоғамдық қабылдау туралы

Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының 2012 жылға арналған бірлескен жоспарының аясында 06.11.2012 жылы Департаменттің мәжіліс залында кәмелетке толмағандар арасында қараусыздық пен қадағалаусыздық мәселелеріне байланысты қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
Жамбыл облысының тұрғындарын қоғамдық қабылдаудың өткізілетіндігі туралы ақпараттандыру мақсатында облыстық «Арай» газетінің 2012 жылдың 2 қарашасындағы санында қоғамдық қабылдау туралы хабарландыру жарық көрді.
Қоғамдық қабылдауды Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары З.Сұлтанбаев пен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының орынбасары Б.Түйтебаев жүргізді.
Қоғамдық қабылдауды Департамент директорының орынбасары Сұлтанбаев  Зейнел-Нәби Маралбайұлы ашып, қоғамдық қабылдауға қатысушы азаматтарды  кәмелетке толмаған балалар мәселеріне арналған бұл іс-шараның мақсатымен таныстырды.
Орталық директорының орынбасары Түйтебаев Болат Түзелбекұлы  өз сөзінде балалар мен жастарға қолдау көрсету мемлекетіміздің саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
                          
Сонымен қатар бұл іс-шара барысында бүгінгі күні кәмелетке толмағандардың қараусыз және қадағалаусыз қалу проблемалары, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған балаларды оңалту, өмірге бейімдеу мәселелері сөз болды.
Іс-шара барысында барлығы қоғамдық қабылдауға түрлі сұрақтармен 4 тұлға қатысып, сұрақтарын қойды. Мысалы, Тараз қаласы, Көшекова көшесі, №67 үйінің тұрғыны Жұмаділдаева Меңнұр Самирбекқызы Орталықтың қызметі мен ондағы балалардың жағдайы туралы сұраса, Тараз қаласы, Сенкібай көшесінің 5 бұрылысы, №17 үй тұрғыны Керімбаева Айгерім Боранбайқызы қараусыздық пен қараусыздықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен Орталықтан баланы қорғаншылыққа алу ерекшеліктері бойынша сұрады.
Ал Тараз қаласы, Крылова көшесі, №36 үй тұрғыны Жұматаев Алтай Науатбекұлы Орталықтың жұмысын үйлестіру бойынша Департамент тарапынан атқарылатын көмек туралы сұраса, Тараз қаласы, Алатау мөлтек ауданы, 52 үй, 62 пәтер тұрғыны Болатұлы Азамат Орталыққа жеткізілетін балалардың санаты мен оларды қоғамға бейімдеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелігі туралы сұрады. Аталған азаматтарға қойылған сұрақтары бойынша тиісті жауаптар берілді.
Сонымен қатар Департамент директорының орынбасары Сұлтанбаев  Зейнел-Нәби Маралбайұлы қоғамдағы қараусыздық пен қадағалаусыздықтың алдын алу бойынша Департаменттің алдағы уақытта да қатаң бақылауында болатындығын жеткізді.


«Алтын күз»

Жақсы сезімді, шығармашылық қабілеттіктерін, еңбек сүйгіштік, достық қатынасты нығайтуға тәрбиелеу мақсатымен СҚО-ның КТБО-да «Алтын күз» мерекелік іс-шарасы дайындалды және өткізілді.
Ойнау бөлмесінде күз байлығымен толықтырылған устел жайылды- жемістер, көкөністер, бал. Вазадағы әдемі гүлдер мен рябиналар бұл суретті толықтыра түсті. Мерекеге барлық тәрбиеленушілер белсенді қатысты. Меркеде күз, егін туралы тақпақтар, өлеңдер шырқалды. Көрермендердің қызығы мен күлкісі мерекенің шырқын бұзғысы келген Баба-яга болды (10 жастағы Романның орындауында). Тәрбиеленуші Диманың орындауында күзгі егін туралы рэп те оқылды. Әр түрлі сайыстарға тек балалар ғана қатысып қойған жоқ, үлкендер де қатысты. Мереке 6 жастағы Эвелинаның көңілді тақпақ айтуымен аяқталды. КТБО-ның әкімшілігі бір де бір баланы қимылсыз қалдырмады.
Бұл мереке түрлі түсті от шашумен және сыйлықтар - жұмсақ ойыншықтармен аяқталды.
                            


Жастарға - құқықтық  мәдениет

2012 жылғы 10 қазанда ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен Шығыс Қазақстан облысында өтіп жатқан «Қоғам балалықты қорғауда» айлығы  аясында Семей қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Отбасы орталығы» қоғамдық қор қызметкерлері тәрбиеленушілермен тренинг-ойын өткізді. Ойынның мақсаты: баланың өзін-өзі бағалау деңгейін арттыру, қарым-қатынастың бұзылуын, дау-жанжал мен оңашалануды болдырмау.  Балалар өз пікірлерін айтып,   тренинг-ойынға белсене қатысты.
                                                              
Сонымен қатар, «Исток» қоғамдық ұйымының еріктілері Л.Вайкуле мен В.Симонова балалармен олардың құқығы туралы қызықты әңгіме, позитивті түрдегі ойындар өткізді. Шара балалардың сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлерін бояумен аяқталды.


Павлодар қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Ересектерге арналған 100 сұрақ» кездесуі жалғасуда...

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Ересектерге арналған 100 сұрақ» кездесуі жалғасуда. 2012 жылғы 18 қыркүйекте Экология және туризм балалар-жасөспірім орталығының өкілі Мәулен Молдабайұлы Қожахметовпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ол тәрбиеленушілерге өзі туралы, өзінің қол жеткізген табыстары мен жетістіктері туралы, спортпен, музыкамен айналысатынын баяндады.
Балаларды  музыкант-орындаушы ретінде М.М. Қожахметовтің еңбек және шығармашылық қызметі қызықтырды. Балалардың қойған сұрақтары оның байқауларға қатысуы, шығарма жазуы болды.
Мәулен Молдабайұлы оның шығармалары патриоттық сипатта жазылатынын және туған қазақстан жерін әнге қосуға бағытталатынын айтты.
                                      
Сұхбат барысында балалар Мәулен Молдабековтің өмірі туралы ақпарат алды, оның орындауында ұлы композиторлардың әндерін тыңдады.
Іс-шара соңында балалар қонақтарға Орталықта жұмыс істейтін «Гитарада ойнау» үйірмесі туралы айтып, КТБО-ның тәрбиеленушісі Руслан гитарада достық туралы ән айтты.


Ынтымақтастық балалар игілігі үшін

Әлеуметтік серіктестік, өзара байланыс және балалық шақ саласында ынтымақтастық жүйесін әзірлеу балаларды құқықтық қорғауда және тәрбиелеуде ең маңызды болып табылады.
Негізгі мақсаттарға қол жеткізу және қойылған міндеттерді кешенді шешу үшін Павлодар облысының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен, қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен, ішкі істер органдарымен, жоғары оқу мекемелерімен, біліктілікті арттыру институтымен, балалар және жастар ұйымдарымен өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен және облыс білім беру басқармасымен бекітілген, С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университетімен, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтымен, облыстық КТБО-мен келісілген  КТБО-ның қызметін ұйымдастыру бойынша бірлескен әрекеттерді іске асырады.
Ағымдағы жылы КТБО-ның «Әлеуметтік -волонтерлер орталығы» ЖҚБ, «Қазақстанның студенттер альянсы» ЖҚБ, «Промень» мәдени студиясымен, тәрбиеленушілердің бос уақытын ұйымдастыру бойынша «Сауран» балалар аула клубымен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
КТБО тәрбиеленушілерінің құнды бағыттарын тәрбиелеу мақсатында  қоғамдық тәрбие жүйесінің маңызды бөлігімен өзара байланыста Орталық облыстық Г.Н. Потанин атындағы өлкетану мұражайымен, балалар техникалық мектебімен, А.П. Чехов атындағы драматеатрмен, Бұқар Жырау атындағы әдеби және өнер мұражайымен өзара ынтымақтастық жасауды ретке келтірген. Сондай-ақ, балалар-жасөспірім экологиялық туризм мектебімен, Оқушылар сарайымен және А. Гайдар атындағы балалар кітапханасымен ынтымақтастық жасау жоспарлануда.
2012 жылғы 8 қыркүйекте «Денсаулық аптасы» шеңберінде «ОКТБО» ММ қызметкерлерімен Павлодар көлік және коммуникация колледжі базасында Орталықтың тәрбиеленушілері арасында спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Сайыс тартылу, сығымдану, армрестлинг, қанат тарту сияқты  жаттығулар бойынша 5 кезеңде өтті.
Қатысушылар қысылмастан барлық сайыстарға қатысты. Әрбір команда жеңіске ұмтылды.
Орталықтың тәрбиешілерінен құрылған әділқазылар барлық командалардың жеңіске лайықты болғандығынан, бір шешімге келе алмай, достық жеңді деп шешті.


Маңғыстау облысы басшыларының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына баруы  

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нургалиева Х. Х. 2012 жылдың 11 қыркүйегінде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының жұмысымен танысу мақсатында аталған мекемеге барып қайтты. Мекемеге экскурсияны кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры М.К.Ташев және білім басқармасының бастығының орынбасары З.Ж.Тастемирова жүргізді.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында қараусыздықтың себебінен әртүрлі жастағы 9 бала орналастырылған. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының негізгі мақсаты – психологиялық көмек көрсету, бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру, осыған байланысты мекеменің қызметкерлері балалардың аталған мекемеге түсу себептерін анықтау және алдағы уақытта орналастыру жөніндегі мәселелерді реттеу жұмыстарын жүргізеді.
Маңғыстау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Б.А. Әлібекова танысу сапар кезінде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының мәселелерін айтып; жылу, қоршау, спорттық алаңдардың жоқтығы екендігін атап өтті. Аталған мәселелердің шешілуі Маңғыстау облысы әкімнің орынбасарының бақылауына алынды.
                   


«Қызықты эстафета» іс-шара туралы

Денсаулық аптасы шеңберінде СҚО КТБО-да  эстафета ойны өткізілді.
Іс-шараның өткізілу мақсаты: салауатты өмір салтын қадағалау және қалыптастыру, денсаулықты сақтау, жаман қылықтардын алдын алу, дене шынықтыру мен спорттың жетілуі.
Ойын басталмастан бұрын қауіпсідік техникасы бойынша нұсқамалық өткізілді.Тәрбиеленушілер екі топқа бөлініп, топ басшысын таңдады. Балалар дене шынықтыру сайысында белсенді ойын көрсетті: доппен жүгіру, скакалкамен секіру, кубиктармен сөздер құрастыру және т.б.Балалар спорттық сайыстарда жарысып,  улкен қуанышпен өз топтарына жанкүйер болды.
Эстафета біткеннен соң  Денсаулық аптасының қорытындысы салтанатты рәсімде өткізілді. Командаларға құрмет грамоталары ұсынылды.
                    


2012 жылдың 25 тамызы күні   «Кәмелетке толмағпандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесінде «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында  «Астана-жастардың  жүрегі» атты  жастар қозғалысы 9  тәрбиленушілеріне  мектепке қажетті құрал жабдықтар сыйлады. Аталған сыйлықтар жалпы 63 000 теңге сомманы құрайды.
   


«Мектепке жол» акциясы Өскемен қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында

Шығыс Қазақстан облысында «Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда. ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары, демеушілер, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді атсалысуда.
       
Мысалға, 2012 жылғы 21 тамызда Департамент мамандары  Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында қонақта болып қайтты. 13 балаға мектеп сөмкелері табыс етілді. Ересек балалар «Мектепке жол» акциясының біздің облыста ғана емес, өзге де облыстарда өтіп жатқанын біледі екен, ал бірінші сыныпқа баратын қос бүлдіршін болса, мектеп сөмкелеріне қызыға қарап, өздеріне тиесілі сыйлыққа тезірек ие болуға асықты. Олар мектепті кілең төрт пен беске оқуға уәде берісті. Балалардың жүздеріне күлкі үйіріліп, жанарлары жайнап, бір сәтке қуанышқа бөленді. Кездесу соңында естелік суретке түсіп, аталған мекеме қызметкерлері балаларға көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдірді.


Астана қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы жиналыс

2012 жылғы 16 тамызда Астана қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасын орындау үшін жұмысты жетілдіру мақсатында жиналыс өткізді.
Жиналысқа Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры – Жұмабекова Рысты Мағауияқызы, Астана қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры – Белгібаев Аманжол Кенжетайұлы, Астана қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының аға-тәрбиешісі – Гарбуз Любовь Николаевна, Астана қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әлеуметтік педагогы – Таженова Жансая Жарылғақанқызы, Астана қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының психологы – Әбдіғалиева Марал Болатқызы қатысты.
Департаменттің директоры Рысты Мағауияқызы қолайсыз отбасыларға бару бойынша, қолайсыз отбасылармен жұмыс бойынша мониторинг жүргізу қажеттігі туралы, ҮЕҰ және ата-аналар ассамблеясы, мектеп маслихаттарымен ынтымақтастықтың қажеттігі туралы ұсыныстар берді.
Қазақстан Республикасының облыстары және қалаларындағы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарымен тәжірибе алмасу, басқа елдердегі, мәселен Ресей Федерациясындағы кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық және панасыздықтың алдын алу бойынша жұмысты  зерделеу қажет.
Қолайсыз отбасыларға жәрдемдесу қызметінің жұмысын белсендендіру, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық және панасыздықтың, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша қадамдық жұмысты жазу қажет.
Жиналыс іскери және сындарлы жағдайда өтті. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының қызметкерлері болашақтағы жұмысын жетілдіру үшін пайдалы ұсыныстар алды.

                                       


ОКТБО қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес

2012 жылғы 11 тамызында облыстың балалардың құқықтарын қорғау департаменті мекемесінде ОКТБО қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кеңесі өтті.
Іс-шараға білім беру басқармасы және бөлімі, Павлодар педагогикалық институты «Педагогика және психология» кафедрасының мамандары, ОКТБО, Павлодар қаласының балалар үйі, ОАМИ, Павлодар қаласының балалары бар әйелдерді әлеуметтік бейімдеу орталығының  директорлары, психологтары мен әлеуметтік педагогтары қатысты.
Павлодар қаласының балалар үйі мен ОКТБО жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмаған балаларды қабылдау, орналастыру және олардың құқықтарын қамтамасыз ету, облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы қызметін жетілдіру бойынша бірлескен әрекеттер жоспары туралы мәселелер қарастырылды.
Павлодар қаласының балалары бар әйелдерді әлеуметтік бейімдеу орталығының  директоры – М.В. Стрелковская отбасыларды қолдау, отбасы жайсыздығының алдын алу, Павлодар педагогикалық институты педагогика кафедрасының меңгерушісі – Б.А. Нұрмағамбетова ата-ана Академиясы қызметі жөнінде тәжірибелерімен бөлісті.
  ОКТБО, ОАМИ, балалар үйлеріне дербес учаскелік инспекторларды бекіту, әлеуметтік патронажды отбасыларға ғылыми, психологиялық-педагогикалық ыңғайы арқылы көмек көрсету бойынша аумақтық орталықтар ашу, тұрақты түрде әумесерлік мінез-құлықты балалармен жұмыс істейтін мамандар мен қорғаншылық және қамқоршылық органдары өкілдеріне он-лайн режимінде оқыту семинарларын ұйымдастыру мәселелері көтерілді.
Департамент директоры Г.А. Наурызбаева балаларға арналған мекемелерде балалардың сол мекемеде ыңғайлы, жайлы қалыпты  тұруын қамтамасыз етуге, балаларды отбасыға орналастыру жұмысын белсендіруге, балаларды мекемеде, мекеме сыртына шыққан кезде де бақылауды жүзеге асыруға қатысушылардың назарын аударды.

               


АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА

2012 жылдың 5 шілде күні  сағат 10:00-де Астана қаласының «КТБО» ММ орталықтағы  кәмелетке толмаған 11 балаға Астана күніне арналған «Сен туған күн – мерекеміз!» атты мерекелік қойылым өткізіледі.
Мақсаты: Отанымыздың алдында жауапты болу, белсенді азамат болу қабілетін қалыптастыру.
Міндеті: Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, мемлекеттік тілде сөйлеуге деген құлшынысын дамыту, Қазақстан Республикасының рәміздерін бағалауды қалаптастыру.
    
Шақырылғандар: Балалардың құқығын қорғау департаменті мен Білім басқармасының қызметкерлері, кәмелетке толмағандардың ата-аналары.
Бағдарламада: мерекеде балалар Астана қаласына арналған өлеңдер айтылды, балалардың орындауындағы сүйікті астана туралы ән айтылды, қазақтың ұлттық биі, соңына қарай «Менің сүйікті қалам» атты сурет конкурсы өтті. Сурет конкурсының жеңімпаздары анықталып, жеңімпаздарды Балалардың құқығын қорғау департаменті  грамотасымен құттықтады. Мереке соңы «тәтті столмен» аяқталды. Демеушілік көрсеткен «Дәулет» ЖШС, «Астана жүрегі» жастар қозғалысы.

 

Панасыздарға көмек көрсетуге әркез Орталық дайын

Өмірдің ауыр жағдайында қалған бала – барлық елде кездесетін проблема: балалар жоғалады, жетім қалады, зорлық-зомбылықтың құрбаны болады, ұрланады, үйінен кетеді. Қадағалаусыз, панасыз қалған балалар нашақорлықпен айналысып, түрлі криминалды әрекеттерге барады, соның ішінде есірткі саудасы, жезөкшелік, ұрлық және тағы басқалар.
2011 жылдан бастап Өскемен және Семей қалаларында Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары қызмет ете бастады. Бала түскен сәттен бастап орталық қызметкерлері оның дағдарыс жағдайында қалу себептерін анықтап, соған байланысты бейімдеу немесе медициналық, психологиялық түзету жұмыстарын ұйымдастыру бойынша міндеттерді белгілейді, баланы ары қарай орналастыру бойынша шаралар қабылдайды. Ең басты мақсат – егер баланың өмірі мен денсаулығына қандай да бір қауіп болмаса, оны өз отбасына қайтару. Мұндай қауіптерге ата-анасының психикалық ауруы, отбасында қажетті жағдайдың болмауы, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, баланың ата-ана қамқорынсыз қалуы жатады. 
  Осыған байланысты, Орталықтардың басты мақсаты – психологиялық көмек көрсету, бейімдеу жұмысын ұйымдастыру. Аталған міндеттерді орындау үшін мекеме түрлі үкіметтік емес ұйымдармен, жастар ұйымдарымен, еріктілермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізеді. Орталық қызметкерлері балалардың мекемеде болған аз уақытын пайдалы да қызықты өткізуі үшін барлық күш-жігерлерін жұмсайды.
                                    
Өскемен қаласындағы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында жуырда «Шығыс Қазақстан облыстық «Матросово» жастар орталығы» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері мен еріктілері болып қайтты. Өскелең ұрпаққа аға буынды үлгі тұту жастарға саналы тәрбие берудің бір жолы, мұны орталыққа келген жас меймандар жақсы  түсінеді. Шара барысында балалардың қуанышы мен бақытында шек болмады, әрқайсысы келген қонақтардың қимыл-әрекеттеріне еліктеп, соларға ұқсағысы келді. 
Семей қаласындағы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тұрақты меймандары, балалардың жанашырлары – «Исток» ҚБ, Семей қаласындағы Отбасы орталығы, Орыс әлеуметтік-мәдени орталығы және басқалар. Бұлардың әрқайсысының орталыққа келуі балалар үшін зор қуаныш, жас жеткіншектер ұйымдастырылатын шаралардан рахат алып, өздері үшін беймәлім ақпараттармен, қызықты деректермен білімдерін толықтырады. 
                                  
ҮЕҰ өкілдері балалармен тренингтер өткізіп, түрлі танымдық ойындар ойнап, театрландырылған қойылымдар ұйымдастырады, сурет салу өнеріне баулиды. Балалар бір сәтке ертегі кейіпкеріне, қылқалам шеберіне, басқа да өнер иесіне айналады. Бұлардың әрқайсысы бала үшін, оның жан-жақты дамуы үшін аса маңызды, себебі олардың арасында қарапайым акварель бояуды да, түсті қағазды да қолына ұстап көрмегендер кездеседі.
Балаларды бейімдеу, тәрбиелеу, дамыту тек Орталықта ғана жүзеге асырылмайды, олар түрлі мәдени орталықтарға, қалалық мұражайларға, театрға, саябақтарға да жиі барып тұрады. 
Бұл орталыққа балалар уақытша ғана орналастырылғанымен, дәл осы жерде олар бейімдеу мен оңалтудан өтеді, дағдарыс жағдайынан шығу үшін қажетті психологиялық және әлеуметтік қолдау алады.

Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» мерекелік концерті өткізілді

2012  жылдың 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Бақытты балалық шақ» мерекелік концерті өткізілді.
Мерекенің мақсаты – балаларды қоғамға бейімдеу, балаларды жанұяларға орналастырудың баламалы нысандарын дамыту, балаларға қуаныш сыйлау болып табылады.
«Бақытты балалық шақ» мерекесіне Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Мәуленов Думан Болатұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы бастығының орынбасары Зәуірбекова Гүлзира Расылханқызы, «Еврей қауымдастығы» Үкіметтік емес ұйымы өкілдері, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының педагогикалық ұжымы мен тәрбиеленушілері, БАҚ өкілдері, Тараз перагогикалық институты және Тараз педагогикалық институтының «Мәдениет және өнер» колледжінің оқытушылары мен білімгерлері қатысты.
Мерекеде Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Мәуленов Думан Болатұлы балаларды және ұстаздар ұжымын 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап мерекенің мақсатымен таныстырып өтті.
                                         
 Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары қызметінің негізгі мақсаттарына тоқтала келе, балаларға мейірім сыйлап, оларды өз бауырына басып отырған жүрегі кең аналарға және осы мерекенің өтілуіне атсалысып отырған Тараз педагогикалық институтының ректорына өз алғысын жеткізді. Балаларға еліміздің үлкен азаматы болып өсулеріне тілек білдіре отырып, оларға Департамент атынан бағалы сыйлықтар сыйлады.
    
Мерекелік іс-шара барысында Орталық тәрбиеленушілері тарапынан    «Бал бала», «Балалық шақ» хорларын орындап, қатысушылар қошеметіне бөленді. 
Сонымен қатар іс-шара аясында Департамент тарапынан сурет байқауы ұйымдасытырылып, жеңімпаздарға естелік дипломдар мен қатысушыларға естелік мақтау қағаздары және сый-сиапаттар табыс етілді.  
Мерекеде ТарМПИ білімгерлері мен ТарМПИ «Мәдениет және өнер» колледжі білімгерлері балаларға арнап концерттік бағдарламалар мен «Тараз – СИТИ» КВН командасының орындауындағы көңіл көтеру қойылымдарын ұйымдастырды.
                             
Сондай-ақ «Еврей орталығы» Үкіметтік емес ұйымы өкілдері тарапынан балаларға сыйлықтар сыйлады.
Іс-шараға барысында Орталық тәрбиешілердің ұйымдастырылуымен архан тарту, эстафета, секіргішпен секіру және т.б қызықты ойындар ойналып  мереке сәнін келтірді.
Мерекені жүргізген Тараз педагогикалық институтының білімгері балаларды құттықтап, университет атынан балаларға бағалы сыйлықтар тапсырды.
Өз кезегінде Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры Татаева Тоғжан Жұманқызы барлық мерекеге қатысушыларға өз алғысын жеткізді, Орталықта тәрбиеленіп жатқан өмірдің қиын жағдайына душар болған балалардың әлеуметтік бейімдеуден өтіп, отбасыларын орналастыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды
Жалпы Орталықта өткізілген мерекеге Орталықтан 7 бала, 29 Орталық ұжымы, 2 «Еврей қауымдастығы» ҮЕҰ-ың өкілі, 5 ата-ана, 8 білімгер, 2 БАҚ өкілі қатысты. 
Мереке соңында балалар қонақтармен бірге естеліке суретке түсті.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиеленушілерінің Жамбыл облыстық қазақ драма театрында  спектакль қойылымы ұйымдастырылғандығы туралы

Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі – қоғамдағы адамгершілік басымдықтар мен рухани байлықты қалыптастыру, Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасында көзделген барлық заңды құқықтарды сақтау негізінде баланың жеке тұлға ретінде толыққанды өсіп жетілуіне жағдай жасау болып табылады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауында көрсетілгендей адами потенциалын дамытудың басты бағыттардың бірі -  салауатты өмір салтын  арттыру екендігі белгілі. 
       
Осы орайда Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының (мәтін бойынша – Орталық) қызметін үйлестіру функциясын жүзеге асыру барысында Департамент үкіметтік емес ұйымдармен, мүдделі мемлекеттік мекемелермен және жеке кәсіпкерлермен әріптестік қарым-қатынас орнатып, іс-шаралар атқарып келеді. Осыған сәйкес ағымдағы жылдың 1-маусымында Орталықтың  қызметін үйлестіру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде Орталықтағы 7 тәрбиеленушімен бейімдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында балаларға Жамбыл облыстық қазақ драма театрында балаларға арналған  спектакль қойылымын тамашалау ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты Орталықта тәрбиеленіп жатқан балаларды қоғамға бейімдеу, спортқа баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу, білімге құштарлығын арттыру, олардың тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау болып табылады.  
Аталған шара барысында балаларда патриоттық сезімді дамытуға, оқу-білімге ынтасын күшейтуге, спорттық жаттығулардың денсаулыққа тигізетін пайдасына бағытталған «Қожа мен спорт» спектакль қойылымы тамашаланды.
   
Іс-шара аясында балалар жоғарыда аталған қойылымның салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өмірде балаларды тәрбиелеуге және өмірдің биік шыңына алған бағытынан қайтпай, қайсарлық танытуға болатындығы туралы әсерлерімен бөлісті. 
Сонымен қатар Департамент тарапынан балаларға балмұздақтар мен сусындар табыс етілді.

Балаларға - бақытты болашақ!

1 маусым - бақытты бал дәурен мерекесі. Бұл мерекеден жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да шет қалған жоқ. Балаларды қорғау күніне орай Өскемен қаласының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» тәрбиеленушілері үшін бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Мереке қарсаңында ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қолдауымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушілердің денешынықтыру-сауықтыру кешеніне, Металлург саябағындағы аттракциондарға баруы ұйымдастырылып, тәтті сыйлықтар ұсынылды.
                             
Мерекелік іс-шаралар таңертеңгі сағат 10.00-да басталды. Өскемен қаласының Отбасын және балаларды қорғау орталығының мамандары жасөспірімдер үшін өмірге деген көзқарастарын нықтайтын, ал балауса балалар үшін моториканы дамытуға арналған тренингтер жүргізді. Балалар екі топқа бөлінді, 15 жасөспірім арт-терапияға қатысқан кезде, балғындар «Балалық – сен және мен» атты асфальттағы суреттер конкурсына қатысты. Балаларды құттықтау үшін ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері, Отбасын және балаларды қолдау орталығының, «Нұрлы бастау» қоғамдық ұйымының, АМИДО жастар мен балалар ассоциациясының мамандары келді.
                             
Тренингтер өткен соң балалардың күшімен дайындалған мерекелік концерт болды, балалар өлең оқып, ән айтты, би билеп, ертегілерден сахналық қойылым көрсетті, сөйтіп өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін толық көрсете білді.
Мейірім мен жылылықтан тыс қалған балалар бұл күні аялы ата-ана алақанының жылуын сезінгендей болды, Орталық қызметкерлері, «Нұрлы бастау» қоғамдық ұйымы ұйымдастырған «Жар-жар» мейрамханасындағы мерекелік түскі ас, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері ұйымдастырған «Мейірім мен қуаныш әлемінде» айдарымен өткен концерт балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.  
Сондай-ақ, Орталық тәрбиеленушілері А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханаға барып білім көкжиегін кеңейтер әрі өздерінің ертеңгі күндеріне сенімдерін арттырар ғаламтор кеңістігін шарлауға мүмкіндік алды.
Іс-шара соңы мерекелік дискотекаға ұласты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын және ҚР БҒМ 2012 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні шеңберінде «Біз – Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты бүкілқазақстандық акциясы аясында «Алматы облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталық» мемлекеттік мекемесінде түрлі шаралар ұйымдастырылды.
                                     
2012 жылдың 31 мамырында орталыққа Талдықорған қала әкімінің орынбасары Ғ.Сарыбаев, ЖШС «Әділет», «Цесна Банк», ҮЕҰ, қалалық ішкі саясат бөлімі және БАҚ өкілдерінің қатысуымен мерекелік шара өткізілді. Қонақтар мен орталық қызметкерлері 100 мыңнан астам теңгеге тәрбиеленушілерге ойыншық (қуыршақ, машина, доп және т.б.), киім-кешектер сыйлады. 
1 маусым күні орталықта тәрбиеленушілерге үшін «Балалар біздің болашағымыз» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Әсем безендірілген залға әдемі киінген балалар қолдарына шар, гүл ұстап кіріп, “Солнечный круг, небо вокруг”, «Куда уходит детство» әндер, «Веселые утята», «Рок-н-ролл» атты билер орындады. “Репка” атты қуыршақ театрын тамашалады, жас каратисттер өз өнерлерін көрсетті.
Департаменттің қолдауымен тәрбиеленушілер Талдықорған қаласындағы М.Тынышпаев атындағы мұражай мен Б.Римова атындағы драмтеатрға тегін барды. Мұражай қызметкерлері оларға танымжорық өткізді. Одан кейін балалармен әртүрлі ойындарды ұйымдастырып, жеңімпаздарға сыйлықтар тартты. Мұражайдан кейін балалар Талдықорған қаласындағы облыстық Б.Римова атындағы драматеатрында «Қожанасыр» спекталін тамашалады. Балалар үшін бұл күн есте қалатындай болып өтті.  
Мерекелік шараның 2-ші бөлімінде балаларға арналған ұлттық ойындар, «Көңілді жарыстар», шашки, шахматы, «Бақытты балалық шақ» тақырыбында асфальтте сурет салу жарыстары өтті, жеңімпаздар грамоталар және сыйлықтармен марапатталды.
Мерекелік іс шараға қатысушы балалардың барлығына тегін балмұздақ таратылды және дастархан ұйымдастырылды. 

«Менің сүйікті қалам» акциясы

Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен №1 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне арнап қаланың тарихи-архитектуралық орындарымен және мұражайлармен таныстыру мақсатында саяхат ұйымдастырылды. 
          
Балалар аса қызығушылықпен еліміздің алғашқы астанасының тарихи орындарымен, облыстық тарихи-өлкетану және «Ақмешіт» мұражайларының экспонаттарымен танысты. Әсіресе балаларға облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы Тұңғыш Президенттің көрмесі ерекше ұнады. 
Қалаға саяхат барысында балалар Қорқыт ата, Жалаңтөс Баһадүр атындағы ескерткіштермен танысты. Және де балалар Тұңғыш Президент саябағында болып, елбасы Н.Ә. Назарбаев және басқа да қоғам қайраткерлері отырғызған ағаштарды тамашалады. 
                             
Қалаға саяхат жасау үшін балалар екі автобуспен қамтамасыз етіліп, шара соңында оларға балмұздақтар мен тәтті сусындар таратылды. Бұл балалардың көңіл-күйлерін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сылауға өз әсерін тигізді. Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған Бүкілқазақстандық акция аясында ұйымдастырылған бұл шара №1 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерінің туған өлкесіне деген махаббатын, патриоттық сезімін одан әрі дамытуға ықпалын тигізді. 

Жедел топ отбасын қорғауда

Павлодар қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының отбасын қолдау қызметі жанында жедел топтың қызметі шеңберінде тұрғылықты  мекенжайы бойынша патронаж отбасылар жүзеге асырылады. Аталған қызметке КТБ инспекторлары, балалары бар әйелдерді бейімдеу және оңалту орталығының, әлеуметтік-волонтерлер орталығының қызметкерлері жұмылдырылады.
Осылайша, 2012 жылғы 14 мамырда Екібастұз қаласындағы екі отбасыға жедел топтың баруы жүзеге асырылды.
20.02.2012 жылы әкесіне тапсырылған  кәмелетке толмаған Андрейдің отбасына бару кезінде баланың әкесімен және кәмелетке толмағанның психологиялық, тіршілік жағдайын зерделеу үшін сұхбат жүргізілді, психологтың, әлеуметтік педагогтың сауалнамасы толтырылды. Бала өзін жақсы сезінеді, өмірінде болған өзгеріске риза, мектепке барады, үйірмелерге қатысады. Үй шаруасы бойынша әкесіне көмектеседі, кіші бауырына қарайды.
                            
Ағымдағы жылғы 20 наурызда анасына тапсырылған кәмелетке толмаған Аида мен Әсияның отбасына бару жүзеге асырылды. Қыздың Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болуы кезінде отбасымен тәрбиелік іс-шаралар жүргізілді, себебі анасы спирттік ішімдіктер пайдаланатын, балалар қаңғырушылыққа бейім болды. Қазіргі уақытта анасы мен қызының арасындағы өзара қарым-қатынас жақсы. Кәмелетке толмағанды сабаққа жіберіп, алда болатын емтиханға дайындап жатыр. Отбасы білім беру бөлімінің және Екібастұз қаласының мектебі әкімшілігінің бақылауында. 
Осындай тәжірибелер Орталықтың қызметкерлерімен отбасын қолдау қызметінің тиімділігін бақылауға, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасыларға уақытында көмек көрсетуге мүмкіндік береді, бұл әлеуметтік жетімдікті алдын алу мәселелерінде негізгі буын болып табылады. 

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы қызықты «Түрлі түстер бояулар әлемі»

2012 жылдың 30 мамыр күні Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне қызықты «Түрлі түстер бояулар әлемі» атты ойын-сауық шарасын тарту етті. 
                                  
 «Болашақ бүгіннен басталады!» бүкілқазақстандық науқан және «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» республикалық акция шеңберіндегі 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған «Түрлі түсті бояулар әлемі» мерекелік іс-шара Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен және «РИКС» ЖШС қолдауымен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында өткізілді.
                                 
Акцияны өткізудің басты мақсаты – адамгершілік-рухани жетілдіруде  қажеттілікті қалыптастыру, балалардың шығармашылық, көркемдік қабілеттері мен эстетикалық талғамын дамыту және жүзеге асыру, жалпы мәдениеттілікті тәрбиелеу. 
                                 
КТБО тәрбиеленушілері Қостанай қаласы аула клубтарының мүшелерімен ұйымдастырылған «Балалар – жер планетамыздың көңілді тұрғындары» көрсетіліміне белсенді ат салысты. Адам өмірінің ең жарқын кезеңі – балалық шақ туралы шырқалған тәтті әуендер, көп ұлтты елімізде тұратын этностардың ұлттық билері мен қызықты ойындары балалардың есінде өмірдің қуанышты сәттері ретінде қалмақшы. 
                                 
Мерекелік көтеріңкі көңіл-күй, сол кезде балалардың жүректерінде паналаған қуанышты сезімдерін олар акция барысында орындалған суреттерде бейнеледі. Балалар қолындағы жер шары, жасыл желектегі балалардың сыңғырлаған күлкісі, бар жігерін салып доп ойнап жатқан ұл балалар – шексіз сенім мен үміт артқан, біздің балалар көзқарасындағы әлем.

«Балаларға көктем шуағын сыйла» 

«Халықаралық жастардың қоғамға қызмет ету» күніне орай еріктілер қозғалысының жұмысын жандандыру мақсатында 2012 жылдың   12 сәуірінде Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балалармен «Балаларға көктем шуағын сыйла»  атты тақырыпта   кездесу өткізілді.

                              

                              

Шара барысында  балаларға «Бөбек» ҰҒПББСО дайындаған «С любовью к детям» фильмі көрсетіліп, психологиялық тренинг өткізілді. Сондай-ақ, «Знакомство», «Микрафончик», «Лепесточик» атты ойын түрлерінен жарыстар өткізіліп, өзара пікір алмасу жұмыстары жүргізілді. Балалар өздерінің арман – тілектерін   «Тілек ағашына» жазып ілді. 

 Біздің балалар қазақ халқының ұлы тарихын ешқашан ұмытпайды!

Ұрпақ мәселесі қашан да қай уақытта да қоғамның өзекті мәселесі болып қала береді. Өйткені барлық елдің баяндылығы ұрпағының бақытымен өлшенері заңдылық. Игі істі жауапкершілікке алудың өзіндік қиындығы мен қынжылысының болары да белгілі. Біздің халқымыз да әу бастан ұрпағының тәрбиесіне ерекше мән берген. Нәресте дүние есігін ашқан сәттен бастап бойына адамгершілік-рухани құндылықтарды сіңіріп, осы қасиеттерін мектеп қабырғасында да, жоғары оқу орнында да, жұмыс істеп жүрген кезінде де сенімді серігі етуі керек. 
                              
Оңтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің және Шымкент қаласындағы «Мега центр» әкімшілігінің ұйымдастыруымен ОҚО Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерінің өмірге деген көзқарастарын оңтайландыруға, патриоттық сезімін нығайтуға, адамзатқа деген махаббатын оятуға ықпал ету барлығымыздың азаматтық борышымыз екендігін назарға ала отырып,  2012 жылдың  15 мамыр күні, 1 маусым дүниежүзілік балалар күнінің қарсаңында  осы іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. 
Шымкент қаласындағы «Мега Центр» сауда орталығы,  Кино парк-3«D»  ұйымының демеушілігімен 10 мен 18 жас аралығындағы 37 жасөспірімге «Жау жүрек мың бала»  фильмі көрсетілді. Қазақстанның өткен тарихынан үлкен әсер алған жасөспірімдер, егемен еліміздің атқа мінер азаматтары болып, еліміздің  еңселі  ел болуы үшін елеулі үлес қосатындықтарына сенім білдірді.
Жан жылулығы мен отбасы махаббатына зәру жасөспірімдерімізге қуаныш пен шаттық сыйлаған «Мега Центр» сауда орталығы ның басшысына департамент тарапынан алғыс хат табыс етілді. Өз кезегінде «Мега Центр» сауда орталығы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларымызға бақыт сыйлау үшін әрдайым дайын екендіктерін және қаржылай көмек көрсете алатындықтарын білдірді. 
                              
Алдағы уақытта ОҚО Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері мен өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларымызды тарихи орындар мен өткен тарихымыздан сыр шертетін мұражайларымызға, хайуанаттар бағына, құрметті азаматтар аллеясына саяхатқа алып бару жоспарлануда. 

«Ұлттар достығы» 

(Атырау облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай өткізілген шара)

2012 жылы 27 сәуір күні Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі орай «Ұлттар достығы» атты тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қарым-қатынасына тәрбиелеу, ұлтаралық қарым-қатынасты сақтау, Отанға деген патриоттық сезімін ояту болып табылады. Мерекелік шараға Орталық қызметкерлері, тәрбиеленушілері және Атырау қалалық Жамбыл атындаға орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатысты.

                                          
Мерекелік шара өтетін бөлме іші қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің ұлттық нақыштарымен безендіріліп, тұрмыстық заттармен, музыкалық аспабымен әсем көркемделген.

                                          Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды. Тәрбиеші ұлттық киім киген қонақтармен және әр ұлт өкілдерінің тұрмыс-тіршілігімен таныстырып, олардың өз тілдерінде таныстырылуын көрсетті. М.Лермонтовтың өлеңдерімен қатар, жасөспірімдер А.Пушкиннің «Татьяна мен Онегиннің» образын сомдады. Қазақ, орыс, өзбек, неміс ұлттарының билері биленіп, кешті ұйымдастырушы тәрбиеші қазақ халқының қашан да қонақжайлығын көрсетіп, ұлттық тағамдар бауырсақ, қазы-қарта, шұбат беріліп, кешті бата берумен аяқтады. Орталықтың қызметкерлері қонақтарға құрмет-қошемет көрсете отырып, әр қонаққа гүл шоқтары ұсынылды. Шараға 35-ге жуык адам қатысты.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиеленушілерінің Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайында жасалған саяхаты туралы

Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Жамбыл облыстық  тарихи өлкетану мұражайымен Өзара әрекеттестік аясында 2012 жылдың 17 сәірінде жоғарыда аталған облыстық мұражайға Орталық тәрбиеленушілерінің саяхаты ұйымдастырылды. 
                                   
Іс-шара барысында Орталық тәрбиеленушілері Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайының «Ежелгі жазбалар мен тас мүсіндер мұражайы», «Тараз қаласының тарихы «Тараз - 2000», «Жамбылдықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында» және «Ауыл шаруашылығының, өндірістің, білім мен мәдениет және спорттың дамуы» бөлімдерінде Қазақстанның көне қалаларының бірі - 2000 жылдық тарихы бар, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан мәдениет пен сауданың тоғысқан жері болған Тараз шахарының тарихы мен тұрмыстық, этнографиялық, археологиялық, фотографиялық және өзге де өнер туындыларының коллекцияларымен, экспонаттарымен кеңінен танысты.
                             
Кеңінен тоқталып өтер болсақ, облыстық мұражайдың «Ежелгі жазбалар мен тас мүсіндер мұражайы» бөлімінде мұражайдың маманы балаларды ежелгі тайпалар мен халықтардың тарихы туралы сыр шертетін тас мүсіндер, ондағы жазбалар, уақыт пен ұрпақтар сабақтастығындай болған көшпенділердің ежелгі тұрағы - киіз үймен таныстырып, олардың маңызы жайлы кеңінен баяндап берді.
Көп ғасырлық тарихы бар қалаға арналған «Тараз қаласының тарихы «Тараз - 2000» мұражайында балалар б.э.д І ғасырдан ХV ғасырға дейінгі экспонаттармен, Тараз тарихының маңызды кезеңдері мен ежелгі, қола дәуіріндегі қазандар, сақ жауынгерінің дулығасы және ежелгі құмыралары мен әшекей бұйымдарымен таныс болды. 
                            
«Жамбылдықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында» бөлімінде балалар Ұлы Отан соғысына дейінгі Еңбек ерлері мен соғыс жылдарында ерлік көрсеткен батырлардың өмірі мен көрсеткен ерлігі, Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлының өмірі, ерлігі, соғыс жылдарында пайдаланған қару жарақтары, кейінгі жылда пайдаланған заттарын тамашалады.
Сондай-ақ мұражайдың Қазақстан тарихына байланысты залында Алматы облысы Есік қаласында 20 ғасырда табылған алтын адам бейнесінің көшірмесі де балаларды бей-жай қалдырмады.
                           
«Ауыл шаруашылығының, өндірістің, білім мен мәдениет және спорттың дамуы» бөлімінде тың еңбеккерлерінің еңбегі, білім саласындағы ғалымдар, облыстан шыққан танымал театр және кино әртістері, күрестен, бокстан олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы кеңінен мәлімет берді.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Көктемгі ізгілік аптасы»

Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен сәуірдің 9 бастап 15 дейін «Көктемгі ізгілік аптасы» акциясы өткізіледі. Аталған акцияның шеңберінде Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің студенттерімен және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерімен ұйымдастырылған іс-шаралар өткізілді.
                              
11 сәуірде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері қонақтарды – О.Б.Самиеваның басшылығымен «ДЖЭМ» педагогикалық отрядының студенттерін қабылдады.
Студенттер – болашақ ұстаздар танысуға, ынтымақтасуға бағытталған түрлі ойындар, қызықты викториналар өткізді. Балалар қуана «Егіздер», «Дос болайық» сияқты ойындарға қатысты. Ойындар, викториналар достық көңіл-күйде өтті, ал балалардың күлімдеген көздері ұйымдастырушыларға үлкен сыйлық болды.
                              

Павлодар облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне «Армандастар» фильмінің көрсетілімі

2012 жылғы 3 сәуірде Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне Ш. Айманов атындағы кинотеатрда «Армандастар» көркем фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.
                                    
Фильмнің көрсетілімі КТБО балалар ұжымы арасында талқыланды. Жас кейіпкерлердің тағдыры, олардың өмір жолы балалардың бойына ҚР жас азаматтары үшін үлгі болар әсер қалдырды. Себебі адамдардың тағдыры өздеріне байланысты, өз қабілеттерін іске асыру, өмірдегі қиыншылықтарды жеңе білу. «Армандастар» фильмі балаларда патриоттық сезімді дамытуға, рухани-адамгершілік сезімдерді арттыруға бағытталған.
                                    
Балалар аталған фильмнің көрсетіліміне риза болып, өмірде қандай қиыншылық болса да, оны жеңуге болатындығы туралы әсерлерімен бөлісті.

«Балаларға бақыт сыйлау-парызымыз!»

Ұрпақ мәселесі қашан да қай уақытта да қоғамның өзекті мәселесі болып қала береді. Өйткені барлық елдің баяндылығы ұрпағының бақытымен өлшенері заңдылық. Игі істі жауапкершілікке алудың өзіндік қиындығы мен қынжылысының болары да белгілі. Біздің халқымыз да әу бастан ұрпағының тәрбиесіне ерекше мән берген. Нәресте дүние есігін ашқан сәттен бастап бойына адамгершілік-рухани құндылықтарды сіңіріп, осы қасиеттерін мектеп қабырғасында да, жоғары оқу орнында да, жұмыс істеп жүрген кезінде де сенімді серігі етуі керек.
                             
Оңтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің және «Жолдас» дағдарыс орталығының ұйымдастыруымен ОҚО Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерінің өмірге деген көзқарастарын оңтайландыруға, патриоттық сезімін нығайтуға, адамзатқа деген махаббатын оятуға ықпал ету барлығымыздың азаматтық борышымыз екендігін назарға ала отырып,  2012 жылдың  2 сәуір күні іс-шара өткізілді.  Шымкент қаласындағы «Мега Центр» сауда орталығы,  Кино парк-5 ұйымының демеушілігімен 13 жасөспірімге «Көшпенділер» фильмі көрсетілді. Қазақстанның өткен тарихынан үлкен әсер алған жасөспірімдер, егемен еліміздің атқа мінер азаматтары болып, еліміздің  еңселі  ел болуы үшін елеулі үлес қосатындықтарына сенім білдірді.
                             
 Көркем фильмнен кейін жасөспірімдеріміз «Happylon»  отбасылық ойын-сауық орталығының демеушілігімен түрлі аттракциондарда ойнады. Өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларымыз бақыт құшағына еніп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Жан жылулығы мен отбасы махаббатына зәру жасөспірімдерімізге қуаныш пен шаттық сыйлаған демеушілерге департамент тарапынан алғыс хаттар табыс етілді. Өз кезегінде «Мега Центр» сауда орталығы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларымызға бақыт сыйлау үшін әрдайым дайын екендіктерін және қаржылай көмек көрсете алатындықтарын білдірді.
                            
Алдағы уақытта ОҚО Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері мен өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларымызды тарихи орындар мен өткен тарихымыздан сыр шертетін мұражайларымызға, хайуанаттар бағына, құрметті азаматтар алльеясына саяхатқа алып бару жоспарлануда.

«Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды әлеуметтік бейімдеу бойынша Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығының қызметі» республикалық семинар-кеңес

2012 жылдың 3 наурызда Қостанай қаласында «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды әлеуметтік бейімдеу бойынша Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығының қызметі» республикалық семинар-кеңесі өткізілді. 
                   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын  қорғау комитетінің төрайымы Шер Р.П. басшылығымен жүргізілген семинар-кеңес жұмысына Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғанов, ЮНИСЕФ-тің баланың құқықтарын қорғау жөніндегі бағдарламаның үйлестірушілері, прокуратура, ІІД, Қостанай облысы органдарының қызметкерлері, балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің директорлары, облыс, Астана және Алматы қалалары білім басқармалары бастықтарының орынбасарлары, КТБО-ның директорлары мен жантанушылары, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер органдары және үкіметтік емес ұйымдары өкілдері қатысты.
Қостанай облысында осы бағытта жағымды жұмыс тәжірибелері жинақталған. Егер динамикасын бақылаған болсақ, онда 2007 жылдан бастап жетім балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілер саны 18% азайғанын көреміз.
Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын  қорғау комитетінің төрайымы Шер Р.П. өз сөзінде КТБО қызметін тиімді ұйымдастыру мәселелері мен ведомствоаралық қарым-қатынасты нығайтудың жолдары және бақылаусыздық пен панасыздық деңгейін төмендету тақырыбын қозғады.
                 
Одан басқа, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды әлеуметтендіру;
жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тән бұзушылықтар;
кәмелетке толмағандар және  олардың отбасыларын бейімдеу мәселелері бойынша халықаралық тәжірибе және басқа да сұрақтар қарастырылды.
Семинар қатысушыларына практикалық көмек көрсету үшін келесі тақырыптар бойынша шебер-сыныптар ұсынылды:
мемлекеттік және үкіметтік емес секторының өзара әрекеттесуі өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың табысты әлеуметтенудің жағдайы ретінде;  
өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың әлеуметтік бейімделуінің психолого-педагогикалық аспектілер;
балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқару органдары және білім беру ұйымдарының қызметтері.
Шеберлік-сыныптарды үйлестірушілер «Психикалық дамуында бөгелісі бар жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған түзету мектеп-интернаты» ММ директоры орынбасары Комарова Н.Н.,  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының профессоры,  психология  ғылымдарының кандидаты Саркисян Л.В. өткізді.
                                  
Республикалық семинар-кеңесі жұмысының барысында семинарға қатысушылардың Қостанай облысы білім беру объектілерін аралау ұйымдастырылды: Рудный балалар үйі, Рудный жастар үйі, Психикалық дамуында бөгелісі бар жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған түзеу мектеп-интернаты, КТБО, Қостанай облыстық балалар үйі, Қостанай балалар мен жасөспірімдерге арналған баспана. Облыстың білім беру объектілерін аралауда семинарға қатысушылар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрмыс жағдайларымен, осы мекемелер қызметкерлерінің жұмыстары және психолого-педагогикалық қызметтерімен танысуға мүмкіндік алды. 
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығы қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдамалар қабылданды.


«Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды әлеуметтік бейімдеу бойынша Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметі» республикалық семинар-кеңесінің ұсыныстары

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика